Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет222/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   472

 

469 


 

П.П.Блонский 

өзінің 

педалогиялық-бағдарлану 



концепциясында 

 

баланың 



үлгермеушілігі, мектептегі сәтсіздіктерін оның жүріс-тұрыстарынан емес, әуелі семья 

жағдайына,  әлуметтік  экономикалық  мәселелерінен  қарау  керек  деп  тұжырымдаған. 

Егер  сөйлеу,  ойлау,  қабылдау  процестерінің  дамуы  қалыпты  жағдайда 

жүрмесе  баланың ой-өрісінің дамуы да кейін қалады. Бала бұл жаста өзін еркін ұстап, 

өз  бетімен  әркет  жасап  үйрене  алмайды,  олардың  дамуында  жол  көрсететін,  өмірге 

бейімделуіне  жағдай  жасайтын  адам  болу  керек.  Қандай  адамзат  баласы  болмасын 

баланың  әлеуметтік  жағдайына  бейімдейтін,  үйрететін  ата-анасы  болып  табылады. 

Оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамыту, олардың жоспарлау және ұйымдастыру 

біліктерін қалыптастыруда оқу-зерттеу жұмыстарының маңызы өте зор. Танымдық іс-

әрекеттің  шығармашылыққа  ұмтылу  арқылы  сипатталады.  Өз  бетімен  білім  алуға 

ұмтылу  танымдық  ізденімпаздықты  қажет  етеді.  Зерттеу  жұмыстары  оқу  үдірісімен 

қатар жүре отырып, оқушының танымдық біліктерінің дамуына негіз болады. Әсіресе 

,бұл  жұмыстарда  әр  оқушының  жеке  мүмкіндіктері  мен  қасиеттері  айқындалады. 

Балалардың  ойлауын,  сезімін,  еркін  зерттеу  керек  болса,  бұл  үшін  психолог  қандай 

болмасын  бір  әрекет  ұйымдастырады.  Мысалы,  өзіне  тән  ережелері  бар  ойын 

ұйымдастырылса,  сол  ойын  үстіндегі  балалардың  психологиялық  ерекшеліктері 

жазылып,  кейін  оған  мұқият  талдау  жасалынады.  Осы  зерттеуде  оқушылардың  жас 

ерекшелігіне  байланысты  ақыл-ой  әрекетіндегі  сөз  бен  көрнекіліктің  ара  қатынасы 

үнемі өзгеретіндігі, балалардың жасы өсіп, білім қоры молайған сайын олардың ойлауы 

тереңдеп,  жалпыланып  қана  қоймай,  ондағы  образдардың  біртіндеп  толық  және 

мағыналы бола түсетіндігі де байқалған. 

Қазіргі  заманғы  Қазақстанда  балалардың  мектепке  дайындығы  мектепке  дейінгі 

білім  беру  сапасымен  анықталады.  2015  жылы  міндетті  мектеп  алды  дайындықтан 

99,6% бала өтті.Мектепке дейінгі мекемелердің (бұдан әрі - МДҰ) ішкі мониторингінің 

деректері балалардың білім құзыреттерін игеруінің жоғары деңгейін (86%) көрсетеді. 

Алайда, сауалнамаға сәйкес, ата-аналардың үштен бірі балаларды мектепке дайындауға 

арналған  қосымша  қызметтерді  пайдаланады.  Сондықтан,  бастауыш  мектеп 

мұғалімдерінің көпшілігі бірінші сынып оқушыларының дайындығы әр түрлі деңгейде 

екендігін айтады. МДҰ түлектерінің одан әрі білім алуға дайындығының сапасын кім 

және  қалай  анықтайды?  Бүгінгі  күнге  дейін,  ұлттық  деңгейде  балалардың  мектепке 

дайындығының сапасын сыртқы бағалау жүзеге асырылған жоқ. Осыған байланысты, 

КР  Білім  және  ғылым  министрлігі  2015ж.  мектеп  алды  дайындық  сапасының 

мониторингі бойынша МДҰ қызметін зерттеуге бастама жасады. Зерттеуді ҚР БжҒМ 

Ақпараттык-сараптамалык  орталығы  еліміздің  5  аймағынан  3  600-ден  астам  мектеп 

алды  дайындық  субъекттерін  тәрбиешілерді,  бастауыш  мектеп  мұғалімдерін, 

әдіскерлерді,  басшылар  мен  тәрбиеленушілерді  тарта  отырып,  54  білім  беру 

мекемелерінде өткізді. 

Нәтижесінде бүгінгі күні мектепке дейінгі білім беру сапасы қамту параметрлері 

бойынша  бақыланатыны  белгілі  болды:  желінің,  педагогтардың  сапалық-сандық 

құрамның,  МТБ,  бағдарламалардың,  жоспарлардың  т.  б.  бар  болуы.  Түлектердің 

дайындық деңгейі ішкі мониторинг нәтижелері бойынша анықталады, оның әдістемесін 

МДҰ  өз  бетінше  таңдайды.  Оның  үстіне  «Балалардың  мектепке  дейінгі  білім  беру 

бағдарламаларының базалық мазмұнын меңгеруі мен игеруінің сапасын бағалау және 



 

470 


 

өлшеу  әдістемелерін»    МДҰ-лардың  57%-ы  қолданады,  24%-ы  -  «1  жастан  6  жасқа 

дейінгі  балалардың  құзыреттілік  даму  көрсеткіштерінің  жүйесін»  19%-ы  -  басқа 

диагностикаларды  пайдаланады.  Стандартталған  құралдардың  жоқтығы  деректердің 

объективті  болмауына  жиі  әкеледі,  сондықтан  қорытынды  мониторингінің 

көрсеткіштері балалар құзыреттілігінің бастапқы деңгейінен 50-70%-ға артық. Елдердің 

халықаралық  тәжірибесін  зерттеу  МДҰ  түлектерін  қорытынды  аттестаттаудың  ең 

сұранысқа  ие  және  жиі  қолданылатын  әдісінің  болуы  керектігін  көрсетеді.  Мысалы, 

2012  ж.  ЭЫДҰ  елдері  арасында  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  тікелей  тестілеуді 

пайдаланған 5 ел болған болса, қазір олардың саны 7-ге жетті. Мектеп жасына дейінгі 

балалардың  жетістіктерін  бағалаудың  бірыңғай  стандартталған  құралы  республика 

бойынша  балалар  дайындығының  теңгерімін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  береді. 

Австралияда,  Канада  және  Америка  Құрама  Штаттарының  кейбір  аумақтарында 

деректер әрбір 2-3 жыл сайын жиналады және мектепке дейінгі білім беруді дамытудың 

Ұлттық  стратегияларының  негізгі  мақсаттарының  жетістіктерін  талдаудың  негізін 

құрайды.  Сонымен  қатар,  ЮНЕСКО-ның  2014  Баланы  дамытуды  тегіс  қамту 

индексінде және Білім жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық қауымдастығының  

2013  ж.  кіші  жастағы  балалардың  біліміне  жүргізілген  зерттеулерінде  балалардың 

мектепке  дейінгі  білім  беру  мақсаттарына  сәйкес  келуі  жөніндегі  параметрлер 

қамтылған. Ақпараттық-талдау орталығының зерттеу деректері бойынша Қазақстанда 

тәрбиеленушілердің  жетістіктерін  қорытынды  бағалау  кезінде  МДҰ-лардың  70  %-ы 

бағалаудың жанама әдістерін (бақылау, портфолио, т. б.), ал 30 % - тікелей тестілеуді 

қолданады.  Қазіргі  кезеңде  МДҰ-дағы  сапаны  ішкі  бағалауды  біріздендіру  мен 

мемлекеттік  мониторинг  және  сыртқы  бағалау  рәсімдерін  бақылау  жүйесін  енгізу 

қажеттілігінің  кезі келді. КР БжҒМ-да балаларды мектепке дайындау сапасын арттыру 

және мектепке дейінгі білім беру жүйесін жетілдіру аясында жұмыстар жүргізуде. Білім 

беруді  дамытудың  2016-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасының 

жобасында  «Мектепте  жаңа  стандарттар  бойынша  оқытуға  арналған  жеткілікті 

дағдылар мен машықтарды игерген балалар үлесі» индикаторы қамтылған. Мектепке 

дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарты  6-7  жастағы 

балалардың  құзыреттілік  деңгейіне  қойылатын  талаптармен  толықтырылды. 

«Қазақстан  Республикасында  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  жалпы  білім 

беретін типтік бағдарламасы» және «Балаларды мектеп алды даярлаудың жалпы білім 

беретін  бағдарламасы»  сынақтан  өтуде.  Ақпараттық-талдау  орталығы  МДҰ-да 

балаларды мектеп алды дайындаудың сапасын Баланың мектепке дайындығы әмбебап 

картасымен  және  6іріктірілген  диагностикалық  құралдармен  бағалау  әдістемесін 

әзірледі.                         

        Зерттеуді  2016-2017  жылдары  жалғастыру  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен 

оқытудың ұлттық рейтингін жасауға бағытталған. Бұл шаралар балалардың мектепке 

дайындығы  туралы  сұраққа  анық  жауап  беруге,  стейкхолдерлер  үшін  нәтижелерге 

ақпараттық қол жеткізілімді ашуға және Қазақстанда мектепке дейінгі және бастауыш 

білім беру деңгейлерінің сабақтастығын жаңғыртуға көмектеседі. 

 

Мектепте оқытуға баланың психологиялық даярлығы  - мектепке дейінгі балалық 



шақ кезеңіндегі психикалық дамудың қорытындыларының бірі. Қазіргі уақытта баланы 

мектепке дайындау, белгілі бір дағдыларды игеруге бейімдеу заманымыздың көкейкесті 




жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау