Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет212/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   472

 

448 


 

Көрнекі  әрекеттік  ойлау  қабілеттілігі  жоғары  бала  көрнекі  үлгімен  жұмыс 

істегенде, заттардың кейпімен мөлшерін ұйқастырғанда қойылған міндеттерді шешуде 

тиімді әрекеттердің барлық түрін ұйымдастырып шығарады. 

Кез-келген ата-ана баланың өсіп жетілуіне, рухани күшті етіп тәрбиелеу жолында 

алуан  түрлі  қуаныш  пен  қиыншылықтарды  бастарынан  өткізе  отырып,  оның  рухани 

және ақыл ойы мен дене құрылысы жағынан жан-жақты дамуына баулуы керек. 

Баланың  мектепке  дайын  болу  жағдайы  бірнеше  түрге  бөлінеді: 

1.  Дене  бітімінің  дайындығы  —  баланың  салмағы  мен  бойының  өз  жасына  сай 

болуымен 

қатар 


он 

екі 


мүшесі 

сау 


болуы 

керек; 


2.  Зиятының  дайындығы  —  баланың  ой-өрісінің,  есте  сақтау  қабілетінің,  тілінің, 

зейінінің, өз еркімен тапсырма орындай алуының, мақсат қоя білуінің, қателігін түсіне 

білу 

қабілеттілігінің 



өз 

жасына 


сай 

болуы; 


3. Әлеуметтік-психологиялық дайындық — баланың жаңа ортаға деген көз-қарасының, 

оқушы  жауапкершілігінің,  өзін-өзі  ұстай  білуінің,  үлкен  кіші  адамдармен  қарым-

қатынасының 

өз 


жасына, 

мектептердің 

талабына 

сай 


болуы; 

4. Ерік аясының дайындығы — баланың өз іс-әрекетін мақсатты түрде қалыптастырып, 

өз кемшіліктері мен жетістіктерін дұрыс қабылдап, әрекет ете білуі; 

Әлеуметтік-психологиялық дайындық 

Баланы  мектепке  дайындау  дегенде  көптеген  ата-аналар  әріптерді  танумен, 

сандарды санаумен ғана шектеліп жатады. Одан басқа, баланыңмектепке қажетті құрал-

саймандары мен киім-кешектеріне баса назар аударады. Әрине, бұл дайындықтарсыз 

баланың  мектепке  дайын  болуы  екіталай.  Бірақ  баланың  оқуға  дайындығын  ақыл-

ойының  даярлығымен,  материалдық  дайындығымен  шектеліп  қоймай,  оны  оқуға 

психологиялық  жағынан  даярлауды  қарастыру  қажет.  Баланың  психикалық 

үрдістерінің дамуы оқуда және басқа адамдармен қарым-қатынас орнатуда қиындыққа 

кезікпеуіне мүмкіндік береді. 

Мектепке  келген  бала  «оқимын»  деген  ниетпен  мектеп  табалдырығын  аттайды. 

Бірақ, кейде бала оқуға барғысы келмейді, дегенмен оның себебі әр түрлі болады: бір 

балалар  мектепте  көп  бала  бар  және  онда  көңілді  десе,  біреуі  партаға  отырғысы 

келгендіктен баруы мүмкін. Алайда, мұндай ықыласпен келген балалар біраз уақыттан 

кейін  мектептің  олар  үшін  қатал  тәртібіне  және  күнделікті  оқу  сабақтарына  шыдай 

алмайды.  Жалпы,  бала  оқу  үрдісіне  қызығуы  қажет.  Сонда  ғана  баланың  таным 

қызығушылықтарының дамуына, жаңа білім алуына мүмкіндік туады. Сонымен бірге 

баланың  мұғалімдермен,  балалармен  қарым-қатынас  жасауы  аса  маңызды.  Яғни,  оқу 

әрекеті ұжымдық сипат болғандықтан, әрбір бала құрдастарымен қарым-қатынас жасай 

алуға, бірге жұмыс істеуге дағдылануы керек. 

Баланың шешім қабылдай алып, мақсат қоя білуі ерік-жігерінің даярлығы болып 

саналады.  Баланың әркеттерді  жоспарлап,  олардың орындалуын  жүзеге  асыруда  күш 

пен  бойындағы  қабілеттерін  жұмсай  білуі,  қиындықтарды  жеңе  білуі  балалардың 

психикалық  үрдістерінің  қалыптасуына  ықпалын  тигізеді.  Егер  балалардың  оқуға 

дайындығы осы бағыттармен ұштасып жатса, бала оқуға тез бейімделіп, жақсы оқып 

кетуіне мүмкіндік туғызады. 

Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру үрдісін жоспарлауға ата-аналарды қосуды 

келесі бағыттармен жүзеге асыруға болады:  



 

449 


 

- білім беру жағдайларына ата-аналардың қажеттілігін, қызығушылығын зерттеу;  

-  әлеуметтік  тапсырысты  әзірлеуге  ата-аналарды  тарту:  мектепке  дейінгі  ұйым 

миссиясын  анықтау,  білім  беру  мазмұнын  таңдау  (білім  беру  бағдарламалары, 

технология, балаларды тәрбиелеу мен оқыту әдістемесі); түлек моделін құру;  

-  жоспарды  әзірлеудің  барлық  деңгейіне  ата-аналарды  тарту:  мектепке  дейінгі 

ұйымның  даму  бағдарламасы,  жылдық  және  оқу  жоспарлары,  баланың  жеке  даму 

картасы, тәрбиешілермен біріккен жоспарлар.  

Ата-аналармен жұмыс формалары:  

Форма – (латын сөзі forma) – құрал, бірнәрсенің құрылымы, ұйымдастыру жүйесі.  

Бүгінгі күні ата-аналар педагогикалық білімін ағартудың дәстүрлі емес, жаңашыл 

деп саналатын әртүрлі әдістері мен формалары қолданылып келеді:  

- көрнекі насихаттау;  

- оn-line бақылау;  

- отбасына қатынау;  

- консультациялық пункттер;  

- ата-аналар жиналысы;  

- әңгімелесу мен консультациялар;  

- ата-аналар конференциялары;  

- ауызша журналдар;  

- сауалнама жүргізу;  

- ашық есіктер күні;  

- дөңгелек үстелдер;  

- клубтар ұйымдастыру;  

-біріккен бос уақыттар;  

- іскер ойындар ұйымдастыру және т.б. 

Отбасы  тәрбиесіндегі  кездесетін  сәтсіздіктер  ата  –  аналардың  педагогикалық  – 

психологиялық  сауатсыздығынан  және  оларда  тәрбие  жұмысын  жүргізуге  қажетті 

тәжірибенің жоқтығынан болады. Балаларды тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата 

– аналарға көмектесу – тәрбиешілердің міндеті. Ата – аналармен жүргізілетін жұмыс 

түрлерін қалай ұйымдастыруға болады ? Ол үшін біз, яғни психологтар, тәрбиешілер 

ата  –  аналармен  жақынырақ  танысып,  отбасының  әлеуметтік  жағдайын  ,отбасы 

мүшелерінің  бала  тәрбиелеудегі  рөлін  анықтау  үшін  ата  –  аналардың  ұсыныс  – 

пікірлерін,  ойын  бөлісу  мақсатында  сауалнамалар,  анкеталық  сұрақтар  алуымызға 

болады. Сонымен бірге жыл бойғы жүргізілетін жұмыс түрлерін ата – аналармен бірлесе 

отырып  жасаған  тиімді,  себебі  ата  –  аналар  заман  талабына  сай  өзекті  мәселелерді, 

отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптартарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар 

ата  –  аналардың  ұсыныс  –  пікірлерімен  санаса  отырып  ата  –  аналарға  арналған 

әңгімелер  мен  лекциялар,  консультациялар,  сұрақ  – жауап  кештері,  тәрбие жұмысын 

алмасу жөніндегі конференциялар, психологиялық тренинг- сабақтар, ата – аналарды 

педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс – тәсілдері қарастырылады. 

Мектепке дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті ойын болғандықтан, оларға бірден 

оқу  әрекетіне  ауысу  біршама  қиындықтар  туғызады.  Мектеп  табалдырығын  алғаш 

аттаған  бала  педагогтармен  және  балалармен  кезіккенде  мазаланады,  оқу  үрдісінен 

өзінде жағымсыз эмоциялық сезіну пайда болып, қорқыныш пайда болады. Сондықтан 



жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау