Абай-дана, Абай-дара.
Бүгінгі таңда мәдениет пен ғылымның өркендеуі қазіргі заман талабына сай сапалы білімді қажет етеді. Осы тұрғыда қазақ әдебиетін оқыту оны теориялық та, практикалық тұрғыдан жетілдіру, жаңа технологиялар әдіс-тәсілімен қыр – сырын ұғындыра ашу , оның мағынасын, мазмұнын,мәнін өскелең ұрпаққа жете түсіндіру мұғалімнің алдындағы парызы екені сөзсіз. Мұғалімнің еңбек етіп іздену нәтижесінде көптеген инновациялық жаңа технологияларды пайдалануда іс-тәжірибелері алмаса отырып, оқушылардың саналы тәрбие мен сапалы білім алуларына, болашақтарына деген ұмтылыстарын қалыптастыруда ықпалдары зор. Осы мақсатта қазақ әдебиеті пәнінен 9-сыныпқа «Абай-дана, Абай-дара тақырыбында» оқушылардың жеке қасиеттерін дамыту, логикалық танымдылықтарын арттыру, өз беттерімен іздене жұмыс істей алатын оқушыларды даярлау мақсатында өткізілген ашық сабағымды көпшілік назарына ұсынбақшымын.
Сабақтың мақсаты: білімділігі) Абай Құнанбаев өмір жолын , шығармашылығын
меңгерту. С абақ барысында алған білімдерін жүйелеу, пысықтау.
тәрбиелігі) Абай шығармалары арқылы оқушыны әдептілікке, әділдікке,
еңбекқорлыққа, қайырымдылыққа өз пікірлерін ашық, еркін, айтуға баулу.
дамытушылығы) Әдеби тілде таза, еркін сөйлей білуге қалыпты дағдыландыру.
Ой белсенділіктерін арттыру, сөздік қорларын молайту.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ- жауап, мәнерлеп оқу, жаздырту. талдау жүйесі.
Көрнекілігі: Абай суреті, Абай мұралары туралы зерттеушілердің «естелік бұрышы», тест жұмысы, инсерт кестесі, кластер.
Пән аралық байланысы: Тарих сабағы.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
(Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа дайындықтарын, оқу құралдарын қадағалау)
II Жаңа сабақ:
Абай Құнанбаевтың өмір жолына тоқталу.
Абай Құнанбаевқа арналған «естелік» бұрышымен таныстыру.
Абай Құнанбаев шығармашылығын талдау.
ӨЛЕҢДЕРІ
|
ПОЭМАЛАРЫ
|
ҚАРА СӨЗДЕРІ
|
№ 1 тапсырма:
Кластер құрастыру. «Абай - тәрбие»
Абай атамыз кім еді?
|
Абай атамыз біздерді қандай адамгершілік қасиеттерге үндеді?
|
АБАЙ
|
ТӘРБИЕ
|
Ұстаз
Жазушы
Ақын
Қажы
Аудармашы
Қайраткер
|
Адамгершілік
Әдептілік
Әділдік
Сабырлық
Ұстамдық
Қайырымдылық
|
№ 2 тапсырма
Сұрақ- жауап. «Абай- әлемі»
1Әкесі Құнанбай Абайды қандай мақсатта елге алып келді?
2Абай өлеңінде кездесетін бес дұшпанды атаңыз?
3Абай өлеңінде кездесетін бес асыл істі атаңыз?
4Абай алғаш өлеңдерін өз замандасы кімнің атынан таратып жүрді?
5Абай өлеңдері нешінші жылдан бастап өз атына көшірілді?
6Абайдың қара сөздерінің саны нешеу?
7Абайдың аяқталмай қалған поэмасы?
8Абайдың өзіне пір тұтқан шығыс ойшылдарын атаңыз?
9Абайдың қаламынан туған табиғат лирикалық өлеңдерін атаңыз?
10 «Қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деген бағаны Абайға қазақтың қай ақын жазушысы берді?
№ 3 тапсырма
Топпен жұмыс.
1- топ:
Абайдың нақыл сөздерін айту. «Ұлыдан- ұлағат»
Ұстаздық қылған жалықпас үйретуден балаға.
Ұстарасыз ауызға түсті мұртың.
Тамағы тоқтық жұмысы жоқтық аздырар адам баласын.
Махаббатсыз дүние бос.
2- топ:
Абайдың өлеңдерінен үзінді оқу. «Өлең- сөздің патшасы»
№ 4 тапсырма
Тест жұмысын орындау.
№ 5 тапсырма
«Біз жастар Абайды мақтан етеміз» ой толғау жазу.
№ 6 тапсырма
Ізденіс жұмысы. «Білім тозбайды»
Инсерт кестесі арқылы жұмыс.
НЕНІ БІЛЕМІН?
|
НЕНІ БІЛДІМ?
|
НЕНІ БІЛГІМ КЕЛЕДІ?
|
Әжесі Зерені
Аудармалары
|
Оқыған оқу орындарын
Үш поэмасын
|
Қара сөздерін
Абай мұраларын зерттеушілерді
|
Оқуға, білімге үндеген өлеңдерін.
Табиғат лирикасын.
|
Нақыл сөздерін
Шығыстың дана ойшылдарын
|
Қазақ поэзиясына енгізген жаңалықтарын
М.Әуезов «Абай жолын»
|
№ 7 тапсырма
Ой қозғау стратегиясы.(Сабақтан алған білімдерін дәптерлеріне жүйелеп түсіру)
III Жаңа сабақты бекіту:
Абайдың дүние танымына ақындық жолына қалыптасуына әсер еткен жағдайлар?
Абайдың жастардыөнерге, білімге адамгершілік қасиеттерге шақырған өлеңдері?
Абайдың табиғат, махаббат, саяси лирикаларының мәні неде?
«Абайды білмеген қазақ, қазақ емес» деген пікірге қалай қарайсыңдар?
IV Қорытынды:
Дәптерлерін шолу.
1.Үй тапсырмасы: а) Абай Құнанбаев. (түсінік айту) ә) Венн диаграммасы арқылы «Болыс болдым мінекей», «Мәз болады болысың» өлеңдерін оқи отырып бұрынғы заман бай адамдарымен қазіргі заман атқамінерлерін салыстыру.
2. Бағалау: Оқушыларды жаңа сабақ бойынша әр түрлідеңгейде берілген тапсырмалар арқылы бағалаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |