Қазақ
мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №3 (51), 2014 ж.
23
және оның көркемдігін өңіне келтіріп тұрған сөздер, «ғанибет, ықшам, қайтқан ізі, із
шалғанда, қағушы ойда, томаға, самғағанда, тісін қайрап» т.б. Осы өлеңнің бүкіл
эстетикалық маңызын көз алдыңа алып келетін көріністер жаңа жауған аппақ қар:
Қансонарда бүркітші шығады аңға...
Салаң етіп жолықса қайтқан ізі,
Сағадан сымпың қағып із шалғанда...
Түлкі мен бүркіттің арпалысуының аппақ қар үстіндегі бейнесін және шомылып
жатқан сұлу қызбен салыстырған тұсы:
Қар – аппақ, бүркіт – қара, түлкі – қызыл,
Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға..., – деп келтіргені қай жастағы адамға
болса да түсінікті, десек те қазіргі кездегі қалада туып-өскен, қыстың даладағы сипатын
көзімен көрмеген, ал аңшылықтың жайын тек мылтық асынып барып, бір-екі ит-құсты
аяусыз өлтіру немесе атып келу деп таяз түсінетін мектеп оқушылары мен студенттеріне
эстетикалық тәрбие ұйымдастыруда осының мәнін көркемдік заңдылығымен түсіндіру
қажеттігі туындап отыр. Бұл өз кезегінде оқушылардың экологиялық көзқарасын
қалыптастыруға да септігін тигізер еді.
Абайдың табиғат лирикасын сөз еткенде әдебиет теориясындағы бейнелеу әдісін
ескере отырып, оны орыс әдебиетінде осы қыс бейнесінің берілуімен салыстырмалауға
болады. Мысалы, Некрасов қысты «мороз – красный нос» деп бейнелесе, Абай қазақ
халқының түсінігіне жақын «кәрі құда» бейнесінде береді. Ол Абайдың орыс
әдебиетіндегі әдістерді үйреніп, өзінше, қазақ ауылы ұғымына жақын меңгеруі деуге
болады.
Бұл жөнінде Қ.Жұмалиев Абай поэзиясының тіліне байланысты еңбегінде талдап
келтірген. Осыған орай Абайдың психологиялық паралеллизм әдісі жөнінде де осыны
айтуға болады. Мысалы, қыс бейнесін А.С.Пушкиннің «Қысқы кеш» өлеңімен де
салыстыруға болады. Осындай салыстыруды ақынның «Желсіз түнде жарық ай» өлеңіне
байланысты айтуға болады. Бұл еңбек педагогика, оның ішінде, эстетикалық тәрбиеге
байланысты болған соң әдеби талдауларға тереңдей бермедік. Өйткені, олар туралы
жеткілікті жазылған. Бұдан басқа ақынның «Жаз», «Күз», «Қараша, желтоқсан мен сол бір
екі ай», «Қыс», «Желсіз түнде жарық ай», «Қарашада өмір тұр» т.б. табиғат
құбылыстарына арналған өлеңдерін де эстетикалық тәрбие мақсатында қолдануға
болатындығы айтылып келеді.
Бұл ретте ақын шығармасы арқылы эстетикалық тәрбиеге байланысты сөз
қозғағанда көпшілік авторлар, мектеп мұғалімдері т.б. зерттеушілер осы табиғат туралы
жазған өлеңдерін ғана ескереді. Бұдан «Ақынның басқа шығармалары арқылы
эстетикалық тәрбиені жүзеге асыруға болмай ма?» деген заңды сұрақ туындайды.
Осы орайда Абай шығармаларынан студенттерге эстетикалық тәрбие беруде ақынның
барлық шығармалары негізінде жүзеге асырудың жолдарын қарастыруға болады.
Сондықтан табиғат туралы өлеңдерін эстетикалық тәрбиенің бір қыры деп қана айтуға
болады.
Сонымен, табиғат туралы ақынның басқа өлеңдерін талдағанда олардың тек табиғат
көркемдігі емес, сонымен бірге адамның көңіл күйі мен әлеуметтік ахуалын да өлең
сөзбен сипаттау ақын шығармашылығының ерекшеліктерінің бірі деуге болады. Оның
эстетикалық мәні де осында, мысалы, қыс мезгілінің өзіндік табиғи көркемдігі – ақ киім,
ақ сақал, ақ қырау, сықырлап, үскірік, аяз, қар жауып, долданғанда, үй шайқалды деп
келтірілсе, сол кездегі адамдардың жай-күйін, олардың әлеуметтік ахуалын табиғаттың
осы мезгілінің қаталдығымен байланыстырған – домбығып, үсік шалды, шыдамай теріс
айналды деп, ал сол кездегі малдың жайын жылқы арқылы:
Қар тепкенге қажымас қайран жылқы,
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №3(51), 2014 г.
24
Титығы құруына аз-ақ қалды, – деп осы кездегі табиғаттың бөлінбес белгісі қасқыр
туралы айтып келеді де малшыларға – қор қылма, күзетіңдер, қайрат қыл, – деп ескерте
отырып «Құр жібер мына антұрған кәрі шалды» деп ой қорытады. Осы өлеңдегі сезімге
әсер ететін тұстарын табиғатпен байланыстырсақ, ол әрі көркем, әрі қатал, сондықтан
мұнда эстетиканың екі санаты – көркемдік пен
ұсқынсыздық тоғыса келіп,
өмірдің қарама-
қайшылықтарын көрсететін, біріне екіншісі қарсы келуіне қарамастан бір бүтін табиғат
құбылысының адам өміріндегі мәнін көрсетіп отыр.
Табиғат көркемдігі мен ондағы құбылыстар адамның эстетикалық сезімі мен
байқағыштығын дамытып, көңілде ой жүргізіп, қиялдануына азық болатыны белгілі.
Табиғат құбылыстарын бақылап, одан сабақ алу өнер туындыларын танып-білу, бағалау
және қабылдап түсінуге негіз болады. Табиғат құбылыстарын бақылап өскен адам әдебиет
туындылары, соның ішінде поэзия және басқа да көркем өнер туындыларын қабылдауға
бейімді де бейілді болып өсетіні туралы педагог ғалымдар айтып келеді. Табиғат
көркемдігінен адамдар
шығармашылыққа шабыт алады, ойлау іс-әрекетіне қор жинайды.
Табиғат – сұлулықтың қайнар бұлағы болғандықтан эстетикалық тәрбиедегі оның
орнын басқа ешқандай жасанды туындылармен теңестіру мүмкін емес.
Табиғатты бақылау
арқылы қиялдануға жол ашылады, сөйтіп эстетикалық сезімнің дамуына ықпал етеді.
Абай Құнанбаев осындай табиғаттың көркем туындысын бақылап, одан ләззат алып,
тояттап өскен. Сондықтан ол оны сөз түрінде суреттегенде сан алуан теңеулер мен
салыстырмалар, гипербола, парабола секілді тәсілдерді әдебиет теориясын білмей тұрып-
ақ, туа біткен дарыны мен данагөйлігі нәтижесінде сипаттай алған. Мысалы, «Қызарып,
сұрланып» өлеңінде адамның «елбіреп, қалтыраған» жас та нәзік сезімі мен табиғат
көрінісінің сәйкестігін:
Жанында жапырақ,
Үстінде жұлдыз да.
Елбіреп, қалтырап,
Жігіт пен ол қыз да, – деп суреттеген.
Жалпы ақынның табиғат көркемдігін толайым сезініп, көңіл толқуларын сөзбен
жеткізудегі шеберлігін оның «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінен көруге болады. Осы
құбылысты көрмеген адам оны дәл ақын Абайдай жеткізе алмас еді. Оның сезімге әсерінің
қуаттылығын өлеңдегі «сәулесі суда дірілдеп..., тасыған өзен күрілдеп..., жапырағы
сыбырласып..., құлпырған жасыл жер жүзі» деген сөздерден көреміз. Мұнда да ол
табиғаттағы көріністерді адамдар арасындағы қарым-қатынас пен жүріс-тұрысымен
астарластырып,
қабыстыра келтірген, мысалы:
Таймаңдамай тамылжып,
Бір суынып, бір ысып.
Дем ала алмай дамыл қып,
Елең қағып, бос шошып.
Соңғы тармақтан, әрине, ақын қыз туралы айтып тұрғаны, «сөз айта алмай бөгеліп»
ақынның өзі не болмаса сол сынды жігіт туралы деп ұғынуға болады.
Адамның әлеуметтік-психологиялық ахуалын табиғатпен қатарластыра суреттеу
ақын шығармашылығының басты ерекшеліктерінің бірі деуге болады, мысалы, «Тоты құс
түсті көбелек» өлеңінде ол сондай сан алуан бояулармен құлпырған көбелекті көркем
және табиғат құбылыстарын адам өмірімен сипаттауда осы өлеңінің астарында балалық,
жастық шақты жазғы табиғатпен салыстырмалай келе «бәйшешек солмақ... көбелек
өлмек» деп келеді де адам өмірімен астарластырып, адамзатқа керек нәрселерді санап
шығады: «сүймек, сезбек, кейімек, харекет қылмақ, жүгірмек, ақылмен ойлап сөйлемек»
деген соңғы шумағы адам мен табиғат арасындағы ерекшелікті көрсетеді. Осы жерден