91
дік береді. Қабылдағыш жиынтығында екі GPS антеннасы қол-
данылады: базалық қабылдағышқа жоғарғы дəлдікті Zephyr
Geodetic антеннасы жəне жылжымалы қабылдағышқа Zephyr
антеннасы бар. Trimble технологиясы өлшеу нəтижелеріне əсер
ететін кедергілерді төмендетеді. Осы антенналарды қолдану ба-
рысында анықталатын координаталар м-лік дəлдікпен есептеп
шығаруға мүмкіндік береді.
Орналасу орнын дəл табу аспаптың өзіне жəне сыртқы сая-
си жағдайға да байланысты. Саясаттың үлкен рөл атқартынды-
ғы АҚШ-тың əскери өндірісінде осы саланың жылдам дамуына
əсерін тигізгендігінен байқауға болады.
Trimble аспаптарының барлық түрін қамтамсыз ететін де-
ректерді жинағыш TSCе контролерінің көлемі кіші, қолға ұстап
жүруге де, штативке орнастыруға да қолайлы (5.2-сурет).
GNSS жүйесінің Trimble R7 – бұл бір қорапта жинақталған көп
каналды, көп жилікті GNSS қабылдағышы мен қысқа толқынды
(УКВ) радиомодем. Тrimble-Track технологиясы – бұл ғаламдық
жерсеріктік навигациялық жүйесінің жаңа буыны (GNSS).
5.2-сурет. Trimble R7 GNSS жүйесінің технологиясы
92
Trimble R7 GNSS қабылдағышында жаңартылған RTK про-
цессорлы Trimble R-Track технологиясы қолданылады. Ол мо-
дернизацияланған GPS-тің L2C жəне L5 жəне де ГЛОНАСС
жүйесінің сигналдарын қабылдайды.
Кейінгі кездері қабылдағыштардың қөлемі кішірейіп, бағасы
да арзандауда, болашақта телефон сияты жаңа «тұрмыстық ас-
папқа» айналуы мүмкін.
Ал Trimble Survey Controller программалары GNSS тех
но-
логиясының файлдарымен тахеометр деректерін біріктіріп,
Trimble Business Center программасына өңдеу үшін дайындайды.
Leica Geosystem (Швейцария) фирмасының аспаптары.
Leica GPS1200 – жаңа перцизиондық GPS процессорының,
RTK режиміндегі мəндердің бірдей болмауын тез шешудің жаңа
алгоритмдерінің барлығы. Ал қоршаған орта əсерінен сақтаудың
əскери стандарттарына сай болуы – бұл GPS жабдықтарын кез
келген жағдайда əртүрлі геодезиялық жұмыстарды орындауға
мүмкіндік туғызады (5.3-сурет).
5.3-сурет. LEICA GPS1200 сериясының кешені
Программалық қамтамасыз етілуі: жұмысқа дайындау, мəлі-
меттерді беру, орындаған жұмыстарды график түрінде бейнелеу,
түсіріс тораптарын теңдестіру, координаталарды əртүрлі жүйеге
көшіру, нəтижелерді түрлі жүйеге мысалы, ГАЖ-ға шығару.
93
GPS технология SmartTrack – GPS1200 қабылдағыштары-
ның SmartTrack технологиялық процессоры бір секундтың ішін-
де көрініп тұрған жер серіктерінен сигнал ала алады. Сонымен
қатар, жер серіктерінің биіктіктері ең кіші бұрыштарымен ба-
қылауға, басқа жер серіктер қабылдағыштары жұмыс істей ал-
майтын жағдайларда, мысалы ағаштың түбінде немесе жарық
сəулелері көп жағдайда өлшеуге мүмкіндік береді. Əлбетте, бұл
GPS өлшеулерінің өнімділігіне кепілдік береді.
SmartTrack – технологиялық антенна пішіні кіші болса да,
SmartTrack технологиялық жаңа антенна дəлдігі жоғары сигнал-
дары алуды қамтамасыз етеді (5.4-сурет).
5.4-сурет. а) Штативке орнатылған базалық станция:
1 – антенна; 2 – трегер; 3 – радиомодем; 4 – контроллер; 5- қабылдағыш
(GPS1230); ə) қадаға орнатылған далалық ровер: 1 - антенна; 2- контроллер;
3 - қабылдағыш; 4 – радиомодем; 5 – қада.
SmartCheck – 30км RTK режим қабылдағышы. RTK режімінде
өлшеулер (нақты уақыттағы кинематика) бұрынғыға қарағанда
ең жылдам, дəл жəне сенімділігін көрсетті. SmartTrack техно-
логияларымен алынған SmartCheck өлшеулерді 1 см дəлдікпен
өңдейді. 30 км-ге дейінгі жəне одан да жоғары сызықтарды 20
Гц жиілікпен өлшеуге болады. Өлшеулер бірнеше секундта
94
жүргізіледі. Түсірістер қолданылмаған RTK режімінде ағаш-
тардың түбінде де жүргізіле береді Тахеометрдің ішіндегі мəлі-
меттердің толықтығын мониторинг жүргізу жүйесі алынған бар-
лық нəтижелерін тексеріп отырады.
Topcon Positioning System(Жапондық) қабылдағыштары
Topcon GB-1000 қабылдағышы. Модульды TOPCON тех-
нологиясы бойынша орындалған 40 каналды 1 жəне 2 жилікті
(L1, L2) жəне (Glonass/Navstar) жиынтығының қабылдағышы
(5.5, а –сурет).
Жоғарғы дəлдікті жəне тез өлшеулерге арналған Topcon
фирмасының геодезиялық HiPer сериялы 40-каналды GPS-
қабылдағышы (5.5, ə-сурет).
Бұл аспаптар ішкі радиомодем жəне антеннамен кешенді
түрде жинақталады. Статикалық түсіріске бір жиілікті қабыл-
дағыш қолданып, оны екі жилікті жүйеге толықтыруға, соны-
мен қатар, сыртқы модеммен RTK режиміндегі түсіріске пайда-
лануға болады. Мұндағы сымсыз Bluetooth интерфейсі далалық
жұмыс кезінде қолдануға өте тиімді.
5.5-сурет. а – Штативке орнатылған Topcon GB-1000 қабылдағышы;
ə – Topcon HiPer қабылдағышы; б – FC-2000 Контроллері
TOPCON компаниясы, жылдамдығы 400 МГц процессор
негізінде жасалған, жаңа далалық FC-2000 контроллер-жина-
ғышын (5.5, б-сурет) жасап іске қосты.
95
TopSURV программасы TOPCON жерсеріктік қабылдағыш-
тары мен электрондық тахеометрлерінің барлық түрінде қам-
тылған.
Бүгінде GPS-құралдарын қолдану саласы өте кең жəне басқа
да техникалық жабдықтармен үйлесу мүмкіндіктері негізінде
бұрынғы шешілмей жатқан мəселелерді шешуде жаңа сапалы
мəліметтер алуға мүмкіндік беретін ақпараттық-өлшеу жəне өң-
деу жүйелері құрылуда.
5.3. GPS қабылдағыштарын қолдану салалары
5.3.1. GPS қабылдағыштарын геодинамикалық
мəселерді шешуде қолдану
Соңғы жылдары жер бетінде күшті, кейбір жерлерде апат-
ты геодинамикалық жағдайлардың тіркелгендері белгілі. Бұл
жағдайлар жер сілкіністер, тау жыныстары мен жер қабаты жа-
рылымдарының қозғалысы, жер бетінің шөгуі сияқты түрде
көрініс береді. Əсіресе, мұндай құбылыстар мұнай-газ жəне тау-
кен өндіріс орындары күшті дамыған аймақтардағы геологиялық
ортаның геодинамикалық тəртібінің бұзылуынан болады.
1990 жылдары геодинамика мəселелерін шешу үшін Ха-
лықаралық GPS қызметі (IGS) құрылған болатын. IGS қызметі-
не ғаламдық тіректік геодезиялық торапқа кіретін пункттердегі
үздіксіз жерсеріктік бақылауды ұйымдастыру жауапкершілігі жүк-
телген. Мұндай мониторинг, қарастырылып жатқан пункттерді
см-лік жəне мм-лік дəлділікте жылжуын бақылауға арналған. Бұл
құрлықтар мен ашық мұхитта орналасқан жеке аралдардың пай-
да болуы нəтижесінде əрқашан жаңарып тұратын қозғалыс карта-
сын жасауға мүмкіндік береді.
Мұндай ақпарат – жердегі референцтік нүктенің нақты орнын
анықтауда жəне жер қыртысында жүріп жатқан процестердің
тектоникалық белсенділігін зерттеу кезінде үлкен қызығушылық
танытады. Мұндай зерттеулерді жүргізу процесінде зерттеле-
тін аймақтағы «тұрақты» тірек нүктелерін теңестіру қажеттілі-
гіне байланысты, маңызды қиындық пайда болды. Онда тірек
нүктелерге қатысты айқындалған жылжулар тіркеп жазылады.
Бұл проблема жеке зерттеулер нысаны болды.
Достарыңызбен бөлісу: |