Литературоведение



жүктеу 9,27 Kb.
Pdf просмотр
бет86/86
Дата28.11.2017
өлшемі9,27 Kb.
#2113
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86

 
 Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                                  Вестник №3(51), 2014 г. 
 
178 
Түйін  сөздер:  музыкалық  канон,  мотивациялық  компонент,  музыкалық  аспаптар 
фабрикасы, әдебиет, күй. 
Қазіргі  кездегі  әлеуметтік,  экономикалық  талап-тілектерге  сай  рухани  бай,  білімді, 
шығармашыл  тұлға  тәрбиелеу  заман  қажеттігі  болып  табылады.  Қазақстан 
Республикасының  Президенті  –  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстан-2050»  Стратегиясы– 
қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында 
тәуелсіз  мемлекетімізді  әлемнің  алдыңғы  қатарлы  отыз  мемлекетінің  қатарына  қосу 
туралы  негізгі  бағыт-бағдарларға  тоқтала  отырып,  «Әлеуметтік  саясаттың  жаңа 
принциптері – әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік» атты 3-ші бөлімнің «Білім 
мен кәсіби машық – заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің 
негізгі бағдарлары» атты 4-ші тарауда білім беру  әдістемелерін жаңғырту мәселесіне аса 
көңіл  бөліп,  тоқталады  [1].  Өмір  талабына  сай  тұлға  тәрбиелеудің  маңыздылығы  оның 
үздіксіз жүргізілу қажеттілігінде. Тұлғаның шығармашылығын дамыту адамның туылған 
кезінен  бастап,  есейген  кезіне  дейін  жүреді.  Үздіксіз  білім  беру  жүйесіне  рухани  бай, 
жоғары мәдениетті және мәдени құндылықтарды дұрыс бағалайтын тұлға қалыптастыруға 
бағытталған әлеуметтік институттар енгізу қажеттігі мәселесі де көтеріліп жатыр. 
Музыка  жеке  тұлғаның  ақыл-ойын  жетілдіреді  әрі  жан-жақты  өмір  тәжірибесін 
кеңейтуге,  біліктілігі  мен  қабілетін  дамытуға,  шығармашылық  іскерлікке  тәрбиелеуге 
мүмкіндік  береді.  Музыка  аспаптарының  ішінде  домбыра  арқылы  тұлғаны 
шығармашылыққа  баулудың  негізгі  мақсаты  –  тұлғаға  ұлттық  өнердің  құдіреттілігін 
таныту арқылы оның санасына, сезімі мен ұшқыр қиялына игі  әсер ету. Сонымен қатар, 
домбыра арқылы тұлғаны қазақ халқының көне заманнан мұра болып келе жатқан ұлттық 
аспаптарымен  таныстыру.  Тұлғаны  шығармашылыққа  баулудың  теориялық  және 
тәжірибелік негіздерін жан-жақты зерттеп, олардың түрлерін, жолдарын анықтап алғаннан 
кейін  ғана  тұлғаны  шығармашылыққа  баулудың  ерекшеліктерін  түсінуге  болады. 
Домбыра  арқылы  тұлғаны  шығармашылыққа  баулу  тұлғаның  жеке  қасиеттерін  ашуға, 
қоғамдағы орнын нығайтуға, шығармашылық біліктілігін дамытуға көмектеседі. 
Қазіргі  күні  қазақ  халқы  өзінің  жаңа  дамуын  басынан  кешіп,  тәуелсіздік  алғаннан 
бері  тілін,  дінін  тереңірек  игеруге  бет  алып  отырған  жағдайда  домбыра  секілді  ұлттық 
аспаптың ырғағы әр жүректі дүрсілдетіп, елін, жерін, Отаным деген ой-санасымен жарқын 
болашаққа  деген  зор  үмітін  арттырады.  Дәстүрлі  халық  әндері  өмірлік  мәні  бар 
дидактикалық  маңыздылығы  мен  бала  тәрбиесіне  қолдануға  өте  қолайлы  болып  келеді. 
Оның поэтикалық мәтіні сезімді билеп қана  қоймайды, ақыл-қиялын шарықтатып, түрлі ой 
салады, терең толғанысқа түсіреді. 
Домбыра арқылы тұлғаны шығармашылыққа баулу негіздерін зерттей келе, домбыра 
аспабының  барлық  салалармен    тығыз  байланысты  екендігіне  көз  жеткізуге  болады. 
Домбыра  үйрену  –  еңбек.  Домбыра  пернесін  басып,  ішек  қағу  –  математика.  Домбыра 
пернесін  басып,  әуен  шығару,  бір  мезгілде  поэзия  қосып  нәтижесін  көрсету  –  логика. 
Домбыра  екі  ішегін  тартып,  есту  арқылы  құлақ  күйін  келтіру  –  физика.  Домбырада 
орындалған  күй  мазмұнын  елестетіп,  әңгімелей  білу  –  бейнелеу  болып  табылады. 
Домбыраға  қосылып  ән-терме,  өсиет  т.б.  шығару,  оны  орындау  –  әдебиет.  Жалпы 
домбыраға  қызығушылықты  арттыру  арқылы  қоғамға,  қоршаған  ортаға,  халыққа  өз 
пайдасын тигізетін отансүйгіш, батыл, жан-жақты азамат тәрбиеленетіні анық. 
Шығармашылық  тұлғаның  қалыптасуы  тек  ішкі  ғана  емес,  сыртқы  (объективті) 
факторларға да байланысты. Қазіргі заман зерттеушілері оларға әлеуметтік жағдайлар мен 
олардың  болашағын;  қазіргі  заман  ғылымының  даму  деңгейін;  жалпылама  білім  беру 
тәжірибесінің  жағдайы;  бағдарлама,  оқулық,  ұсыныстарда  көрсетілген  әдістемелік 


Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                                Хабаршы №3 (51), 2014 ж.  
 
179 
 
сілтемелер;  бір  педагогтің  немесе  педагогикалық  ұжымның  шығармашылық  әлеуеті  мен 
ұстанымын жатқызады.  
Психологиялық  сөздікте  шығармашылық  –  жаңа  құндылықтарды,  әсіресе 
материалды  және  рухани  құндылықтарды  құру  процесі  ретінде  айқындалады.  Мәдени-
тарихи  құбылыс  ретінде,  тұлғалық  және  процессуалды  психологиялық  аспектіге  де  ие. 
Шығармашылық  –  бұл  адамның  өмір  шындығында  өзін-өзі  тануға  ұмтылуы,  өздігінен 
сапалы,  дәлелді  шешімдер  қабылдай  білуге  үйренуі  болып  табылады.  Адам  бойындағы 
қабілеттерін  дамытып,  олардың  өшуіне  жол  бермеу  –  оның  рухани  күшін  нығайтып, 
өмірдегі орнын табуға көмектеседі.  
Шығармашылық-психологиялық  тұрғыдан  қарастырғанда,  нәтижесінде  жаңа 
материалдық рухани құнды дүние тудыратын әрекет.  Ал педагогикалық тұрғыдан алсақ, 
шығармашылық дегеніміз – адамның белсенділігі мен өз бетінше жұмыс істеуінің жоғары 
түрі  және  әлеуметтік  қажеттілік  пен  өзінің  ерекшелігімен  бағаланатын  құбылыс. 
Американдық  психолог  Фромм  анықтамасы  бойынша  шығармашылық  дегеніміз  –  бұл, 
тани  білу,  жаңа  бір  нәрсені  анықтауға  ұмтылу  және  өз  тәжірибесін  терең  түсіне  білу 
қабілеті [2]. 
Қасиетті  домбыраны  –  қазақ  халқының  ең  кең  тараған  екі  ішекті,  көп  пернелі 
музыкалық аспабы ретінде білеміз. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік 
музыкалық  сипаты  бар  аспап.  Алғаш  эпикалық  дәстүр  шеңберінде  жыр,  толғау, 
термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының 
қалыптасуына  ықпал  еткен.  Қазіргі  кезде  домбыра  жеке  әнді  сүйемелдеуге,  күй  тартуға, 
халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, 
мүмкіндігі  кең  музыкалық  аспап  болып  табылады.  Әртүрлі  ескерткіштерге,  сондай-ақ 
этнографтардың жазып қалдырған еңбектеріне жүгінсек, домбыра және өзге халықтардың 
осы  тектес  аспаптары,  тіпті  сонау  орта  ғасырларда  белгілі  болған  екен.  Мысалы,  Әбу 
Насыр  әл-Фарабидің  еңбектерінен  тамбур  аспабы  жайында  оқимыз.  Өзбектердің 
домбыраға  өте  ұқсас  екі  ішекті  дутары  алғаш  рет  әл-Хусейнидің  «Музыкалық  канон» 
деген  трактатында  ауызға  алынды.  Қазақтың  халық  аспабы  домбыра  XIV  ғасыр 
жазбаларында  кездеседі.  Оның  бастағы  түрі  мен  құрылысы  қазақтың  домбырасынан 
аумайды,  осындай  аспап  аттарының  ұқсастығы  да  олардың  түпкі  шығу  тегі  бір  екенін 
көрсетсе керек. 
Өткен  жүзжылдықта  ұлы  халық  композиторы  Құрманғазымен  бірге  Дәулеткерей, 
Тәттімбет,  Сейтек,  Байсерке,  Қазанғап  секілді  саңлақ  күйшілер  дүйім  жұртты  аузына 
қаратқан еді. Бұлар бармағынан бал тамған майталман домбырашы болуымен бірге нелер 
бір  ғажап  күй  де  шығарған  шын  мәніндегі  өнер  иелері-тін.  Қазақстанның  батыс 
аудандарында  домбыра  тартудың  өзгелерге  ұқсамайтын  бөлек  дәстүрі  қалыптасқанын 
айту  керек.  Батыс  аудандардағы  домбыраның  негізгі  өзгешелігі,  көлемі  үлкен  болып 
келеді, сондай-ақ шанағы сопақ, мойны жіңішке, перне саны көбірек. Сондықтан мұндай 
домбыраны  тартқанда  қолданылатын  техникалық  тәсілдерді  шанағы  жалпақ  домбыраға 
қолдану қиын, өйткені бұл соңғы домбыраның мойны едәуір енді және ондағы перне де аз 
[3]. 
Шанағы  жалпақ  домбыраның  бірнеше  нұсқасы  кең  тараған.  Егер  батыс 
аудандардағы домбыраларға 12-14 перне тағылса, ал шанағы жалпақ домбыраға не бары 
7-8  ғана  перне  байланған.  Перне  санын  арттыру  процесі  өте  баяу  жүрді  және  оның  өзі 
орындалатын  репертуарға  тікелей  байланысты  еді.  Әдетте,  жаңа  перне  онымен  алғаш 
орындалатын  күйдің  атымен  аталынды.  Пернелердің  бірі  домбырада  «Түрікпен  күйін» 
орындағанда  байланды  да,  «Түрікпен  пернесі»  деп  аталды.  Бейтарап  терция  интервалын 
беретін  басқа  бір  перне  Қазақстанның  батыс  аудандарында  «Сарыарқа  пернесі»  деп 
аталады. 


 
 Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                                  Вестник №3(51), 2014 г. 
 
180 
Аңыз-ертегілердің бірінде аспаптағы жоғарғы тиектің қалай пайда болғаны жайында 
айтылады.  Жаумен  шайқасып,  одан  соң  алыс  сапар  шегіп,  әбден  қалжырап  келе  жатқан 
батыр  жолшыбай  демалуға  аялдайды.  Сайдың  ішіндегі  саялы  жерде  жайғасып  отырған 
соң  талдан  бір  шыбық  кесіп  алады,  оған  жылқының  қылын  керіп  байлайды  да,  дыбыс 
шығармақ  болып  көреді.  Бірақ  қолдан  жасаған  тым  жұпыны  аспаптан  ешқандай  үн 
шығатын емес, тым-тырыс, меңіреу күйінде қала береді. Батыр оны жанына тастай салады 
да, өзі қисайып жатып ұйықтап кетеді. Ол жанындағы өзі жасаған аспаптан шығып жатқан 
дыбыстан  оянады.  Қолына  алып  қараған  батыр  аспаптың  мойын  тұсынан  титтей  ағаш 
тиекті  көреді,  оны  әлдебіреу  ішектің  астынан  келтіріп  орнатып  қойған  екен.  Батыр:  «Е, 
бұл шайтанның ісі болды ғой», – деп ойлайды. Бәлкім содан бері қалған сөз болса керек, 
халық  арасында  жоғарғы  тиекті  «шайтан  тиек»  деп  атайды.  Ішекті  жылқының  қылынан 
тағу, жоғарғы тиектің болмауы көне аспаптарға тән сипат. 
Қазақ  даласының  әр  өңірінде  кездесетін  домбыралар  жергілікті  жер  жағдайына, 
тұрмыс-салты  мен  дәстүріне,  ән,  жыр,  күй  мектебі  мен  әр  өнерпаздың  орындаушылық 
мәнеріне,  аспапшы  шеберлердің  ісмерлігіне  байланысты  әртүрлі  пішімде  дамытылып, 
өзгеріп  отырған.  Домбыра  –  тек  күй  тартуға  ғана  емес,  ән  айтқанда  сүйемел  үшін  де 
қолданылатын  аспап.  Біржан  сал,  Ақан  сері,  Жаяу  Мұса,  Мұхит,  Мәди,  Кенен,  Әміре 
Қашаубаев,  Манарбек  Ержанов,  Жүсіпбек  Елебеков,  Ғарифолла  Құрманғалиев,  Қайрат 
Байбосынов  т.б.  белгілі  әншілер  домбыраның  әнге  әр  беріп,  әншіге  демеу  болатынын 
дәлелдеді. 
Қазақ  отбасында  ұлттық  тәрбиенің  негізі  –  халықтық  педагогика  болғандықтан 
баланы  ұлттық  салт-дәстүрлер  аясында  да  тәрбиелеген.  Яғни,  құрсақ  тойы,  шілдехана, 
сүйінші,  қырқынан  шығару,  бесік  тойы,  тұсаукесер,  сүндетке  отырғызу  тағы  басқа  салт-
жоралғылар  қатаң  ұсталып,  басшылыққа  алынып  отырған.  Отбасы  –  адам  баласының 
тарихи  дамуының  барысында  қалыптасқан  және  үздіксіз  дамып  келеді.  Ол  –  алғашқы 
қауымдық  құрылыстың  ыдырау  кезеңінде  пайда  болған  әлеуметтік  топ.  Әрқашанда 
қоғаммен, оның көпсалалы қатынастарымен, рухани байлығымен тығыз байланыста өмір 
сүріп  келеді.  Сол  себепті,  отбасы  –  қоғамдық  мақсат  негізінде  өмір  сүретін  адамның 
алғашқы  адамгершілік  әліппесін  үйрететін  мектеп  болып  есептеледі.  Осы  киелі  ұяда 
тәрбиеленген  баланың  тәртібі,  өзін-өзі  ұстай  алуы,  өзгелерге  деген  көзқарасы,  өзін-өзі 
тәрбиелеуі,  мінез-құлқы  ата-анасының  берген  тәрбиесіне  байланысты  болмақ.  Бала  үшін 
дүниедегі  ең  қымбат  жандар  ата-анасы.  Ата-ананың  аялы  алақанын,  ыстық  құшағынан 
балаға  дүниенің  есігі  ашылады,  ал  оның  дүниетанымы  олардың  берген  тәлім-тәрбиесіне 
де қатысты болмақ.  
ХХ  ғасырдың  30-жылдарында  халықтық  педагогика  ғылымының  дамуына  ерекше 
мән  беріп,  оның  дамуына  және  ұлттық  тәлім-тәрбие  ілімінің  қалыптасуына  зор  үлес 
қосқан қазақ  халқының ағартушы-педагогтары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, 
Ж.Аймауытов  сынды  тағы  басқа  ұлт  жанашырлары  еңбектеріндегі  отбасы  тәрбиесіне 
байланысты ой-пікірлері – болашақ жастарға мұра. А.Байтұрсыновтың мына бір пікіріне 
назар  аударыңыз:  «Баланы  бастан  тәрбиелеу  деген  –  баланы  жастайынан    дұрыс 
тәрбиемен  өсіру  деген  сөз.  Дұрыс  тәрбиемен  өскен  бала  тіршілік  ісіне  икем,  бейнетіне 
берік  болып  өспек.  Дұрыс  тәрбиенің  асылы  –  баланың  жанымен,  тәнімен  керек  деп 
танылған  істерді  бала  табиғатының  әуенімен  істеу,  сол  дұрыс  тәрбие  болады»,  –  деп  ой 
бөліседі.  Ал,  М.Жұмабаев  болса,  тәрбиені  төртке  бөлген,  олар:  дене,  жан,  ақыл  және 
сұлулық  пен  құлық  тәрбиесі.  «Егер  адам  баласына  осы  төрт  тәрбие  тегіс  берілсе,  оның 
тәрбиесі түгел болғаны. Егер де ол ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сықылды тұрмыста 
жиі  ұшырайтын  күштерді  елемейтін  мықты  берік  денелі  болса,  түзу  ойлайтын,  дұрыс 
шешетін,  дәл  табатын  ақылды  болса,  жамандықтан  жаны  жиреніп,  жақсылықты  жаны 


Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                                Хабаршы №3 (51), 2014 ж.  
 
181 
 
тілеп  тұратын  құлықты  болса  ғана  адам  болғандығы.  Балам  адам  болсын  дейтін  ата-ана 
осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын...», – деп ата-аналарға үлкен талап қойған [4].  
Халық педагогикасының негізгі түйіні – еңбек тәрбиесі және өндірістік білім, дағды, 
шеберліктерді ұрпақтан ұрпаққа қалдыру. Ол ауыз әдебиеті (ұлттық әдебиет) және ұлттық 
салт-дәстүр  болып  сараланады.  Ауыз  әдебиеті:  шілдехана  жыры,  тұсаукесер  жыры, 
санамақтар,  жаңылтпаштар,  мазақтамалар,  мақал-мәтелдер,  ертегілер,  аңыз-әңгімелер, 
әзіл-оспақтар болып сараланады. Әрбір жанрдың тәрбиелік (мәдени) мәні бар. Халықтың 
мәдени  деңгейін  көрсететін  салт-дәстүрлер:  игі  әдет,  әдет-ғұрып,  әдеп,  дәстүр,  салт-
дәстүр,  салт-сана  болып  сараланады.  Олардың  өмір  қолданыстарындағы  көріністері: 
рәсім,  рәміз,  ырым,  тыйым,  жөн-жоралғы  деп  аталады.  Бұлардың  ұлттық  ерекшеліктері 
мен  тәрбие  негіздері  бар.  Қазақ  этнопедагогикасының  негізгі  бір  саласы  – 
этнопедагогикалық  ойлар  тарихы.  Бұл  салада  біз  Күлтегін  тас  жазуынан  бастап  күні 
бүгінге дейінгі ойшылдардың, дала данышпандарының ұлттық тәрбиеге  байланысты ой-
мақсаттарын саралап, пайдаланамыз.  
«Біз бала тәрбиелеуде халық тәжірибесіне сүйенеміз»,  деген еді өзінің «Категории» 
атты  еңбегінде  Аристотель.  Халқымыздың  даналығын  білдіретін  ірі  тарихи  тұлғалардың 
туындыларын ұлттық тәрбие тұрғысында  зерделеу қазіргі ұрпақтың білім алуында өзіндік 
мәдениетпен  мақтана  білім  мен  тәрбие  алуына  септігін  тигізеді.  Ортағасырлық 
педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі данышпандар – Қорқыт Ата, 
әл-Фараби  еңбектерінде  ұрпағымызды  ұлтымыздың  даналығымен  тәрбиеге  аса  көңіл 
бөлген  мұраларымен  ұлттық  тәрбие  аясында  тереңірек  ұғындыру  жақтарын 
қарастырғанымыз орынды.  
Шығармашылық қасиетттерді адам өзі біліп, болмаса біреудің оқып үйретуі арқылы 
жасамайды.  Ондай  қасиет  үш  әлемнің    қуатты  күші  арқылы  беріледі.  «Келдібек  толғау 
айтқанда, ол отырған киіз үй шайқалатын, өз даусымен ол дауыл туғызатын, ауылға кенет 
құйын  соғып,  бұл  стихияның  ішінен  көзге  көрінбейтін  салт  аттылардың  тұяқтарының 
дүбірінен жер қайысатын еді», – дейді М.Әуезов. 
Қазақтың ұлттық аспаптары арқылы халқымыз тұрмыс-тіршілікте пайдаланатын бар 
құрал-жабдықтарын  ою-өрнекпен  әшекейлеп,  сұлулыққа,  әсемдікке  жаны  құштар  халық 
екенін  білдірген.  Адамзаттың  барлық  жақсы  қасиеттерін  жас  ұрпақтар  бойына  сіңіріп, 
олардың  қоғамдық  көзқарастарының  дұрыс  қалыптасуында  эстетикалық  тәрбиенің 
маңызы  зор.  Эстетикалық  тәрбиенің  жас  ұрпақтың  өскен  ортасын  дұрыс  таңдауы, 
адамдарға сүйіспеншілікпен қарауы, жалпы адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіруіне 
музыка пәнінің де өз қосатын үлесі зор.  
Ал,  енді  қазақ  ақындарының  домбыраға  көзқарасы  қандай  болды    дегенге  келсек, 
Ілияс  Жансүгіров  «Күйші»  поэмасында  домбыра  бейнесін  былайша  сомдайды  [5]. 
«Күйші»  поэмасының  қозғайтын  негізгі  мәселесі  -  қазақ  күйлерінің,  күй  өнерінің  ғажап 
сыр-сипатын, қоғам, адам өміріндегі ерекше рөлін көрсету. Кене ханды іздеп келіп, соның 
алдында  күйшінің  құйқылжыта  тартқан  ғажайып  күй  өнерін  ақын  тіл  өнерінің  төгілген 
әсем өрнектерімен тартымды бейнелейді. 
Күңіреніп «Асанқайғы» күй толғанды, 
Желмая желе жортып жерді шалды. 
Алатау, Алтай, Арқа, Қырды, Сырды, 
Аралап, қоныс таппай күй зарланды. 
Бұл жерде табиғаттың бір сыры ашылады. Бір сыры дегеніміз - қазақ күйінің табиғат 
құбылысына тең келуі. Асан қайғының Желмаяға мініп Жерұйық іздегеніндей, алып күй 
қазақ  даласын  аралап,  қоныс  таппай  зарланады.  Бұл  –  күйші  жігіттің  бай  қиял  дүниесі, 
асқақтаған арманы мен шабытының көрінісі. Ақын күйші тартқан күйлерді поэзия тілімен 
шебер суреттей білген. 


 
 Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                                  Вестник №3(51), 2014 г. 
 
182 
Алатау күй тыңдады ауылдай боп
Тас балқып, толқып жатты бауырдай боп. 
Аңқылдап алтын жүрек домбырадан   
Құйып тұр жазғы жылы жауындай боп. 
Мұнда ақынның суреттеу жағы басымырақ. Күйді ауылға, бауырға, жауынға теңеп, 
оның құдіретті күшін, үнін танытады. «Алатау күй тыңдады ауылдай боп» деген жолында 
«Алатау» сөзі жинақтау қызметін атқарады. Бұл ұғым нені қамтымайды: таулар, жоталар, 
ұсақ  шоқылар.  Осылардың  бәрі  бірігіп  келіп,  бір  ауылдай  ұйып,  бар  назарын  төгіліп 
тұрған күйге аударғанын ақын шебер суреттейді. 
Поэзиядағы домбыра бейнесі туралы айта кетейік. 
Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-сәл кем бұра
Қазақ – нағыз қазақ емес, 
Нағыз қазақ – домбыра! – деп Қадыр Мырзалиев жырға қосқан [6]. 
Дәл осылайша 
Домбырам, қоңыр қазым, аққуымсың! 
Арманым, мұңым, сырым, шаттығымсың! [7] 
деп Мұқағали Мақатаев мұңы мен шаттығының бәрі домбырада екенін үлкен эмоциямен 
жеткізеді.  Бұл  жерде  ақындардың  домбыраны  суреттеу  тәсілдері  ұқсас.  Екі  ақын  да 
аспапты,  оның  үнін  құс  пен  жануарға  балап  суреттейді.  Міне,  осы  тұста  ақындардың 
суреттеу ерекшелігі байқалып, поэзиядағы домбыра бейнесі ашыла түседі.   
Үйден алыс шыққанда мен екі аманат қалдырам,  
Бірі – ұлым, өзіңсің, 
Екіншісі – домбырам ... 
деп  Жұмекен  Нәжімеденов  ақындық  жүрегінің  домбыраға  деген  махаббатын  білдіреді 
[8].  Ұл  баласын  ұрпағым  деп,  ал  домбыраны  қазақ  жұртының  көзіндей  аманат  етіп 
қалдырып, өз ұлымен тең санайды.  
Домбыра  –  қазақ  жұртының  көзі,  тарихы,  менталитеті,  арманы,  бақыты.  Қазақ 
поэзиясында  домбырамен  қоса  күй  де  жырланады.  Жалпы  күй  туралы  Құдайберген 
Жұбанов  былай  дейді:  «Ескі  жазба  белгілердің  ішінде  бұл  сөз  ең  әрідегі  нұсқалардан, 
Махмұт  Қашқаридың  «Диуани  лұғат»  деген  ХІ  ғасырдан  қалған  кітабында  ұшырайды. 
Бұл:  «Ол  көк»  деген  сөзді  мысалға  алып,  оны  «Ол  ән  салып  тұр»  деп  аударды.  Соған 
қарағанда  қазақтың  күй  деген  сөзі  ол  кезде  көк  түрінде  болып,  ән-күй  мағынасында 
қолданылғандығы  көрінеді.  Күй  туралы  мағлұмат  ХІV  ғасырда  жазылған  кітаптардан 
табылады...» [9]. Бұл зерттеулер «күй» сөзінің ертеде пайда болғандығын және оның сол 
дәуірде қалыптасқандығы туралы деректер береді. Аталмыш сөз адамның күйін білдіретін 
шығарма болғандықтан солай аталуы мүмкін деген ойларын жеткізген. 
Қорыта  айтқанда,  халқымыздың  әу  заманнан  күйін  күйіттеп,  мұңын  жырлаған, 
қуанышын  бөлісіп,  тағдырына  ортақтасқан  домбыра  аспабының  күні  бүгін  де  ұрпақ 
тәрбиесіндегі орны өлшеусіз екендігі анық. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  –  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан 
халқына Жолдауы. «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси 
бағыты». – Астана, Ақорда, 2012. – 130 б. 
2.  Фромм Э. Человек для себя. – М., 1992. – 196 б. 
3.  Әміреев  Т.,  Шолтаева  С.  Ұлттық  музыка  аспаптарын  дайындау  (оқу  құралы).  – 
Алматы, 1999.–198 б. 
4.  Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы, 1993.  


Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                                Хабаршы №3 (51), 2014 ж.  
 
183 
 
5.  Жансүгіров І. 3-том. – Алматы: Қазығұрт, 2004. – 246 б. 
6.  Мырзалиев Қ. Домбыра. – Алматы: Жазушы, 1979.– 219 б.  
7.  Мақатаев М. Жырлайды жүрек. – Алматы: Жазушы, 1989.– 276 б. 
8.  Нәжімеденов Ж. Ұрпағым саған айтам. – Алматы: Жазушы, 1988. – 258 б. 
9.  Жұбанов Қ. (Құраст. Ақырап Жұбанов). – Алматы: Өнер, 1990.– 218 б. 
 
РЕЗЮМЕ 
Шекенкызы С.,
 магистр 
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет) 
ОБУЧЕНИЕ ЛИЧНОСТИ ТВОРЧЕСТВУ С ПОМОЩЬЮ ДОМБРА В МИРЕ 
ЛИТЕРАТУРЫ 
 
Судьба  казахского  народа,  его  традиции  и  обычаи,  культура  и  литература  тесно 
связаны  с  историей  национального  музыкального  инструмента  –  домбырой.  Это  значит, 
что  домбыра  несет  в  себе  очень  высокое  понятие  воспитания  любви  к  родному  народу, 
земле,  духовной  культуре  и  языку  будущего  поколения  государства,  и  стоит  уделять 
этому инструменту почетное место в ознакомлении с родной культурой и историей. 
Ключевые  слова:  музыкальный  канон,  мотивационный  компонент,  фабрика 
музыкальных инструментов, литература, кюи. 
 
SUMMARY 
 
Shekenkyzy S.,  
master, 
(city Almaty, Kazakh State Women’s Teacher Training University) 
TEACHING PERSONALITY TO 
CREATIVITY
 WITH A HELP OF DOMBYRA IN 
THE WORLD OF LITERATURE 
The  fate  of  the  Kazakh  people,  their  traditions  and  customs,  culture  and  literature  are 
closely  connected  with  the  history  of  national  musical  instrument  -  Dombyra.  This  means  that 
dombyra carries a very high concept of education of love for the native people, the motherland, 
the spiritual culture and language of the future generation of the state, and  the special attention 
should be paid to this instrument as to the place of honor in learning native culture and history. 
Keywords: music canon, motivational component, musical instruments factory, literature, 
kui. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

жүктеу 9,27 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау