Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау: Қазақстан республикасында инклюзивті қоғамды дамыту балалар үшін бірігейік



жүктеу 3,63 Mb.
Pdf просмотр
бет30/47
Дата30.12.2019
өлшемі3,63 Mb.
#25459
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   47

3.3. денсаулық сақтау 
қызметі 
Мүгедектігі бар балалардың әлеуметтік 
интеграциясының бір қырын білдіретін 
медициналық қызметтің қол жетімділігі 
балалардың аман-саулығының бір аспектісі бо-
лып табылады. Өмір сүру, күн көру және даму 
құқығы - Бала құқығы туралы конвенцияның 
негізгі қағидаларының бірі – мүгедектігі бар ба-
лалар үшін ерекше маңызды болып табылатын 
аман-саулықтың құрамдас бөлігі медициналық 
сапалы әрі уақтылы көмек көрсету. Алынған 
сұхбаттардың бірқатарында мүгедектігі бар 
балалардың тиісті медициналық көмек алу 
кезінде ұшырасатын қиындықтары сөз болды. 
Мүгедектігі бар балалардың ата-аналарынан 
тұратын фокус-топтың бірнеше қатысушысы 
қанағаттанарлықсыз медициналық көмек 
көрсетілуі олардың балаларының денсаулығына 
кері әсерін тигізгеніне нала білдірді. Бұл мәселе 
негізгі екі қиындыққа келіп тіреледі: денсаулық 
сақтау мекемелерінің қол жетімділігінің 
шектеулілігі және медициналық қызметтің 
сапасының төмендігі. 
3.3.1. Медициналық мекемелер 
Медициналық мекеме негізінен қала аудан-
дарында орналасқан, сол себепті мүгедектігі 
бар балалардың ата-аналары өз балаларын 
медициналық мекемеге қарату қашықтан 
қатынауға немесе ауылдық жерден көшіп келу-
ге мәжбүр болып жатады. Әртүрлі медициналық 
көмек көрсету деңгейлері әртүрлі жерлер-
де орналасқан, осыған қарамастан базалық 
медициналық қызметтер ауылдық аудандарда, 
ал мамандандырылған медициналық көмек 
нақты облыстық орталықтарда ұсынылады, 
осыған сай ең жоғарғы медициналық қызмет 
деңгейі Астанада көрсетіледі. Жоғары деңгейде 
көрсетілетін медициналық көмек негізінен қала 
аудандарында орналасқанына қарамастан, 
жергілікті деңгейде қызмет көрсету әрекеті 
қолданылды. Мемлекеттік денсаулық сақтау 
қызметінің өкілі ауылдық аудандардағы 
балаларға екпе егуді қамтамасыз етуге 
арналған мобильдік топтар пайдаланылатынын 
атап өтті. Екпе егу үшін клиникаға бара алмай-
тын мүгедектіктің ауыр формасымен ауыратын 
балаларға мынадай жолпен екпе егіледі: 
«...ауыр сырқат, мүгедек, төсек тар-
тып жатқан балаға екпе егуге қарсы 
көрсеткіштер болмаған жағдайда екпе 
егіледі, мобильдік топ олардың үйіне барып 
екпе егеді» (ИН27).
Балаларды үйіне барып қарайтын медициналық 
қызметкерді пайдалану қозғалу мүмкіндігі жоқ 
балаларды негізгі қызметтермен қамтамасыз 
ете алады.
Үкіметтік мекеменің басқа респонденті 
медициналық-әлеуметтік мекемелердің 
жалпыға бірдей қол жетімділігі қамтамасыз 
етіліп отырғанын атап көрсетті: ол басқаратын 
облыста қимыл-қозғалыс аппараты бұзылған 
және психоневрологиялық ауытқулары бар 
балаларға арналған осындай екі мекеме және 
облыс бойынша мүгедектігі бар балаларға 
арналған күндізгі күтім жасайтын бес мекеме 
бар. Бала мен дәрігер арасындағы физикалық 
қашықтықты қысқарта отырып, сонымен қатар 
ата-аналардың едәуір ашықта орналасқан 
медициналық мекемеге қатынау қиындығын 
азайта отырып, медициналық және әлеуметтік 
көмек алу деңгейін жоғарылататын үйде күтім 
жасау қызметі де бұрынғыдан қол жетімді болу-
да. Қарағандыдан келген бір респондент былай 
деп мәлімдеді: 
«Күндізгі күтім жасау қызметіне [мекеме-
ге] мұқтаждар саны біршама. Бұл қызмет 
көрсетудің баламалы формасы. Яғни осын-
дай тәсілмен біз адамдардың қажеттіліктерін 
қанағаттандырудамыз. Мұның ба-
сты себебі ата-аналар өз балаларын 
қараусыз қалдырғысы келмейді. Олардың 
таңдауына әсер ететін тағы бір фактор бар 
–мүгедектік, бала күтімі бойынша берілетін 
жәрдемақылар, олар бұл ақшаға мұқтаж». 
(Респондент; ИН8)
Респонденттің пікірі бойынша, кейбір ата-ана-
лар күндізгі күтім жасау орталықтары немесе 
үйде емдеу сияқты баламалы қызмет көрсету 
формаларын құнды қосымша ретінде пайдала-
на отырып, өз балаларын емдеу мекемесінде 
қалдырғысы келмейді.  
3.3.2. Медицина қызметкерлерінің 
біліктілігі  
Медициналық мекеменің физикалық 
қашықта орналасуынан басқа, медициналық 
қызметкерлердің білім деңгейінің шектеулі 
болуы және мүгедектікті емдеу бойынша 
ұсынылатын емнің шектеулі сипаты салдары-
нан медициналық қызмет көрсету сапасының 
төмен болуы аса күрделі қиындық туғызуы 
мүмкін. Фокус-топтағы талқылауларда ата-
аналардың бірі былай деді: 
68


Мүгедектігі бар балалардың жағдайына талдау:  ҚазаҚстан республикасында инклюзивті ҚоғаМды даМыту
«Олар бізге баламызда церебралды сал ау-
руы бар деді. Басқа ештеңе айтқан жоқ. 
Бізге қайда барып ем қабылдау қажеттігі, не 
істеу керектігі және жазылу үшін не істемеу 
керектігі туралы ештеңе айтылған жоқ. 
Сіздерде БСА деді, болды». (1-ата-ана; ФГ5)
Консультациялық қызметтердің жетіспеушілігі 
емдеу нәтижесі сапасының төмен болуына 
әкелетін және баланың одан әрі қоғам өміріне 
толыққанды араласуына мүмкіндік бермейтін 
тиісті медициналық көмекпен қамтамасыз 
ету қиындығы дәрежесінде анықталды. Басқа 
респонденттер медициналық қызметкердің 
тиісті емдеу курсын ұсыну үшін кәсіби даярлық 
деңгейінің төмен болатыны немесе білімі 
жетіспейтіні, әсіресе, олар сырқатты басынан 
бастап, асқынбаған кезінде анықтай алмай-
тыны жөнінде пікір білдірді. Кейбір ата-аналар 
осыған ұқсас тәжірибелерімен бөлісті:  
«Көп дәрігерлердің білімі жоқ. Бүгін олар сізге 
балаңызда мынандай сырқат бар деп айта-
ды. Келесі күні басқа қиындықты анықтайды. 
«Біресе бір аяғы сырқат дейді, берісе екінші 
аяғы ауру дейді», «сіздің балаңыздың жүрегі 
ауырады, жоқ, сіздің балаңыз сау дейді...». 
«Біз сіздің балаңызға ота жасай аламыз 
дейді де, жоқ, біз жасай алмаймыз дейді». 
Мұның бәрі іс жүзінде болуы мүмкін бе? Осы 
күні болып жатқан жағдай. Олар бізді біресе 
бір ауруханаға жібереді, сосын екіншісіне 
жібереді. Сырқат баламен жүгіріп жүру оңай 
емес». (1-ата-ана; ФГ5) 
«Маған балаңыздың дені сау деді. Бала сау 
болған соң бізді ауруханадан шығарып, 
үйге жіберді. Осыдан кейін біз үйге келген 
соң баланың ыстығы 38-39 градусқа дейін 
көтерілді. Сосын бізді ауруханаға жатқызып, 
балада қатерлі жүрек ауруы бар, пневмония 
деді...». (4-ата-ана; ФГ5) 
«Бала туа салысымен жылауын тоқтатпады. 
Анасы қолынан келгеннің бәрін жасады. 
Ол көптеген дәрігерлерді аралап, ұлының 
ұйықтамайтынына шағымданды. «Ой, 
сіздің балаңыз ауырмайды. Ол сап-сау», – 
деді. Шарасыз анасы ұйықтай алмайтын 
баланың қасында күні-түні отырып қиналды». 
(6-тәрбиеші; ФГ5)
«4-5 айлық кезінде баламды ауруханада тек-
серуден өткізгенде дәрігерлер ештеңе таба 
алмады және бізге бәрі жақсы деп шығарып 
салды. Егер олар баланың сырқатын сол 
кезде анықтағанда, біз баланың қасында 
өткізген ұйықысыз түндер мен шырқырап 
жылаған көз жасын болдырмауға болатын 
еді». (5-ата-ана; ФГ5)
Соңғы дәйексөз респонденттердің арасындағы 
егер олар баланың мүгедектігі туралы асқынбай 
тұрған кезде хабардар болса, баланы емдеу 
де жеңілдеу болар еді, әрі сырқаты меңдеп 
«Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» республикалық конкурсында.
69


жүктеу 3,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау