ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«Теміртау қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт» КММ
«Теміртау қаласының Ғабиден Мұстафин атындағы №5 қазақ орта мектебі» КММ
БЕКІТЕМІН
«Теміртау қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт» КММ-нің
эксперттік кеңесі
________________________________
« »__________________2011 жыл
|
КЕЛІСІЛДІ
«Теміртау қаласының Ғабиден Мұстафин атындағы №5 қазақ орта мектебі» КММ-нің
әдістемелік кеңесі _______________
« »__________________2011 жыл
|
ҚОЛДАНБАЛЫ КУРСТЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
«Физика курсының негіздері»
(11 сынып)
Авторы: Муртазаев М.Н.
физика пәні мұғалімі, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты.
Түсінік хат
Қазақстан Республикасы соңғы жылдары бағдарлы оқытуды қолға алды.Осыған орай пән мұғалімдері қолданбалы және таңдау курстарына авторлық бағдарламалар құрды.Ол бағдарламалар оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,өзіндік жұмыс дағдыларын қалыптастыру, теориясы мен практикасын ұштастыру, қорытынды шығаруға баулу, тән мен жан саулығын алып жүру, экологиялық білім мен тәрбие беру, мәдениетті сөйлеу, еліміздің тарихын білуге үйрету сияқты мақсаттарды қояды.Сонымен қатар бұл бағдарламалар оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін шығармашылық ойлауға ұштастыру міндеттерін де қоса қамтиды
Осыған байланысты орта білім берудің мақсаты былайша нақтыланды:алған білімнің, кәсіби дағдыларының негізінде өмірдің өзгермелі жағдайларында еркін бағдарлай алатын, өзінің алған білімін іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және адамгершілік тұрғыда өз бетінше дұрыс , жауапты шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру болып табылады.
11 сыныптағы физика курсынан оқулықтан тыс оқушыларға қажетті тақырыптар қамтылды.
Себебі,ҰБТсұрақтарында, олимпиада есептерінде осындай тереңдетілген тақырыптар кездеседі.
Негізгі мақсат оқушыларға қосымша білім беру болып табылады.
Бағдарлама оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамытуға, білім, біліктерін қалыптастыруға бағытталған, оқушылардың физикалық білімге қатысты өмірлік сұранысын қанағаттандыра алатындай, физиканы болашақ мамандығы ретінде таңдайтын оқушылар үшін білімді әрі қарай жалғастыра алуға негіз бола алады.
Өзектілігі.
Оқушыларда политехникалық білімнің негізі қаланады. Бағдарламада математикамен, биологиямен, химиямен , географиямен, технологиямен пәнаралық байланыстар ескерілген.
Сонымен қатар іргелі физикалық теориялар құрылымына сәйкес жүйеленген, оқушылар дайындығының міндетті деңгейіне қойылатын талаптар мен қатар қосымша материалдар берілген.Оқушы қосымша білім алады. Оқушының ойлауын дамыту мен тәрбиеленуіне жағдай жасайды.Сынптағы оқушылар бір бірімен дұрыс қарым - қатынас жасауды меңгереді.
Мақсаты
Физикадан берілетін білімді түрлі мәселені шешуге шығармашылықпен қолдану үшін біліктер мен дағдыларды оқушы бойында қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |