450
балалардың көңіл күйі болмай, себепсізден жиі ауыруы «мектеп неврозы» сипатында
көрінеді. Яғни мектепті еске алса болғаны, жылап, уайымдайды. Сөйтіп, мектеп бала
үшін стресс тудыратын факторға (стрессогендік фактор) айналып, денсаулығының
нашарлануына әкеп соғады. Осы кезде әрбір ата-ана өзінің баласына мектеп туралы
қажетті мағлұматтар айтып, баланың мектепке деген жағымды қатынас және сенімділік
сезімін қалыптастыра отырып тәрбиелеу керек. Ең бастысы — баланы жолдастарымен
қарым-қатынас жасай алуға, басқа балалардың ойымен санасуға үйрету.
Балаларды мектепке психикалық даярлау бағыттарын тәжірибеде жүзеген
асыратындар — ата-аналар, мұғалімдер, бала-бақша психологтары. Психологтың
міндеті: психодиагностиканың әдістемелерін қолдану арқылы және зерттеу
нәтижелеріне сүйеніп, алты жастағы баланың оқуға дайындығын анықтау.
Мектеп жасына дейінгі баланы толыққанды тәрбиелеу отбасы мен балабақшаның
тығыз ынтымақтастығы кезінде ғана мүмкін болады. Ата – аналардың балаларға тәрбие
беру міндеті ҚР Конституциясында, ал балалардың отбасындағы құқығы- бала
құқықтары туралы конвенцияда белгіленген. Отбасы- барлығының басы, жан – жақты
дамуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасының балаға тәрбие берушілік
қызметінің мақсаты – баланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық дамуын ескере
отырып жарасымды жетілген ұрпақ тәрбиелеу.
Қолданған әдебиеттер тізімі:
1. Мектеп жасына дейінгі педагогика: оқу құралы. Алматы «Мектеп», 1982
(аударма).
2. Ф.Н.Жұмабекова. Мектепке дейінгі педагогика. Астана: «Фолиант», 2008ж.
3. Идрисова М.Ә. Мектепке дейінгі педагогика: оқу құралы. Қарағанды: «Гласир»,
2011ж. -283б.
4. В.И. Ядэшко, Ф.А.Сохина. Мектепке дейінгі педагогика. А.: Мектеп, 1981
5. Ә.Меңжанова. Мектепке дейінгі педагогика: оқу құралы. Алматы: «Рауан», 1992
6. Н.О.Пичугина, Г.А.Айдашева, С.В.Ассаулова. Дошкольная педагогика:
конспект лекции. Ростов-на-Дону: «Феникс», 2004
7.
Н.Савельева.
Настольная
книга
педагога-психолога
дошкольного
образовательного учреждения. Ростов н/Д:»Феникс», 2004
8. Педагогика: оқулық. Ш.Х.Құрманалина, Б.Ж.Мұқанова, Ә.У.Ғалымова,
Р.К.Ильясова. Астана-2007 ж.
9. Ш.Құрманалина, Ә.Ғалымова Педагогика: оқу-әдістемелік құрал. Астана:
Фолиант, 2008, 272 б.
10. Мұсаева С.Ә., Бегалиев Т.Б. Жас ерекшелік педагогикасы. Астана: «Фолиант»,
2006.
451
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ
Асхатай Г. Е, Тәуекелова Ж.Д, Төлепова С.С.
Жетекшісі: Жамангарина М.А.
Карағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі
Бүгінгі таңда инклюзивті білім беру және тәрбиелеу, оны қолдау бағытында
балабақшалардабелгілі себептермен ақыл - ой дамуында ауытқуы бар немесе
психикалық дамуы тежелген балалар білім алуда. Әр баланың білім алуда өз
ерекшеліктері бар. Мәселен әр баланың эмоционалдық және психикалық
таным процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі.
Десекте қазіргі таңда әр балаға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы
білім беру өмір талабы болып табылады.Осы ретте балабақшаларда әрбір мүмкіндігі
шектеулі баланың даму деңгейі мен жас ерекшелігі ескеріліп білім берілуде. Бүгінде
таңдам еліміздің барлық аймағында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді қолдау
негізінде мектепке дейінгі ұйымдарда түзете-дамыта тәрбиелеп – оқыту
біртіндеп ашылып жатыр. Бұл мекемелердегі басты мақсат: әр мүмкіндігі шектеулі
балаларды бір топқа топтастырып, әр балаға деңгейі мен оқу бағдарламасына сай білім
беру.
Бұл мекемелер ашылғанымен өз алдына үлкен қиыншылықтары бар. Себебі:
балалардың жас ерекшелігі әртүрлі болғандықтан әр топқа өзінің жасына сәйкес білім
берілу керек.
Инклюзив - сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен
аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді.
Инклюзивті білімберудің мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балалардықалыпты
балалармен біргебілім беру. Яғни адамның жынысына , дініне, шығу тегіне қарамастан
тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім
беру- мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып-үйретудің бір формасы.Бұл арнаулы білім
беу жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды
ығыстырмайды. Нағыз инклюзивті білім берудің 2 жүйесін жалпы және
арнаулыжүйелерді бір-біріне жақындастырады.
Қазақстан Республикасының 11.07.2002 жылғы «Кемтар балаларға әлеуметтік-
медициналық-педагогикалық-психологиялық түзеу арқылы қолдау туралы» № 343 заңы
бойынша ТДО топтарды үйден оқыту, үйден әлеуметтік көмек көрсету, көмекші
бағдарлама, арнайы (ПДТ) бағдарлама бойынша куәлік беру ережелерін және
мүмкіндігі шектеулі балаларды қорғау, қамқорлау, диагнозын анықтау, емдеу, оңалту,
тәрбиелеу, оқыту, қатарға қосу мәселелері бойынша жаңадан шыққан заң, қаулы, ереже
тәртіптерінде қаралған.
Инклюзивті білім беру – ерекше мұқтаждықтары бар балаларды жалпы білім
беретін ұйымдарда оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту-даму
мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру
және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту
жүйесі.Инклюзивті оқыту біріктірілген , жартылай ( жеке балалар күннің жарты бөлігі
арнайы топтарда, ал екінші бөлігі) қарапайым топтарда өткізіледі. Уақытша арнайы