Оқулық Алматы, 2012 Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының ҚауымдастығЫ 2



жүктеу 3,97 Kb.
Pdf просмотр
бет38/61
Дата24.12.2017
өлшемі3,97 Kb.
#5853
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   61

135
функциялық міндеттерін атқарумен қатар, өз елдерінің тапсыр-
масы ұлттық ғылыми бағларламаларын жүзеге асырып отырды. 
Ұшудан кейінгі, үшінші кезең – «Мир» ОК-де алынған үлгілер 
мен эксперименттік материталдарды өңдеу жəне талдау. Үшінші 
кезеңі де космонавтар бірігіп, кешенді зерттеулер жүргізді жəне ол 
жұмыстардың барлығы Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің 
негізгі бағыттарын айқындады. 
1991 ж. қазанында бортында А. А. Волков, Т. О. Аубаки-
ров жəне Австрия азаматы Франц Фибек бар «Союз ТМ-13» 
ғарыштық кеме ұшырылды. Бұл экипаждың негізгі мақсаты 
медициналық, материалтану жəне Жерді қашықтан зондтау са-
ласында зерттеулер жүргізу болды. Ұшу кезінде Т. Аубакиров 
Арал теңізі жағалауындағы тұзды борасындарды суретке түсіріп, 
биологиялық эксперименттерді жүргізді.
7.3-сурет.  а) «Мир» ОК жəне ə) Халықаралық ғарыштық станса (ХҒС) 
Кейінгі ұшу кездерінде экипажының мүшелері астрофизика-
лық, географиялық, биологиялық, техникалық жəне технология-
лық эксперименттер, əр елдің тапсырмасы бойынша медицина-
лық зерттеулер жүргізді жəне де «Мир» орбитальдық комплексін 
техникалық қамтамасыз етудің сақтандыру жұмыстарын жүзе-
ге асырды. Əрі қарай бұл жұмыстарды ғарышкер Т. Мұсабаев 
жалғастырды.
2001 жылдың 28 сəуірінде Байқоңыр космодромынан «Союз 
ТМ-32» космостық жүк кемесі бар «Союз–У» ракета-тасушысы 
ұшырылды. Ол экспедицияның құрамында:


136
- қазақстандық ұшқыш-космонавт Т. Мұсабаев – кеме ко ман-
дирі,
- ресейлік ұшқыш-космонавт Ю. М. Батурин – борт инженері,
- американдық астронавт Денис Тито - оператор.
Экспедицияның ғылыми бағдарламасына мына төмендегідей 
эсперименттер кірді:
1. Тірі организмдердің генетикалық ерекшеліктерінің ға рыш-
тық ұшуға бейімділігін зерттеу (Т. Мұсабаев).
2. Металдар қоспасының қасиеті мен құрылымын микрогра-
витация жағдайында қалыптасу процесін зерттеу (Ю. Батурин).
3. Биоөнімдік аудандарды анықтау мақсатымен Дүниежүзілік 
мұхит акваториясын зерттеу (Т. Мұсабаев, Ю. Батурин).
4. Ғарыштық ұшудың тірі клеткаларға тигізетін биология- 
лық, генетикалық əсерлерін зерттеуге биотехнологиялық эспери-
мент жүргізу (ТМұсабаев).
5. Ұшуға дейінгі жəне ұшудан кейінгі космонавтардың қан-
дарына молекулярлық-биологиялық анализ жасау (Т. Мұсабаев).
6. Қазақстан территориясындағы нысандарды қашықтан зонд-
7.4-сурет. Т. Мұсабаев пен У. Мейрбольд ХҒС-ның бортында 
ғарыштық тəжірибе жүргізуде


137
тау арқылы бақылау жəне басқарудың əдістері мен технологияла-
рын жасау (Т. Мұсабаев). 
7. Қазақстан мамандарының тапсырмасы бойынша Қа 
зақ 
с-
танның аймақтарын көріністі түсірмдеу (Т. Мұсабаев). 
8. Қазақстандағы өсімдік өнімдерінен (Т. Мұсабаев).
7.2.2. Физикалық-техникалық зерттеулер. 
Физикалық-техникалық зерттеулер гравитация жағдайында 
металл қоспаларындағы физикалық-химиялық процестерін зерт-
теудің («Темір» ҒЭ) іргелі жəне қолданбалы мəселелерін ше- 
шуге, ғарыштық кеңістіктің жоғары температуралы өте жылдам-
өткізгіш материалдардың физикалық қасиеттерін зерттеуге ба-
ғытталған болатын. 
Мəселен, салмақсыздық жағдайында кəдуілгі күкіртті сірің-
кенің қалай тұтанатындығын білу көп адамдарды ойландыр-
ған кездер болған. Ол кезде оған дəйекті жауап табылмаған бо-
латын. Осы мəселе төңірегінде əр алуан пікір пайымдар ортаға 
салып, қайшылықты көзқарастарға түйінді тоқтам табылма-
ды. Кейіннен бұл болжамдар əйгілі академиктер мен көрнекті 
құрастырушылардың талқылауына ұласып, қоғамның ғажайып 
құпияларға қызығушылығын оятты. Ғарышкерлердің жұлдызды 
əлемге аттанған сапарларының барысында дəл осы бағытта ар-
найы тəжірибелер де жасалды. Жоғарғы басшылар Бір қорап 
шырпы ала шығып, оның тұтанғыш талын шағын ғана ғарыштық 
бөлменің ішінде жағылуына, жоғарғы басшылардың əрең рұқсат 
берген кезері де болған.
Көптен күткен осы əрекетті, ғарышта іске асырған кезде 
ғарышкерлер көзбен көрген таңданарлық құбылысқа сенбей, та-
ғы да қайталауға мəжбүр болған. Себебі оттық жердегідей оңай 
тұтанғанымен, шеңберлене баяу жалындаған екен. Əрі қызуы 
да төмен деңгейді көрсетіпті. Нақтыланған тұжырымдарды тү-
бегейлі зерделеу арқылы ғұлама ғалымдарымыз кейіннен ға-
ламшараралық кеңістікте қолданылатын дəнекерлеу құрыл ғысын 
қолданысқа енгізгенін білдік. 
Бұл салада əр елдің ғалымдары метал қосындыларын те-
микалық өңдеуден ұлкен тəжрибе жинақтады. Мəселен, 1998 
жылы «Мир» ОК-де «Мир - НАСА» бағдарламасы бойынша ар-


138
найы капсулаға дəнекерленген мыс пен күмісті 1000° температу-
рада сынақтан өткізді. Кеменің ұшу кезінде Т. Мұсабаев борттан 
тыс (1994 ж.), вакумдық жағадайда «Темір-1» атты құрылғыны 
орнатып, ғарыштық тəжрибе жүргізді. Сыналған үлгілердің 
барлығы Жерге қайтып əкелінді.
1998 жылы «Темір-2» тəжрибесінде ғарыш жағдайында 
берілген сипаттамаға сай жаңа қорытпа алу сынағы жүргізілді. 
Ғарыш пен жерде жүргізілген осы екі тəжірибеден бөтен атом-
дардың жылжу қасиеттерінің заңдылықтары алынды. Алын-
ған бұл мəліметтер жер бетінде жəне ғарышта технологиялық 
процестерді жүргізуге қажет нəтижелер болды.
Ғарышта жүргізілген физикалық-техникалық зерттеулердің 
нəтижелері Республикамызда нанотехнологияның дамуына даң-
ғыл жол ашты
“Си” өлшем жүйесінде “нано” миллиардтың бір бөлігі санала-
ды. Нано технология арқылы иненің ұшына ағылшын сөздігінің 
28 томын сыйдырған асқан өнертапқыштық тіркелсе, амери-
калықтар минутына 600 мың айналымдық жылдамдықты үдете 
алатын көлемі миллиметрдің оннан біріндей қозғалтқышты ой-
лап тапты. Бұл механизм клеткаға енгізілген жағдайда өндірістегі 
өзгерістер биік бірегей басымдықтарды бағындырары сөзсіз.
Ақыл-ойдың иелері көп ұзамай бір автокөліктің салмағына 
жуықтайтын жүкті тасымалдауға мүмкіндігі бар көзге көрінбей-
тін аспалы жол салынып, ұшу аппараттары қозғалтқыштары- 
ның жылдамдығын ядролық отынның көмегімен 9000-10000 
секундқа дейін арттыра алатындықтарына бек сенімді. Қазіргі 
кездегі ең жоғарғы көрсеткіш 450 секундты құрайтын көріне-
ді. Уақытпен салыстырғанда, əр нано секунд бір миллиардтық 
өлшемге тең келетіндігін де ұмытпаған жөн.
Сонымен қатар, ашық ғарыштық кеңістіктің полимерлік ма-
те риалдардың физикалық қасиеттеріне əсер-ықпалын зерттеу 
мақсатымен «Керамика», атты да тəжрибе жүргізілді. 
Ғарышта жүргізілген физикалық-техникалық зерттеулердің 
нəтижелері Республикамызда нанотехнологияның дамуына даң-
ғыл жол ашты.
Баршаға белгілі, Байқоңыр ғарыш айлағынан «ҚазСат-2» спу-
тнигі ойдағыдай ұшырылды. «ҚазСат-2» спутник-теле визиялық 


жүктеу 3,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау