121
Хейфорд эллипсоиды Европаның бірнеше елдерінде пайда-
ланылады. 1842 жылы Мадридте өткен геодезия Халықаралық
ассоциациясының II Бас ассамблеясында Хейфорд эллипсоидта-
ры өлшемдері халықаралық болып бекітілді. Бүл эллипсоидтық
параметрлері АҚШ территориясында жүргізілген градустық
өлшеулерден алынған жəне онда əжептəуір қателіктер болатын.
Оған Хейфорд эллипсоидымен ғарыштық бақылауларды өң-
деу нəтижелерінен алынған жер эллипсоидының параметрлерін
( а= 6378137 м, А= 1:298,257) салыстырып көз жеткізуге болады.
Ресей ғалымы Красовский анықтаған, «Красовский эллипсои-
ды» деп аталатын эллипсоиды басқаларға қарағанда əлдеқайда
дəлірек. Оның параметрлері жердің жасанды серіктерін (ЖЖС)
бақылаудан алынған (мəселен, сығылысуы бірдей, үлкен жарты
ось тек 108 м ғана өзгеше) жер эллипсоидына жақын. Красовский
эллипсойды қазір Ресейде, ТМД жəне Европаның елдерінде пай-
далануда.
6.2. Координаталардың референцтік жүйелері
Бұрынғы Кеңестер одағындағы геодезиялық бірынғай коорди-
наттар жүйесінің басталу тарихы 1816 ж. басталады. Сол жыл-
дан бастап Петербург ғылым Академиясының академигі, Пул-
ков обсерваториясының ірге тасын қалаған жəне оның алғашқы
директоры В. Я. Струве мен Петербург Ғылым академиясының
құрметті мүшесі, генерал К. И. Теннерлер Дунайдың сағасынан
бастап Солтүстік Мұзды мұхитқа дейін Швеция мен Норвегия
территориялары ішіне енген Ресейдің территориясында триан-
гуляциялық қатарлар құру үшін геодезиялық жұмыстарды жүр-
гізе бастады. Бұл қатарлардың созылымдары 25°20´-қа тең бол-
ды, кейінірек оны «Струве доғасы» деп атады жəне ол осы күнге
дейін өзінің мақсатын атқарып келе жатқан ең тиімді, басқа ел-
дерге үлгі болған құрылым болды.
1898 ж. генерал К. В. Шарнгорстың жетекшілігімен Əскери
Топографтар Корпусы əр жердегі бірікпеген «губерниялық три-
ангуляцияларды» теңдестіру жұмыстарын жүргізді. Кавказды
қосқанда, батыс Урал шекарасынан басталған бұл жұмыстар
1926 жылы «Шарнгорст каталогын» жасап шығарумен аяқталды.
122
Референц-эллипсоиды болып Бессель эллипсойды алынды, ал
бастапқы пункттер болып Дерптектік астрономиялық обсер-
ватория жəне «Струве доғасы» триангуляциясының пункттері
қабылданды.
Бірыңғай мемлекеттік жүйе координаталарын құрудың келесі
сатысы Ф. Н. Красовскийдің бағдарламасын іске асыру бол-
ды. 1930 жылы мемлекеттік триангуляциядағы есептеулер Бес-
сель эллипсойдысында жүргізілді, онда бастапқы пункт ретінде
«Саблино» пункті алынды. Бұл триангуляцияны теңестіру 1932
жылы аяқталды жəне қабылданған координаталық жуйе Пулков
жүйесі деп аталатын болды. Бұл жүйе 1946 жылға дейін КСРО-
ның Европалық жəне Азиялық бөліктеріне негіз болды.
1932 жылы Пулков жүйесінде алынған Бессель эллипсоиды-
ның параметрлері (lg a=6.804 6434 637; lg b=6.803 1892 839)
тең. Пулков обсерваториясы дөңгелек столы центрінің коорди-
наталары B= 59°46´18˝.71; L= 30°19´38˝.55 жəне Саблинодан
Бугры пунктіне бағыттаған азимут A= 317°02´50˝.63 осы эллип-
соиды өлшемдерінің дұрыс болмағандығынан жəне Пулкова-
дағы тіктеуіш сызықтық ауытқуын ескермегендіктен рефе-
ренц-эллипсоиды бетінің геоидтан алшақтануы Қиыр Шығыс
аудан дарында 400 м жетті. Осы жағдай 1942 жылғы координата
жүйе сіне көшуді қажет етті.
1946 жылға дейін Свободнендік жүйесі Қиыр Шығыс тер-
риторияларының негізгі координаттар жүйесі болып табылды.
Свободнендік жүйеде де Бессель эллипсоиды қабылданды,
ал оның бастапқы пункті Свободный қаласының жанындағы
Чернигов пункті болды. Чернигов пунктінің координаталары
B= 51°25´36˝.55; L= 128°11´34˝.17 жəне Черниговтен Гашенский
пунктіне бағытталған азимут А=34°2150˝558 тең.
Сонымен қатар, КСРО-ның кейбір аймақтары үшін жергілікті
координаталар жүйесі, мəселен Колымада Дербиндік, Камчатка-
да - Петропавловск, Қиыр Шығыстың шекаралық аудандарында
- Синциндік жəне т.б. жүйелері белгіленді.
Осы кезде Ф. Н. Красовский мен А. А. Изотованың жетек-
шілігімен КСРО территориясын толық қамтитын референц-
эллип соидын құру, ал М. С. Молоденскийдің жетекшілігімен жүр-
гізілген астрономиялық-гравиметриялық нивелирлеу нəтижесі
123
нен «Пулково» бастапқы пунктіндегі квазигеоид биіктігін анықтау
жұмыстары жүргізіліп жатты.
6.3. 1942 жылдық координаталар жүйесі
1942 жылдан бастап астрономиялық-геодезиялық торлар-
ды (AГТ) теңестіру жұмыстары басталды. Геодезия жəне Кар-
тография Бас басқармасы ( ГУГК) мен Қорғаныс Министрлігі
Генералдық Штабының Əскери-топографиялық басқармасының
( ВТУ ГШ МО) біріккен шешімімен 1942 жылдың 4 маусымын-
да теңдестіру жұмыстары үшін жаңа референц-эллипсойды
қабылданды. Міне осы эллипсойды кейіннен 1942 жылғы коор-
динаталар жүйесі деп аталды. КСРО Министрлер Кеңесінің 1946
жылдың 7 сəуіріндегі Қаулысы КСРО территориясында бірыңғай
геодезиялық координаталар жəне биіктік жүйесі енгізілді.
Бұл координаталар жүйесінде Красовский эллипсоиды (a=
6 378 245 м , a= 1:298.3) қабылданды. Оның бастапқы геодезия-
лық пункті В= 59°4615˝359; L= 30°1928´.318 координаталары бар
Пулково (А сигналы) жəне А сигналынан Бугры пункті Саблиндік
базистік торға бағытталған азимуты А= 121°06´42˝.305. 1942
жылғы жүйе бойынша Пулково обсерваториясы дөңгелек залы-
ның центрі координаталары B= 59°4618˝55 жəне L= 30°1942˝.09
алынды, ал Саблинодан Бугрыға дейінгі азимуты А= 317°02´54˝.29.
КСРО-ның барлық территориясы үшін астрономиялық-гео-
дезиялық торапты дамыту өткен ғасырдың 1980 жылдардың ба-
сына дейін аяқталды. Осы кезде астрономиялық-геодезиялық
торды (АГТ) теңдестіру қажеттілігі туындады.
6.4. 1995 жылдық координаталар жүйесі
1980 жылдары АГТ-ты полигондық теңдестірудің бірнеше
нұсқалары орындалды. Осы теңдестіру нəтижелеріне сүйене от-
ырып, астрономиялық-гравиметриялық нивелирлеу жүрістерін
қайталап теңдестіру жүргізілді. Мұнда квазигеоид картасы Кра-
совский эллипсоидының биіктіктерін дəлірек анықтау жүзеге асы-
рылды. Квазигеоид картасының дəлірек анықталған биіктіктері
1987 ж. толығымен жасалды, олар АГТ-ны бостораптар ретінде
теңдестіргенде пайдаланылды.
Достарыңызбен бөлісу: |