РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНОЙ АККРЕДИТАЦИИ ВЫСШИХ УЧЕБНЫХ ЗАВЕДЕНИЙ
29
· Еңбек нарығындағы өзгерістер қалай талданады?
· Білім алушылардың қалаулары қалай анықталады?
· Оқытушылардың ой-пікірі қалай ескеріледі?
· Білім беру бағдарламаларының мазмұнына өзгертулер енгізу бойынша
ұсыныстарды кім тұжырымдайды?
· Өзгертулер енгізуге болатын нысандарды (оқу жоспарлары, элективті пәндер
каталогын, жұмыс оқу кестелерді және т.б.) көрсетіңіз және оларға өзгертулерді
енгізу тәртібін сипаттаңыз. Бұл қандай ішкі құжаттармен реттеледі?
· Шешім қабылдауға жұмыс берушілер, білім алушылар, оқытушылар мен
мүдделі тұлғалар өкілдері қалай тартылады?
· Жұмыс берушілерді, білім алушыларды, оқытушыларды және мүдделі
тұлғаларды тартудың көрнекілігі қалай расталады?
«10.2.13 Оқу бағдарламаларын меңгеру мақсатында қолданылатын оқу
жабдықтары мен бағдарламалық құралдары тиісті салада қолданылатын
жабдықтарға ұқсас болып, пайдаланудағы қауіпсіздік талаптарына сай болуы
тиіс».
· ЖОО-да тиісті салада жабдықтар мен бағдарламалық құралдарды қолдануды
анықтауға бағытталған маркетингтік зерттеуді кім жүргізеді?
· Оқу жабдықтары мен бағдарламалық құралдарын сатып алу қажеттілігі
қалай анықталады?
· ЖОО-да оқу жабдықтары мен бағдарламалық құралдарды қолданудың
адекваттығын талдауды кім өткізеді?
· ЖОО-ның жабдықтарын пайдаланудағы қауіпсіздік талаптарын кім
анықтайды?
· Қауіпсіздік талаптары қандай құжаттармен реттеледі?
· ЖОО-да мамандықтар шеңберінде қолданылатын оқу жабдықтары мен
бағдарламалық құралдардың тізімін беріңіз.
«10.2.14 ЖОО білім беру бағдарламаларының қарауындағы ресурстардың
(дәрісхана, зертхана, компьютерлік жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз
ету, қаржы ресурстары, халықаралық ғылыми-зерттеу нәтижелерінің мәлімет
қорларына қолжетімдік, жұмысқа орналастыру мен кәсіби тәжірибе жүйесі,
оқу құралдары мен материалдар және т.б.) жеткіліктігі мен заманауилығын
тұрақты талдаудың тиімділігін көрсетуі тиіс».
· Білім беру бағдарламаларының қарауындағы ресурстардың жеткіліктілігін
және заманауилығын талдаңыз – дәрісхана, зертхана, компьютерлік жабдықтар
мен бағдарламалық қамтамасыз ету, қаржы ресурстары, халықаралық ғылыми-
зерттеу нәтижелерінің мәлімет қорларына қолжетімдік, жұмысқа орналастыру
мен кәсіби тәжірибе жүйесі, оқу құралдары мен материалдар және т.б.
· Осындай талдауды өткізудің жиілігін көрсетіңіз.
· Осындай мәселелер қарастырылған алқалы органдар отырыстарының хатта-
маларын келтіріңіз.
· Қолданылатын ресурстардың жеткіліктілігін және заманауилығын монито-
рингтеу тетіктерін сипаттаңыз. Оларды кім жүзеге асыратынын және қай жерде