88
немесе қандай бір тасымалдағышта орнатылған қабылдағыш
қозғалыс үрдісі кезінде дискреттілігі 5-30 с болатын бөлек анық-
талатын бірнеше ретті болуы мүмкін. Осы режимді қолдану
кезінде қабылдағыш дисплейінде жəне оның тексергішінде
конт
роллер қабылдағыштың кеңістікте қалай орналасқандығы
жайындағы мəліметтер үздіксіз көрініп тұрады, атап айтқанда,
оның орын ауыстыру жылдамдығы жəне қозғалыс азимуты.
Əдеттегідей керекті нүкте координатын енгізуге болады, мұндай
жағдайда қабылдағыш аспап сол нүктеге дейінгі арақашықтықты
жəне оның бағыт-бағдарын көрсетіп береді. Оператор сапар
желісіндегі (маршрут) керекті сипаттамалық нүктені ерекшелеп,
белгілеп, оның координаттарын аспап жадына енгізуге мүмкіндігі
бар.
Егер кинематикалық əдістемені дифференциалдық тəсіл
(ЖЖС «шоқжұлдызы» арқылы синхронды пеленгацияны орын-
дайтын екі қабылдағыш аспап болған жағдайда) шеңберінде іске
асырса, онда кинематикалық «continuous» (жалғасы) деп атала-
тын түсірісті орындауға болады. Орындаушы адам тоқтаусыз
орын ауыстырғанда, ал қабылдағыш аспап белгілі бір уақыт
аралығында (бірнеше секунд) 10-20 м-ден аспайтын қателігі
тұрақсыз координаттарды анықтайды.
«Stop-go» тəсілі – қозғалысты жалғастырмастан бұрын əрбір
пикеттік нүктелерде қысқа уақытты аялдамалардың қажеттілігін
алдын ала ескереді. Бұл тəсіл 0,5- 1,5м дəлдікті қамтамасыз етеді.
Нақтылы белгіленген жағдайларда далалық бақылаулар мен
өңдеу жұмыстары уақыт бойынша ажыратылған.
Алайда қозғалмалы қабылдағыштан базалық аспапқа мəлі-
меттерді бере алатын бірікпе (встроенный) радиомодемдері бар
қабылдағыш модельдері де бар, яғни нəтижелердің өңдеу жұ-
мыстарын түсіріс барысында-ақ орындауға мүмкіндік береді.
Осындай нұсқаны кинематикалық «real time» (RTK – нақты
уақыт) деп атайды.
Статика тəсілі де позиционирлеудің дифференциалды əдісіне
негізделіп жасалған. Оның шеңберінде екі не одан да көп пун-
кттерден синхронды бақылаулар жүргізу 60-80 мин (сантиметр лік
дəлдік алу үшін) аралығында атқарылады, ал ерекше жағдайлар-
да есеп алу үшін ұзақтығы 5-7 сағ. (қателік 2 есе азаяды) дейін
89
жетеді. Əрине анықталатын пункт пен тірек торларының үсті-
не антенналарды центрлеуді жəне анағұрлым сыйымды сандық
ақпарат жинақтағышын қолдануды, сонымен қатар, нəтижелерді
өңдеуге арналған арнайы бағдарламалық топтамаларды қосқанда
осыншама уақыт кетеді.
Əртүрлі статика режимінің бірі – жылдам статика (fast statik)
болып табылады. Синхронды бақылаулардың уақыты 5-10 мин
(хордалық векторды дециметрлік дəлдікпен анықтауды қам-
тамасыз етеді) шектелгенде, осы түрі пайдаланылады. Соны-
мен қатар реоккупация кезінде де синхрондық бақылаулардың
үздіксіздігі тек қана базалық станцияда сақталса, ал жылжымалы
станцияда (тұрақ) берілген уақыт аралығында жер серігінен ради-
осигналдарды қабылдауда үзіліс орын алатын шеңберде орында-
лады. Мұндай бақылау сериясын өңдеу кезінде көп қиындық тар
туындайды, оны орындау үшін арнайы бағдарламалық қамта-
масыздандыру кешені керек.
Көрсетілген дəлдік сипаттамаларының айырымы біршама
жуықтап алынған, өйткені əрбір нақтылы жағдайда едəуір ма-
ңызды рөлді қабылдайтын аппарат түрі (мысалы, екі жиілікті,
екі жүйелі 40 каналды кодты қабылдағыштар бір жиілікті бір жү-
йелі 5 каналды кодсыз қабылдағыштарға қарағанда айтарлықтай
жақсы нəтижелер береді) алады, сонымен қатар бақылау сеан-
сы кезіндегі геометриялық факторлардың мағыналарын рұқсат
етілген жəне тиімді қамтамасыз ететін бақылау сеансын жобалау
сапасы жоғары орынға ие.
Ең жақсы жер серіктік анықтаулар абсолюттік режимде ко-
ординаттарды анықтауда 15 м аралықта, ал қатынасты режимде
1,5-3 мм-ге дейінгі дəлдікті қамтамасыз етеді.
Жерсеріктік навигациялық жүйелер аспаптарын бірқатар
ком
паниялар шығарады. Қазақстанда бұл аспаптарды кеңінен
ұсынып отырған барлық əлемге танымал, GPS – жүйелерін жасап
шығарушы фирмаларға Trimble (США), Leica Geosystem (Швей-
цария), Жапондық Topcon Positioning System, т.б. жатады. Бұл
компаниялар ГЛОНАСС жəне NAVSTAR Жер серігінің сигнал-
дары бойынша жұмыс істейтін Жерсеріктік аспаптарды жасап
шығаруда.
90
Жерсеріктік қабылдағыш аппараттардың спектрі ағымдағы
кезеңде өте үлкен əрі анағұрлым кең. 200-ден астам өндіруші
– фирмалар, əсіресе, шетелдік фирмалар əрдайым өздерінің
өнімдері мен бұйымдарының номенклатурасын кеңейтіп отыра-
ды. Жəне де осымен қатар олардың сəйкесті бағалары да бірнеше
оңдаған доллардан бірнеше мыңдаған АҚШ долларына дейін
өзгеріп тұрады. Енді отандық геодезия мен маркшейдерлік істе
күнделікті іс-тəжірибеде жиі қолданыс тапқан қабылдағыш аспап
түрлерінің қысқаша жазба мəліметтерін келтіреміз.
Trimble Navigation(АҚШ) фирмасының қабылдағыш аспап-
тары:
GeoExplorer 3 компакты 12 каналды кодты GPS қабылдағышы.
Ол ағындағы анықталған мəліметтер көрсетілген картамен
сəйкестірілген бейнесі бар бірікпе дисплейден тұрады. Сонымен
қатар, осы арқылы сапар желісінің қозғалысын жобалауға, бөлек
нүктелердің де координаталарын алуға мүмкіндік береді. Қоса
бекітілген бірікпе компасы да бар жəне де дифференциалды ре-
жимде жұмыс атқара алады.
TTS 5700 – модульді екі жиілікті 24 каналды GPS жəне
жүйесі, нақты уақыт арлығындағы дəл геодезиялық жұмыстарды
орындауға арналған. Жоғарғы өлшеу дəлдігімен, сенімділігімен,
қолайлылығымен жəне жеңіл, аз энергия тұтынуымен (2,5Вт)
ерекшеленеді. ТТS 5700 қабылдағышы
екі жиілікті құрал-жабдықтар класында
ең танымал. Оның жұмыс істеу қабілеті
шамамен 10 сағатты құрайды (5.1-сурет).
Сыртқы қабы толығымен ауа кірмейтін
етіп жасалған жəне сыртқы əсер
лерден
сақтандырылған, сондықтан оны күрделі
климаттық жағдайларда қолда нуға бола-
ды.
Қабылдағыштың басқару батырма-
лары жəне жарық диодты индикаторла-
ры алдыңғы панельге орнатылып, кейбір
жағ дайларда кинематикалық түсірістерді
контроллер қолданбай жүргізуге мүмкін-
5.1-сурет.
Trimble TS 5700 GPS
қабылдағышы
Достарыңызбен бөлісу: |