445
әдістемесі мұндай жағдайда өте тиімді. Омыраудағы баланың саусақтарын уқалауға
болады, жас жарымдағы баламен саусақ ойындарын бастауға болады. Мысалы,
баланың бас бармағын жаймен сипап отырып, оған былай деңіз: «Саусақ –бала сен
қайда болдың?» Содан соң бас бармақты балаң үйрекпен түйістіре отырып, « мына
саусақпан орманға бардым», ортан түйрекпен түйістіре отырып, «мына саусақпен тамақ
пісірдім»,
Осылайша жалғастырып басқа саусақтармен де «мына саусақпен ботқа жеп,
мына саусақпен ән салдым» деп аяқтайсыз. Балаларға бұл жаттығу қатты ұнайды,
уақытты да көп алмайды, ал пайдасы оның өте көп, себебі ұсақ моториканы дамытып
жатырмыз ғой.
Бір жастан асқан балалар үшін – саусақ бассейні әдістемесі өте пайдалы. Бір
ыдысқа 1 кг бұршақты немесе фасольді төгеміз де ішіне баланы қызықтыратын бір
ойыншықты көміп қоямыз. Сондан соң оны тауып беруін өтінеміз. Бұл қызықтыру
жаттығуы кезінде баладан алыстап кетпеңіз. Себебі ұсақ нәрселерді аузына салып алу
қаупі бар.
Халық өзінің өмір тәжірибесінде тіршілікте қалай қолдануына қарай саусақтарға
ат қойған. 1-ші саусақ- «Басбармақ», 2-ші саусақ – «Балаң үйрек», 3-ші саусақ –«Ортан
терек», 4-ші саусақ- «Шылдыр шүмек», 5-ші саусақ – «Кішкентай бөбек». Саусақтарды
қайтадан аша отырып Сен түйеңе бар,Сен жылқыға бар.Сен сиырға бар,Сен қойыңа
бар,Сен үйде отырып Шешеңе көмектес.
Сондай – ақ төрт түлік малды таныстырып, оны бағып еңбектенгенде ғана
тамақтануға болатынын ескертіп, еңбекпен тапқан тамақ тәтті болатынын уағыздайды.
Балалармен оқып – талдайтын әдеби шығармаларды іріктеуде де белгілі бір
мақсатты көздеу керек. Шығармалар мазмұны негізінде әсерлі, ойнақы, танымдық
дүниелер және балалардың өзара тұлғалық қарым – қатынас тәжірибесін байыта түсетін
мағлұматтар болуы назарға алынған. Шығарма мазмұны арқылы әр баланың тілдік
белсенділігін қолдап, сабақта бала өзінің неге және не үшін сөйлеп тұрғанын түсініп,
өзінің
тілдік
тәжірибесін
жасауына
жағдай
туғызу
қажет.
Бүлдіршіндерді өзіндік тілдік тәжірибе жинау мақсатында картинаны құрастыруды
және сол картина бойынша шығармашылықты әңгіме құрастыруды алуға пайдалануға
болады.
Балалардың әңгімесіне салғырт қарау, олармен тілдескенде айналасындағы
адамдардың дұрыс сөйлемеуі мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы психикасы
мен тілінің дамуына кері әсерін тигізеді. Ал ата – аналар мен тәрбиешілердің балаларға
үлгі болатындай дұрыс бейнелі сөйлеуі балалар тілінің тез дамуының алғы шарты
болып табылады.Ойын –баланың жан серігі.Қай бала болмасын ойнап өседі.
Балаларға арналған саусақ ойыны.
Қарапайым жаттығулар.
1«Шеңбер».
Бас бармақпен әр саусақтың басын кезекпен- кезек түйістіре отырып шеңбер
жасаймыз.Осылай алдымен оң қолмен ,содан соң сол қол саусақтарымен
жасаймыз.соңында екі қолмен бір мезетте жасаймыз.
446
2. «Жұдырық-қырымен-алақан».
Үстел үстіне алақаныңыздыүш қалыпта кезекпе кезек қойыңыз.Жұдырық,сосын
қырымен, алақанды төмен қаратып қою.Оң қолмен сосн сол қолмен артынан екі қолмен
қатар.
3. «Саусақты айқастыру –нол ».
Ортаңғы саусақпен сұқ саусақты айқастыра ұстап сосын сұқ саусақпен бас
бармақтың ұшына тигізу-нолик/шеңбер/, осы қимылды кезектестіре жасау.
4. « Беттестіре немесе симметриялы сурет салу». Зеркальное рисование».
Екі қолға бірдей қарындаш ұстап қағазға бір мезгілде симметриялық-беттесетін
пішін, әріп, цифрды жазу.
5.«Құлақ- мұрын».
Сол қолмен мұрынның ұшынан ұстап,оң қолмен қарама- қарсы құлақты ұстау.
Сосын қолдарын жіберіп алақанмен бір рет жапалақтап қолдардың орнын ауыстыру.
6.«Жылан».
Екі қолмен алақанды құлыптау керек- бұл жыланның басы.бір- біріне айқасқан
қолмен жыланның жорғалап қимылдағанын көрсету.
Баланың қолының жетілуіне көмектесеңіз.
Сізді ол көп ұзамай өзінің әдемі көркем жазумен дұрыс сөйлеуімен қуантады.
Қолданған әдебиеттер тізімі:
1. Мектеп жасына дейінгі педагогика: оқу құралы. Алматы «Мектеп», 1982
(аударма).
2. Ф.Н.Жұмабекова. Мектепке дейінгі педагогика. Астана: «Фолиант», 2008ж.
3. Идрисова М.Ә. Мектепке дейінгі педагогика: оқу құралы. Қарағанды: «Гласир»,
2011ж. -283б.
4. В.И. Ядэшко, Ф.А.Сохина. Мектепке дейінгі педагогика. А.: Мектеп, 1981
5. Ә.Меңжанова. Мектепке дейінгі педагогика: оқу құралы. Алматы: «Рауан»,
1992
6. Н.О.Пичугина, Г.А.Айдашева, С.В.Ассаулова. Дошкольная педагогика:
конспект лекции. Ростов-на-Дону: «Феникс», 2004
7.
Н.Савельева.
Настольная
книга
педагога-психолога
дошкольного
образовательного учреждения. Ростов н/Д:»Феникс», 2004
8.Педагогика: оқулық. Ш.Х.Құрманалина, Б.Ж.Мұқанова, Ә.У.Ғалымова,
Р.К.Ильясова. Астана-2007 ж.
9. Ш.Құрманалина, Ә.Ғалымова Педагогика: оқу-әдістемелік құрал. Астана:
Фолиант, 2008, 272 б.
10. Мұсаева С.Ә., Бегалиев Т.Б. Жас ерекшелік педагогикасы. Астана: «Фолиант»,
2006.
447
БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ ЖАН-ЖАҚТЫ ДАЙЫНДАУДА ОТБАСЫ МЕН
БАЛАБАҚШАНЫҢ АТҚАРАТЫН РӨЛІ
Сыздыкова А.Р, Тсупбекова А.Т
Жетекшісі: Жамангарина М.А.
Карағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі
Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін реформалау барысында әрбір
баланы мектептегі оқу және әлеуметтік ортаға еркін бейімделе алатындай жағдай жасау
аса маңызды міндет. Демек, қазіргі талап бойынша мектептің бірінші сыныбына келетін
балалардың физиологиялық жағынан мықты, адамгершілік, мәдениеттілік,
еңбексүйгіштік қасиеттері мол, ерік-жігері күшті, жұмыс қабілеттеріне ие, білімге
қызығушылық сипаттары мол болуы қажет. Сондықтан да мектеп пен мектепке дейінгі
мекеменің, ата-аналардың басты міндеті - баланы мектептегі оқуға, мектеп
өмірінедаярлау.
Мектепке алғаш бару - бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа
орынға көшуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы. Баланы мектепке дайындау дегенде
көптеген ата-аналар балаға әріптерді және санауды үйретумен ғана шектеледі. Әрине
баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының даярлығымен ғана шектеліп қоймай, оның
оқуға психологиялық жағынан даярлауды қарастыру қажет. Яғни, бұл баланың
мотивациялық-қажеттілік және психикалық үрдістерінің дамуы оқуда, қарым-
қатынаста қиындыққа кезікпеуіне мүмкіндік береді. Бұл қауырт кезеңде мектеп бірінші
күннен бастап оқушыға бірнеше талаптар қойып және баланы ұқыптылық пен
зейінділікке тәрбиелейді.
Мектепке алғаш бару бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа
орынға бейімделуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы болады. Демек, «Баланы
мектепке даярлау қалай болуы керек?» деген сұрақтың ата-ана үшін маңыз артып,
тиісті жауап іздейді. Бұл сұраққа көптеген ата-аналарда екі пікір қалыптасқан: бір ата-
аналар алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап данышпан етуді мақсат
тұтса, кейбіреулері, керісінше, бала білмей барса, барлығын мектепте үйренуі
тиіс деген пікірде. Осы пікірлердің алтын ортасын қалай таңдаймыз? Баланы
мектепке физикалық жағынан да, психологиялық жағынан да қалай дайындаймыз?
Бірінші сыныпқа баратын бала жазу-сызуды біліп баруы міндетті емес, оған
барлығын мектепте үйретуге міндетті. Алайда, қазіргі заман оқу бағдаралмасының
тапсырмаларын ауыртпалықсыз орындау үшін, іс-жүзінде мектеп табалдырығын
аттамас бұрын жазу мен оқуды біліп барғаны дұрыс. Балаңыз мектепке бармас бұрын
оқу-жазуды білсе — жақсы! Балаға жазу-сызу барысында қарындашты немесе
қаламсапты дұрыс ұстап үйретуді ұмытпаңыз. Баланың сөйлеу тілінде кемістіктің
болмауы шарт, сөйлеген сөзінің мағынасы өзіне түсінікті болу керек, өзінің ойын
жеткізе алуы қажет. Жазып санауымен ғана шектеліп қана қоймай, салыстыра білуді
және талдауды, ойлай білуді меңгере алу тиіс. Сонымен қатар, өздігінен қорытынды
жасай білсе, көп нәрсені жақсы түсінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |