Мәнжазба
Тақырыбы: «Саяси режимнің түрлері . Демократия»
Орындаған: Құлынтаев Е.Е.
Тексерген:Сулейменова Э.Б.
Жоспар
1.саяси режим түсінігі мен түрлері
2. Тоталитаризм тарихи және саяси феномен ретінде және оның ерекшеліктері
3. Демократия
Саяси режим түсінігі мен түрлері
Саяси режим” ұғымы саяси билік проблемаларымен тікелей байланысты. Саяси режим (тәртіп) дегеніміз – мемлекеттік билікті жүзеге асырудың тәсілі, қоғамдағы азаматтардың еріктері мен құқықтарының деңгейі. «Саяси режим» деген түсінікті «мемлекетті басқару түрлерімен» шатыстырмаған жөн, себебі демократиялық мемлекет жағдайындағы саяси тәртіптің де әртүрлі сипаттары бар. Бұл ұғым мемлекет басқарудың түрін емес, оның сапасын айқындайды, қоғамның саяси өміріне сипаттама береді. Саяси тәртіп түсінігінің шеңберіне мемлекеттік билікті қалыптастыратын тәсілдер, сол үшін қолданылатын құралдар, саяси биліктің іс-қимылдарының түрлері және т.б. жатады.
Саяси тәртіп ұғымымен танысу барысындағы ерекше байқалатыны - мемлекеттегі билік жүйесін қалыптастыру мәселесі. Билік сайлау арқылы қалыптасады ма, әлде өзара сыбайластықпен тағайындала ма? – деген сұрақ. Мысалы, кейбір жағдайда сөз жүзінде мемлекет жүйесіндегі барлық басшылар сайланады деп айтылғанмен, іс жүзінде оларды жоғарғы органдағылар бекітеді немесе жариясыз түрде тағайындап отырады. Бұл шенеуніктердің іс жүзінде билікке қатысты мәселені бір-бірімен келісіп өз мақсатына сәйкес шешуіне ықпал етеді. Бұндай іс-әрекет көп жағдайда қоғамдағы азаматтардың еріктері мен құқықтарына қайшы келіп мемлекеттік биліктің заңдылығына (легитимдігіне) нұсқан келтіреді, демократияға кедергі жасайды. Қоғамның саяси өмірінде сыбайластық, жағымпаздық қаншалықты орын алса, мемлекет соншалықты ескірген саяси тәртіпке айнала бастайды.
Саяси білімдер әдебиетінде саяси тәртіптерді демократиялық және демократияға қарсы (антидемократиялық) деп үлкен екі топқа бөледі. Демократиялық немесе саяси әртүрлілік (плюрализм) тәртібі дегеніміз –саяси билік органдарының халықтың бақылауында болуын қолдайтын қоғамның саяси және экономикалық құрылысының түрі. Саяси әртүрлілік коғам мүшелерінің құқығы мен бостандығын жоғары бағалаушы саяси тәртіп. Бұл режимде мемлекеттік биліктің көзі толығымен халық болып саналады.
Саяси әртүрлілік тәртібінің негізгі белгілері:
-заңсыз үстемдік етуші биліктің қоғам өмірінен аластатылуы;
-қоғамның саяси жүйесінің жалпыадамзаттық құндылықтар жолын
ұстануы;
-экономикадағы демократиялық принциптердің орнығуы;
-азматтарды әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуы;
-қоғам мүшелерінің мәдени-рухани дамуына толық жағдай жасау.
Адамзат тарихында орын алатын монархиялық, тоталитарлық билік тұсында және авторитаризм кезеңінде демократиялық тәртіптің орнатылуына мүмкіндік болған жоқ. Әлем халықтары демократияға соңғы кезеңдерде ғана жете бастады.Сол себептен қазіргі кездегі саяси тәртіпке сипаттама жасау үшін демократиялық емес саяси тәртіптердің тарихи түрлерін білудің маңызы зор. Адамзат тарихында саяси тәртіп бірнеше түрлерден және кезеңдерден өтті.Саяси тәртіп көп жағдайда бір қалыпта емес, аралас түрде
кездеседі.Солардың ішіндегі негізгі үш түрін атауға болады. Олар империя,
тоталитарлық және авторитарлық режим.
Достарыңызбен бөлісу: |