452
топтардағы бала бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді, өткізу
үшін біріктіріледі.Толық дамуында ауытқулары бар балалар балабақшаның, сыныптың,
мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету
көмегін ата-аналар көрсетеді. Кемтар балалардың ата-аналары көмекші не балабақшаға
баласын бергісі келмесе жалпы балалар оқитын мектептерге ПМПК-ның ұсыныс
бойынша жеңілдетілген бағдарлама бойынша оқытуға толық құқылы. Жалпы білім
беретін мектептер, балалабақашалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген
баланың деңгейіне қарай жеңіл бағдарламамен білім беруге тәрбиешілермен
мұғалімдер инклюзивті білім беруге дайын болғаны жөн. Инклюзивті оқыту негізінде
балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген
теңдік қатынасын қамтамасыз ету, сонымен қатар оқытудың ерекше қажеттілігі бар
балаларға арнайы жағдай қалыптастырудың идеологиясы жатыр. Тәжірибе
көрсеткендей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалып жатады.
Мұндай қалыптасқан жүйе баланың даралық қажеттілігін қанағатттандыра алмайды.
Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір
сүру мүмкншілігін қалыптастырады.
Инклюзивті оқыту- барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында мектеп
және мектепке өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту-
оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік
береді. Адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік
береді. Инклюзивті оқыту-барлық балалардың мұқтаждығын ескеретін ерекше
қажеттілігі бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің
дамуы. Инклюзивті білім беру балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін
қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер
инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда
ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдйын да өзгереді. Инклюзивті білім беруді
ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіндік алады.
Инклюзивті оқыту балаларды жалпы білім беру үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік
бейімделуге, жынысына, шығу тегіне, дініне қарамай балаларды айыратын кедергілерді
жоюға ата-аналарын белсенділікке шақыруға балалардың түзеу-педагогикалық және
әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас
ерекшеліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни жалпы білім беру сапасы
сақталған тиімді саясат.
Инклюзивті білім беруді дамытуға бағытталған құқықтық құжат
Республикада арнайы білім беру үшін басты және тарихи маңызды болып 2002 ж.
“Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік дәрігерлік-педагогикалық және түзету
көмегін көрсету туралы” заңын қабылдауы болып табылады. Бұл заң актісінің
қабылдануы мемлекет пен қоғамның дамуында бұзылысы бар балаларға оң көзімен
қарай бастағанын көрсетеді.
49 бап. Ата-аналар және басқа да заңды өкілдері:
Баланың ерекшелігін және жеке қабілетін, қалауын ескере білім беру мекемелерін
таңдауға;
Психологиялық- дәрігерлік -педагогикалық кеңесте өз балаларын тәрбиелеу және
оқыту мәселесі бойынша кеңестік көмек алуға құқылы.
453
Инклюзивті білім берудің негізгі принциптері
Инклюзивті білім беру - жалпы орта мектептерде мүмкіндігі шектеулі балаларды
дені сау балалармен бірге оқыту
Инклюзивтік білім беру негізінде –
Барлық адамдарға тең қарым- қатынас
Балалар арасында дискриминацияны болдырмау,
Арнайы білім беруді қажет ететін балаларға арнайы жағдай жасау.
Бұл бағдарлама БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-нң Конвенциясында
2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілген болатын. Инклюзивті білі беру мәселесі
шкет елдерде 1970 жылдан бастау алады, ал 90 жылға қарай АҚШ пен Еуропа өздернің
білім беру саясатына осы бағдарламны толық енгізді. Ал, біздің елімізде инклюзивті
білім беру жүйесінің дамуы ресми дерек Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында
көрсетілді. Инклюзивті білім жүйесін дамыту: 2015 жылға қарай мүмкіндігі шектеулі
балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі
балалардыжалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді, түрлі
кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады,; 2020 жылға қарай
мектептерде мүгедек балалар үшін қөтергіш жабдықтар, пандустар,, санитарлық
бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен арнайы парталар, арнайы үстелдер
және басқа да компенсаторлық құралдармен жарақтандыру арқылы «кедергісіз
аймақтар» құрылады делінген. Сондай-ақ аталмыш бағдарламада мүмкіндігі шектеулі
балаларды оқытып- тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалмақ. Бүгінгі
таңда үйден оқып білім алатын мүмкіндігі шектеулі балалардың бірлі –жарымы
компьютерлік техникамен қамтамасыз етіліп отыр. Арнайы оқытуда компьютерлік
технологияны қолданудың екі жұмыс істейтін міндеттің шешіміне байланысты:
ü Жаңа құралдарды қолдану қызметімен балаларды үйрету
ü Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың жалпы дамуы және бұзылысын
түзету мақсатында жаңа компьютерлік технологияны қолдану.
Оқытуда басқа құралдармен салыстыру бойынша компьютерлік технологиянының
артықшылығы:
ü Жеке түзетумен оқыту мүмкіншілігі; білімді меңгеру тәсілімен тек қана оның
теңдестік темпі үшін әр балалға қамтамасыз ету мүмкіншілігі;
ü Дербес өнімді қызметтер мүмкіншілігін ұсынуда;
ü Кепілденген жүйелік көмекті қамтамасыз ету;
Әртүрлі елдерден түзету педагогика саласындағы жетістік талдауы пайымдау негіз
береді, бұл арнайы білім беруде компьютерлік технологияның рольі шегінен шығуда.
Компьютерлік технологияны дамытуда терең және кешенді ауытқуы бар балалар үшін
өзара іс-қимылды қабілетті қамтамасыз ету мен қоршаған ортамен қатынас, бірегейлі
құралдар болып табылатындығын мойындаған. Компьютерлік технология арқасында
мүмкіндіктер пайда болды:
v Баланы оқыту қызметін ынталандыру жағдайында басқа құралдармен мүмкін
емес:
v Тек қана осы технология базасында ғана мүмкін, жаңа жолға шығу жолын
оқытуды құру;