Бағыттары ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного образования



жүктеу 14,44 Mb.
Pdf просмотр
бет217/472
Дата27.12.2019
өлшемі14,44 Mb.
#25104
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   472

 

459 


 

үңілсек,  баланың  сөздерді  дұрыс  байланыстыра  сөйлеуін  дамытуда  зор  үлес  қосқан 

ғалымдар  Я  .  А  Коменский,  К.Д.Ушинский,  С.Л.Рубинштейн,  А.М.Леушина, 

Т.Тихеева  және  т.б  .  зерттеушілердің  еңбектерінен  аңғаруға  болады.  Елдігімізді 

жариялаған  сәттен бастап,  жаңа  заман талабына  сай  келетін  қазақ  тілінде  жазылған 

бала  тілін  дамытуда  зерттеулер  жүргізген  ғалымдар  Б.  Баймұратова,  А.Меңжанова, 

М.Мұқанов, А.Бакраденова және т.б. еңбектері де назар аударуға тұрарлық. Баланың 

сөзді  байланыстыра  айта  білуі  дегеніміз  –  сөз  бен  сөйлемдердің  үйлесімділігі  ғана 

емес,  бұл  бір  –  бірімен  байланыста  келген,  дұрыс  сөйлемдердлен  құралған  бала 

ойының  сыртқы  жаңғырығы.  Бала  сөйлеу  барысыңда  жаңғырата  білуін  байқаймыз. 

Осындай басты – басты мәселелердің дұрыс шешілуін, жүзеге асу жолдарын тексеру 

мақсатында,  балалар  психологиясы  мен  мектепке  дейінгі  педагогикаға  арналған 

оқулықтарда айтылғандай, баланың байланысты сөзін дамыту жолдарын негізге ала 

отырып  оның  қаншалықты  меңгерілгенің  қадағалап,  тәжірбиелер  жасау  әрбір 

тәрбиешінің атқарар ісі.Жалпы бала тілін дамытуда, байланыстырып сөйлеуде түрлі 

ойындардың әсері әлдеқайда басым. Халық даналығында «Ойнай білмеген ойлай да 

білмейді»  ,»Ойын  да  озған,  өмірде  де  озады»  деген  аталы  сөздер  сырына  жүгінсек, 

мектепке дейінгі жастағы баланың  ойынға  деген  құлқы,  қарым  –  қатынасы,  мінез  – 

құлық  көріністері олар өсіп – есейгенде жалғаса береді.  Ойындардың негізгі мақсаты 

балалардың  ықылас  –  зейінін,    сөздік  қорын,  байқампаздығын,  есте  сақтау, 

қабылдауын дамытуға, икемділікті арттыруға, өзінің жеке құрбыларының іс – әркетін 

бағалай  құрметтей  өз  ісінің  дұрыстығын  дәлелдей  білуін  анықтау,  қалыстастыру  . 

Мектепке    дейінгі    ұйымдағы  бала  ауызша  сөйлеу  кезінде  тәрбиеші  оның  сөйлеу 

темпіне басты назар аударып отыру қажет. Жұрт алдында тез сөйлеуге де , тым баяу 

айтуға  да  болмайтынын  үнемі  есте  сақтау  қажет.    Сөйлеушінің  айтпа  –  қойының 

мақсатына, мазмұнына қарай сөз бірде баяу, бірде жылдам, бірде көтеріңкі айтылуы 

тиіс.  Егерде  мектеп  жасына  дейнгі  балаларға  сөйлеу  дағдысы  қалыстастыру 

әдістемелерін  жоспарлы,  белгілі  бір  мақсатқа  негіздеп  ұйымдастырса  соғұрлым 

балалардың дұрыс сөйлеу дағдылары қалыстасып нәтижелігі жоғары болмақ. Ендеше, 

тәрбиешінің  қызметі  оның  білімінің  шеберлігінің  керек  орны  өздігінен  алатын 

тәжірбиелі  білімнің  ұзақ  жолын  қысқарту  үшін,  ол  жолдан  балалар  қиналмай  оңай 

үйрену  үшін,  баланың  тілін  сөйлеу  барысында  дұрыс  айтылымын  қайталап,  отыру 

керек.  Әңгіменің    осы    үлгідегі    тапсырмаларды  ұйымдастырылған    оқу  әрекетінің  

барлық    саласының    бөлімдерінде  қолданып,  үлкен  жетістіктерге  жетуге  болады. 

Өйткені,  балалардың  таным    мен    оқу    белсенділігін  арттыру  арқылы,олардың 

шығармашылық  іздену  қабілетіне жол ашамыз .Мектепалды даярлық тобынан бастап  

баланың  біліміне  үлкен  жауапкершілікпен  қарасақ,  болашақ    ұрпақ  үшін      еш   

алаңдамауға    болады    деп   сөзімді    қорытындылағым  келеді. 

Пайдаланған  әдебиеттер: 

1.  Ж. Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев   ''Педагогика''  оқулығы. 

2.    Қойшыбаева  А.  Оқушылардың  қызығушылығы  мен  белсенділігін 

қалыптастыру. Қазақ тілі мен әдебиеті. 2010- №7.  

3.  Өзгеріс газеті.  «Жаңаша жаңыртып оқыту»    15.01.2010 ж. 

4.  Білім беру басшыларының анықтамалығы .      №2   2012 ж. 



 


 

460 


 

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМНЫҢ ОТБАСЫМЕН ЖҰМЫСТЫҢ ТҮРЛЕРІ, 

ФОРМАЛАРЫ,  МІНДЕТТЕРІ 

 

Жамангарина М.А. Ильяшова Б.Ф. Жексенова Б.О. 



Карағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжінің 

оқытушылары 

 

Отбасымен жұмысты ата-аналар ұжымының талқысына  салуды керек ететін өзекті 



мәселер  болады.  Бұларға    балалардың    жасына,  отбасының  тұрмыс  жағдайына 

қарамастан  бәріне  қатысты  мәселер  жатады.Мұндай  өзекті  мәселелерге  жататындар: 

ата-аналардың  беделі;  бала  тәрбиесінде  отбасының  рөлі,  ата-аналардың  міндеттері 

туралы мемлекеттік заңдар; балаларды мектепке дайындау туралы;  мектепке дейінгі 

ұйымның бір жылға арналған жоспары туралы; ата-аналар комитетінің жұмысы туралы 

т.б.  


Осы  мәселелерді    ұжым  болып  талқылау  ата-аналарды  топтастыруға  ,  дұрыс  

жұртшылық  пікірін  туғызуға    және  мектепке  дейінгі  ұйым  қызметкерлерінің  уақыты 

мен күшін неғұрлым  ұтымды пайдалануға көмектеседі. 

Отбасымен  жұмыстың  ұжымдық  формаларына  мыналар  жатады:  ата-аналар 



жиналыстар,  топ  консультациялары,  конференциялары,  ата-аналарға  арналған 

кештер. 

Ата-аналар жиналысы жалпы немесе топ бойынша өткізіледі.Жалпы жиналыстарға  

мектепке дейінгі  ұйымда тәрбиеленіп   жүрген  барлық топ балаларының ата-аналар 

шақырылады.  Мұндай  жиналыстардың    мақсаты    ата-аналарға  педагогикалық    білім 

беру,  олардың  педагогикалық  мәдениетін  көтеру,  бала  тәрбиелеуде  оларға  көмек 

көрсету  болып  табылады.  Ата-аналардың  назары  әдетте  белгілі  бір  тәрбие 

проблемасына аударылады, ол проблема негізгі баяндамада ашылып, жиналғандардың 

сөздерінде талқыланады. 

Ата  –аналар    жиналыстарының  тақырыптары  қалай  жоспарланады?Тақырып 

таңдау  балалар  бақшасы  мен  отбасының  алдында  тұрған    балаларды  тәрбиелеу 

міндеттеріне , олардың  дамуы мен тәрбиелену дәрежесіне , отбасындағы  тәрбиенің 

жайына қарай айқындалады.Ата-аналардың жалпы жиналыстарының тақырыптары  топ 

жиналыстарынан өзгеше болады. Топ жиналыстарында  сол жастағы балалардың ата-

аналары үшін неғұрлым  өзекті мәселелер талқыланады; мысалы жалпы жиналыстың 

тақырыбы «Балалардың еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу, оны жүзеге асыруда отбасының 

ролі»  болса,    ал  топтық  жиналыстарда  сол  жастағы  балалардың    жасы  еске  алынып, 

«Балалардың денсаулығы мен психикасына теледидар мен  компьютердің кері әсері « 

болуы мүмкін. Әрбір жиналыстың табысты болуы мен пәрменді нәтижесі ең алдымен 

оған  тәрбиешілердің  мұқият  әзірленуіне  байланысты.  Тәрбиеші  әзірлігі  баяндаманы 

ұқыпты дайындау, көрнекті  иллюстрациялық  материалды реттеу және көркемдеу, ата-

аналарды хабарландыру т.б. қамтиды. Мысалы ,тәрбиеші  баяндаам дайындаған кезде, 

осы мәселе жөніндегі әдебиетті оқып, зерттейді, мектепкі дейінгі ұйымда жүргізілген 

жұмысқа, отбасындағы тәрбие тәжірбиесіне талдау жасайды, балаларды тәрбиелеу үшін  

серуенді шебер  пайдаланатын бірнеше ата-анамен  олардың жиналыста  сөйлеуі туралы 

келісіп алады. Топта балалардың  табиғат туралы салған  суреттерінің  көрмесі, оларға 



жүктеу 14,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   472




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау