Ө. А. БайқОҢыров – тау-кен инженері, Қазақстанда түсті металл, химиялық шикізат және кен емес материалдар өндірудің инновациялық технологияларын жасаушы



жүктеу 132,47 Kb.
Дата27.01.2018
өлшемі132,47 Kb.
#7975

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің білім ордасы


Ө.А. БАЙҚОҢЫРОВ – ТАУ-КЕН ИНЖЕНЕРІ, ҚАЗАҚСТАНДА ТҮСТІ МЕТАЛЛ, ХИМИЯЛЫҚ ШИКІЗАТ ЖӘНЕ КЕН ЕМЕС МАТЕРИАЛДАР ӨНДІРУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЖАСАУШЫ

Қарағанды 2016

Байқоңыров Өмірхан Аймағамбетұлы (1912-1980) – тау-кен инженері, ғалым, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі, Қазақ КСР жоғарғы мектебінің еңбек сіңірген қайраткері. Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Сөмке (қазіргі Ұлытау ауылы) ауылында дүниеге келген.

Ауылда қазақ бастауыш мектебін бітірген. 1931-1932 жылдары ФЗУ-да (фабрика-зауыт училищесінде) бұрғылау шебері мамандығы бойынша оқиды. Училищеде сабақтар өткізу үшін өнеркәсіп мамандары шақырылды, олардың арасында Қазақ КСР Ғылым Академиясының болашақ Тұңғыш Президенті – сол кездері зауыттың бас инженері Қ.И. Сәтбаев болды. Осы дарынды тұлғамен кездесу Байқоңыров қызметінің негізгі бағытын анықтады. Қарсақбайдағы зауытта жұмыс істей жүріп, өндірістен қол үзбестен мектептегі оқуын жалғастырды. 1933 жылы Шымкент қорғасын зауытының механикалық цехында сызушы-конструктор болып жұмыс істеді.

Қ.И. Сәтбаевтың ұсынысымен Шымкент қорғасын зауытының парткомы 1934 жылы Байқоңыровты Алматыға оқуға жібереді, онда ол 1935 жылдың аяғына дейін дайындық курсында оқиды, ал одан кейін Қазақстан тау-кен металлургия институтына (қазіргі Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техикалық университеті) түседі, оны 1940 жылы «Пайдалы қазбалар кен орындарын қазу» мамандығы бойынша бітіреді.

Ө. Байқоңыров еңбек жолын Қарсақбай мыс қорыту зауытының құрылысынан – КСРО түсті металлургия тұңғышынан бастайды. 1927 жылдан 1930 жылға дейін Қарсақбай мыс қорыту зауытында ағаш шеберінің шәкірті болып жұмыс істеді. 1932-1933 жылдары Қ. И. Сәтбаевтың басшылығымен Қарсақбай мыс комбинатының Геологиялық басқармасында аға коллектор болып жұмыс істеді. Ө. Байқоңыров институтты бітірген соң туған жері Жезқазғанға жолдама алады. Еңбек жолын ауысым шебері ретінде бастаған ол әкімшілік-инженерлік қызметтің барлық сатыларынан өтеді. 1941 жылға дейін №31 шахта ауысым бастығы, № 32, № 13 шахталардың бастығы болып қызмет етеді. 1943 жылы қараша айында «31-32» шахта-басқармасында 1952 жылға дейін басшы болып қызмет етеді.

1952 жылы қазанда Ө. Байқоңыров қазақ тау-кен металлургия институтының директоры болып тағайындалды, 1960 жылы институтты қайта құрғаннан кейін, 1962 жылға дейін ректор болып қызмет атқарды. 1962 жылы мамырда Қазақ ССР ғылым академиясының академигі болып және бір уақытта академик-хатшы болып тағайындалды. 1964 жылы Қазақ политехникалық институтында «Технология және пайдалы қазбалар кен орындарын әзірлеуді кешенді механикаландыру» кафедрасының меңгерушісі ретінде өмірінің соңына дейін қызмет атқарады. Осы кезеңде қабылдау емтихандары орыс тілінде жүргізілгендіктен ауылдық жерлерден қазақ студенттер контингентін құрастыруда айтарлықтай қиындықтар туындайтын. Бірінші емтихан -диктанттан кейін-ақ іс жүзінде қазақ-талапкерлері қалмайтын. Кейбір жетекші педагогтардың қарсылығына қарамастан Ө.Байқоңыров қазақ жастары үшін институтқа қабылдау ережесін өзгертті, қабылдау емтихандары ана тілінде өткізіле бастады. Бұл оларға Қазақ Республикасының жетекші жоғары оқу орындарында білім алуына мүмкіндік берді. Бұл жаңалық, егеменді мемлекеттің жоғарғы мектебін қайта ұйымдастыруды анықтады, олар қазіргі кезде еліміздің барлық ЖОО-да оқу процесіне енді.  

Директордың және тиісті Одақтық және Республикалық министрліктер мен ведомостволардың бастамасымен жаңа студенттер қалашығының құрылысы басталды. Ө.Байқоңыров нысандарды жобалаудан бастап пайдалануға тапсырумен аяқталатын құрылыстың барлық кезеңдерінде ерекше табандылық және бірізділік таныта білді. Нәтижесінде, қысқа уақыт ішінде тұрғын үйлері, жатақханалары, оқу корпустары және жеке асханалық ғимараттары бар заманауи студенттер қалашығы бой көтерді. Кандидаттық және докторлық диссертациялар қорғау бойынша ғылыми кеңестер ұйымдастырылды. Бұның бәрі мамандар және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау сапасын жақсартуға ықпал етті. Бұл Байқоңыровтың баға жетпес еңбегі болды.

Ө. Байқоңыров кәсіпқой тау-кен инженері ретінде, бұрғылау-жару жұмыстарынан бастап кен ісінің түрлі түзілу жағдайлары мен қуаттары үшін әзірлеу жүйесін жетілдірумен аяқталатын барлық технологиялық процестерді дамытуға және жаңартуға үлкен үлес қосты.

1962 жылы ҚазКСР ҒА президенті Қ И. Сәтбаевтің ұсынуымен профессор Ө. Байқоңыров академикке сайлауды табысты аяқтағаннан кейін ҚазақКСР Ғылым Академиясының толық мүшесі және академик-хатшы болып сайланды. Республикамыздағы жетекші ғылыми ұйымның жұмысында тағы да қарбалас күндер басталды. Қ. Сәтбаевтың серіктесі Ө. Байқоңыров Ертіс-Қарағанды арнасының, Қарағанды, Екібастұз, Жезғазған, Теміртау, Балқаш өнеркәсіп орталықтары құрылысының, Шет, Қарағайлы аудандарының ірі кеніштерінің, Маңғышлақ түбегінде мұнай кен орындарының мәселелерімен белсенді араласты. Байқоңыров үшін Қаныш Имантайұлымен жұмыс істеу үлкен бақыт болды! Ол:«Қаныш Сәтбаевпен бір рет те болса араласқан кез келген адам оның рухани тазалығына, оның адамгершілігіне, шынайылығына, ақыл-ойына, тартымдылығына тәнті болған болар еді!» - деп атап өткен.

Академик Ө. Байқоңыров және оның шәкіреттері өндіріске жаңа тиімді технологиялар енгізу және оны дамыту мақсатында тау жыныстарының физика-механикалық қасиеттерін сейсмикалық, ультрадыбыстық, оптикалық, ядролық-физикалық және басқа әдістермен бақылауды пайдалануды енгізді.

Ғалым үнемі жаңа теориялық мәселелер шешумен айналысты. Оның қызметінің шыңы пайдалы қазбалар кен орындарын өндіру тәсілдерінің біртұтас жіктеуі және әдіснамасын жасау болып табылады. 1969 жылы олар: «Рудалы кен орындарын жер асты өндіру әдістерін жіктеу және таңдау», монографиясын жариялады, осы кітап алғаш рет мазмұндалған тау-кен Энциклопедиясына ұсынылды.

Ө. Байқоңыровтың басшылығымен тау-кен ісінің ғылыми-зерттеу институтында тау-кен геофизикасы, динамикалық фотосерпімділік зертханасы құрылды. Физикалық өрістерді, тау-кен жұмыстарын өндіру кезінде туындайтын статистикалық және динамикалық кернеулердің өрістерін зерттеу арқылы массивтің қасиеттерін зерттеу технологиялық процестердің қауіпсіз және тиімді параметрлеріне таңдау жасауға мүмкіндік берді.

Ө. Байқоңыров ғылыми-педагогикалық жұмысты белсенді қоғамдық қызметімен сәтті ұштастыра отырып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1951-1954 жж.), Алматы қалалық кеңесінің депутаты, Қазақ КСР, МБ Алқасының және Қазақ КСР-ның СҚО Ғылым академиясы президиумының мүшесі, Еңбек қорғау қоғамы орталық Кеңесінің төрағасы, Қазақ КСР-нің «Білім» қоғамы Президиумының, ҚазКСР ҒА Жер жүзі туралы және жер туралы ғылымдар бөлімшесі бюросының мүшесі, республикалық түсті металлургия ғылыми-техникалық қоғамы Президиумының мүшесі, Қазақ КСР МБ және СҚО ғылыми-әдістемелік кеңесінің тау-кен секциясының төрағасы, Қазақ совет энциклопедиясының бас редакциясының мүшесі, КСР одағы және одақтас республикалардың жер қойнауы туралы заң негіздерінің жобасын дайындау жөнінде комиссия мүшесі, Қазақ политехникалық институтының және Қазақ КСР ҒА Тау-кен ісі институтының Ғылыми кеңесінің мүшесі болып сайланады. Академик Ө.А. Байқоңыровтың Отан алдындағы еңбегі, әлемдік ғылымға және жоғары білімге қосқан үлесі үкіметтік наградалармен марапатталды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Ленин орденімен, медальдарымен және құрмет грамоталарымен, «Шахтер даңқы» орденімен марапатталды.

Ө.А. Байқоңыровтың ғылыми қызметінің қорытындысы көпшілігі өндіріске енгізілген 14 монография, 300-ден астам мақалалар мен баяндамалар, 50-ден астам өнертабыстар болып табылады. Ө. А. Байқоңыров өз өміріндегі негізгі мақсаттарының бірі тау-кен өнеркәсібі мен ғылым үшін инженерлік кадрлар, кандидаттар мен докторлар даярлау деп санады. Мұнда оның педагог ретінде таланты айқын көрінді. Өмірхан Аймағанбетұлының өзіне тән ерекшеліктері қаталдық пен бірбеткейлік болды. Өзінің бай ғылыми және өмірлік тәжірибесімен ол студенттерімен және жас әріптестерімен қуана бөлісті. Оның ең басты мақтанышы — бұл мыңдаған тау-кен инженерлері және 60-тан астам техника ғылымдарының докторлары мен кандидаттары.

Ө.А. Байқоңыровтың еңбегі, әлемдік ғылымға және жоғары білімге қосқан үлесі үкіметтік наградалармен және ведомостволық озаттық белгілерімен бағаланды. Ол Ленин орденімен, КСРО медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамоталарымен, ХШЖК алтын медалімен және І дәрежелі дипломмен, І дәрежелі «Шахтер даңқы» белгісімен марапатталды, «Қазақ КСР жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері» және «КСРО Еңбек сіңірген өнертапқыш» дәрежесі берілді.

Ө.А. Байқоңыров 1980 жылы 15 наурызда дүниеден озды. Академик Ө.А. Байқоңыровтың құрметіне Жезқазған Университетіне (ЖезУ), Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің тау-кен институтына (ҚазҰТУ), Алматы, Жезқазған және Сәтбаев қалаларында көшелерге есімі берілді, шахта басқармасы ғимараттарында (Жезқазған кеніші), Алматы қаласындағы тұрғын үйлерде, Жезқазған кенішінде, «Кен орындарын қазу технологиясы» кафедрасында мемориалдық тақта орнатылды; ҚазҰТУ және ЖезУ-де академик Ө. Байқоңыров атындағы аудиториялар ашылды, Жезқазған университетінің оқу корпусы алдында монумент және қабір үстіндегі ескерткіш орнатылды, «Академик Ө.А. Байқоңыров» кітабы басып шығарылды.

Өз еңбектерімен Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ оның шегінен тыс атақты академик Ө. Байқоңыров түсті металл рудаларын, химиялық шикізатты және металл емес материалдарды жер асты және ашық өндірудің жаңа әдісін әзірлеу және қолданыстағыларын жетілдіру бойынша қазақстандық ғылыми мектеп құрушы болып табылады. Өмірлік және кәсіптік мол тәжірибесін, энциклопедиялық білімін Өмірхан Аймағанбетұлы әрқашан адамдарға жеткізуге тырысатын. Ол 60 астам кандидат және 10 доктор даярлады, 300 астам ғылыми жарияланымдардың, монографиялардың және 30 өнертабыстың авторы.



Ұлытау батыры. Академик Ө.А. Байқоңыровтың 90 жылдығына орай. Өмірхан Аймағамбетұлы алып батырлар өлкесі қасиетті Ұлытау бөктерінде туған. Көрнекті кенші болуына атасы Байқоңыр үлкен әсер етті. Адамның есімі деген сөзде қаншама мән бар! Күн сайын айтылатын есімдегі дыбыстар, сәбиді толқындармен орап, адам тағдырын таңдаған бағытына бұра отырып, ерекше аура тудырады. Байқоңыр (аударғанда – бай қоңыр түсті) — Ұлытау өңіріндегі өзен. Осы өзеннің құрметіне тас көмір кен орны мен аты аңызға айналған ғарыш айлағы аталған. Бұл аласапыран кез болатын: Бірінші дүниежүзілік соғыс, 1917 жылғы Ақпан және қазан төңкерісі, ақтар мен қызылдар, Кеңес өкіметінің құрылуы, ол турбулентті уақыт болды. Өмір сүру өте қиын болды. 1925 жылы Өмірхан Аймағамбетұлының әкесі «Өндірісті өркендету керек» ұранымен өз отбасының тағдырын күрт өзгерту үшін зауытқа қара жұмысшы-металлург болып орналасты. Ол сол кезде осы шешім арқылы өз ұрпақтарына: тау-кен ғылымының көрнекті ғалымы және ұйымдастырушысы - техника ғылымдарының докторы болған ұлына, техника ғылымдарының докторы, металлург - немере қызына жол ашқанын білген жоқ... Ө. Байқоңыровтың өмірбаяны Михаил Ломоносовтың өмірбаянын еске түсіреді. Сауатсыз ортадан шыққан, шалғай жерде өскен, ғылымның барлық саласынан білімді ашқарақтана сіңірген Өмірхан Аймағамбетұлы қазақ жерінің данышпандығын бойына жинап, Батыс технологияларын үйрене жүріп өсті, жан дүниесі Шығыс адамы болып қалды. Ол өз халқының жүрегінен жаралған қазақ еді.

Өмірхан Аймағамбетұлының өзі былай еске алатын: — Маған өмірімде жақсы ұстаздар кездесті. Бірінші керемет ағаш шебері Даниил Иванович Авдонин болды. Ол мені өз отбасына қабылдады, орыс тілін, мамандықты үйретті, ағаш сырын білуге оны өңдеу өнеріне үйретіп, кейіннен фабрика-зауыт училищесіне түсірді.

КСРО Түсті металлургиясының тұңғышы, сауатты кадрлар қажеттігі сезілетін Қарсақбай мыс балқыту зауытында фабрикалық-зауыттық училище (ФЗУ) болатын. Дәріскерлер арасында: кейінірек Мәскеу түсті металл институтының профессоры болған зауыттың бас инженері Андрей Петрович Иванов; сол кездері комбинаттың бас геологы - ҚазКСР ҒА болашақ тұңғыш президенті Қ. И. Сәтбаев. «Қаныш Имантайұлының дәрістері ылғи да қызықты болатын, оған көп халық жиналатын. Атақты дәріскерді комбинат, зауыт және аудан басшылары тыңдауға келетін. Сәтбаев Жезқазғанның сансыз байлығы мен даму перспективалары туралы қарапайым, жеткілікті және түсінікті тілмен айтатын». ФЗУ бітіргенде Өмірхан бұрғылау шебері мамандығын алып шықты. Сәтпаев сияқты көрнекті адаммен кездесу Байқоңыровтың тағдырын да анықтады. Бірде Қаныш Имантайұлы Сәтбаев әкесі Өмірханды өзіне шақырды: «Айтеке, сіздің ұлыңыз терең ойлы және қызығушылығы мол, маған оның оған тапсырған іске өте үлкен жауапкершілікпен қарайтыны ұнайды. Өмірхан — озат бұрғылаушы. Оны жоғарғы техникалық оқу орнына оқуға жібергіміз келеді. Әлі көресіз, осы қарсақбайлық коллектор әлі академик болады» -деді. Қазақ тау-металлургия институтын бітірген соң Байқоңыров Жезқазғанға оралды. Жас инженерге революцияға дейін ағылшындықтар тастап кеткен №13 ескі шахтаны қайта құру тапсырылды. Сосын №31 шахтаның бастығы етіп тағайындайды. Инженерлік қызметте қиын кезеңдер басталады – еңбек өнімділігін арттыру мүмкіндіктерін анықтау керек болды. Байқоңыров КСРО кеніші және Мемтехникасы мақұлдаған камера-тіректік әзірлеу жүйесінің жаңа тиімді нұсқасын ұсынды. Бұл жүйе өндіріске сәтті енгізілді және бұрғылаушылардың еңбек өнімділігін 1,78 есеге өсіріп, ал ұңғыма жұмысшысынікін - 2,75 есе арттырды, сонымен қатар руда тоннасының өзіндік құнын төмендетті. Осының нәтижесінде Жезқазған мыс қорыту комбинаты КСРО Мемлекеттік қорғаныс комитетінің ауыспалы Қызыл Туын он алты рет жеңіп алды, ол Жезқазғанда мәңгілік сақтауға қалдырылды. Бір күні Байқоңыровты ҚКП ОК бірінші хатшысы Ж. Шаяхметов өзіне шақырып алып: Өмірхан! Республиканың техникалық кадрларын көтеру керек. Олар бүгінгі күні біздің халқымыздың болашағын шешеді. Сіз жақсы өндіріс ұйымдастырушысыз, №31-32 шахта басқармасы бүкіл Кеңестер Одағына аты әйгілі. Сіз - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутатысыз. Біз Сізді өте қиын, маңызды орынға - Қазақ кен-металлургиялық институтының директоры ретінде тағайындағымыз келеді».

Бұл орынға оның кандидатурасын Қаныш Имантайұлы Сәтпев ұсынған болатын. Бірінші кезекте жаңа оқу корпусын, студенттер қаласын салу, оқытушылар құрамын тұрғынмен үймен қамтамасыз ету мәселелерін шешу керек болды. Осы мәселелерді шешу әрекеті табыспен аяқталмады. Байқоңыров мәскеулік әріптестерінен кеңес сұрады.

Сонымен қатар Ө. Байқоңыров оқу процесін жақсартуға көп назар аударды – қазақ жастары үшін институтқа қабылдау ережелерін өзгертті: қабылдау емтихандары ана тілінде қабылдана бастады. Сонымен қатар ол типтік оқу зертханаларын құруға көмек көрсетті.

Байқоңыровты студенттерді оқыту мәселелері ғана емес, сондай-ақ олардың тұрмысы да толғантты. Ол студенттік асханаға жиі барды, студенттерді қалай тамақтандыратынын қадағалап, жатақхананың жиі қонағы болды. Ө. Байқоңыровтың үлкен мәселесі ұлттық кадрларды тәрбиелеу болды. Ол қаншама адамға көмектесті, қаншамасын аяқтарынан тік тұрғызды десеңізші!

1958 жылы Байқоңыровты профессор ғылыми атағына ұсынады. Көптеген пікірлер болды, бірақ ең қызығы оның ұстазы – Қ.И. Сәтпаевтың пікірі болды: «Ө.А. Байқоңыровтың негізгі ғылыми жұмыстары құлдыраушы кен орындарын әзірлеу әдістерін тиімді етудің маңызды мәселелеріне арналған және ғылыми-зерттеу сипатындағы ірі жұмыстар ретінде біліктілікке жете алады. Қазіргі кезде Ө.А. Байқоңыров Одақтағы және әлемдегі ең ірі Жезқазған мыс кен орындарының руда түзілімдерінің көп санды типтерін пайдаланудың тиімді әдістерін іздестіру проблемаларын шешуге белсенді араласты».

Ө. Байқоңыров монобағыттағы институтты политехникалық институтқа өзгерту үшін көп еңбек сіңірді. 1960 жылы 8 шілдеде институт тарихына маңызды күн ретінде енеді. Бұл күні Қазақ тау-кен металлургия институты Қазақ политехникалық институты (ҚазПТИ) болып қайта құрылды.

1962 жылдың басында Қаныш Имантайұлының денсаулығына байланысты қиындықтар туындайды, ол Өмірхан Байқоңыровты ҚазССР ҒА хатшы болып қызмет етуге, яғни оң қолы болуға шақырады. Ол: «Құжаттарды тапсырып, академикке дауысқа түс» деп, оның қарсылығын қабылдамады. Бір орынға бірнеше адам үміткер еді, сонымен қатар олар бірдей ұпай жинаған еді. Екінші кезең өтті және Өмірхан Байқоңыров кезеңнен өтті. Осылайша Өмірхан Байқоңыров Қазақ ССР Аакдемиясының ғылыми хатшысы – Сәтбаевтың қызметтесі болды.

Олар Ертіс-Қарағанды арнасының құрылысымен, өнеркәсіптік аудандармен (Қарағанды, Екібастұз, Жезқазған, Теміртау, Атасу, Балқаш), Шет, Қарағайлы аудандарында ірі кеніштермен, Маңғышылақ түбегінде мұнай кен орындарымен бірге айналысты.

1964 жылы 31 қаңтарда Қаныш Имантайұлы Сәтбаев өмірден озды. Академия ғылымдарының Президенті Шәріп Шоқан болды. Ө. Байқоңыровқа кетуді ұсынды. Шамасы, ҚКП ОК-нің қағидаты осылай болған сияқты. Ол үшін ауыр тиген 1964 жылы оған Өмірхан Аймағамбетұлының кандидаттық диссертациясының жетекшісі Александр Сергеевич Папов келіп, оған өзінің кафдерасын ұсынып, былай дейді:


  • Менің жасым келді. Ал сендерге Қазақстан үшін маңызды ғылыми жұмысты жалғастыру керек.

Осылайша өмірінің жаңа баспалдағы басталады. Қазақ техникалық университетіне Қаныш Имантайұлының есімін берген кезде, ондағы тау-кен институтына Байқоңыровтың есімі берілді, онда қазір де мемориалды тақта ілініп тұр және Ө.А. Байқоңыровтың есімімен мұражай-аудитория бар.

Кафедра меңгерушісі ретінде Өмірхан Аймағамбетұлы әлемдегі ең озық ғылыми-зерттеу орталықтары арасына енген ғылыми мектеп құрды. Ғылымға ғашық Өмірхан Байқоңыров студенттерді де осы жолға салды. «Студенттердің ғылыми жолы» мақаласында ол: «Ғылым көп назар аударуды, уақыт пен еңбекті, өзіне терең және жан-жақты жұмыс жүргізуді, іргелі ғылымды (философия, математика, физика, химия) терең зерделеуді талап етеді. Бұл тек жүйелі түрде жұмыс істейтін адамға ғана қол жетімді. Ғылыми жұмыс жеке талантты адамның ғана бақыты деп ойламау керек. Мұнда мен А.С. Пушкиннің, талант - жұмыс істеуге бейімділік деген сөзін еске салғым келеді. Жұмыс істеуге ерінсең, демек сен талатты емессің».

1969 жылы «Ғылым» баспасында Ө. Байқоңыровтың «Кен орындарын жер асты өндіру әдістерін жіктеу және таңдау» монографиясы жарық көрді. Бұл еңбек автордың көп жылдық зерттеу нәтижесі болды. Үш жыл сынамалаудан кейін 1972 жылы Өмірхан Аймағамбетұлы техника ғылымдары докторы ғылыми дәрежесін ізденуге диссертация жазды. Бірақ құжаттарды ЖОК тапсырғаннан кейін үнсіздік орын алды. Бір жылдан астам ешқандай хабар болған жоқ. Кейін ұзақ үнсіздіктің себебі қарсыластарының хаттары болып шықты. Тек бір айдан кейін сараптау комиссиясында нақты қорғаудан кейін бекіту өтті. Өмірінің соңғы ауыр күндерінде науқас Өмірхан Аймағамбетұлына қызметтестері келіп, оның соңғы ғылыми жұмысына үлкен ақшалай сыйақы бөлінгенін мәлімдеді. Ол оны өзінің аспиранттарына беруге шешім қабылдады.

«Бүкіл өмір қарапайым ойға алып келеді: жеке даңқ, жеке жетістік, жеке табыстар –бұл әрине, маңызды бірақ мұнымен аяқталмайды, – деп жазады Ө. Байқоңыров өз күнделігінде. - Өскелең ұрпаққа эстафетаны тапсыра алдым ба, өз шәкірттеріме ғылымға қызмет ету – бұл ең алдымен халыққа, елімізге қызмет ету екендігін түсіндіре алдым ба деген ой жиі мазалайды». Өмірхан Аймағамбетұлы 1980 жылы 15 наурызда дүниеден озды. Ол адамдарға, сүйікті ісіне деген қамқорлыққа толы, жарқын шығармашылық еңбек жолын бастан кешті.



Өмірхан Байқоңыров қоршаған ортаға тіршілік, жақсылық сыйлап, ерекше аура орнататын, өзінің таза мөлдір суын тыныш әкелетін Байқоңыр өзеніне ұқсайды.


жүктеу 132,47 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау