РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНОЙ АККРЕДИТАЦИИ ВЫСШИХ УЧЕБНЫХ ЗАВЕДЕНИЙ
27
бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешендерді талдауды өткізу.
· Білім беру бағдарламасы мазмұнының қисынды-құрылымдық талдауын
жүзеге асыру.
· Өткізілген талдау негізінде білім алушылардың кәсіптік біліктіліктерінің
қалыптасуына пәндердің ықпалын, пәндердің жұмыс оқу бағдарламалары
мен оқу-әдістемелік кешендерінде оқыту нәтижелеріннің (leaning outcomes)
көрсетілуін анықтау тәжірибесін бейнелеп беріңіз.
· Оқытудың негізгі нәтижелерін қалыптастырудағы кез келген пәннің қосқан
үлесі қалай анықталады?
· Жалпы мамандық бойынша және нақты пәндер шеңберінде оқыту
нәтижелерін ЖОО-да кім және қалай анықтайды?
«
10.2.5 ЖОО оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын құрастыру қисыны
мен себептерін, әсіресе оқу жоспарының тізіміне сол пәнді таңдау себептерін,
пост- немесе пререквизит мәртебесін беру себептерін, пәндердің атаулары мен
мазмұндарының оқып жатқан ғылыми/қоғамдық және т.б. саладағы өзекті
даму бағыттарына сәйкестілігін көрсетуі міндетті».
· Білім беру бағдарламаларының мазмұнын анықтау үдерісін сипаттаңыз.
· Пәндер оқу жоспарына қалай қосылатынын көрсетіңіз.
· Пост- немесе пререквизиттерді кім және қалай анықтайды?
· Пәндердің атаулары мен мазмұндарының зерттеп жатқан ғылыми/қоғамдық
және т.б. саладағы өзекті даму бағыттарына сәйкестілігін талдау қалай, қай жерде
және кіммен өткізіледі?
«
10.2.6 ЖОО оқу пәндердің мазмұнын оқу деңгейіне (бакалавриат, ма-
гистратура, докторантура) және ұсынылған оқу нәтижелеріне сай болуын
қамтамасыз етуі тиіс».
· Ұсынылып отырған білім беру бағдарламалары мен сәйкесінше әртүрлі оқу
деңгейіндегі оқу пәндерінің айрмашылығын көрсетіңіз.
· Жұмыс оқу бағдарламаларында оқыту нәтижелері қалай анықталған?
· Пәндерді оқу барысында және оның нәтижелілігін бағалау кезінде оқыту
нәтижелерін қалыптастыру үшін қандай құралдар қолданылады?
· Оқу нәтижелерінің Дублин дескрипторларына, еуропалық және ұлттық
біліктілік шеңберлеріне, және басқа да оқу нәтижелерін анықтайтын құжаттарға
(соның ішінде мамандық бойынша МЖМБС) сәйкестілігін талдауды жүргізіңіз.
· Оқыту нәтижелеріне оқыту нәтижелерінің қалыптасу дәрежесін анықтау мен
білімді бақылау үшін ұсынылған пәнді оқу барысындағы тапсырмалар жүйесінің,
аралық аттестаттау мен тапсырмалар түрлерінің сәйкестігін талдауды жүргізіңіз.
«
10.2.7 Пәндердің тізімі мен мазмұны білім алушыларға ашық әрі қолжетімді
болуы тиіс. Пәндер ең өзекті ғылыми-зерттеу жұмыстардың нәтижелерін және
оқытылып жатқан сала туралы басқа да ақпаратты қамтиды. Пәндер оқытылып
жатқан саладағы әлемдік күн тәртібіндегі барлық сұрақтарға, мәселелерге
толық жауап беруі керек».
· Білім алушыларға оқу үшін ұсынылатын пәндер тізімі қалай жеткізілетінін си-
паттап жазыңыз.