«ЌР шетелдік инвестицияларды реттеу жаѓдайлары мен мѕселелері»



жүктеу 397,5 Kb.
бет1/5
Дата20.11.2018
өлшемі397,5 Kb.
#22352
  1   2   3   4   5

МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ
1. ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ РОЛІ
1.1. Шетел инвестицияаларын тартудың негізгі нысандары және механизмдері
1.2. Қазақстанға шетел инвестицияларын тартуды мемлекет тарапынан реттеу
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ТАРТУДЫ ТАЛДАУ
2.1. Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартудың халахуалының жағдайы

2.2. Қазақстан Республикасындағы шетел инвестициясының

келіп түсуіне талдау

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯСЫН ТАРТУДЫҢ БОЛАШАҒЫ


3.1. Шетел инвестицияларын тартудың негізгі мәселелері
3.2. Шетел инвестицияларын тартудың жетілдіру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы тәуелсіз сыртқы нарықтарға шығуға мүмкіндік алды. Бірақ, Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметті жүргізуде жеткілікті тәжірибесі жоқ және сондықтан белгілі бір проблемалар туындайды. Қазақстан Республикасының үкіметінің маңызды проблемаларының бірі шетелдік инвестицияларды тиімді түрде тарту мен бөлу болып табылады. Ең алдымен инвестициялар бұл экономикалық маңызды фактор, оның көмегімен алдыңғы қатарлы технологиялар меңгеріледі, нарықтардың отандық тауарлармен толуы жүреді, экспорттық өнімнің бәсеке қабілеттігі көтеріледі.

Қазақстан экономикасының қазіргі дамуында шетелдік инвестициялардың маңыздылығы сөзсіз. Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде құрылуынан бастап шетелдік инвестициялардың көлемі екпінді өсуін байқаймыз. Әлемдік шаруашылық дамуының, қазіргі деңгейінде шет инвестициялардың өсуінің күшеюі байқалады, оның қарқыны халықаралық сауда өсуінің қарқынынан асып түседі. Барлық елдер экономикалық даму дәрежесіне қарамастан экономикалық өсімге жету үшін шетел инветицияларын тартудың әдістері мен жолдарын жетілдірумен айналысады. Сауда ағымдарының, шетел инвестицияларының ағымдарының және технологияның айырбасының либерализациясы жағдайында компаниялардың нарықтағы күресі одан әрі агресивті болып жатыр. Капиталдың болуы, иновациялық қызмет технологиялармен, квалификацияланған адам ресурстарымен қамтамассыз етілуі және тиімді ұйымдастырушылық және басқарушылық практикасы - осы факторлардың бәрі кәсіпорынның бәсеке қабілеттігін қамтамассыз етуде маңызды рол атқарады және сәйкес макроэкономикалық жағдайларда қабылдаушы елдердің экономикалық даму көрсеткіштерін жақсартуға көмектеседі. Бірақ, көп ел инвестиция алғысы келетінін және оған деген бәсекенің жоғары деңгейде екендігін ескеру керек. Сондықтан да шетел инвестицияларды тартуды зерттеу осы таңда өзекті мәселелердің бірі деп айтуымызға әбден болады. Қазақстан Республикасындағы шетелдік инвестицияларды реттеу: жағдайларымен мәселелері тақырыбын таңдай отырып, курстық жұмысты жазуда келесі мақсат көзделді: шетел инвестициясы, оның ішінде тікелей инвестицияның Қазақстан экономикасындағы атқаратын орнын және мәнін анықтау.

Осы мақсатқа қол жеткізуде келесі мәселелерді шешу қажет:


  • ұлттық экономиканың дамуындағы шетелдік инвестициялардың және олардың нысандарының рөлін анықтау;

  • шетелдік тікелей инвестициялаудың себептерін және экономикалық тиімділігін талдау; шетелдік тікелей инвестицияларды тартудың механизімін қарастыру;

  • Қазақстанға шетел инвестицияларын тартуды мемлекет тарапынан реттеуді зерттеу; Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартудың хал-ахуалының жағдайын сараптау;

  • Қазақстан Республикасындағы шетел инвестициясының келіп түсуіне талдау жасау;

  • шетел инвестицияларын тартудың негізгі мәселелерін қарастыру;

  • шетел инвестицияларын тартудың жетілдіру жолдарын табу.

Курстық жұмыс кіріспеден, ұш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Шетел инвестицияларының мәнін және мазмұнын оның халықаралық экономикалық қатынастардағы рөлін, даму тенденциаларын және Қазақстандағы шетел инвестициясының құқықтық аспектілерін зерттеуге жұмыстың бірінші тарауында қол жеткізілмек.

Екінші тарауда шетел инвестициясының оның ішінде тікелей шетел инвестициасының Қазақстан экономикасындағы орнын, көлемін, даму барысын, экономикалық дамуға тигізетін әсерін, сонымен қатар республикадағы тікелей шетел инвестициясын тартудағы және мемлекет тарапынан оларды реттеудегі шараларды зерттеп талдау мақсаттары шешіледі.

Үшінші тарауда теориалық білімдерді тәжірибелік шындықпен салыстыра отырып, Қазақстан Республикасына шетел инвестициясын тартудағы негізгі мәселелерді айқындау және оны жетілдіру жолдарын іздестіруді көздеу мәселелері қойылмақ.

Тарау I. ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ РӨЛІ



    1. Шетел инвестицияларын тартудың негізгі нысандары және механизмдері

Қазіргі уақытта капиталдың халықаралық қозғалысы, әлемдік шаруашылықтың және ұлттық экономикалардың дамуында маңызды роль атқарады.

Әлемдегі нарықтағы инвестициялық капиталдық сұранысымен ұсынысына шиелініскен баланста Қазақстан мен ТМД-ның басқа мемлекетінің позициялары өте төмен болып саналады. Бұл мәселелерге енді тек қана өз араларында, әлемдік капитал нарығының өте шағын сигментінде бәсекелесуге ғана болады. Ал тікелей және портфельді инвестицияларға келсек, бұл аймақта олардың ликвидтіліктері экономиканың құрылымдық өзгермелі мәселелерімен, ішкі қаржылық нарықтық көбірек болуымен шектелуі.

Өндіріс факторларының халықаралық қозғалысы халықаралық сауданың себептері өндіріс факторлары мен қамтамасыз етілуінде айырмашылықтар болатын жағдайда сауданы алмастырады.

Егер сауда негізінде өндіріс факторларымен қамтамасыз ету ерекшеліктерінен басқа себептері жатса, өндіріс факторларының халықаралық қозғалысы халықаралық сауданы тауармен толықтырады (салыстырмалы артықшылық, масштаб эффектісі, технологиялық өзгерістер).

Елдердің өндірістік факторлармен қамтамасыз етілуінің үлкен өзгешеліктері жағдайында өндірістік факторлардың халықаралық қозғалысы салааралық сауданы алмастырады және ішкі-салалық сауданы толықтырады.

Өндірістік фактормен қамтамасыз ету деңгейі өзгеше болса, әр ел тауа рлар өндірісіне маманданады және өндірістік факторлардың халықаралық қозғалысы болмайды. Елдер арасында тек сала аралық сауда мүмкін болды.

Өндіріс факторларының халықаралық қозғалысы әдетте халықаралық саудадан гөрі қатаң мемлекеттік реттеудің құралы болып табылады. Әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде дамыған Батыс Еуропа елдерінде, капитал қозғалысына және жұмыс күші миграциясына өте маңызды шектеулер әлі күнге дейін іс жүргізуде.

Капиталдың халықаралық қозғалысының екі ағымын анықтауға болады: капиталдың экспорты және импорты.

Капиталдың халықаралық қозғалысының экспортының және импортының себептері әр түрлі болады. Басты себептері – бұл капиталды максималды табыстарды әкелетін және салымдарының деңгейін қысқартуға мүмкіндік беретін және тәуекелділікті жоятын салаға және елге капиталды орналастыруға тырыстыру.



Капиталды экспорттаудың себептері:

  • технологиялық алға шығу. Корпарациядағы стау көлемдерінде НИОКР – ға шығын үлесі жоғары болған сайын шетелге тікелей инвестициясының экспортының көлемі жоғары болады және керісінше, шетелге тікелей инвестицияларды апара отырып, корпарациялар оларға бәсекелестік артықшылықты беретін технологияларға бақылау жасауға ұмтылады;

  • жұмыс күшінің квалификациясындағы артықшылықтар. Олар жұмысшыларға еңбегін төлеудің орташа деңгейімен өлшенеді. Корпорацияда еңбекті төлеудің деңгейі жоғары болған сайын, тікелей инвестицияларды экспорттаудың көлемі де жоғары болады және керісінше;

  • жарнамалаудағы артықшылық. Ол халықаралық маркетингтегі жиналған тәжірибені көрсетеді. Корпорациялардың сатылуында жарнамаға кеткен шығындарды салмағы жоғары болған сайын, тікелей инвестицияның экспортының көлемі де жоғары болады және керісінше;

  • масштаб экономикасы. Ішкі нарықтағы корпорацияны өндіріс өлшемі болған сайын, тікелей инвестицияларының экспорт көлемі де жоғары болады және керісінше;

  • корпорация өлшемі. Копорация өлшемі жоғары болған сайын, тікелей инвестициялары экспортының көлемі де жоғары болады және керісінше;

  • өндіріс концентрациясының деңгейі. Корпорация шегіндегі белгілі бір тауардың өндірісіндегі концентрация деңгейі жоғары болған сайын, тікелей инвестициялар экспортының көлемі де жоғары болады және керісінше;

  • табиғи ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ету. Белгілі бір табиғи ресурста корпорациялардың қажеттіліктері жоғары болған сайын, осы ресурсы бар елге тікелей инвестицияларды экспорттаудың көлемі де сол құрылым жоғары болады және керісінше.

Капитал экспортының басқа да себептері:

  • тұтынушыға жақын кәсіпорындарды құру арқылы, оған тауарды жеткізуге кететін көліктік шығындарды қысқарту;

  • шет елдерінің территориясында реттуші өндірісті құру арқылы, сол елдің импорттық шектеулерін жеңу.

Капитал импортының себептері:


  • психологиялық алға шығу;

  • жұмыс күшінің квалификациясының деңгейі;

  • жарнамадағы артықшылық;

  • масштаб экономикасы;

  • корпорация өлшемі;

  • өндірісті концентрациялау деңгейі;

  • капиталдағы қажеттілік;

  • ұлттық фирмалардың саны. Ел ішінде корпорацияның бөлімшелері көп болған сайын, тікелей инвестицияларының импорты да солғұрлым жоғары болады;

  • өндіріс шығындары. Қабылдаушы елдің өндіріс шығындары төмен болған сайын, тікелей инвестициялары импортының көлемі соғұрлым жоғары болады;

  • ішкі тауарлы нарықты қорғаудың деңгейі. Елдің ішкі тауарлары нарығын қорғаудың кедендік және басқа да деңгейі жоғары болған сайын, тікелей инвестицияларының импорты соғұрлым жоғары болады;

  • нарықтық өлшемі. Елдің ішкі нарығының өлшемі жоғары болған сайын, тікелей инвестиция көлемі соғұрлым жоғары болады.

Капитал миграциясының басқа да факторлары:

  • шетелдік тікелей инвестициялары арқылы негізделген өндірістің экспорттық бағыттылығы;

  • экономикалық дамудың үкметтік бағдарламаларының бар болуы.

Инвестициялық климатты модельдеу мемлекеттің шетелдік инвестицияны қолдану және тарту саясатын жасаудың маңызды түйіні болып табылатын себебі, ол біріншіде, шетелдік инвесторға әсерін тигізетін факторларды жүйелі елестетуге мүмкіндік береді. Екіншіден, елдегі жағдайды тереңірек бағалауға мүмкіндік береді. Үшіншіден, шетелдік серіктес іс-қимылының ынталануын сезінуге мүмкіндік береді.

Капитал миграциясының осы ғалымдар анықтаған бір себебі – капиталға деген сұраныс пен ұсыныстың әр елде бір қалыпты болмауы.

Капитал көп жағдайда оған деген сұранысы бар және де сұраныс мөлшері көп еледрде шығарылады.

Негізінен, капиталды оған деген сұранысы көп елдер емес, ұсынысы көп елдер шығарады.

Неоклассиктердің бірі Б. Олин өзінің сауда концепциясында былай деген: “Өндіріс факторы әр бір елдегі оған деген сұраныспен анықталады, демек, олар шектеулі өнімділігі аз жерден көп жерлерге қарай көшеді”.

Р. Нурксенің тұжырымы бойынша, тауарды сыртқа көп тасымалдаушы дамыған елде капиталға деген сұраныс тез өседі, осыған сәйкес олар капиталды ішке енгізе бастайды (немесе керісінше).

Неоклассиктермен бірге бұл сұраққа неокейнсиандықтар да жауап беруге тырысты. Неокейнсиандық теория негізінен капитал қозғалысы мен төлем балансының арақатынасын анықтайды.

Кейнстің айтуы бойынша, “капитал миграциясының бірден бір себебі – бұл әрбір елдің төлем баланстарының бір қалыпты болмауы”. Кейнстің осы көзқарасын Ф. Махлуп пен Р.Ф. Харрод дамытты.

Ф. Махлуп осы арақатынасты үш тұрғыда қарастырды:


  1. белгілі бір елдің төлем балансының сальдосы плюс (+) таңбалы болса, онда капиталды шетке шығарушы ел сатып алушы елге өз тауарын көбірек сата отырып. Ішке капитал енгізе отырып, ішке капитал енгізу арқылы экспорт пен импортты теңестіреді. Осының нәтижесінде капиталды шетке шығарушы елдің ұлттық табысы ұлғаяды;

  2. егер белгілі бір елдің инвестициясы көбеймесе, бірақ қаржы жинау қабілеті зор болса, онда капиталды шетке шығару экспортер елдің ұлттық табысын ұлғайтады және жұмыстың белсенділігін күшейтеді;

  3. капиталдың шеттен әкелінуі импортер елдің ішкі экономикалық жағдайына әсер етеді, яғни шеттен әкелетін капитал формаларының ішінде портфельдік инвестициядан гөрі, тікелей төте инвестицияны енгізу әлде қайда тиімді болып табылады.

Р.Ф. Харродтың “Экономикалық динамика” моделі бойынша, капиталы мол елдердің экономикалық өсу қарқыны неғұрлым төмен болған сайын, олардың капиталды шетке шығару тенденциясыда соғұрлым күшейе түседі.

Капиталдың халықаралық қозғалысы әртүрлі нысандарға ие болады.

Пайда болу көздері бойынша әлемдік нарықта қозғалыстағы капитал ресми және жеке болып бөлінеді. Ресми (мемлекеттік) капитал – үкметтердің шешімімен және де үкмет аралық ұыймдар шешімімен шетелге жіберілетін немесе шетелден әкелінетін мемлекеттік бюджеттің қаржылары. Капитал қозғалысының бұл категориясына үкмет аралық келісімдер негізінде бір елмен екінші елге берілетін мемлекеттік қарыздар, кредиттер, гранттар, көмектер жатады.

Ресми капиталдың көздері мемлекеттік бюджеттің құжаттары болып табылады, яғни нәтижесінде салық төлеушілердің ақшалары. Сондықтан да шетелге сауда капиталдарының орын ауыстыруы туралы шешім үкметпен және парламентпен шешіледі.

Жеке (мемлекетті емес) капитал – басқарушы органдары мен бірлестіктерінің шешімімен, шетелге шығарылатын немесе шетелден әкелінетін жеке фирмалардың, банктердің және басқа да мемлекеттік емес ұйымдардың қаражаттары.

Капитал қозғалысының , бұл категорияға шетел фирмаларымен шетелге капиталды инвестициялау, сауда несиелерін беру, яғни банк аралық несиелер. Бұл капиталдық құрылу көзі мемлекеттік бюджетпен байланыспаған өзіндік немесе қарыздық жеке фирмалардың қаржылары. Бірақ фирмалардың автономды қатыстылығына қарамағанда, өздерінің капиталдарының халықаралық орын ауыстыру туралы шешім қабылдауда, әдетте үкмет оны реттеуге және бақылауға құқығын өз артында қалдырады.

Қолдану мінездемесі бойынша капитал екіге бөлінеді:


  1. Кәсіпкерлік капитал – табыс табу мақсатында қаражаттар өндіріске тура және жанама түрінде салынады. Кәсіпкерлік капитал ретінде көбінесе жеке капитал қолданылады, бірақ не мемлекеттің өзі де, мемлекетке бағыныштылар да шетелге қаражат сала алады.

  2. Қарыз капитал – пайзды алу мақсатында қарызға берілетін қаражат. Халықаралық масштапта, жеке көздерден халықаралық несиелеу айтарлықтай көлемдерге жетсе де қарыз капитал ретінде негізінен ресми капитал қолданылады.


жүктеу 397,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау