Оқулық Алматы, 2012 Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының ҚауымдастығЫ 2



жүктеу 3,97 Kb.
Pdf просмотр
бет23/61
Дата24.12.2017
өлшемі3,97 Kb.
#5853
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   61

82
анықтау мүмкiн болады. Мұндай коррекциялық əдiс өте күрделі 
жəне мүлтiксiз екi жиiлiкті GPS-қабылдағышта көбіне қолданыс 
тапты. Оны «ионосфералық əсерді жою» деп атайды жəне сондай 
əсермен сабақтас қателердiң көпшiлiгiн жоюға мүмкiндiк бередi. 
GPS сигналдары ионосферадан өтіп, ауа-райына байланысты 
процестер жүріп жатқан Жер атмосферасына түседі. Олардың 
жинақтаған əсерлері GPS позициялаудың дəлдігін төмендетпейді.
Қателіктердің басқа түрлері. Серiктердiң бортындағы атомдық 
сағаттар кейбір қателіктердің негізгі көзі болып табылдады. 
Жер бетiндегi GPS қабылдағыштары серiктердiң атомдық борт 
сағаттары секілді уақытты қате жіберіп тұрады. Сағат жүрісінің 
тұрақсыздығына байланысты қателіктер жерсеріктік өлшеулерге 
тəн қателіктердің барлық кешенінде анықталады. 
Жер серігі мен қабылдағыштағы сағаттың тұрақтылығын, жо-
ғары тірек генераторлары орындайды. Олар GPS уақыты ретінде 
белгілі шкалаларды іске асыру кезіндегі уақыт пен жиілік үшін 
базалық негіз болып қызмет етеді. Жер серігіндегі осындай сағат 
жүрісінің тұрақтылығына қойылатын жоғары талаптарға бай-
ланысты, атомдық генераторлар қолданылады. Ал тұтынушы 
қабылдағыштарында едəуір арзан кварцтық генераторлар пайда-
ланылады.
Қабылдағыш есептеу кезінде əртүрлі бөгеттердің ықпалынан 
жалғанкездейсоқ кодтарын қате орындайды. Мұндай қателіктер 
болмашы ғана немесе өте үлкен болуы да мүмкін.Үлкен қате-
ліктерді оңай табуға болады, себебі олар жағдайлардың көпшi-
лiгiнде анық, ал шамасы кіші қателіктерді табу қиынға түседі.
Қателіктердің басқа түрі сигналдар таралуының көптүрлі 
сəулелену əсерінен туындайды. Көптүрлі сəулелі қателердің 
таралуы қабылдағыштан хабарлағышқа сигналдың берілу жо-
лында күштi сынуға душар болады. Оның əсерінен сигнал қа-
былдағыштың антеннасыны тура бармай, айналып жетеді. 
Осы эффектінің əсерінен теледидарда екіжүзді бейне көрінеді. 
Көптүрлі сəулеленудің таралу эффектiсінiң əсерiн азайту үшiн 
қазiргi қабылдағыштардағы сигнал алдын ала өңделеді, соны-
мен бірге арнайы антенна конструкциясы қолданады. Алайда 
нақтылы жағдайларда аталған құралдар өлшем қателіктерін GPS-
тың нəтижелерiнен, көптүрлі сəулелену эффектісінен толығымен 
құтқармайды. 


83
Құрал-жабдық қателік көздері, жер серігінде орналасқан ап-
паратура жəне тұтынушы аппаратурасының құрамына кіре 
тін 
жұмыс тораптарының жетілмегендігімен байланысты. Құрал-
жабдықтық қателіктің негізгі көздері – жер серігі мен қабыл-
дағыштағы сағаттың жүру қателігі, сигнал беруші жəне қабыл-
даушы антенналардың жұмыс істеу қателігі. Сонымен қатар, 
сигнал бергіш пен қабылдағыш аппаратурасындағы уақытша 
кідіріске, радиосигналдардың жер серігінен қабылдағышқа дейін 
жүріп өтуіне сай, уақыт (немесе фазалық ығысу) анықталатын 
есептеу құрылғысы жұмысының жетілдірілмегендігіне тікелей 
байланысты.
Позиционирлеудің дəлдігі GPS қабылдағыштың жетілдірі-
луіне тікелей байланысты.
Бақылау сұрақтары
1.  ЖРНЖ-нің қандай артылықшылықтары, оның пайдалану аймақ-
тарын ұлғайтады?
2.  ЖРНЖ-дегі қандай қателіктер геодинамикалық зерттеулерде негізгі 
рөл атқарады?
3.  ЖРНЖ-ті сызықты обьектілер құрылысы кезінде пайдалану ерек-
шелігі неде? 
4.  Қандай жағдайларда нақты уақытта өлшеу мен өңдеудің кине ма-
тикалық режимін қолдануға болады?
5.  Əлемдік навигациялық жүйелер.
6.  Ғарыштық блок деген не?
7.  Қандай ғарыш айлақтарын білесіз?
8.  GPS қабылдағыштары қайда қолданылады?
9.  ЖНЖС эфемеридтері қателіктерінің пайда болуы неге байла-
нысты?
10.  Иионосфералық қателіктер неге пайда болады?
11.  Ионосфералық қателіктер қалай жойылады?
12.  Сағаттың жүру қателігінің əсерін қалай жоюға болады?
13.  Салыстыру нүктесі дегеніміз не?
14.  Геометриялық фактордың əсері қалай бəсеңдейді?
15.  Жерсеріктік өлшеу дəлдігі қандай жасанды əдістермен төмендейді?


84
5. GPS ҚАБЫЛДАҒЫШТАРЫ ЖƏНЕ ОЛАРДЫҢ 
ҚОЛДАНЫЛУ САЛАЛАРЫ
5.1. Жерден бақылау жəне тұтынушы блоктары
Жер бетіндегі бақылау блогы орбита параметрлерінің өзге-
ріс терін анықтау, ЖЖС жоғары дəлдікті бақылау жəне алынған 
ақпараттарды өңдеу мен оларды серікке жіберу үшін арналған. 
Бұл блок стационарлы пункттер торынан жəне ЖЖС іздеу аппа-
раттарымен жабдықталған.
GPS  басқару блогы төрт жер беті мониторинг станциясынан 
тұрады, олар жер шарының əртүрлі бөлігінде орналасқан. ГЛО-
НАСС орбиталды кешенін қадағалап отыратын Бас Орталығы 
Мəскеу облысының Голицино қаласында орналасқан. Қалған 
мониторингті станциялар жер серіктен радиосигналдарды қабыл-
дап, солар бойынша əрбір серіктің орбитальды моделін құрас-
тырады. Осы модельдер бойынша серіктің борттық сағатының 
коэф 
фициенттеріне түзетпе енгізеді жəне орбитаның (эфеме-
ридтер) дəл параметрлерін есептейді. Алынған мəліметтер ба-
сты бақылау станциясына жіберіледі, ал олар тəулігіне бір рет 
сағаттың коэффициентіне түзетпені жəне эфемеридтерді жіберіп 
отырады.
Тұтынушы блок жер беті тұтынушыларымен қоса, ғарыштық 
аппараттарды қабылдау қасиетіне ие.
Ғарыштан келген радиосигналдар ғарыштық радиопере-
дат 
чик 
тің фазалы центрінен қабылдағыштың фазалы центріне 
де йінгі арақашықтықты анықтауға арналған. Осы арақашық- 
тықты анықтау үшін ғарыштан қабылдағышқа берілген радиосиг-
нал 
дың уақытын есептейді. Вакуумде радиосəулеленудің та-
ралу жылдамдығы мен радиосигналдың берілу уақытын біле 
отырып, қабылдағыштан ғарышқа дейінгі арақашықтықты есеп-
теп шығарады. Қабылдағыштың фазалы центрінің координатын 
кеңістікті сызықты засечка түрімен ғарыштағы белгілі коор-
динатаның көмегімен анықтайды.
Осылайша, қолданбалы блок көптеген халықтық жəне əске-
ри қабылдағыштан тұрады. Олар ғарыштық радиосигналдар-


жүктеу 3,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау