Руководство по проведению самооценки для институциональной аккредитации высших учебных заведений



жүктеу 2,84 Kb.
Pdf просмотр
бет10/58
Дата01.12.2017
өлшемі2,84 Kb.
#2587
түріРуководство
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   58

РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНОЙ АККРЕДИТАЦИИ ВЫСШИХ УЧЕБНЫХ ЗАВЕДЕНИЙ
23
· Барлық мүдделі тұлғалардан кері байланыс алу үшін сайт қолданылады ма – 
сауалнамалар, блогтар, шағым кітапшасы және т.б.? Стратегиялық жоспарлауды 
жүзеге асыру үшін кері байланыстың нәтижелері қалай қолданылады? 
«9.2.16 ЖОО басқару жүйесінің айқындығын дәлелдеп көрсетуі міндетті».
· Білім  алушылар  басшылар  қызметі  туралы,  ЖОО-ның  басшылары  туралы, 
алқалы  органдардың  қабылдаған  шешімдері  туралы  не  біледі,  ЖОО  бойын-
ша  ресми  ақпарат  қалай  таралады  және  барлық  мүдделі  топтар  керек  болған 
жағдайда өздерін қызықтыратын ақпаратты таба алатынына ЖОО қалай кепілдік 
бере алады, қандай ақпарат қолжетімді болып табылады? 
· ЖОО-да құпиялылық саясаты бар ма? Осы тізімге қандай құжаттар кіреді? 
· Ғылыми кеңесінің және басқа да алқалы органдар отырысының хаттамала-
ры, осы органдардың жұмысын ұйымдастыру туралы ережелер, отырыстардың 
күн тәртібі, ректордың, проректорлардың және басқа жетекшілердің бұйрықтары 
қолжетімді ме және қалай? 
«9.2.17 Алқалы басқару органдарының құрамында мүдделі тұлғалар (жұмыс 
берушілердің,  профессорлық-оқытушы  құрамының,  білім  алушылардың) 
өкілдерінің қатысуы маңызды фактор болып табылады».
· ЖОО Ғылыми кеңесінің және басқа алқалы органдардың құрамында жұмыс 
берушілер, студенттер, оқытушылар мен қызметкерлердің өкілдері бар ма? 
· Алқалы органдарға қатысу үшін олар қалай таңдалды немесе тағайындалды?
· Алқалы органдардың отырысында осы қатысушылар дауыс беру құқығына 
ие ме немесе олардың қатысуы жай қатысумен шектеледі ме? 
· Алқалы орган жұмысына осы қатысушыларды тартудың мақсаты қандай? 
«9.2.18 ЖОО білім алушылар мен түлектер контингенті, қолда бар ресурстар, 
қызметкерлер  құрамы,  ғылыми  және  халықаралық  қызметтер,  тағы  басқа 
бағыттар  бойынша  статистиканы  жинақтау  және  талдау  жүйесінің  басқару 
үдерістерінде  бар  болуын  және  қарқынды  қолдануын  дәлелдеп  көрсетуі 
міндетті».
· ЖОО-да қандай мәліметтер тұрақты түрде жиналады және талданады? Бұл 
үдеріс қаншалықты автоматтандырылған? Содан кейін осы мәліметтер ЖОО-ны 
басқару мен шешім қабылдау кезінде қалай қолданылады? 
«9.2.19 Ішкі және сыртқы ортадағы өзгерістерді зерттеу нәтижелері негізінде 
жоғары оқу орынды басқару маңызды фактор болып табылады».
· ЖОО-да  қандай  ішкі  және  сыртқы  ортаны  зерттеулер  жүргізіледі?  Қандай 
жиілікпен, тұрақтылықпен? 
· ЖОО-ны басқару үдерісінде зерттеу мәліметтері қалай қолданылады? 
«9.2.20  ЖОО  сақтау  және  бұзу  туралы  ақпаратқа  қолжетімділік  және  кері 
байланыс  жүйесінің  болуы,  басқару  органдарында  қарастырылуы,  тәртіптік 
органдармен уәждемелік жүйенің тиімді қызмет етуі арқылы қатынастар мен 
мүдделер қақтығысын шешу тетіктерін көрсетуі міндетті».
· ЖОО-да шиеленістер қалай шешіледі? 
· Шиеленістер, бұзушылықтар туралы ақпарат қаншалықты қолжетімді – сон-
дай ақпаратты тарату мысалдарын көрсетіңіз? 


ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУГЕ АРНАЛҒАН ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ЖҮРГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУ
24
· Басшылық болып жатқан шиеленіс туралы қалай біле алады? Қақтығысып 
жатқан  қызметкерлер,  білім  алушылар  және  т.б.  шиеленісті  шешу  үшін 
басшылықтың медиативтік көмегіне қалай жүгіне алады? 
«9.2.21 ЖОО профессорлық-оқытушы құрамының, қызметкерлердің, білім 
алушылардың  қажеттiлiктерін  қанағаттандыру  деңгейін  өлшеуді  қамтамасыз 
етіп,  өлшем  үдерістері  аясында  табылған  кемшіліктерді  жойғанын  көрсетуі 
міндетті».
· ЖОО-да  профессорлық-оқытушы  құрамының,  қызметкерлердің,  білім 
алушылардың қажеттiлiктерін қанағаттандыру деңгейі қалай өлшенеді? 
· Осы мәліметтер басшылықпен қалай қолданылады? 
«9.2.22  ЖОО  білім  алушыларға,  профессорлық-оқытушы  құрамына,  ата-
аналарға басшылардың және әкімшіліктің ашықтығын (жеке сұрақтар бойын-
ша ресми қабылдау уақыты, e-mail қатынасу және т.б.) көрсетуі міндетті».
· Барлық  мүдделі  тұлғалар  үшін  басшылық  қаншалықты  ашық,  қолжетімді? 
ЖОО-ның басшыларында блогтары бар ма? Басшы өзінің блогымен қаншалықты 
қолданады? 
· Басшыларда келушілер үшін қабылдау сағаттары бар ма – қабылдау уақыты 
қаншалықты тиімді: мысалы, ЖОО келушілердің қанағаттануын зерттейді ме? 
«9.2.23 ЖОО басқарушы органдарға және басшылыққа кез келген мүдделі 
тұлға өзінің ЖОО қызметін жақсарту жайындағы инновациялық ұсыныстарын 
байланыс арнасы арқылы беруге мүмкіндіктері бар екендігін көрсетуі міндетті. 
ЖОО  осы  ұсыныстарды  талдау  және  ұқсас  ұсыныстарды  ЖОО-ның  өміріне 
енгізуін көрсетуі міндетті».
· Мүдделі  тұлғалардың  инновациялық  ұсыныстары  қалайша  басшылыққа 
жетіп отырады? Осы ұсыныстармен не істейді? Ұсыныстардың қандай мөлшері іс 
жүзінде жүзеге асады? 
10. Стандарт «Білім беру бағдарламалары»
Қазақстандық  ЖОО-ларда  академиялық  еркіндікті  кеңейту  жұмыс 
берушілердің талаптары мен қоғамның әлеуметтік тапсырысына сәйкес келетін 
түлектерді  дайындау  сапасы  бойынша  олардың  жауапкершілігін  арттыруды 
білдіреді. 
Кредиттік оқыту технологиясы ЖОО-ларға академиялық еркіндік беруге және 
қоғамның әлеуметтік жауапты азаматтары мен кәсіпқойларға деген мұқтаждығын 
қанағаттандыруға, сондай-ақ, тұлғаның кәсіби қалыптасуы мен жеке дамуының 
қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Білім беру бағдарламалары жеке 
білім  беру  траекториясын  құру,  білім  алушылардың  мүмкіншіліктері  мен  жеке 
қажеттіліктерін есепке алу мүмкіндігін қарастырады. 
Бұл тарауда білім беру бағдарламаларының сапасын растайтын дәлелдер, со-
нымен қатар ЖОО-ның миссиясын орындауға қосқан үлесі көрсетіледі.
Білім  беру  ұйымында  жүзеге  асырылып  жатқан  бағдарламалар  үшін  ұлттық 
және  салалық  біліктілік  шеңберіне  және  кәсіби  стандарттарға  сәйкес  келетін 


жүктеу 2,84 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   58




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау