РУКОВОДСТВО ПО ПРОВЕДЕНИЮ САМООЦЕНКИ ДЛЯ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНОЙ АККРЕДИТАЦИИ ВЫСШИХ УЧЕБНЫХ ЗАВЕДЕНИЙ
27
бағдарламалары мен оқу-әдістемелік кешендерді талдауды өткізу.
· Білім беру бағдарламасы мазмұнының қисынды-құрылымдық талдауын
жүзеге асыру.
· Өткізілген талдау негізінде білім алушылардың кәсіптік біліктіліктерінің
қалыптасуына пәндердің ықпалын, пәндердің жұмыс оқу бағдарламалары
мен оқу-әдістемелік кешендерінде оқыту нәтижелеріннің (leaning outcomes)
көрсетілуін анықтау тәжірибесін бейнелеп беріңіз.
· Оқытудың негізгі нәтижелерін қалыптастырудағы кез келген пәннің қосқан
үлесі қалай анықталады?
· Жалпы мамандық бойынша және нақты пәндер шеңберінде оқыту
нәтижелерін ЖОО-да кім және қалай анықтайды?
«
10.2.5 ЖОО оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын құрастыру қисыны
мен себептерін, әсіресе оқу жоспарының тізіміне сол пәнді таңдау себептерін,
пост- немесе пререквизит мәртебесін беру себептерін, пәндердің атаулары мен
мазмұндарының оқып жатқан ғылыми/қоғамдық және т.б. саладағы өзекті
даму бағыттарына сәйкестілігін көрсетуі міндетті».
· Білім беру бағдарламаларының мазмұнын анықтау үдерісін сипаттаңыз.
· Пәндер оқу жоспарына қалай қосылатынын көрсетіңіз.
· Пост- немесе пререквизиттерді кім және қалай анықтайды?
· Пәндердің атаулары мен мазмұндарының зерттеп жатқан ғылыми/қоғамдық
және т.б. саладағы өзекті даму бағыттарына сәйкестілігін талдау қалай, қай жерде
және кіммен өткізіледі?
«
10.2.6 ЖОО оқу пәндердің мазмұнын оқу деңгейіне (бакалавриат, ма-
гистратура, докторантура) және ұсынылған оқу нәтижелеріне сай болуын
қамтамасыз етуі тиіс».
· Ұсынылып отырған білім беру бағдарламалары мен сәйкесінше әртүрлі оқу
деңгейіндегі оқу пәндерінің айрмашылығын көрсетіңіз.
· Жұмыс оқу бағдарламаларында оқыту нәтижелері қалай анықталған?
· Пәндерді оқу барысында және оның нәтижелілігін бағалау кезінде оқыту
нәтижелерін қалыптастыру үшін қандай құралдар қолданылады?
· Оқу нәтижелерінің Дублин дескрипторларына, еуропалық және ұлттық
біліктілік шеңберлеріне, және басқа да оқу нәтижелерін анықтайтын құжаттарға
(соның ішінде мамандық бойынша МЖМБС) сәйкестілігін талдауды жүргізіңіз.
· Оқыту нәтижелеріне оқыту нәтижелерінің қалыптасу дәрежесін анықтау мен
білімді бақылау үшін ұсынылған пәнді оқу барысындағы тапсырмалар жүйесінің,
аралық аттестаттау мен тапсырмалар түрлерінің сәйкестігін талдауды жүргізіңіз.
«
10.2.7 Пәндердің тізімі мен мазмұны білім алушыларға ашық әрі қолжетімді
болуы тиіс. Пәндер ең өзекті ғылыми-зерттеу жұмыстардың нәтижелерін және
оқытылып жатқан сала туралы басқа да ақпаратты қамтиды. Пәндер оқытылып
жатқан саладағы әлемдік күн тәртібіндегі барлық сұрақтарға, мәселелерге
толық жауап беруі керек».
· Білім алушыларға оқу үшін ұсынылатын пәндер тізімі қалай жеткізілетінін си-
паттап жазыңыз.
ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУГЕ АРНАЛҒАН ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ЖҮРГІЗУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУ
28
· Пәндердің мазмұны білім алушыларға қолжетімді екенін көрсетіңіз.
· Оқу пәндері мазмұнының өзектілігі мен заманауилығы, жаңа ғылыми ағымға
сәйкестігі және іргелілігі қалай қамтамасыз етілетінін көрсетіп беріңіз.
«
10.2.8 Оқу бағдарламасының мазмұнын жетекші шетел және Қазақстанның
жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларымен үйлестіруі маңызды фак-
тор болып табылады».
· Білім беру бағдарламаларының мазмұнын жетекші қазақстандық ЖОО-лар-
мен салыстырмалы түрде талдаңыз.
· Алдыңғы қатарлы шетел университеттердің тәжірибесін зерттеңіз.
· Білім беру бағдарламалары мазмұнының жетекші шетел және отандық
ЖОО-лардың білім беру бағдарламаларымен үйлесуі қалай жүзеге асатынын
көрсетіңіз.
«10.2.9 Оқу бағдарламасының құрылымында білім алушылардың өзіндік
ерекшеліктеріне қарай кәсіптік дағдылардың дамуына мүмкіндік тудыратын
түрлі қызметтердің мазмұндары ескерілу керек».
· Оқыту пәндерді оқу барысында қандай қызмет түрлері қарастырылған?
· Қызмет түрлерінің оқыту нәтижелеріне сәйкестігін талдаңыз.
· Соның негізінде оқу үдерісінде әртүрлі қызмет түрлерінің көмегімен білім
алушылардың кәсіптік біліктілігі қалай қалыптасатынын сипаттаңыз.
«
10.2.10 ЖОО кәсіби дағдыларды қалыптастыруға бағытталған жеке оқу
бағдарламасын қалыптастыру бойынша оқу тіліне қарамай, білім алушыларға
тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуі қажет».
· Оқу тілінен тәуелсіз білім алушыларға тең мүмкіндіктер қамтамасыз етілгенін
дәлелдеңіз.
· Білім алушыларға тең мүмкіндіктер қалай қамтамасыз етіледі?
«
10.2.11 Кәсіби дағдыларды дамытуға бағытталған пәндердің білім беру
бағдарламаларын даярлаған кезде жұмыс берушілердің мүдделерін ескере
отырып, оқу бағдарламаларды жаңарту маңызды фактор болып табылады».
· Білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде жұмыс берушілердің мүдделері
қалай есепке алынады?
· Білім беру бағдарламалары қандай жиілікпен жаңартылады?
· Оларды жаңартуға не себеп болады?
· Білім беру бағдарламаларының кәсіби дағдыларды дамытуға бағытталғаны
қалай жүзеге асады?
· Жұмыс берушілердің нақты кәсіби дағдыларды дамытуға деген қажеттілігі
қалай зерттеледі және анықталады?
«
10.2.12 ЖОО нарықтағы өзгерістерді, білім алушылар мен оқытушылардың
қалауларын ескере отырып, шешімдерді қабылдауға жұмыс берушілердің,
білім алушылардың, оқытушылардың және мүдделі тұлғалардың өкілдерін
тартып, оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларының мазмұнын жыл сайын
қайта қарауын қамтамасыз етуі тиіс».
· ЖОО-да оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларының мазмұнын өзгертуге
деген мұқтаждық қалай анықталады?