Литературоведение



жүктеу 9,27 Kb.
Pdf просмотр
бет9/86
Дата28.11.2017
өлшемі9,27 Kb.
#2113
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   86

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                                Хабаршы №3 (51), 2014 ж.  
 
21 
 
This  article  is  about  the translation  of  the  landscape  of  the  novel  by  American  writer  «A 
Farewell to Arms». 
Keywords:  translation,  style,  original,  Russian  version,  Kazakh  version,  the  landscape, 
comparison.  
 
 
 
ӘОЖ 37: 18 
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ 
ТӘРБИЕГЕ ҚАТЫСТЫ ОЙЛАР 
У.Р. Кансеитова, п.ғ.к.  
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік  
қыздар педагогикалық университеті)  
 
Аңдатпа:  Эстетикалық  тәрбиенің  басты  құралдарының  бірі  көркемөнер 
туындылары болса, ол адамдарды жақсыға еліктетіп, кез келген істің, құбылыстың жақсы 
жағын көре білуге, оны байытып, дамытуға жұмылдырылған. Олай болса, Абай Құнанбаев 
шығармаларындағы  эстетикалық  тәрбиелік  ойлар  туралы  сөз  қозғамас  бұрын,  оның 
көркемдік  талғам  парасатының  қалыптасуына  ықпал  еткен  факторлар  туралы  айтқан 
орынды.  
Ақын  медреседе  оқып  жүрген  кезінде,  көбінесе,  шығыс  ақындарының 
шығармаларын  көп  оқығаны  туралы  оның  өмірбаянын  зерттеушілер  М.Әуезов, 
С.Мұқанов, Р.Сыздықова, Қ.Жұмалиев, Х.Сүйіншәлиев, З.Қабдолов т.б. жеткілікті айтқан. 
Бұны  олар  Абайдың  алғашқы  ақындық  жолына  түсуінің  еліктеуден  басталғанын,  ізденіс 
кезеңі ретінде қарастырады. Зерттеуші ғалымдар жалпы ақынның қалыптасуына үш бұлақ 
–  Шығыс  поэзиясы  мен  қазақ  ауыз  әдебиеті,  орыс  әдебиеті  және  Еуропалық  әдебиеттің 
ықпалы  болғанын  айтып  келеді.  Кейін  келе  ақын  поэзияны  еркін  меңгерген  кезде  өз 
жолын  анық  бейнелейтін  шығармалар  жазады,  қазақ  әдеби  тілінің  бай  қорын  емін-еркін 
пайдалануын  оның  тіл  тазалығынан  көруге  болады.  Осы  орайда  біздің  мақсатымыз  – 
ғұлама  ақын,  философ  Абай  Құнанбаев  шығармаларындағы  эстетикалық  ой-пікірлерін 
студент жастарға эстетикалық тәрбие беру мақсатында тиімді пайдалану. 
Түйін  сөздер:  табиғат  көркемдігі,  сөз  өнері,  эстетика,  шығармалар,  ой  жүргізу, 
дағдылану, ұтымды пайдалану. 
Еліміздің  көркейіп,  өркениетті  елдер  қатарына,  әсіресе,  халықаралық  деңгейге 
көтерілуі  осы  заманғы  жас  ұрпақтың  бет-бейнесі  және  олардың  тәрбиелік  деңгейіне  де 
тікелей  байланысты.  Олай  болса,  бүгінгі  жоғары  оқу  орындарындағы  студент  жастар 
бойынан жаһандану заманына лайық, әлемдік мәдениет пен өзге тілдерді меңгеру және тіл 
арқылы өз мәдениетінің жетістігін дамыту мүмкіндіктерін қарастыруды қажет етеді. 
Бұны  қайтадан  жандандырудың  көп  жолдарының  бірі  –  халқымыздың  көркемдік 
тәрбиеге байланысты ертеден келе жатқан ой-пікірлеріне сүйене отырып, солардың ішінен 
қазіргі  заманғы    эстетикалық  тәрбие  беруді  шешуде  іргетасы  болатын  ұрымтал  ойларды 
бүгінгі  күн талаптарына сай пайдалану. Бүгінде еліміздің білім беру ұйымдарында Абай 
шығармаларын  оқыту  мен  оларды  тәрбие  үдерісінде  пайдалану  жұмыстары  жанданып 
келеді. 
Ақын  шығармалары  арқылы  эстетикалық  тәрбие  беруді  қарастырғанда  алдымен 
шығармаларын философияның эстетикалық талабы тұрғысынан қарастыру, содан соң ғана 
солар арқылы эстетикалық тәрбие беру мәселелеріне назар аудару керек деген ойдамыз. 


 
 Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                                  Вестник №3(51), 2014 г. 
 
22 
Ақын  медреседе  оқып  жүрген  кезінде,  көбінесе,  шығыс  ақындарының 
шығармаларын    көп  оқығаны  туралы  оның  өмірбаянын  зерттеушілер  М.Әуезов, 
С.Мұқанов,  Р.Сыздықова,  Қ.Жұмалиев,  Х.Сүйіншәлиев,  З.Қабдолов  т.б.  жеткілікті 
айтқан.   
Бұны  олар  Абайдың  алғашқы  ақындық  жолына  түсуінің  еліктеуден  басталғанын, 
ізденіс  кезеңі  ретінде  қарастырады.  Кейін  келе  ақын  орыс  әдебиеті  және  сол  арқылы 
Еуропа  әдебиетімен  де  таныса  бастайды.  Зерттеуші  ғалымдар  жалпы  ақынның 
қалыптасуына үш бұлақ – Шығыс поэзиясы мен қазақ ауыз әдебиеті, орыс әдебиеті және 
Еуропалық  әдебиеттің  ықпалы  болғанын  айтып  келеді.  Сонымен,  кейін  келе  ақын 
поэзияны  еркін  меңгерген  кезде  өз  жолын  анық  бейнелейтін  шығармалар
 
жазып,  қазақ 
әдеби тілінің бай қорын емін-еркін пайдаланғанын  және тіл тазалығын көруге болады. 
Ақын  қаламының  қуаты  артып,  өмір  тәжірибесі  толысқан  сайын  қыз  сұлулығына 
талғамы  да  басқаша  деңгейге  көтеріле  түседі,  ол  «Қақтаған  ақ  күмістей  кең  маңдайлы» 
өлеңінде сұлуды – кең маңдай, аласы аз қара көзі, қасы туған айдың бір жаңасындай,  қыр 
мұрын,  ақша  жүз,  алқызыл  бет,  тісі  қолмен  тізгендей,  мойыны  жұп-жұмыр,  жауырыны 
тегіс, иығы тік, нәзік бел, бойы ұзын да емес, қысқа да емес, толқынды қара шаш – сыртқы 
келбетін айта келе, енді оның ішкі жан дүниесіне үңіледі – сөзі әдепті, мағыналы, саусағы 
іске  ыңғайлы,  –  деп  үйлесімділік  табады.  Соңында  «көз  таңдайды»  деген  жалғыз  сөз, 
ақынның талғамынан хабардар етеді.  
Қыздар  арасында  кездесетін  кейбір  нашар  қылықтарды  «бұртақтаған,  орынсыз  
жыртақтаған»  деп  келтірсе,  осы  «Қандай  қызда  ләззат  бар  жан  татпаған»  өлеңінде 
жігіттерді  де  сынай  кетеді  «арсыз,  ұятсынбайды,  тыртақтаған,  ой  таппаған,  кұр  бекерге 
бұлғақтаған» десе, бұған «сыр сақтаған» жігітті қарсы қояды. Ақын мұраты әйтеуір еңбек 
еткен жігіт.  
Табиғат көркемдігі – кез келген адамның жанына қуаныш ұялатып, сезімін оятатын 
ұрымтал дүние.  
Ғабит  Мүсірепов  «Үлкен  сарынның  ақыны»  деген  еңбегінде  Абайдың  орыс 
классиктері  –  А.С.Пушкин,  М.Ю.Лермонтов, Толстой,  Салтыков-Шедрин,  Некрасов  т.б.-
лардан  үлгі-өнеге  алғанын  айта  келіп,  әсіресе,  табиғат  көркемдігі  мен  адамның  сезіміне 
қатысты  тұстарына  тоқталады.  Жазушы  «Абайда  еліктеу  жоқ,  үндестік  барын  даусыз 
дәлелдейтін көп өлеңдер бар» екенін баса көрсетеді.    
Атап  айтсақ,  табиғат  көркемдігіне
 
байланысты  Абайдың  «Жазы»  мен  «Қысы» 
Пушкин,  Некрасовта  кездесетін  «Жаз»  бен  «Қыстарға»  үндес.  «Бірақ,  ол  үндестік  сезіну 
жағынан реалистік ақындардың өз ойын өзінше дәл суреттей алу жағынан суреттеу»  дей 
келе,  «оны орыс әдебиетіндегі,  я басқа бір  әдебиеттегі  қалпында емес, қазақ әдебиетінің 
рухына төл тумадай қабыса кететін етіп кіргізді» деп жоғары бағалайды. Алайда, қазіргі 
кезде  адамдардағы  сезім  тапшылығы  олардың  ішкі  жан  дүние  әлемін  кедейлендіріп, 
мұқалтып отырған секілді. Табиғат көркемдігін жырламаған ақын, сипаттамаған жазушы 
жоқ.  Олар  табиғаттың сөз  түріндегі  бейнесі  арқылы  адамның  сезімін  қозғауды  көздеген. 
Адамға ең жақын табиғат көркемдігі.  
Табиғат – бұл қоршаған әлемнің әр алуан туындысы. Әркімнің туған жері – тау, тас, 
құм, шөл, мұз бен қар болуына қарамастан өзіне көркем және туған анасы секілді тартып 
тұрады.  Табиғат  өнерде  сөз,  әуен,  бояу  арқылы  бейнеленеді.  Ақын,  жазушылар 
табиғаттың  ашық,  айқын  тұстарымен  бірге  әдеттегі  адамдар  көре  алмайтын,  көрсе  де 
көркемдеп айта алмайтын құбылыстарын сөзбен суреттеп бейнелейді. Сондай суреткерлік 
Абай  өлеңдерінде  ерекше  байқалады,  мысалы,  ол  «Қансонарда  бүркітші  шығады  аңға» 
өлеңінде  аңшылықтың  ерекшеліктерін  тұрмыс  салтымен  ұштастыра  келіп  ұтымды  және 
көркем  сөздермен  ұйқастыра  келтірген.  Солардың  ішінде  осы  өлеңге  түр  беріп  тұрған 


жүктеу 9,27 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   86




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау