Руководство по проведению самооценки для институциональной аккредитации высших учебных заведений



жүктеу 2,84 Kb.
Pdf просмотр
бет11/58
Дата01.12.2017
өлшемі2,84 Kb.
#2587
түріРуководство
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   58

РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНОЙ АККРЕДИТАЦИИ ВЫСШИХ УЧЕБНЫХ ЗАВЕДЕНИЙ
25
тұлғаның  кәсіби  құзыреттігін  қалыптастыруға  бағытталған  академиялық  сая-
саты және тиісінше сапа кепілдігі рәсімдері мен стандарттары болуы тиіс. ЖОО 
сапаның  маңыздылығын  және  оны  қамтамасыз  етуді  мойындай  отырып,  сапа 
мәдениетін дамыту бойынша міндеттердің жүзеге асырылуын көрсетуі тиіс. Осы 
мақсаттарға жету үшін ЖОО үнемі өз сапасын көтеру мен қызметін жақсарту бой-
ынша стратегияны әзірлейді және енгізеді.
Ресми  саясат  пен  рәсімдер  ЖОО  өзінің  сапа  кепілдігі  жүйесінің  тиімділігін 
әзірлеп, бақылай алатындай құрылымды құрайды. Осындай құрылымның болуы 
ЖОО тәуелсіздігінің нығаюына және оны қоғамда мойындауына септігін тигізеді. 
Академиялық саясат ЖОО-ның ниетін және оны жүзеге асырудың құралдары мен 
тетіктерінің тізімін көрсетуі тиіс. Рәсімдерді қолдану бойынша ұсыныстар тетіктер 
туралы  және  оны  жүзеге  асырудың  түрлері  жайлы  толық  ақпаратты  бере  ала-
ды, сонымен қатар оны қолдануға мүдделі тұлғалар үшін анықтамалық ақпарат 
ретінде қолданылуы мүмкін. 
Академиялық саясат білім беру үдерісі мен ғылыми-зерттеу жұмысының өзара 
байланысы мен қатынасын, стандарттар мен сапаға қатысты ЖОО-ның пиғылын, 
сапа кепілдігі жүйесінің ұйымдастырылуын, білім беру бағдарламаларының сапа 
кепілдігіне  ПОҚ  пен  құрылымдық  бөлімшелердің  үлесі  мен  міндеттерін,  сапа 
кепілдігі рәсімдерінде студенттердің қатысуын, олардың көмегімен академиялық 
саясат пен оны қайта қарау жүзеге асырылатын әдістерді көрсетуі тиіс.   
Білім  беру  бағдарламалары  стандарты  білім  алушыларды  кәсіби  дайындау 
үдерісін  бағалауға бағытталған. Осы бөлімде оқыту  нәтижесі  болып табылатын 
түлектердің  сапасы  мен  білім  беру  қызметінің  сапасын  растайтын  мәліметтер 
баяндалады.  Осы  бөлімнің  мәтінінде  нарық  қажеттілігін  қанағаттандыратын 
және  білім  беру  деңгейлерінің  біліктілік  шеңберіне  сәйкес  келетін  болашақ 
мамандардың  кәсіби  құзыреттігін  қалыптастыруды  растайтын  дәлелдер 
келтіріледі.  
ЖОО-ның  білім  беру  кеңістігін  қалыптастыру  ЖОО  оқытудың  түпкі  нәтижесі 
мен  оған  жетудің  жолдарын  қаншалықты  ашық,  айқын,  нақты  анықтайтынына 
байланысты.  Әрбір  бағдарламаға  арнап  ЖОО  білім  беру  бағдарламасын 
дамытудың  стратегиясы  мен  мақсаттарын  тұжырымдайды,  құжаттандырады. 
Сондай-ақ,  білім  беру  бағдарламасының  мақсаттарына  жетудің  әдістері  мен 
түзету тәсілдерін, сонымен бірге осы әдістердің тиімділігін анықтайды.  
ЖОО әртүрлі оқу түрлеріне (күндізгі, кешкі, сырттай оқу), деңгейлерге (ВА – МА 
– РhD) және қолданылатын технологияларға (соның ішінде қашықтан оқу) деген 
өз талаптарын академиялық бағдарламаларды жүзеге асырудың ерекшеліктерін 
есепке ала отырып анықтайды. 
Есепте  әртүрлі  бағдарламаларды,  олардың  мақсаттарын  сипаттау,  қызметті 
жақсарту  үшін  жүзеге  асырылған  негізгі  іс-әрекеттер  көрсетіледі.  Білім  беру 
бағдарламаларының аймақтық және халықаралық сипаты көрсетіледі. 
Білім  беру  бағдаламалары  қалай  жүзеге  асырылатыны  туралы  қысқаша 
мәліметтер келтіріңіз. ЖОО ұсынған бағдарламалардың негізгі түрлері мен оның 
миссиясы арасындағы байланысты түсіндіріп беріңіз.  


ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУГЕ АРНАЛҒАН ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ЖҮРГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУ
26
Білім  беру  бағдарламаларын  бекіту  мен  қайта  қарау,  жобалау  үдерісіне 
жетекшілік ету әдістерін сипаттап беріңіз. Соңғы 5 жылда орын алған білім беру 
бағдарламаларындағы  басты  өзгерістерді  белгілеңіз  және  оларды  дамыту  пер-
спективасын сипаттаңыз. 
10.2 Бағалау өлшемдері 
«10.2.1 ЖОО академиялық білім беру бағдарламаларын әзірлеуде, басқаруда 
және олардың сапасын қамтамасыз етуінде профессорлық-оқытушы құрамы 
мен жұмыс берушілердің қатысуын дәлелдеуге міндетті».
· Аталған санаттар білім беру бағдарламаларын бекітуге, олардың мазмұнын 
әзірлеуге қалай қатысады?  
· Жұмыс  берушілер  мен  ПОҚ-тың  қатысуын  сипаттау  арқылы  білім  беру 
бағдарламаларын бекіту мен жобалау тәртібі туралы мәліметтер келтіріңіз. 
· Бағдарламаларды даярлау кезінде жұмыс берушілердің қатысу тәжірибесін 
бейнелеңіз,  олардың  әзірлеуге  қосқан  үлесі  мен  ұсыныстарының  мысалдарын 
келтіріңіз. 
· Академиялық  білім  беру  бағдарламаларын  басқаруда,  олардың  сапасын 
қамтамасыз етуде жұмыс берушілер мен ПОҚ-тың қатысу тәжірибесін көрсетіңіз. 
«10.2.2  ЖОО  білім  алушылардың  жеке  білім  беру  траекториясының 
мазмұнын,  көлемін,  құру  логикасын,  түлектердің  кәсіптік  құзыретінің 
қалыптасуына пәндер мен кәсіптік тәжірибелердің әсерін анықтауы міндетті».
· Білім  алушылардың  жеке  білім  беру  траекториясын  қалыптастыру 
тәжірибесін сипаттап беріңіз. 
· Жеке  білім  беру  траекториялардың  қалыптасуына  негіз  болатын  құжаттар 
тізімін келтіріңіз. 
· Түлектердің  кәсіптік  құзыретінің  қалыптасуына  пәндер  мен  кәсіптік 
тәжірибелердің ықпалын көрсетіңіз. 
  «10.2.3  ЖОО  әртүрлі  деңгейлі  білім  бағдарламаларының  (бакалавриат-
магистратура-докторантура-қосымша  білім  беру)  үздіксіздігін,  соның  ішінде 
пәндердің өзара академиялық байланыста болуын және олардың дәйектілігі 
мен бірізділігін көрсетуі міндетті». 
· ЖОО-да білім алуды жалғастыру мүмкіндігін сипаттаңыз. 
· Пәндердің академиялық өзара байланысының қисынын, қолданыстағы пре-
реквизиттер және постреквизиттер жүйесін суреттеңіз. 
· Қисынды-құрылымдық  талдау  жасаңыз,  өзін-өзі  бағалау  есебінің 
қосымшасында оны өткізудің мысалдарын ұсыныңыз. 
«10.2.4  ЖОО  пәндердің  оқу-әдістемелік  кешенінде  белгіленген  білім 
алушылардың  білімдері  мен  дағдыларының,  кәсіптік  біліктіліктерінің 
қалыптасуына  пәндердің  ықпалын  көрсетіп,  пәндер  курстарының  қисынды 
дәйектілігін  нақты  анықтап,  оқу  нәтижелеріне  қойылған  негізгі  талаптарды 
жұмыс оқу бағдарламаларында көрсетуі міндетті». 
· Оқыту  нәтижелерін  көрсету  мақсатында  қолданыстағы  жұмыс  оқу 


жүктеу 2,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау