РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНОЙ АККРЕДИТАЦИИ ВЫСШИХ УЧЕБНЫХ ЗАВЕДЕНИЙ
7
берушілер, талапкерлер, ҚР мен әлемдік басқа жоо-лар және т.б. болып табыла-
ды.
·
Инновациялық білім беру: Ғылыми ізденіс және ғылыми-зерттеу
жұмыстарының нәтижелерін коммерциялау дағдысына ие мамандарды дайын-
дау мақсатында білімді, ғылымды және өндірісті біріктіру.
·
Институционалдық аккредиттеу: Стандарттар мен өлшемдерге сәйкес
білім беру ұйымдары қызметін тұтастай аккредиттеу;
·
Ақпараттық ресурстар: Кітапхана қорының, электронды оқыту
материалдарының
және
басқа
да
қолжетімді
оқыту-әдістемелік
қамсыздандырудың жиынтығы.
·
Қорытынды мемлекеттік аттестаттау: Мемлекеттік емтихандарды
тапсыру және диплом жұмыстарын (жобаларын) қорғау.
·
Қорытынды бақылау: Аралық аттестаттау кезеңінде (емтихан сессиясы)
студенттердің білімін бағалау.
·
Білім беру сапасы: Студенттер мен түлектердің білім деңгейіннің мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандарттарына және жоғары оқу орны белгілеген
қосымша талаптарға сәйкестігі.
·
Білім беру қызметінің маркетингі: Нарықта құндылығы бар мамандарды
әзірлеу мақсатында білім беру қызметін өндіруге шақыратын тұтынушылардың
қажеттілігі мен мұқтаждығын қанағаттандыруды зерттеуге бағытталған жоғары
оқу орны қызметінің түрі.
·
Білім беру қызметінің мониторингі: Білім беру қызметінің үрдістері мен
рәсімдері туралы мәліметтерді жинау және талдау.
·
Білім беру бағдарламасы: Біліктілік және/немесе «бакалавр» академиялық
дәрежесін беретін мамандарды даярлауға бағытталған жоғары білімнің кәсіби
оқу бағдарламасы.
·
Рұқсат рейтингісін бағалау: академиялық кезең аралығындағы пән бойын-
ша қорытынды бағалауға кіретін студенттің ағымдағы жұмысын бағалау.
·
Рейтингті бағалау: Шептік бақылау кезеңінде семестрде екі рет анықталатын
студенттің ағымдағы үлгерімінің көрсеткіші.
·
Тұтынушы: өнімді немесе қызметті алушы ұйым немесе тұлға (білім алушы-
лар, олардың ата-анасы, жұмыс берушілер, мемлекет).
·
Өндірістік қызмет: Шаруашылық келісімдердің шеңберінде өндірістік
кәсіпорындар, ұйымдар мен фирмалардың тапсырысы бойынша ғылыми
жұмыстарды орындау.
·
Білім алушыларды аралық аттестаттау: білім алушылардың оқу пәнін
оны оқу бағдарламасына сәйкес зерделеп бітіргеннен кейінгі меңгеру деңгейін
бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім.
·
Рәсім: Іс-әрекетті немесе үрдісті жүзеге асырудың қалыптасқан тәсілі.
·
Үрдіс: «Кірістерді» «шығыстарға» түрлендіретін өзара байланысты және
дәйекті іс-қимылдар (жұмыстар) жиынтығы.
·
Нәтижелілік: Жоспарланған іс-әрекеттің іске асырылу және жоспарланған
нәтижелерге қол жеткізу дәрежесі.