Мұхтар Әуезов Қорғансыздың күні



жүктеу 30,37 Kb.
Дата16.02.2023
өлшемі30,37 Kb.
#41331
Қорғансыздың күні

Мұхтар Әуезов

Қорғансыздың күні

Ғазиза – 13 жастағы қыз


Мұқаш – Ғазизаның інісі
Кемпір – сексеннен асқан әжесі
Соқыр әйел – 40тағы анасы
Ақан
Қалтай

Мұқаш: Біздің өңірде Арқалық деген тау бар. Даланың көңілсіз ұзақ жолында қажыған жолаушыға Арқалық алыстан көрініп, шақырып тұратындай.Жолдың аузында көлденең созылып жатқан тұрқы он шақырымдай болғанмен, енсіз кереге сықылды, жалғыз тау.Арқалық жадағай, жалғыз тау болған соң, қыс күнінде жел терісінен соқса да, оңынан соқса да паналығы жоқ: азынап тұрады.Қыстың басынан екі жағын қар алып, жұмыртқадай қылып тегістеп тастайды.Сондықтан басқа жерлер ашық болғанда, Арқалықтың бауыры үнемі бораннан босамайтын.Алыстан қарағанда да Арқалық бұдыры жоқ жалаңаш. Көруге аса көңілсіз.


Жыл сайын қыс басынан қарлы болып, малға панасы жоқ болғандықтан, бауырын жайлаған ел малын өлтіріп, біраз зардап шегетін.Сондықтан бауырын мекен қылған ел көбінесе кедей болатын. Бұл жерді мекен қылған ел ерте күннен аталарының қонысы болғандықтан және басқа ірге аударарлық жайлы жері жоқтықтан «құдайына жылап» отыра беретін.Бұлардың жалғыз-ақ медеу ғылатыны Арқалықтың егіндігі еді. Сол тек егіндік үшін бұл өңірді қимайтын.
Январь айының аяқ кезі. Күн батуға тақап қалған уақыт.Аспан ашық. Берірек тұрған азғана ала-шұбар бұлттар кең жаханның жүзіне перде бола алған жоқ.Күні бойы тыныш, жылы болған жел Арқалыққа жақындағанда ғана ызғырықтап, жаңада жауған көбік қарды жаяу борасындатып тұр. Күннің қызыл сәулесі даланы да, тауды да өз өңіне кіргізген. Күнбатыс жақтан бораған ұсақ қар да күн астынан қызғылттанып көрінеді.
Арқалықты бетіне алып, қала жақтан бір пар атты келе жатты.Жайдақ сары шанаға биіктеп салған жеңіл жүгі бар, жақсы киінген екі жігіт. Бұлардың басшысы – Ақан деген жігіт. Жасы отыз шамасында. Бұл адамның күлгендегі пішіні құмарлыққа көп салынғандығын білдіріп тұрады. Қасындағысы – Қалтай. Ерте күннен жанынан тастамайтын жолдасы. Ақан болыс болғаннан бері қарай атшабар қылып, бұрынғысынан да жақын ұстайтын. Қалтай аса пысық, сөзге ұста, қалжыңқой, әсіресе Ақанның түндегі жүрісіне өте ыңғайлы, әрі жылпос, әрі тілді ер жігіт еді.
Ақан күні бойы жолда көп сөйлемей, бір нәрсені қадалып ойланғандай болып отырды. Көбіне оның не ойлайтыны белгілі еді. Ол көбінесе осындай қадалып ойлағанда, қиялында бір сұлу әйелдің суретін тауып алып, соған қырындап, қатты құшақтасам, сүйсем деп, соңы ермек қылушы еді.
Жолаушылар күні бойы тоңбай келсе де, кешке жақын күн суытыңқырап, Арқалықтың бауырының ызғырығы қатайған соң, тоңази бастады.Осылай алыс жолдан жалығып, тоңып келе жатқан жолаушыларға бір жіңішке қара сызық секілденіп Қанайдың жалғыз қорасы көрінді. Ұзақ жол қажытқан жолаушылар осы болымсыз кішкене сызыққа қарап, қоналқаға келетін үйінің әртүрлі көңілсіз жайлары есіне түсірді.Бұрынғыдан да тұнжырады. Көңілсіздік молайды.
Қанайдың қорасы жан иесінің мекені екендігін білдірмейді.Иесіз аңырап, ұмытылып қалған бірдене секілді.Қорадан жарты шақырымдай жерде басы қара қожалақ болған кішкене төбешіктің үстінде томпайып жатқан бір үлкен кісінің, бір баланың бейіті бар.Жолаушылар өтіп бара жатып, әлгі бейіттерге қарап: ауыздары күбірлеп, тоңған қолдарын көтеріп, беттерін сипап, бата қылады.Күллі дүние аппақ қардың, боранның ішінде секілді. Бұл күйден аманырақ есіктің алды ғана.
Қораның сыртынан білініп тұрған осы секілді көңілсіз күйін көрген адам «Бишара, мынау қандай сорлының қорасы екен?» деп еріксіз айтқандай. Мұны ойлаған адам үйге кіріп, қораны мекен қылған адамдарды көргенде, әлгі ойының шындығына көзі жетуші еді.
Күндізгі біз көрген жолаушылар күн батып, қой қоралаған мезгілде осы қораның алдына келіп тоқтады.
Ақан: Қалтай, осы үйге қайдан әкелдің? Кісі отырарлық жері де бар деймісің, басқа үйлердің біріне бармай
Қалтай: Үндеме, неге әкелгенімді кейін білерсің
Мұқаш: Құлағына жайлы хабар тиген соң, Ақан үйге кіруге асыға бастады.
Бұл үйдің барлық жаны – үш-ақ әйел. Пештің жанында біріне-бірі тығылып, бүрсиіп отыр.Әйелдердің біреуі – сексеннен асқан, кәрілігі әбден жеткен кемпір, екіншісі қырықтың шамасындағы әйел, үшіншісі он үш жастағы жас қыз.Кемпірдің жасы қартайып, қуаты азайғандығы шын болса да, бетінде ерекше бір қайрат білінеді.Маңдайы мен екі ұртына түскен қатпары қалың терең әжімдері өмірінің талай қайғы, талай бейнетіне куә. Бұл кемпір осы үйдің қазіргі қожасы.Ана әйелдің біреуі – келіні, біреуі – сол келіннен туған немере қызы. Келіннің пішінінде не жақсылығына, не жаманшылығына айғақ болған белгі жоқ.Бірақ бұның пішінінде де өзгеден бөтен бір жаттық бар.Қадағалап қараған кісіге ол көрінетін.Ол сол отқанда екі көзінен айырылған суқараңғы еді.Бұл екі әйелге ермек, жұбаныш болып отырған – жас қыз. Ол – сыпайы, нәзік болып өскен Ғазиза.Көрген көзге алғашқы жерден-ақ сүйкімділігін сездіретін уыз жас.Сырт пішіні – мұңды, жүдеу.Жас басына орнаған қайғы, жүрегін жеген дерт сыртына шығып тұр.
Бұл баланың уайымы не? Уайымы – осы үйдегі үш әйелге ортақ болған жесірлік, жетімдік.Бұлардың басынан тағдыр дауылы жаңада ғана соғып өткен.Қораның алдындағы жас бейіттер сол дауылдың салдарынан туған.Бұл әйелдердің қуаныш-қызығы да, үміт-қорғаны да сол суық қабырға өліктермен бірге көмілген.Иесіз қорада қуатсыз, қорғансыз үш әйел құлазып, зарлап қалғанда, маңайынан жиылған көршілері жақындарының сүйегін суық қабырға салғанын ойлағанда, әрқашан Ғазизаның жүрегі шаншып, өңі қашып, көзінен ыстық жасы тамшылап кетуші еді.
Бұрын әкесі тартатын ауыртпалықтың бәрі бұл күнде Ғазизаның өз басына түскен.Еркек істейтін шаруаның барлығын өзі жасайды.Бұрын тыстағы шаруасына да көмегі тиіп, үйдегі барлық шаруаны жайлап отырған шешесі жиырма күннен бері көзінен айырылып, соқыр болды.Үй ішінің қайғысы бұрынғысынан да асты.
Кемпір: «Құдай-ау, не күнә сұмдығымнан осындай қазаға душар қылдың? Не жазығым бар еді?»
Мұқаш: Ғазиза да екі шешесімен қосылып, жүректерін жеген қайғыларын сыртына шығарып сөйлескенде, бұрынғы өткен күндерін сағынушы еді.
Кемпір: «Ол күн де бір дәурен екен ғой, Жақып тірі тұрғанда кімнен кем, кімнен қор едім? Ендігі айтсаңшы, тістегеннің аузында, ұстағанның қолында кетіп отырған»
Мұқаш: Күндегі әдетпен белгілі уайымның соңында бишара әйелдер отырғанда, үйге екі кісі кіріп келді.
Соқыр әйел: Келген кімдер?
Ғазиза: Білмеймін, танымаймын
Қонақтар киімдерінің қалған қарын қағып, төрге отырған соң, асжаулық әкелгізді.Ақан құран оқыды.
Қалтай: Құдай ісі сыпайышылық, ақырының қайырын берсін
Мұқаш: Үй іші қонақтар алғашқы келгенде таңданса да, артынан пішіндерін, қалыптарын көрген соң, жетімдік халдеріне мүмкін болған дәрежеде көңілденіңкіреп, жадырап, шамаларынша серги бастады.Еркектері өлгеннен бері қалған әйелдердің уайымынан босаған шағы осы бөтен кісілер келгенде ғана болатын.
Кемпір: Қарағым, біздің хал-жайымыздың шет-жағасын көріп-біліп отырсың ғой. Біз жетім-жесір қалған панасыз бишарамыз.Барлық дүниенің тауқыметін арқалап қалған жас балам – анау.Мен болсам – сарнаған тілімнен басқа түгім қалмаған, қайратым қайтқан, бір аяғым көрде, бір аяғым жерде тұрған қуарған бір кемпірмін.Екі көзін алып, құдайым мүгедек қылып қойған келінім – анау.Әрі өтіп-бері өтіп жүргенде, сондай бишаралар еді-ау деп есіне ала жүрсін деп, айтып қояйын деп отырмын.Күндердің күні болып жүдеп-жадап, біреуден зорлық, біреуден қорлық көріп отырған үстіне келсең, көзіңнің қырын саларсың.Жайымды айтып қояйын: ең болмаса – жылы сөзіңді айтарсың.
Міне – менің Жақыбым өлгеніне екі ай болды.Біреуі туысқан болып: бишара, жайың қандай, шаруан не күйде деп, есіктен қарады ма екен.Қайта үйге келсе, бір нәрсемізді аузына түсіріп алғысы кеп тұрады.Мен сорлы балам өлгеннен бері солардан көрген зорлығымды айтайын деп отырмын.
Соқыр әйел: Жақып өлді.Одан бір жұма кейін, жығылғанның үстіне жұдырық деп, Мұқашым өлді.Күндіз-түні жылауда болып, есеңгіреп отырғанымызда: енді бұл үйдің еркектері кетті, ылғи ұрғашы үй болып отыра алмайды; дүниесін бөліп аламыз; қатындарды әрқайсымыз қолды-қолымызға аламыз деп, балаларымның бет топырағы жасырылмай жатып, суық сөз жүргізді ғой.
Кемпір: Мына жамандардың ішінде оның тырнағына татитыны бар ма? Жақыбым осы жолы ауырғанда – сол айуандардың кесірінен ауырды. Баламды малай қылып, білгендерін істетті.Менің балам қолының қысқалығына қарамай, анаған да, мынаған да араласып, ертеңді-кеш қарап отырмайтын.Кейде сыр қылып, қарағым, не істеп жүрсін деп сұрағанда, күліп: «Апа, соңы неғыласыз, мен тірі болсам, аштан өліп, көштен қалам деймісіз» деп жүре беруші еді.Бүгін басыма күн туған соң, біліп отырмын ғой.Әйтпесе ішкен-жегеннен басқаны біліп пе едік?
Қарағым, айтуға ауыз бармайтын сұмдық бір жәйт бар.Сол әкесін қорлап өлтіргендер, ендігісі – қалған көзімнің қарашығы – жалғыз Ғазизамды жылатпақ.Кеселділердің осы сөзін естігенде, мына отырған балам зарлап қоя берді.
Осы сөзді айтқанда, кемпір маңайындағы жауыздықтың бәрін айқын көріп, өздерінің сол жауыздықтың қолында бір ойыншық болып отырғанын көріп, ызамен көзінің жасы сорғалап ағып кетті...
Мұқаш: Ақан менҚалтай бұл әңгіме айтылып отырғанда, жайланып шынтақтап жатып, анда-санда көздерін Ғазизаға жіберіп қойып, қадағалап қарап отырды.Кемпірдің сөзін тыңдап отырса да, Ғазизаға қарай қалған пішіндерінде көңілдегі бір алаңдық пен іштеріне жасырынған жат ойдың белгісі көрініп тұр.
Соқыр әйел: Кешегі баламнан қалған жалғыз көзім – бұл жылаған соң, бізде не тақат тұрады.Бұны жылатқан соң, қуарған қу өмірдің не бағасы бар?Менің үйім – осы ауылдың үлкен үйі. Бүгін сол қара шаңырағының құруға айналып отырғаны – мынау.Әлгі менің баламды ана пұшыққа беріп жібермек болып жүргендегі ойы не деші? Қарағым, бүгінгі дүниеге ие болып, осы азын-аулақ шаруаны ұстап отырған Ғазиза ғой. «Осыны бірдеме қылып көзден таса қылсам, мына кемпір мен ана көзінен айрылып отырған қатын шаруаны ұстай алмай, мұнан соң бар малымен, дүниесімен өз қолыма тиеді ғой» дейді.
Кемпір: Менің баламның жылағаны оларға не керек?Жақыптың аруағы ырза болмай, күңіренгені не керек? Мінеки, қарағым, осы айтылып отырған дұшпанның дұшпандығын ойлағанда, онсыз да қаңғырып отырған басымыз дал болады.Осылардың осындай қорлығын ойлағанда, осы жерде өле қалғым келеді.
Құдайдың менің өз басымнан, менің ұрпағымнан аяған қазасы бар ма? Жасымда шешем өліп, өгей шешенің қолында қалып, жетімдіктің зарын өзім тартып едім.Содан өмірім жылаудан, күйіктен арылған емес.Енді қартайып, төрімнен көрім жақын болғанда, құдайдан ертеңді-кеш тілейтінім: «Жақыбымның жаманатын естіртпе, осының алдында ал» деуші едім. Ол тілегімді Аллам істемеді. Тілеуі құрыған сорлы мен бұл күйік, бұл дертті көргенше, шірісем едім.
Сәл үнсіздік.
Мұқаш: Ақан Ғазизаға алғашқы кезде көп қарауынан әлі күнге танған жоқ.Кемпірдің көзі өзінен ауып кетсе, оның көзі тек Ғазиза да болды.Көңліне орнаған жаман ойды Ғазизаға білдіргісі келді.Бірақ көңілі бұзылып, жаманшылықтың, зорлықты көрмеген Ғазизаға ол қарасты ұғуға шорқақ болды.Ақан көп қарағанда, ол қымсынып, қысылыңқырап, биязылығын сақтауды ойлады.Біраздан соң ас пісті.(теріс қарап ас ішеді)
Бірталай уақыт өтті.Қонақтар тамағын ішіп жайланып, тысқа шығуға айналды.
Кемпір: Қарағым, қонақтардың атына шөп керек болар; өзің шам алып бірге шығып, шөп алатын жерді көрсетіп бер.
Мұқаш: Ғазиза бұрын ойына еш нәрсе келмесе де, Ақанның сол арада көп қарағандығынан сескеніп, біраз үндемей қалды.Аяғында шықпасына болмайтын болған соң, амалсыз қонақтардың артынан бұ да шықты.
Ақан есіктің аузында қалып, Қалтай мен Ғазиза шам ұстап, қораның ішіне кірді.Қалтай қораға кірісімен шөпке қарамай, үлкен жұмысы ол емес, басқа нәрсе екенін сездіріп, өңі өзгеріп, әдепсіз мінезге түсіп, ойында дайындап алған сөздерін сөйледі.
Ғазиза: Сенің ойыңдағы сұмдығыңды білмей тұрмын ба? Аулақ жүр! Мен сенің мазақ қылатын кісің емеспін!
Мұқаш: Ғазиза сол бетімен жүгіріп, қораның есігінен шыға бергенде, Ақан ұстап алды.Ғазизаның айқайлағына қарамай, көтеріп қораның қуысына алып кетті. Қалтай сол мезетте шамды өшіріп жіберді, дүниені қараңғылық басты.
Ғазиза зорлықтан босанғанда, есі ауыңқырап, көңліне дүние дүниелігін жоғалтқандай, өзінен алыстап бара жатқандай болып көрінді.Бұл сезім – бұл уақытқа шейін көңліне келмеген аса жат бір суық сезім.Не қыларын білмей, өксіп-өксіп жылап, жерден басын көтерген қалпында отырып қалды.Бірталай отырған соң, ептеп есі кіре бастағандай. Бірақ, есі кірген сайын, ойына келген нәрсе өзгеше суық түрде.Әуелі әкесі өлгеннен бері басына түскен ауыр халі, соқыр болып, мүгедектеніп отырған анасы; қартайып, қайтаратынан айрылып, кемтар болып отырған кемпір әжесі есіне түсті. Басында бір ойына келген нәрсе – шешелеріне барлық көрген қорлығын айтып, жылап, зарлау жату еді.Артынан әлгілердің әлсіздігін ойлағанда, іші құсаға толып, жас жүрегі жаншылып, бұл күнге шейін көрмеген азабын тартты. Кедейлігінен, қорғансыздығынан басқа міні жоқ, салмақты, таза тәрбиелі бала – бұл күнде не көріп отыр?
Мұқаш: Әкеміз өлгеннен бері: « ә, құдай, біреудің зорлығын, қорлығын көрсетпе!» деп, тілеген уыз тілегі қайда кетті? Бұрынғы бейнет, бишаралық былай тұрсын, мынау көрген мазақ не?Осынша қорлау, рәсуәлау не? Осы зорлықты көруіне қаршадай баланың не жазығы болып еді?Бүгінгі өмір бойында құлағы естімеген зорлық, зұлымдықты көруге не жазық қылып еді? Ешбіріне жауап жоқ.Бірақ қайда жүрсе де, артынан қалмайтын бір сорлылық, бір жылау.
Қорлық, мазақ көрген Ғазизаның көзінен дүниенің барлық қызығы кетті.Жастығына лайық болған үміт, хиялдың бәрі де ойын басқан қараңғылыққа батты, көңліндегі өмір сүрсем деген оттың жалыны сөнді.
Ғазизаның көңлін бұл қиял кернеген сайын, үйге кіру керексіз бола бастады.
Ғазиза: Енді үйге кіріп қайтемін? Үйде мен көретін не қызық қалды? Бишара болған шешелерім ақырғы қайғымды көрмей-ақ, білмей-ақ қойсын! Қайғылы бір сыр көрге бірге-ақ кетсін...
Мұқаш: Ғазиза кетіп бара жатып, ойланып артына қарап, бишаралықтың кебінін киген кішкене қорасын көрді. Бишаралық, иесіздіктің таңбасы басылған ескі лашықтың ішінде Ғазизаның балалығы, еркелігі және қайғысы, қасіреті қалды. О да бірге көмілмек.
Ғазизаның көңлінде қалған ойдың ең ақырғы бұйрығы: әкесі мен бауырының бейітіне барып, екеуінің арасында отырып зарлау! Дүниеде жетім болып, жалғыз қалғандағы басынан кешірген қасіретін шығару, азабын, дертін айту.
Ғазиза: « А, құдай, ендігі бар тілегім – осы көкемнің басына жеткіз».
Біз Ғазизаны шығарып салып, үйдегі жәйтқа оралайық. Ақан үйге кіріп бірден жатып қалды. Бірақ тыста болған нәрсенің немен тыңарын білмей, қорқып, біресе істегеніне өкінгендей болып, қорғалақтап жатты.
Соқыр әйел: Ғазиза қайда жүр?
Кемпір мен әйел уайымдап, қорқа бастады. Осы кезде Қалтай кіріп келді.
Кемпір: Ғазиза қайда?
Қалтай: Бағана кетіп еді ғой, келмеді ме?
Кемпір де, келіні де тынышсыздана бастады. Қалтай бұл жұмыстан ерте бастан өз бастарын арашалап қоймақ болып, бұл бір пәленің боларын алдын-ала білгендей, дайындап қойған сөздерін айтты.
Қалтай: Мен шөп салған соң, құдықтың қайда екенін сұрадым.Балаңыз көрсетейін деп, қорадан бірталай жер ертіп шықты. Күн қатты боран болған соң, тоңып қалар дедім де, үйге қайтарып жіберіп едім. Әлде сонда қораны таба алмай, адасып кетті ме?
Әйел: «Қарағым-ай! Үсіп кетер ме екен? Құдай-ай, тағы неге ұшыраттың?»
Ақан(Қалтайға): Тысқа шық, айналаны қара, айғайлап дыбыста, тез бар.
Мұқаш: Түтеп тұрған боран Қалтайдың сөзін шыңға шығармақ болып, құтырып тұр.
Кемпір: Құдай, тағы төбемнен ұрайын деген екенсің ғой! Қарағым адасты ғой. Ұшып өлді ғой. Аруақтарым, қолдай гөр! Ақсарбас!
Әйел: Е, тәңірі, жоқ болды, өлді
Мұқаш: Зар жылап, түк бітіре алмай, әйелдер үйге кірді. Бұрынғы қайғының бәрінен жаңа қайғы күшті болды. Өлді деуге көңілдері қимай, келер деген үмітті көбірек медеу қылайын десе де, көңілге кіріп қалған қорқыныш жүректерін билеп әкетіп отырды. Бірталай уақыт өткен соң, дүсірлетіп Қалтай келді. Бірақ үйге жалғыз кіріп келген жерде-ақ енді еш нәрсенің болмағанына көздері жете бастады.
Қалтай: Өзім адасып кетіп, ауылды әрең таптым. Еш жерде жоқ
Әйелдер сол түні таң атқанша шам жағып, ұйықтамай отырып, құдайдан тілек тіледі. Сыйынды, жылады. Бірақ ешбір көмек болған жоқ. Шыдай алмай зар қаққан сорлыларға қыстың ұзақ түні жылдай болып созылды. Ақырында таң атты.
Қонақтар ерте қамданып, жүруге ыңғайланып жатты. Таңертен де қарап, еш нәрсе таба алмаған Қалтай маңайындағы ағайындарына хабар берген.Ақан кемпірдің қақсаған зарына шыдай алмай, аттарын дайындап жүріп кетті.
Жиылған ағайындары көп іздемей-ақ, екі жас бейіттің арасында өлік болып қалған Ғазизаның сүйегін тауып алды.Әкесінің бейітіне жабысып, қасіретті өмірдің ақырғы қуатын сол жерде берген екен.Өлер сағатына шейін қабағын басқан қайғы бұл уақытта жадыраған: ізі қалған жоқ. Балалық жүзінде: « Менде жазық жоқ, мен тазамын» деген ашық тазалықтың белгісі, қайғы-қасіреттен сейілген жас баланың ажары бар.
Жауыздықтың жас құрбаны қасіретке толы өмірінің азапты ақ-түтегінен адасып өліп, мәңгі толас тапқандай...
жүктеу 30,37 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау