Оқулық Алматы, 2012 Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының ҚауымдастығЫ 2



жүктеу 3,97 Kb.
Pdf просмотр
бет28/61
Дата24.12.2017
өлшемі3,97 Kb.
#5853
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   61

100
3. Қазақстан Республикасы аумағының топографиялық жəне 
картографиялық қамтамасыз етілу жағдайы алаңдаушылық ту-
ғызады, карталардың жаңартылмағандағына 10-20 жыл болған. 
4. Қазақстанның сейсмобелсенді аумақтары мен Каспий маңы 
өңірлері жоғары дəлдікті геодезиялық өлшемдермен толық қам-
тылмаған. 
5. Агенттікке ведомстволық бағынышты геодезиялық кə-
сіпорындардың жалпы техникалық жəне технологиялық дамы-
май қалуы. 
6. Жас мамандар ағымының жоқтығы, мамандарды даярлау 
жəне қайта даярлаудың сапасы қазіргі заманның техникалық жə-
не технологиялық талаптарына сай келмейді. 
7. Пайдаланылуы мемлекет пен тұтынушыға зиян тигізуі 
мүмкін жалған геодезиялық жəне картографиялық өнімдерден 
на рықты  қорғау. 
Жаһандық бəсекеге қабілеттілік тұрғысынан бағалауда Қа-
зақстанның жағдайына байланысты басқа да проблемалар бар. 
Қазіргі уақытта жаһандану республикамызда орын алып жатқан 
барлық үдерістерге өз əсерін тигізуде, Қазақстанның ақпараттық 
кеңістігі бірегей ақпараттық кеңістікке енуде. Басқарушылық 
шешімдерді қабылдауды қолдау жəне республика өңірлерінің 
дамуын болжау үшін ақпараттық бөліктің құрамдас бөлігінің 
бірі өзекті жəне объективті кеңістіктік ақпарат болып табылады, 
онда жергілікті жердің мемлекеттік топографиялық карталардағы 
қазіргі жағдайы көрініс табады. 
Негізгі сыртқы жəне ішкі факторларды бағалау. 
Ағымдағы жағдайды талдауды назарға ала отырып, сондай-
ақ, Қазақстанның əлемдегі бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына 
енуі жəне бекуі бойынша қойылған міндеттерді ескере оты-
рып, жер ресурстарын, геодезия жəне картографияны басқару 
саласының алдына жер ресурстары туралы шынайы ақпаратпен 
қамтамасыз етуге, «Инновациялық даму» көрсеткіштері бойынша 
Дүниежүзілік экономикалық форумның бəсекеге қабілеттіліктің 
ғаламдық индексінде Қазақстан Республикасының рейтингін 
арттыруға, еліміздің қорғаныс қабілеттілігін нығайтуға, ұлттық 
қауіпсіздік деңгейін арттыруға септігін тигізетін стратегиялық 
бағыттарды анықтау міндеті қойылды. 


101
- ІГТ- іргелі геодезиялық торап;
- ЖГТ- жоғары дəлдікті геодезиялық торап;
- ЖСГТ-1 - 1-класты жерсеріктік геодезиялық торап;
- ГЖТ- геодезиялық жиілету тораптары.
Еліміздің территориясындағы координаттарды қамтамасыз 
етудің жоғары құрылымы ІГТ болып есептеледі жəне ол мынадай 
негізгі қызметтерден тұрады:
- жалпыжерлік геоцентрлік жүйедегі координаттармен қамта-
масыз ету;
-  ЖСГТ-1 жəне ЖГТ аймақтық жəне ғаламдық масштаб- 
тағы мүмкін болатын бұрмалануларды болдырмау.
Іргелі геодезиялық тораптарды техникалық жабдықтау ЖЖС 
арқылы бақылаудың лазерлік əдісіне жəне жоғары дəлдікті оп-
тикалық жəне радиоастрономиялық жүйелерге негізделген. ІГТ 
пункттері жоғары дəлдікті нивелирлік тордан тұрады жəне оның 
барлық пункттерінде көлемді территориядағы гравитациялық 
алаңның тұрақтылығын бақылау, ауырлық күшінің абсолютті 
анықтаулары жүйелі түрде қайталанып жүргізіліп тұрады. Осы 
пункттерге негізделіп, Мемлекеттік іргелі грави та циялық торлар 
жасалады.
Жиілетілген тораптар топографиялық түсірістерді қамтама- 
сыз ету үшін қолданылады, ал оларды жерсеріктік жəне қарапа-
йым геометриялық əдістермен біріктіріп жасау арқылы құрады. 
Мінекей осындай жұмыстарды атқарып жатқан мекеменің бірі - 
Қазақстандағы «Ғылыми-өндірістік ГЕОКЕН центрі».
 5.8-сурет. «Геокен центрі» инженерлері геодезиялық жұмыс атқаруда
Бұл мекеме көп жылдан бері, қызы-жазы топографиялық, 
геодезиялық жəне картографиялық жұмыстарды Каспий жəне 


102
Арал теңіздері жағалауында, Қызылқұм, Алатау мен Алтай тау-
лары төңірегінде, Торғай, Жамбыл облыстарында, сонымен қатар, 
Қазақстанның тау-кен өндіріс кешендері орналасқан қалалар мен 
ауылды жерлерде жүргізіп келеді. 
Ұзындығы əртүрлі тораптардағы жерсеріктік координаттық 
анықтаудың жоғары дəлдіктегі өлшеулерін алуан түрлі физика-
географиялық жағдайларда жүргізуге, жерсеріктік əдістерді қол-
данбалы геодезияның ауқымды мəселелерін шешу кезінде тиімді 
пайдалануда. 
Жерсеріктік əдістерді жоғарыда аталған жұмыс түрлерінде 
пайдалану ерекшелігі – тек маркіленген нүкте координатала-
рын жедел түрде жоғары дəлдікте анықтаумен бірге, белгіленген 
бағыттарды анықтау əдістерін жасауға болады. Бұл кезде өл-
шеуді, көбінесе, жер серігінен келіп түсетін радиосигналдарды, 
құрылатын объектілердің əртүрлі конструкциясымен жеке экран-
дау жағдайларында жүргізуге тура келеді. Аталған ерекшелік-
тер – өзіне теодолиттер, тахеометрлер, нивелирлер жəне лазерлі 
жүйелер сияқты дəстүрлі геодезиялық құрал-жабдықтарын жер-
серіктік қабылдау аппаратурасы арқылы біріктіріп, геодезиялық 
өлшеудің жерсеріктік əдістерінің үйлесімділігінің мақсатқа сай 
екендігін дəлелдейді. 
Туннельдерді жерсеріктік əдістерді қолданып, салуға қа-
тысты соңғы əдіс – кіріс порталдары арасындағы барлық алаңды 
жауып тұратын жəне сəйкес кластағы тіректік тораптармен бай-
ланыс орнатушы, жергілікті жоғары дəлдіктегі геодезиялық то-
раптарды құру мақсатында пайдаланылады. Туннельді күрделі 
рельефтік жағдайларда салу кезінде, жерсеріктік əдістердің 
артықшылығы жақсы байқалады. Осы жұмыстар қазіргі уақытта 
жинақталған тəжірибе – порталдар арасындағы 10 км-ге дейінгі 
арақашықтықта жерсеріктік əдістердің, дəлділікті шамамен 1см 
деңгейде қамтамасыз ететінін дəлелдейді. Осының негізінде ба-
ғытты анықтаудың арнайы əдістері рұқсат етілген қабілеттілікті 
пункттер арасындағы қашықтық 400 м-ден аспаған жағдайда, 
шамамен бір бұрыштық секунд деңгейінде дəлдікпен қамтамасыз 
етеді.
Əртүрлі бөгеттерді салу кезінде геодезиялық жұмыстарды 
тек құрылыс процесінде ғана емес, сонымен қатар, үлкен сыртқы 


жүктеу 3,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау