ӘОЖ 378.22(574)
МАГИСТРАТУРАДА ОҚУ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
ЖӘНЕ БАСҚАРУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ
Утегенова Д.М.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз қ.
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енуі үшін білім саласында үлкен реформалар жүргізілуде. Елбасымыздың жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында: «Бізге экономикалық және қоғамдық жолдауының қажеттілігіне сай келетін, осы заманғы білім жүйесіне қажет, оқу процесінің негізгі кезеңін жоспарлауда техникалық және кәсіби білімді кредиттік оқу жүйесіне ауысуды және осы бағытта бір шама жұмыс қажет» екендігін атап көрсетті [1,2].
Кредитті оқыту технологисы – бұл өзіндік білім алу деңгейін арттыру мен жеке-дара және білім беру траекториясын таңдау негізінде білімді шығармашылықпен меңгеруге бағытталған және кредиттер түрінде білім көлемін есепке алудың білім беру жүйесі.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңын іске асыру мақсатында «Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру ережесі» әзірленген және бекітілген (№66, 22 қараша 2007 жылы), осы ереже білімнің барлық деңгейін құптауға лайық.
2007 жылы 15 тамызда «Білім туралы» жаңа заң қабылданды, осы заңда «Кредиттік оқыту технологиясы» ұғымы заңнаманың 11 бабында білім беру жүйесі жаңа технологияларды тиімді пайдалану және енгізу, сонымен қатар кредиттік, дистанциялық, ақпараттық коммуникациялық оқыту кәсіби білімнің қоғамда және еңбек нарығында болып жатқан өзгерістер қажеттілігіне тез үйлесуге заман талабына сай мүмкіндік туғызатыны белгіленіп отыр. Кредиттік оқу жүйесіне ауысуда біршама қиыншылықтар туындағанын айта кету керек.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университет магистратурасы кредитті оқыту технологиясы бойынша мамандарды дайындауды жүзеге асыруда.
Магистратураның білім беру бағыттарының мазмұны:
базалық және кәсіби пәндерді оқытуды енгізген теориялық білім беру;
өндірістік практика (іс-тәжірибе) / шетелге тәжірибе алмасу;
аралық және қорытынды аттестация.
Магистратураның білім беру бағдарламасы іс-тәжірибесінің екі түрін міндетті өткізуді қарастырады: зерттеушілік және педагогикалық.
Бірінші кезеңде кредиттік оқыту технологиясын енгізу арқылы осы салада нормативтік-құқықтық құжаттарды оқыту, қызметкерлер құрамын осы технология бойынша жұмыс істеуге үйрету, лауазымдық міндеттерді және спецификаны есепке ала отырып, кредиттік технология бойынша біліктілігін арттыру курстары әзірленді.
Екінші кезең жалпыға бірдей мемлекеттік стандартқа сәйкес әзірленген типтік оқу жоспарлары бекітілді. Типтік оқу жоспары оқу процесінің құрылымы мен мазмұнын регламенттейтін негізгі құжат болып табылады.
Үшінші кезеңде академиялық күнтізбені бекітті. Айта кету керек, академиялық күнтізбе дәстүрлі оқу процесінің кестесінен ерекшелеу. Оның ерекшелегі академиялық күнтізбеде оқу-бақылау шаралары ғана емес, сонымен қатар, мерекелік күндер де міндетті түрде көрсетілген. Магистранттар шет ел оқу орындарында жеке пәндерден білім алғысы келсе, олар демалыс кезеңі туралы ғана ақпаратты біліп қоймай, сонымен қатар, басқа да демалыс күндерін атап өтеді.
Төртінші кезеңде оқу процесін жоспарлауда элективтік пәндер тізімдемесін қалыптастыруда барлық оқу пәндер тізбесі беріледі, білім беруге нақты бағдарламаларды таңдап алуға мүмкіндік берілді (магистрантқа пәнді таңдап алуға құқық беру қажет, одан басқа, ол басқа оқу орынынан пәнді таңдап алса, кредиттер жинай алады).
Бесінші кезеңде магистранттар ұсынылған силлабус негізінде жеке оқу жоспарын құрастырды (ЖОЖ), жеке оқу жоспары әрбір магистранттың бөлек білім алу траекториясын анықтап, эдвайзер көмегімен белгіленген тәртіппен Тіркеу құрылымдық бөлімшесінде әр оқу жылына магистранттың өзімен оқу пәндеріне алдын-ала жазылу бойынша қалыптасты.
Алтыншы кезеңде оқу процесіне енген барлық оқу-бақылау шараларының кешені мен барлық оқу пәндерін толық көрсететін жұмыс оқу жоспары құрастырылды. Мамандықтар бойынша ЖОЖ барлық жеке жоспарлардың бірігуі болып табылады. Оқу үрдісін жоспарлау, ұйымдастыру мен өткізу кредиттік технология шегінде магистратура мамандығы бойынша мамандығына байланысты оқу жоспары бойынша жүзеге асырады [3]. Магистрант кафедра жетекшілерімен құрастырылған жеке жұмыс жоспары негізінде оқытылады және әр магистранттың білім алу траекториясын, яғни оқу жылы бағдарлама элективті курстарды зерттеудегі мазмұны мен бірізділігін анықтайды. Магистрант оқу жоспарының типтік және элективті пән жинағының негізінде өзінің дара оқу жоспарын жасайды. Онда негізгі компоненттегі барлық пәндерді енгізілген. Сонымен қатар, онда магистрлік диссертациның тақырыбы, маңыздылығы, мақсаты мен негізгі міндеттерді атап өтіп, әр оқу кезеңіне құрастылыған.
Ақпаратқа қол жеткізудің заманауи әдісі интернетсіз мүмкін емес, сондықтан университетте 2010 жылдан бастап магистрантқа үлгерімі, оқу процесіне байланысты қажетті ақпаратты уақытында қол жеткізуге мүмкіндік беретін «Магистранттардың ақпараттық порталы» жұмыс істей бастады. ЖОО-ның ақпараттық порталының негізгі мәні – магистранттарға білім беру қызметтерін максималды түрде жақындату, білім беру процесін ұйымдастыратын қатысушылар арасында қарым-қатынас орнату мүмкіндігін беру.
Портал университет мәліметтер қорынан түсетін, берілгендерді өңдейтін және қолда бар ақпаратты ыңғайлы түрде бейнелейтін функционалды Web-қосымша болып табылады (1 сурет).
1-сурет. Магистранттардың ақпараттық порталы
Әрбір магистрант үшін оқудың толық мерзімі бойынша оның академиялық жазбаларының мәліметтер қорына жеке қол жетімділік қамтамасыз етілген. Осы мақсатқа сәйкес магистранттың жеке номер жүйесі құрылған және таратылған. Магистрант бұл парақтан өзінің жеке жұмыс жоспарын, алдыңғы оқыған жылдары үшін барлық транскриптерді, жинақталған баллдарын көру мүмкіндігіне ие болады.
Порталды құрастыру барысында программалаудың және мәліметтер қорына қол жеткізудің ашық құралдары қолданылған, яғни ақпараттық порталдың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Әдебиет
Ахметова Т. Ә. Оқытудың кредиттік жүйесінде студенттердің қазақша өйлеу тілін өздік жұмыс арқылы дамыту әдістемесі экономика мамандығының орыс тілді топтары үшін). Қазақстан Республикасы. Алматы, 2008
Назарбаевтың Н.Ә. жолдауы // Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Егемен Қазақстан (2 наурыз). – 2006. – №52(24305).
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2011 жылғы «17» маусымдағы №261 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттыжоғары оқу орнынан кейінгі білім. Магистратура. Негізгі ережелері. ҚР МЖМБС 5.04.033-2011. – Астана, 2011.
Достарыңызбен бөлісу: |