Қазақ
мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №3 (51), 2014 ж.
15
Ілияс көрсеткен ел музыкасының екі түрлі қасиетіне де толық қосылуға болады.
Оның бірі – халық әндерінің түбінде бір адам шығарғанын мойындай отырып, ауыздан-
ауызға, құлақтан-құлаққа иесін керек қылмай көшіп отырып, ауыз әдебиетіндей ортақ
мұраға айналып кеткендігі де, екіншісі – көп әндердің бірсарындас келетіндігі. Әсем әнді
шығарушы шын талант сирек те, әнді үйренуші, салушы, тіпті жаңғыртушы көп. Осындай
өзгертіп, өңдеп салушылардың көптігінің де әсері болса керек. Әннің, әуеннің бойына сол
әнді шығарушының қоғамдағы орны, ой-санасы, табиғи тұрпаты да таңбасын салады.
Бұған Ілияс Бұхар жырау әндерінің толғау ырғағында, дүниені кезіп, жер жаннатын
іздеген Асан қайғы әндерінің безілдеу, зарлау сарындас келетінін, бұған Біржан мен
Әсеттің өрлемпаз келетін, Жаяу Мұсаның жаңа сарынын мысалға келтіреді. «Бұхар жырау
әнін толғау ырғағына қарай бұқараға түсініксіз ханға, биге, батырға арналған түйткілдеу,
сұрай тастау ырғағына салса, Асан Қайғы ашықтан-ашық зарлау, қоныс іздеу, дағдару,
безілдеу сарынымен кетсе, қу тілді ақын Құлдың (кісі аты) әні моқалдау, ақырын ыбыр,
шымшымалау келеді».
Ілияс сол кездегі қазақ әншілерін екі топқа жіктеген. Бірінші топқа, дала
музыкасының әрі актеры (салушысы), әрі авторы (шығарушысы) бола білген музыка
таланттары, ән шығарушылар – Біржан, Ақан, Әсет, Жаяу Мұсаларды кіргізеді. Артына
тамаша ән мұрасын қалдырған бұл дала композиторларын ақын «әнді тыңнан салу»
қасиетіне қарай топтаса, екінші бөлегін әнді «тыңнан салмай, бар арнаны қолдай
салушылар» деген айдармен Әміре, Қали, Балабек, Пысмылда, Манарбек сияқты
әншілерді атайды. Әйтсе де, әрқайсысы ән салатын, қоржынынан ел әндерінің небір сирек
нұсқаларын табуға болатын тігінші емес, бүтінші болса да, жасаушы емес, жамаушы
болса да, елден-елге кезіп жүрген әндердің ең асылдары осыларда болатынын Ілияс
ескерте кетеді. Қазақ музыка өнерінің шын жанашыры бола білген Ілиястың әндер,
әншілер туралы бұл мақаласының да қазақ әдебиеті мен қазақ өнері тарихынан алатын
орны ерекше екендігі анық.
Тыңнан тұжырым жасап, баянды ойға бастау бола білген, өнер тілін өз тіліндей
жеткізе білген Ілияс Жансүгіровтің өнер, мәдениет, әдебиет тақырыптарындағы
публицистикалық мақалалары отандық көсемсөз антологиясынан өзіндік орны бар
лайықты мұра болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Ілияс Жансүгіров. Алматы облысының мемлекеттік мұрағаты. – Алматы: Үш қиян.
2006. – Б. 17-23.
2. Ілияс Жансүгіров. Бесінші том. – Алматы: Жазушы, 1988.– 368 б.
3. Кәкішев Т. Қазақ әдеби сынының тарихы. – Алматы: Санат, 1994.– Б. 413-416.
РЕЗЮМЕ
Адилбекова Л.М.,
к.ф.н., и.о. профессора
(г.Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет)
ПУБЛИЦИСТИЧЕСКОЕ ДОСТОЯНИЕ ИЛИЯСА ЖАНСУГУРОВА
Публицистика является инструментом самовыражения и отражает гражданскую
позицию человека. Изучение публицистики Кулагера казахской поэзии Илияса
Жансугурова имеет особое значение для исследователей истории казахской литературы и
публицистики.
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №3(51), 2014 г.
16
Ключевые слова: публицистика, Илияс Жансугуров, искусствоведение, музыка,
фельетон, литература, журналистика.
SUMMARY
Adilbekova L.M.,
candidate of philological sciences, acting professor,
(city Almaty, Kazakh State Women’s Teacher Training University)
PUBLICISTIC HERITAGE OF ILIAS ZHANSUGUROV
Journalism is a tool of expression and reflects the citizenship position of human. Studying
journalism of Kulager Kazakh poetry Ilias Zhansugurov has a particular importance for
researchers of history of Kazakh literature and journalism.
Keywords: publicism, Ilias Zhansugurov, art studies, music, satirical article, literature,
journalism.
ӘОЖ 81’25: 821.111(73)
АМЕРИКАН ЖАЗУШЫСЫ Э.ХЕМИНГУЭЙДІҢ «ҚОШ БОЛ, МАЙДАН!»
РОМАНЫНДАҒЫ ТАБИҒАТ КӨРІНІСТЕРІНІҢ АУДАРМАДАҒЫ СИПАТЫ
И.М. Байзакова,
оқытушы
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті)
Аңдатпа: Берілген мақалада Э.Хемингуэйдің «Қош бол, майдан!» романындағы
табиғат көріністерінің аудармадағы сипаты қарастырылады. Түпнұсқа мен аударма
нұсқаларды салыстыра отырып, талдау барысында ағылшын тілін білетін
Қ.Қараманұлының аударма барысында түпнұсқамен де жұмыс істегені, бірақ аударғанда
жазушы стиліне жат элементтерді енгізіп қойғандығы анықталды. Қазақ тіліне аударғанда
сөйлемдерді біріктіруден гөрі, бөлшектеудің көп қолданылғанын байқадық. Бұл тәсілдің
аудармада қаншалықты орын алғанынан хабардар болу үшін қазақша нұсқадағы сөйлем
санының орысшадағыдан 632-ге артық болып шыққандығын атап айту қажет. Кей
жерлерде тілдердегі синтаксистік мүмкіндіктерге қарай сөйлем құрылымын сақтай
алмауы түсінікті, алайда арасында тұтастай аударуға қолайлы жағдайды пайдаланбай,
қысқа сөйлемдердің орынсыз бөлшектенуі де жиі кездеседі.
Түйін сөздер: аударма, стиль, түпнұсқа, орысша нұсқа, қазақша нұсқа, табиғат
көріністері, салыстыру.
Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан аудармаға үлкен мән беріліп отыр. Мәдениетті
өркендетуге бағытталған «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданып, соның бір саласы
бойынша әдебиетімізді әлемге таныстыру, озық ойлы әлемнің әдеби, философиялық,
ғылыми еңбектерін қазақ тіліне аудару ісі жолға қойылып отыр. Осы бағдарлама аясында
2004 жылы Астанада «Аударма» баспасынан әлем әдебиетінің алыптарының бірі –
Э.Хемингуэйдің «Қош бол, майдан!», «Шал мен теңіз», «Килиманджаро – қарлы тау»,
«Қызығы мол сол жылдар» роман, повестері енген жинағы басылып шықты, өкінішке
орай оларға бүгінгі талаптарға сай түзетулер енгізілмеген. Басқа теориялық мәселелерді