- Үйге берілген тапсырманы пысықтау
- Абай мұрасы мақал-мәтелге айналған ақыл-нақылды өлең жолдарына бай.
- «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Бақпен асқан патшадан мимен асқан қара артық», «Сақалын сатқан кәріден еңбегін сатқан бала артық», «Тамағы тоқтық, жүмысы жоқтық - аздырар адам баласын»
- Ақын өзінің бірсыпыра шығармаларында кейбір мақал-мәтелдер жөнінде ғылыми пікірлерде айтқан. Кейбір мақал-мәтелдердің зиянды мәнін ашып,, сынап отырған.
- Мысалы, Жиырма тоғызыншы сөзінде:
- «Жарлы болсаң, арлы болма»
- деген мақалдың теріс тәрбиелік мәнін аша келіп, керісінше,
- «Жарлы болсаң, арлы бол, ардан кеткен соң тірі болып жүргенің құрысын» дейді.
- «Қалауың тапса, қар жанады», «Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ»
- деген мақалдарды келтіреді де,
- «сұрауын табамын, қалауын табамын деп жүріп, қорлықпен өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой» дейді.
- «Атың шықпаса, жер өрте» мақалы туралы жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат?..» десе,
- «Алтын көрсе, періште жолдан шығады» деген мақал женінде
- «періштеден садаға кеткір-ай! Періште алтыңды не қылсын, өзінің көрсе қызар сұмдығын қостағалы айтқаны» деп реніш білдірген. Ақын пікірінше,
- «қазақтың мақалдарының іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтыны да бар... Осындай білместікпенен айтылған сөздерден бек сақ болу керек...».
-
- Лексика тарауы бойынша тест жұмысы
- 1.Үй тұрмысына қатысты архаизмді тап.
- А)шидем В)мақпал С)лашық Д)күпі Е)аламан
- 2. Неологизм грек тілінен аударғанда қандай мағына береді?
- А)жаңа сөз В)жаңа ой С)жаңа пікір Д)жаңа көзқарас Е)жаңа тілек
- 3. Кәсіби сөздер мен диалект сөздер тіл білімінің қай саласына жатады?
- А)Лексика В)Фонетика С)Морфология Д)Грамматика Е)Синтаксис
- 4. Кәсіби сөздер қатысқан сөйлемді тап.
- А)Еңбек етуді сүйіңдер. Адамның қолын ең үлкен, ең жоғары қуанышқа жеткізер нәрсе – еңбек.
- В)Жомарттық – адам сипатының миуалы бағы.
- С)Әке мұрасының жоғалмауына қамқорлық жасайтын, өмірін жалғастыратын адал ұрпақтың болғаны қандай жақсы.
- Д) Әрбір тіл – ғасырлар бойы сол халықтың жүздеген ұрпақтарының күшімен жасалған мұрасы.
- Е)Бес-алты жігіт сыртқы киімдерін лақтырып тастады да, болат сүйменді көкше мұзға қарш-қарш ұрып, үкі оюға кірісті.
- 5. «Жегене, көсек, қаза, терім» деген сөздер қандай кәсіпке байланысты айтылған?
- А)Қызылша шар. В)Балық шар. С) Мақта шар. Д)Егін шар. Е)Мал шар.
- 6. Жергілікті халықтың сөйлеу тілінде ұшырасатын «әйеш» сөзінің әдеби тілдегі синонимі
- А)Әйел В)Әдемі С)Оттық Д)Өнім Е)Әмір
- 7. Комедия, драма, дирижер, либретто, опера, эпос, консерватория, лирика, проза, сатира терминдері қандай терминдер қатарына жатады?
- А)әдеби-өнер В)лингвистикалық С)медициналық Д)әдеби Е) Өнер
- 8. Түйені түгімен, биені бүгімен жұту деген тұрақты тіркесті бір сөзбен қалай атайды?
- А)пара В)пара алу С)парақор Д)пара беру Е)пара апару
- 9. Тұрақты тіркесті үшке бөлген лингвист, академик кім?
- А)Радлов В)Кеңесбаев С)Виноградов Д)Мұсабаев Е)Ысқақов
- 10. Ат-адамның қанаты... мақалды жалғастырыңыз.
- А)Ат-адамның қуаты В)Ас – адамның қуаты С)Ас – адамның қанаты Д)Күш – адамның қуаты Е)Ат – ер қанаты
Жаңа сабақ тақырыбы: - Жаңа сабақ тақырыбы:
- Морфология
- Сөз тұлғасы
Лексикология — сөз туралы ілім (лексикос — - Лексикология — сөз туралы ілім (лексикос —
- сөз және логос — ілім), тілдің сөздік құрамын
- байлығын зерттейді.Лексикаға тілдегі барлық
- сөздер кіреді. Сөздер қолданылуына қарай
- актив және пассив болып бөлінеді. Актив
- сөздерге күнделікті өмірде жиі қолданылатын
- сөздер жатады. Ал пассив сөздерге
- қолданылу өрісі шектеулі көнерген сөздер,
- диалектілер мен кәсіби сөздер, терминдер
- жатады.
- Грамматика – тілдің құрылысын
- зерттейтін ғылым
- Морфология – сөздердің морфологиялық
- құрылымы мен типтері, морфема мен
- оның түрлері, сөздердің түрленуі,
- олардың формалары және сөздердің
- лексика-грамматикалық топтары туралы ілім
- Синтаксис – сөз тіркесі мен сөйлем, олардың құрылымы мен түрлері, сөздердің сөйлемде тіркесуі туралы ілім
- Түбір морфема – сөздің
- әрі қарай бөлшектеуге
- келмейтін ең түпкі негізі.
- Мысалы: бас, тіл, жол, кел, жүр.
- Қосымша морфема –
- түбірге қосылып, оған қосымша
- мағына үстейтін морфемалар.
- Мысалы: атты кісі, сүтті сиыр,
- білімді адам.
- Түбір тұлғада: Қыз – қылығымен сүйкімді,
- Ұл - әдебімен сүйкімді
- 2. Туынды тұлғада: Жастық – жалын,
- Кәрілік – көмір
- 3. Біріккен күйінде: Қазақтың бөліспеген
- еншісі – қонақасысы
- 5. Тіркескен күйінде: Туған жердей жер болмас,
- Туған елдей ел болмас
Тапсырма І. - Тапсырма І.
- Мына түбір морфемаларға қосымша морфемалар жалғап, бірнеше сөздер жаса және оларды қатыстырып мақал-мәтелдер ойлап жаз.
-
- Күй, дос, тау, тұз, от, жұмыс, оқы, тіл, көр, айт, күн, ат, ауыл, ел, ер, қала, тау, жас, кәрі, сөз
Тапсырма ІІ. - Тапсырма ІІ.
- Берілген сөздерден біріккен сөздер жасаңыз және сол сөздерді қатыстырып сөйлем құраңыз.
- Халық... Бас...
- Кәсіп... Әлде...
- Түстік... Әр...
- Еңбек... Шикі...
Тапсырма ІІІ - Тапсырма ІІІ
- Берілген сөздердің екінші сыңарын тауып, қос сөздер жасаңыз және мағынасын түсіндіріңіз.
- Дос- жігіт- ым- жым-
- Сана- әуре- майда- мең-
- Қару- әмпей- телегей- шала-
- Кескін- тым- дау- жапа-
- Қыз- егжей- жалғыз- майда-
Тапсырма ІV. - Тапсырма ІV.
- Мына сөздерден бірнеше біріккен
- сөздер жасаңыз.
- Жеті, жол, ит, кемпір, көз, көк, түйе, бір, әр, әлде, ақ, ала.
Тапсырма V. - Бірінші сыңары күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздердің екінші сыңарын табыңыз. Осы қос сөздерді қатыстырып, мәтін құра.
| - Ап, әп, еп, бап, боп, дап, доп, кәп, күп, кіп, қап, құп, қып, моп, мөп, нәп, оп, өп, жап, жеп, жөп, жұп, жып, тап, тәп, топ, тұп, түп, тып, ұп, үп, сап, сеп, соп, сұп, сүп, шап, шоп, шіп, ып, іп.
Үйге тапсырма: - Дәрісті оқу.
- Екінші сыңары мағынасыз қос сөздердің шығу тегі туралы жазып келу.
Достарыңызбен бөлісу: |