Литературоведение



жүктеу 9,27 Kb.
Pdf просмотр
бет2/86
Дата28.11.2017
өлшемі9,27 Kb.
#2113
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                                Хабаршы №3 (51), 2014 ж.  
 

 
сай (хат таниды, өлең шығарады) барлық жағынан сол тұстағы өз құрбыларынан оқ бойы 
озық тұрған жан. Соған қарамастан Қамар өз қалауымен сүйген адамына тұрмысқа шыға 
алмайды. Қамарды  әкесі  мен шешесі  жанындай жақсы көрсе де, дәстүрлі  қоғамдық салт 
бойынша оны сүйген жігіті Ахметке емес, малы көп бай Нұрымға береді. Бұл шығармада 
дәстүрлі  қазақ  қоғамындағы  әйел  затының  отбасы  мен  рудың  мүддесіне  сай  малға 
сатылып  кете  беретін  бас  еркіндігі  жоқ  материя  ретінде  көрінеді.  Оның  қоғамдық  орны 
тек  отбасымен  ғана  өлшенеді.  Сондықтан  да  Қамар  ақылды,  сұлу  болса  да,  тағдырынан 
қашып құтыла алмайды. Бұдан С.Торайғыров өз дәуіріндегі қазақ әйелдерінің тағдырына 
алаңдайтынын,  алайда,  алаңдаудан  өзгеге  бара  алмайтын  шарасыздығын  көреміз.  Қамар 
сұлу  образы  соған  дейін  малға  сатылып,  тағдыры  тәлкек  болып  кете  берген  қазақ 
қоғамындағы әйелдердің әдеби мәтіндегі көрінісі деп бағалауға болады.  
М.Әуезовтің (1897–1961 ж.) «Қаралы сұлу» әңгімесінен дәстүрлі қоғамдық қатынас 
құрсауындағы қазақ әйелінің образын кездестіреміз. Жастай ері қайтыс болған Қаракөз бір 
әулеттің  заңды  басшысы.  Бас  еркі  еріне  тәуелді  өзге  қазақ  әйелдері  сияқты  емес,  ол  өз 
ортасында  саяси,  экономикалық  жақтан  еркін  тұлға.  Соған  қарамастан  шығарманың 
соңында  Қаракөз  жалшыға  тұрмысқа  шығуға  мәжбүр  болады.  Мұнда  Қаракөз  саяси, 
экономикалық тәуелді болмаса да, ол 

 бәрібір әйел, оның орны – отбасы деген көзқарас 
тұр. Шығармадан әйел затына біржақты тұрғыдағы субъективті көзқарас байқалады.  
М.Әуезов қалам тартқан  уақыт Қазан төңкерісіне дейінгі  және кейінгі  кезеңге тура 
келеді. Ол қазақ қоғамы өтпелі кезеңді бастан кешіп жатқан кез еді. Төңкерістің келуімен 
томаға-тұйық  қазақ  қоғамы  ыдырап,  оның  орнына  жаңа  қоғамдық  түзім 

  алғашқы 
кеңестік  қоғамдық  қатынас  келді.  Жаңа  қоғамдық  қатынастар  жағдайындағы  қазақ  әйелі 
туралы М.Әуезовпен қатар С.Мұқанов, Ж.Аймауытов сияқты қазақ жазушылары да қалам 
тартты. С.Мұқанов «Ботакөз» романында алғашқы кеңес қоғамы келу қарсаңындағы қазақ 
әйелінің  образын  жасады.  Ботакөз 

  қала  өмірін  көрген,  қазақша,  орысша  жаза  алатын 
сауатты,  саяси  төңкерістің  сынағынан  өткен,  қоғамдық  жұмыстарға  белсене  араласа 
бастаған,  жаңа  санадағы  қазақ  қызы.  Бұл  ерекшеліктері  жағынан  Ботакөз  қазақ 
әдебиетінде бұрын-соңды кездеспеген жаңа образ. Автор Ботакөзді төбесі көріне бастаған 
кеңестік  қоғам  келу  қарсаңында  жаңаша  өмір  бастауы  мүмкін  қазақ  әйелінің  жарқын 
образы ретінде сипаттағысы келгенін байқаймыз.  Ботакөз – саяси, экономикалық жақтан 
ерлермен  тең  құқылы  өмір  сүруге  бет  алған  тұлға.  Бұл  образды  әйелдердің  қоғамнан 
ерлермен  бірдей  теңдік  талап  еткен  кезеңіне  жатқызуға  болады.  Автордың  коммунистік 
дүниетанымы, маркстік социалдардың әйелдердің құқығы мен бостандығы туралы ойлары 
Ботакөздің  бойында  толық  көрініс  тапқан.  Маркстік  социалистердің  әйелдердің  құқығы 
мен бостандығы туралы пайымы, әйелдерге теңдік, қоғамдық тең құқық беру жағындағы 
саяси  ұстанымы  XX  ғасырдағы  әйелдер  құқығы  идеясы  өз  алдына  үлкен  күш  болып 
қосылғаны  белгілі.  Сондықтан  да  Ботакөз  қазақ  әйелдер  құқығы  тарихында  дәуір 
бөлгіштік кезеңде тұрған образ.  
Дәстүрлі қазақ қоғамы өзгеріске ұшырап, Ресей империясының ықпалымен қалалық 
мәдениеттің әйел образын жасаған шығарма 

 Ж.Аймауытовтың (1889 – 1931) «Ақбілек» 
романы.  Шығармада  ақылды,  сұлу,  өз  ортасында  сыйлы  Ақбілектің  тағдырын  рулық-
отбасылық  қоғам  ғана  емес,  отарлық  империялық  жаңа  қоғамдық  қатынастар  билейді. 
Автор  Ақбілек  образы  арқылы  ішкі-сыртқы  қайшылықтар  мен  отаршылдық 
басқыншылықтан тарыдай шашылып, өз тағдырын өзі билеуден қалған қазақ қоғамының 
болмысын  көрсеткен.  Шығармада  Ақбілек  жай  әйел  заты  ғана  емес,  ұлттың  ары  мен 
намысы,  талқан  болған  тағдыры,  күңгірт  болашағы,  қайғысы  мен  қасіреті,  ауқымы 
кеңейген  образ.  Оның  басындағы  қайшылық  та  осы  ерекшеліктерге  сай  жаңаша  сипат 
алады. Енді ол дәстүрлі рулық-отбасылық қоғамның ғана емес, отаршылдық тәртіптің, қос 


 
 Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                                  Вестник №3(51), 2014 г. 
 

бірдей  билеуші  күштің  талқысына  түседі.  Бұл  шығармадан  біз  автордың  әйел  затын 
ұлттық ар мен намыстың символы, сонымен қатар өз еркі өзінде емес әлсіз қоғамдық топ 
деп  бағалайтын  көзқарасын  байқаймыз.  Жоғарыдағы  екі  әйел  образынан  біз  қоғамдық 
өтпелі  кезең  тұсындағы  ұлттың,  қазақ  әйелінің  екі  түрлі  өкілін,  екі  түрлі  тағдырын 
кезіктіреміз. Бұл жазушылардың бұрынғы жазушыларға ұқсамайтын ерекшелігі, олардың 
өздері жасаған әйел образына ұлт тағдырының символдық бейнесін сіңіргендігінде.  
Кеңес  қоғамы  орныққан  кезеңде  Ғ.Мүсірепов  (1902-1985)  «Ұлпан»  (1949  ж.), 
Ә.Нұршайықов  (1922

2012)  «Махаббат,  қызық  мол  жылдар»  (1970  ж.)  шығармасында 
қазақ әйелінің жаңа образын жасады. Олар С.Мұқанов сияқты кеңес жазушылары бастап 
берген  әйел  затының  «әйелден»  «жолдасқа»  айналған  уақытын  «кеңес  дәуірінің  әйелі» 
делінетін  жаңа  кезеңге  шығарды.  Ұлпан  жасы  үлкен  кісіге  тұрмысқа  шықса  да,  өзін 
дәстүрлі  қазақ  қоғамындағы  әйелдерден  басқаша  ұстайды.  Саяси,  экономикалық, 
психологиялық  жақтан  өзін  еркін  сезінеді.  Бұл  ерекшеліктерден  біз  автордың  дәстүрлі 
қазақ  әйелінің  бойынан  заманға  сай  жаңа  ерекшелік  көргісі  келгенін  аңғарамыз.  Бұндай 
сипат  Ә.Нұршайықовтың  Меңтай  образында  да  кездеседі.  Меңтайдың  бойына  кеңестік 
қоғамға тән әйел затының көптеген қасиеттері жинақталған. Жоғарыдағы екі образ кеңес 
қоғамындағы  құқықтары  ерлермен  шартты  түрде  теңескен  әйелдердің  саяси,  экономика, 
мәдениет, өнер т.б. саладағы жарқын жетістіктерін көрсетуімен ерекшеленеді. Бұл кезеңде 
Д.Исабековтың «Әпке» пьесасындағы әпке образы кеңес қоғамындағы әйелдердің екінші 
қыры  –  жарық  қоғамның  тасасындағы  көлеңке  тұсты  көрсетеді.  Әпке  отбасы  үшін  бар 
махаббатын, жастығын, өмірін арнайды. Соңында қаңыраған үйде жалғыз қалады. Автор 
кеңестік  қоғамдық  жұмыстарға  өзін  арнап,  әйел  затына  тән  мүмкіндіктің  бәрінен 
айрылып,  жалғыз  қалған  әйелдің  тағдыры  туралы  ойланады.  Кеңестік  әйелдердің 
тағдырындағы  мұндай  келеңсіздіктер  Б.  Нұржекеев  т.б.  сынды  жазушылардың 
шығармаларында  да  суреттеледі.  Бұдан  түйеріміз,  кеңес  қоғамы  әйелдер  құқығы 
мәселесінде  көптеген  алғабасар  идеяларды  ұсынғанымен,  түбірлі  сұрақтар  жауапсыз 
қалдырылған.  Әйел  затының  қоғам  және  отбасындағы  орны  мен  мүмкіндіктері  өз 
деңгейінде  сараланбаған.  Бұны  кеңестік  идеологияға  сүйенген  қоғамның    өзіне  тән 
шектелісінің туындысы деуге болады.  
Тәуелсіздіктен кейін қазақ қоғамы тағы бір өзгерісті бастан кеше бастады.  Жазушы 
Қ.Түменбайдың  «Әйел»  әңгімесінен  біз  осы  кезеңдегі  әйел  образын  кездестіреміз. 
Шығармада қоғамның өзгерісі кеңес кезінде мойындалмай келген әйел затына тән кейбір 
ерекшеліктерді  көмескіден  көрнеуге  шығарды.  Ымырасыз  бәсекемен  өмір  сүретін 
капиталистік  қатынастар  тұсында  әйелдер  бәз-баяғысындай  әлсіз  топтардың  санатына 
жатады. Олар ерлермен шынайы бәсекеге түсуге қауқарсыз.  
Біз  XX  ғасырдағы  қазақ  әдебиетіндегі  жазушы  ер  адамдар  жасаған  әйел  образына 
талдау жасай келе, қазақ әйелдері осы аралықта үлкен өзгерістерді бастан кешкеніне көз 
жеткіземіз. Бұл өзгерістерді атап айтар болсақ, қазақ әйелдері бір ғасыр бұрын толықтай 
рулық-отағасылық  үстемдікке  еркі  байланған,  тағдырын  өзі  билей  алмайтын,  қоғамдық 
орны отбасынан аспайтын, көп әйел алудың құрбаны болған әлсіз топ еді. Арада екі түрлі 
қоғамдық  өзгерісті  бастан  кешкеннен  кейін  олар  теңсіздіктен  толықтай  заңдық  тұрғыда 
бостандыққа  шықты.  Бұны  ер  жазушылардың  шығармаларындағы  әйел  образының 
өзгерісі  дәлелдейді.  Әйел  затының  адами,  қоғамдық  болмысындағы  құқықтық  өзгерісін 
тарихтың  өзгерісі  етіп  шығарды,  алайда,  мұндай  қоғамдық  өзгеріс  әйел  затының 
табиғатындағы  кейбір  ерекшеліктерді  өзгертуге  шарасыз.  М.Жұмабаев,  М.Әуезов  т.б. 
сынды  жазушылар  шығармаларында  әйел  затына  саяси,  экономика,  эстетика, 
психологиялық  жақтан  көп  жағдайда  өз  тұрғысынан  бұра  тартып,  теріс  түсіндіріп,  соны 
шындық  ретінде  қалдыруға  тырысқан.  С.Мұқанов,  Ж.Аймауытов  т.б.  жазушылар  әйел 


жүктеу 9,27 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау