Оқулық Алматы, 2012 Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының ҚауымдастығЫ 2



жүктеу 3,97 Kb.
Pdf просмотр
бет29/61
Дата24.12.2017
өлшемі3,97 Kb.
#5853
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   61

103
қысымда орналасқан конструкция элементтерінде пайда бол-
ған деформация мен жылжуды идентификациялау жəне талдау 
мақсатында оларды пайдалану кезінде, əрі қарай жүргізу қажет. 
Алынған ақпараттардың жоғары дəлдігі мен дұрыстығына жету 
үшін, жерсеріктік əдістерді көп жағдайда тахеометр мен жоғары 
дəлдікті нивелирді пайдалануға негізделген, жердегі əдістер-
мен біріктіреді. Жоғарыда айтылған техникалық құралдар мен 
əдістерді бірге қолдану – қауіпті деформация мен жылжуды дер 
кезінде жеткілікті, əрі сенімді түрде анықтауға мүмкіндік береді.
Бұрыштар мен арақашықтықтарды өлшеуге негізделген жер-
дегі əдістерді қолданғанда тораптар геометриясын жақсарту 
мақсатында, қосымша пункттерді ұйымдастыру қажеттілігі ту-
ындайды. Ол сөзсіз қосымша техника-экономикалық шығындар 
мен басқа да қиыншылықтарды тудырады. Жердегі əдістерге 
қарағанда, жерсеріктік əдістер – пункттердің орналасу геометри-
ясын талғамайды жəне тік сызықты жолдың бойында орналас-
қан пункттердің координаталарының анықтамаларын қажетті 
дəлдікпен толық қамтамасыз ету үшін жарамды.
5.3.3. GPS технологиясын теңіз геодезиясында қолдану 
Теңіз геодезиясы – жер бедерінің пішінін жəне теңіздер мен 
мұхиттардың гравитациялық өрісін анықтау, теңіздегі табиғи 
ресурстарды барлау, пайдалану, геодезиялық байланыстыру жə-
не картографиялау сияқты геодезияның теңіздегі мəселелерін 
шешетін саласы. Теңіздегі геодезиялық жұмыстар GPS техно-
логиясын пайдалануға негізделген, арнайы жүзу құрал-жаб-
дықтарымен, позициялауды өте жоғары дəлділікпен анықтай 
алатын қабылдағыштармен жабдықталған, терең суда жүзуге 
арналған, су түбіндегі шұңғымаларды жан-жақты зертеуге қо-
лайлы кемеде жүргізіледі.
Мұндай арнайы, гидрографиялық кеме Қазақстанда тек біреу 
ғана (5.9-сурет), ол Каспий теңізінде ғылыми жəне қолданба лы 
геодезиялық жұмыстарда пайдаланылуда.
Мұндағы барлық өлшеулер нақты уақыт масштабында орын-
далады. Ал алынған нəтижелерді, қажетті мəндерді анықтауға 
басқа техникалық құралдар қолданылады.


104
GPS əдістерін, теңіз геодезиясында пайдалану аймақтарына 
жəне өлшеудің дəлділік деңгейіне қойылатын талаптарға сай екі 
шартты топқа бөлуге болады. Бірінші топқа дəлділік деңгейіне 
қойлатын талаптар, бірнеше метрмен ғана шектелген мына талап-
тар кіреді:
- гавань (айлақ) акваторияларындағы, жағаға жақын судағы 
жəне ішкі қоймалардағы тереңдік өлшеу жұмыстары;
- экономикалық дамудың аумақтық аймақтары немесе ғылыми 
мақсатта теңіз (тереңдігін) түбін картаға түсіру;
- пайдалы қазбаларды теңізде игеру кезінде қол 
данылатын 
қандай да бір техникалық құрал дардың орындарын суасты дат-
чиктермен анықтау;
- гидрографиялық жұмыстарды орындау; 
- дəл гравиметриялық жəне сейсмикалық суретке түсіру жұ-
мыстарын жүргізу.
Осы міндеттерді шешу үшін кодтық сигналдарды қол дануға 
негізделген GPS-өлшеулердің дифференциялық əдісі қол 
да-
нылады. Бұл – жұмыс істеу режиміндегі референцтік станция, 
əдетте, координаталары белгілі жағадағы нүктеде, ал жылжы-
малы реперлер жүзу құралының бортына орналастырылады. 
Дифференциалды өлшеу режимін іске асыру үшін референцтік 
станцияда анықталатын түзетулер – радиоарналар бойынша жүзу 
 5.9-сурет. Қазақстанның Каспий теңізіндегі МС гидрографиялық кемесі.


105
құралының анықталған орнын, жедел түрде есептеу жүргізі 
-
летін борттық стансаға береді жəне онда түзетпелер енгізіледі. 
Мұндай тəсіл – референцтік жəне жылжымалы стансадан 
бақыланатын бірдей жерсеріктеріне жататын ақпараттарды тиімді 
жинақтауға мүмкіндік береді.
Жерсеріктік технологияның өте жоғары дəлдік деңгейін 
(қа  
жет) талап ететін теңіз геодезиясында пайдалану аймағын 
қамтитын, екінші топқа жататындар:
- жағадағы инженерлік жабдықтарға қызмет көрсетуге байла-
нысты жұмыстар;
- мұнай, газ жəне басқа да пайдалы қазбаларына жұмыстар 
жүргізу кезінде қолданылатын платформалардың теңіз бетінде 
орналасқан жағдайын бақылау;
- айлақ (гавань) акваторияларын, өзен сағасы мен су қой-
малардың басқа түрлерін тазалау жұмыстарын жүргізуші драга-
ларды басқару;
- теңіз жəне мұхит акваторияларындағы геодинамикалық 
процестерді зерттеу.
Осындай жұмыс түрлерін жоғары дəлдік деңгейінде GPS 
технологиясын қолдану арқылы жүргізіп жатқан компанияның 
бірі «Геокен» ғылыми-өндірістік орталығының (ҒӨО) Ақтау 
бөлімшесі. Мəселен, «Геокен» орталығы 2006 жылы Каспий 
теңізі жағалауында жаңа мемлекеттік геодезиялық торап құрды 
жəне жасанды аралдар (Ақтоты, Қайран, Алпамыс жəне т.б.) мен 
су нысандарындағы реперлерді позициялады.
Сонымен қатар, теңіздің гидрометеорологиялық режимін, 
жағаларының түрлерін, теңіз түбі бедерінің өзгеруін жəне де су 
объектілерінің ластануын зерттеумен шұғылданды. «Геокен» 
ҒӨО мамандарының Каспий теңізінің солтүстік-батыс жағында 
сейсмикалық профильдер бойымен батиметриялық түсірімдер 
жүргізіп жатқан кезі 5.10-суретте бейнеленген.
Мұндағы геодезиялық жұмыстар «Trimble», «Topcon 
Positioning Systems» жəне «THALES NAVIGATION» фирма-
ларының екіжиіліктегі GPS-қабылдағыштарын, эхолоттарын, 
гидро 
графиялық кешендерін қолдану арқылы жүзеге асады. 
Алынған картографиялық мəліметтер AutoCad, Microstation, 
Surfer жүйесінде дайындалады. 


106
Теңіз геодезиясына тəн жұмыстарды орындау кезінде мы- 
надай жайттарды ескеру қажет: мобильдік станция орнаты-
латын жүзу құралдары теңіз бетінің əртүрлі айналымдары 
мен тербелістеріне ұшырауы мүмкін. Ол өз кезегінде есептің 
маркіленген нүкте кеңістігінде мүмкін емес өзгерістерге алып 
келеді. Мұндай өзгерістерді есепке алу үшін, жерсеріктік өлшеудің 
жетілдірілген əдістері қолданылады. Ол кеменің азимуттық кү-
йін жəне оның бойлы немесе көлденең тербелістерін анықтауға 
мүмкіндік береді. Осындай міндеттерді шешу тəсілдерінің бірі 
– бірнеше шағын ара қашықтықтарға тұрғызылған антенналық 
жүйелері бар жерсеріктік қабылдағыштарды қолдану. Антенна-
лар үшбұрыш болып орналасады, оның төбесі кеменің алдыңғы 
бөлігінде, ал негізі – орта бөлігінде орналасуы мүмкін.
Осы салада жүргізілген зерттеу жұмыстары мен аталған 
тəсілдер кеменің күйін шамамен ±1˚ дəлдікте анықтауға мүм-
кіндік беретіні дəлелденді.
GPS- технологиялары ұшу аппараттарының берілген марш-
рут бойынша жүруінде тиімді қолданылады. Олардың көмегімен 
ұшу координаталары мен аэрофототүсіру камерасының бағытын 
анықтайды. 
Оған позициялауды ондаган метр кателікпен ғана анықтай-
тын навигациялык кластың GPS-қабылдагыштары сəйксс келе-
ді. Бұл қабылдағыштар автомобильдерде, өзен, теңіз жəне ауа 
кемелерінде, ғарыштық аппараттарда жəне жаяу жүрген кездерде 
қолданылады. Жерсеріктік жүйе штурманның (бағыттаушының) 
міндеттерін атқарады
5.10-сурет. Батиметриялық түсірім жүргізу


жүктеу 3,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау