456
қабылдайды.Қабылдаған ой-пікірлерін анық еркін жеткізуге үйренді. Интерактивті
әдістерді қолдану нәтижесінде қандай басты жетістіктерді байқадым.
Баланың сабақтағы белсенділігі артады.
Балалардың назарын бірден аударуға болады.
Жалпы барлық пәнге деген қызығушылықтың пайда болуы.
Сұраққа қысқаша жауап берудің толық жауапқа айналуы.
Әр бала өз пікірін айтуға талпынады.
Анық түрлі –түсті көрнекі ақпарат баланы қызықтырады.
Ақпараттық сауаттылықтың алғашқы қадамы басталады.
Естігеннен гөрі, көру арқылы есте сақтау дамиды.
Баланың мадақтау арқылы бағалау жаппай ұйымдастырылады.
Үйде тек компьютер арқылы ойын ойнай алатын бала,сабақта түрлі
сызбаны сызу, жылжыту арқылы басқа қызығушылық пайда болады.
Тұлғалық сапалары сатылап дамып,бәсекелестік пайда болады.
«Тіл дамыту», «Балалар әдебиетімен таныстыру», «Қоршаған ортамен
таныстыру. Экология негіздері» бөлімдеріндегі кейбір тақырыптар бойынша
флипчарт сабақтарға тоқталып өтейін. Мысалы «Мамандықтың бәрі жақсы»
тақырыпта өткен сабақта балалар әр мамандық түрлеріне байланысты топтарға
бөлінді. Топқа бөліну арқылы өткізілген сабақтың ұйымшылдыққа тәрбиелейтінін
білеміз. Берілген тапсырманы алдымен жұптасып орындап, кейін топтасқан балалар
өз белсенділіктерін құрастырумен, жапсырумен, би қимылдарымен байланыстырды.
Өз жетістіктерінің нәтижесін көрсетуге жоғары талпыныс көрсетті. Мысалы
«Сәйкес құралын тап» ойын түрінде ұйымдастырылды. Яғни, бала интерактивті
тақтадағы мамандыққа сай құрал-жабдығын, Activ қалам арқылы жылжытып
жанына апарады. Қателесіп кетсе орнына апарып қоя алады. Бала үшін бұл өте
қызықты. Ойлайды, саналы әрекет жасап, тапсырманы дұрыс орындауға
белсенділігі артады.
«Сәйкес
құралын
тауып,
жанына
жылжыт»
457
Осы сабақ «Егер.....,онда........» ойыны арқылы қорытындыланды. Мысалы:
«Егер мен шахтер болсам, онда елім үшін көп көмір өндіремін» деген жауаптарды
тыңдап, болашақ ұрпақтың келешегінен үлкен үміт күтесің. «Қарапайым
математикалық түсініктерді қалыптастыру» бөлімі бойынша тақтада қандай
мүмкіндіктер бар,әрине түрлі –түсті көрнекілік арқылы дайындалған тапсырманың өзі
баланы алға жетелеп, белсенділігін арттырады. Мысалы: №1 үлестірме «Күннің
тапсырмасы», «Гүлге көмектесейік», «Бұлттарды боя». Алдымен ауызша орындап
көріп, өз жауабын тексереді. Балалар жабық тұрған шаршыларды қаламмен
жылжытып себетке тастайды. Бұл көру арқылы, ауызша есептеудің алғашқы
баспалдақтары. №2 тапсырмада «Қоянға сәбіз берейік». Сонша ұғымын түсіндіру
мақсатында балаларға,- Неше қоян? сол қояндарға сонша сәбіз бер деген сұрақтар
арқылы сәбіздер жылжытылады. №3 тапсырма «Жоқ санды тап». 1-10 көлеміндегі
сандардың ретін сақтау үшін бос бұлттарға Activ қалам арқылы жоқ сандарды
жазады.
№1 №2 №3
Сонымен қатар, баланың тілін дамыту,соөздік қорын молайтуда үлкен рөл
атқарады.
«Адамға екі нәрсе тірек» бірі – тіл,бірі – ділің жүректегі» - деп Жүсіп Баласағұни
айтқандай баланың тіл белсенділігін,ойлау қабілеті мен жүйелі сөйлеу мәдениетін
қалыптастыру және дамыту тәрбиеші – педагогтардың алдындағы аса маңызды
мәселенің бірі болып отыр.Тіл – халық қазынасы. Әр халықтың өз ана тілі бар. Біздің
ана тіліміз – қазақ тіл. Тіл – адамдардың бір – бірімен сойлесетін, түсінісетін қарым –
қатынас құралы. Тіліміз болмаса біз сөйлей алмас едік, ана тілінің қадір – қасиеті
туралы;
Ана тілің – арын бұлІ
Ұятын боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл.
Өз тіліңді құметтеІ - деп жырлайтын ақын Қадыр Мырза Али
ғибратын бала санасына кұю керек.Қазақтың ұлттық ойындарының бірі асық ойыны-
ойлануды, ептілікті,іскерлікті қажет ететін ойын.«Хан талапай» ойының барлық
сабақтарда ойнатуға болады. Тәрбиешінің шеберлігі мен іскерлігі қажет.Бұл ойынның
шартын мақсатын және асық туралы балаға түсіндіреміз».Қоржын ішінде конвертте әр
түрлі тапсырмалар, сұрақтар асықтар нөміріне сәйкес нөмірленіп салынған».
Нөмірленген асықтар жерге шашылады, ал балалар талапайлап асықтарды
жинақтап алады.Нөмір бойынша сұрақтарға немесе тапсырмаларға жауап береді.
Сұрақтарға кім тез, әрі дұрыс жауап беріп, тапсырманы дұрыс әрі тез орындаса сол
жеңіске жетеді.
Қазақ ауыз әдебиетінің асыл үлгілері - ертегілер, мақал – мәтелдер, жұмбақтар,
эпостық жырларды көркем әдебиет сабақтарында қолдану сөз қадірін білдіріп,
458
қасиетті сөзді қастерлеуге тәрбиелейді, баланың ой – өрісін, тіл мәдениетін, есте
сақтауын, танымдық дағдысын арттырып, өмірге көзқарасын кеңейтеді, жақсылыққа
баулып, жамандықтан алыс жүруге үйретеді. Жұмбақтар – халық мұраларының үлкен
мәуелі бұтағы. Жұмбақтарды тәрбиешілер өзіміз жатқа айтып, баламен бірге бірнеше
рет қайталап жаттаймыз. Жұмбақтардың дүниетанымдық, ой дамытарлық мәнімен
қатар, тәрбиелік мәні де ерекше.Өйткені жұмбақ айтысу, жұмбақтарды жаттау кезінде
бала өзінің білімін, дәрежесін байқап, көп білуге талпынады, ынта – жігері артады,
жауапкершілікке бейімделіп, өнерге талпынушылығы күшейеді.
Кезекті бір жануар, Желп – желп етіп сақалы,
Үстінде екі тау бар.(Түйе) Қолыңнан дәм татады.(Ешкі)
Әр жаттаған жұмбақтың мағынасын түсіндіріп, шешуін тауып болған соң, бала
суреттен көрсетеді.
Қ.Ыдырысовтың «Кел балалар, ойнайық» өлеңімен;
Кел ,балалар, ойнайық,
Ойнайық та ойлайық,
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық – деп, қорытыңдылап, баланың қызығушылығын,
танымдық белсенділігін арттырамыз.
Бала өлен түріндегі мақалдарды, тақпақтарды, санамақтарды қанша көп жаттаса,
сонша миға гимнастика, яғни, баланың миы шынығады.Әрі сөздік қоры молайады.
Мақал
–
мәтелдер
–
халықтың
моральдік
кодексі,
тәрбие
қағидасы.Адамгершілікке, бауырмашылдыққа, бірлікке, ақылдылыққа, білімділікке
тәрбиелейді.Мысалы; «Атанның баласы болма, адамның баласы бол», «Екі кісі ұрысса
– ағат, екі кісі сыйласса - санат».
Ертегі – халық қиялы, арманы, даналығы көрінетін ауыз әдебиетінің ең көне түрі.
Бұларда көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін, ойдан
шығарылған оқиғалар баяндалады. Әділетсіздік, зұлымдық жеңіліп, тек жақсылыпен
бітеді.Өйткені, ертегі баланы армандауға, өз ойын әдемі баяндауға үйретеді, баланы
көңілдендіреді. Кейіпкерлерге қарапайым мінездеме беруге , рөлге еніп көріністер
көрсетуде баланың жауапкершілігі сезімдері оянып, белсенділігінің артуына ертегі
жол ашады.Өз тәжірбиемде ертегіні әңгімелеу әдісі арқылы жеткіземін.
Мысалы; «Қоянның құлағы неге ұзын?» атты ертегісін әңгімелеп түсіндіру
барысында сөздің грамматикалық құрылысын меңгеруге жаттықтыру, арқылы
балалардың сөздік қорын молайту, жетекші сұраққа жауап берулерін қадағалау,
ертегідегі жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді ажырата білуге үйрету мақсаты
көзделеді. Ертегімен жұмыс жасауды «Қай аң қалай дыбыстайды?» деген ойыннан
бастаймыз.Ойын кезінде жан – жануарлардың, аңдардың әрқайсысының даусын
салуға үйретеміз және ақ қоян, кірпі, қу түлкі, қасқыр, аю деген сөздер меңгеріледі.
Ертегі кейіпкерлері көрнекі құрал ретінде пайдаланылады.Үлкен қағазда түлі – түсті
суретпен орман бейнеленген оның бір шетінде үлкен әдемі үй көрінеді. Жетелеуші
сұрақтар бере отырып, айтқан ертегіміз не жайлы болды, соны естеріне түсіреміз,
түсініктерін толықтырып отырамыз.
Қазіргі кезде қоғамда жүріп жатқан өзгерістер, жаңару, мектеп жасына дейінгі
балалардың білім сапасын жақсартуды талап етуде.Педагогика ғылымның тарихына