2016 жылғы 9 ай жағдайы бойынша балалардың құқықтарын қорғау саласындағы негізгі нәтижелер және 2016 жылдың аяғына дейінгі қызметтердің басымдықтары
І. БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАР:
Комитетте 2016 жылғы 9 ай жағдай бойынша 19 нормативтік құқықтық акті әзірленді және қабылданды (ҚР Білім және ғылым министрлігінің 18 бұйрығы, 1 ҚР Үкіметінің қаулысы (қоса берілді).
II. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ:
Комитетте стратегиялық жоспардың 2 индикаторы бекітілген.
Индикатор «Балалардың өздерінің құқықтары мен міндеттері туралы хабардарлық деңгейі», 2016 ж. жоспар бойынша - 68% (2015 ж.- 63%).
Индикатор «Жыл сайынғы, қазақстандық азаматтардың отбасыларына берілген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйым тәрбиеленушілерінің үлесі» жоспар бойынша - 1076, 2016 жылғы 9 ай жағдай бойынша -1303, асырап алуға-172, оның ішінде халықаралық асырап алуға-9, патронаттық тәрбиеге-192, қамқоршылық және қорғаншылыққа - 330 (2015 ж.-1095, факт: 1519. 2014ж.-1045, факт: 1144).
Білім беруді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру кезінде іс-шаралар 2.
Тасымалдауды ұйымдастыруға талдауа жасау
Балаларды сапалы тамақтандыруға талдау жасау
Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші «Балаларды орта біліммен қамту».
2015-2016 оқу жылында республикада 10 күн және одан да көп уақыт бойы себепсіз мектепке бармаған 347 бала анықталды. Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде (ата-аналармен балаларды оқуға қайтару бойынша түсіндірме жұмыстары, әлеуметтік көмек көрсету бойынша білім беру ұйымдары мен органдары тарапынан қабылданған шаралар, құқық қорғау органдарының шаралары) 363 бала мектепке қайтарылды, 181 бала мектепке бармайды, (59-ізделуде, 62-оқуды қаламайды, 56-көшіп қонушылар).
Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы қызметін қамтамасыз ету.
Республикада 20 кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы жұмыс жасайды, олардың ішінде 13-і облыстық орталықтарда, 5-і Астана, Алматы, Жезказган, Теміртау қалаларында, ал қалған 2-і өңірлердің орталықтарында (Зырянов аудандары мен Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы).
2016 жылғы 9 ай жағдайы бойынша кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына 5 107 кәмелетке толмағандар орналастырылды, оның ішінде 776 - ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар, 4137 бақылаусыз және қадағалаусыз қалғандар, 108 - девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы ұйымдарға жіберілгендер, 86 - өмірдің қиын жағдайына тап болған кәмелетке толмағандар.
Келіп түскен кәмелетке толмағандардың санынан 4998 бала орналастырылды: оладың ішінде кәмелетке толмаған 4218 бала отбасыға орналастырылды, 508- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарға жіберілді, 86 бала қамқоршылық және қорғаншылыққа берілді, 23 бала патронаттық тәрбиеге берілді, 97 бала арнайы мектептерге жіберілді, 34 бала басқа елдердегі бейімдеу орталықтары үлгісіндегі ұйымдарға жіберілді және 32 қонақ отбасыларға берілді.
Барлық бейімдеу орталықтарында отбасыларды қолдау қызметі жұмысы ұйымдастырылды, олар аталған орталықтың тәрбиеленушілеріне әлеуметтік-құқықтық, ақпараттық, психологиялық, кеңес беру қызметтеріне бағытталған.
Отбасын қолдау қызметінің талдауы 2016 жылғы 9 ай жағдайы бойынша 215 ата-анаға және 418 кәмелетке толмағандарға құжатты рәсімдеу сұрағы, 2 ата-ана мен 4 кәмелетке толмағандарға жұмысқа орналастыру, 11 ата-ана мен 73 кәмелетке толмағандарға арнайы білім беру ұйымдарына орналасу мәселелері бойынша көмек көрсетілген, 1843 ата-ана мен 1542 балаға кеңестер берілді. 298 отбасыға, 97 білім беру ұйымына және 58 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған ұйымдарға бару іске асырылды.
III. ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ТАПСЫРМАЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ (2012ж. ЖҰЖ 42т., 2015-2020жж. ЖҰЖ)
2016 жылғы 9 ай бойынша 4 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған ұйым жабылды. «Үміт» балалар үйі, Раева атындағы Көкпекті балалар үйі, Семей қаласының №3 балалар үйі, Ақмола балалар үйі бейімдеу орталықтары болып қайта құрылды, 2 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған ұйымдар: «Достық», «Светоч» баспаналары.
IV. ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ӨТУІ:
Ведомствоаралық ынтымақтастық шеңберінде, сонымен қатар 2015 жылға арналған ҚР БҒМ жоспары мен Комитеттің жоспарын орындау барысында балалардың құқықтарын қорғау саласында 100 әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізілді, оладың ішінде:
«Өзін-өзі тану» республикалық декада (2-12 ақпан).
«Кәмелетке толмағандардың құқықтарын іске асырудағы сектораралық әдіс пен бастама: гендерлік аспект» атты республикалық конференция. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Шығармашылық бастама әйелдер лигасы» бірлескен іс-шарасы (25 ақпан).
«Жарық жұлдыздар астында» атты БАҚ жастар мен жеткіншек балалардың медиа-фестивалінің салтанатты ашылу рәсімі (29 наурыз).
«Жұлдызай 2016» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 11-ші республикалық фестивалі.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған ұйымдар тәрбиеленушілерінің арасындағы республикалық конкурс (1 маусым).
7 отырыс:
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институтын құру (13 қаңтар);
2016-2020 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен ЮНИСЕФ операциясының негізгі жоспарын іске асыру жолдарын талдау (26-27 қаңтар);
«Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы білім беру органдарының қызметтері туралы» (2 наурыз);
ҚР-да кәмелетке толмағандардың арасында суицидтің алдын алу жобаларын іске асыру (26 сәуір);
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың банк мәліметтері (20 мамыр);
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарды қайта құру және ірілендіру (28 мая);
2016 жылғы жазғы демалыс уақытында балалардың демалысын, бос уақыты мен жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша (4 маусым).
10 ақпараттық кездесу:
Алдағы уақыттағы ынтымақтастық жолын анықтау мақсатында Хейлиберри мектебінің сарапшыларымен (20 қаңтар);
Орталық Азиядағы PRI өкілдігінің сарапшысы Т.Третьяковамен жәбір көрсету және басқа да қатыгездік, адамгершіліксіз немесе ар-намысын таптау секілді әрекеттердің алдын алуға бағытталған превентивті тетіктердің пайда болуы мен құрылу мәселелері бойынша (26 қаңтар);
Барлық тұлғаларды қатыгездіктен қорғау үшін халықаралық конвенцияны іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасында қабылданған шаралар туралы 1-ші мерзімдік баяндамаға дайындық бойынша (12 ақпан);
Халықаралық асырап алу мәселелері бойынша Италияның Қазақстандағы елшісі Стефано Раваньянмен кездесу (15 ақпан);
2016-2017 жж. бірлескен жұмыс жоспарын талқылау бойынша БҰҰ (ЮНИСЕФ) балалар қорының өкілімен кездесу (16 ақпан);
Премьер-Министрдің орынбасары Д.Н.Назарбаевамен Бала құқықтары жөніндегі Норвегияның балалар амбудсменімен кездесу (17 ақпан);
Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар қорының кеңесшісі Робин Хаармен кездесу (27 сәуір).
20 отырыс:
ҚР Паламент Сенатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобаларына ұсыныстар енгізу бойынша (11 отырыс);
«Кәмелетке толмағандарды пробациялау жүйесін қалыптастыру үшін институттар мен мамандардың өзара әрекеттесуін үлгілеу» атты тақырыпта Шығыс Қазақстан облысында кәмелетке толмағандардың ісі жөнінде комиссия (22 ақпан);
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Е.К.Сағадиевтің қатысуымен ҮЕҰ кеңесі (15 наурыз);
ҚР Бас прокуратурасында асырап алу мәселелері бойынша отырыс (31 наурыз);
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған адамдарды әлеуметтік қорғау саласында арнайы әлеуметтік қызмет көрсету стандартын әзірлеу бойынша жұмыс тобы (31 наурыз);
Қазақстан Республикасында Бала құқықтары жөніндегі Уәкілді енгізу бойынша БҰҰ ұсынымдарын іске асыру мәселелері бойынша (26 мамыр);
Балаларды отбасыға орналастыру бойынша (26 мамыр);
ҚР Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 18-ші отырысы (16 маусым);
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың директорларының республикалық кеңесінің кеңейтілген отырысы (Қарағанды қ., 23-24 маусым);
2016-2029 жылдарға арналған балалардың мүддесіндегі іс-қимыл стратегиясын жобасын әзірлеу бойынша (29 маусым).
тренинг
«Кәмелетке толмағандарға арналған пробацияны үлгілеу және қылмыстық әділ-сот жүйесінің қызметкерлерінің әлеуетін көтеру» БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалр қоры мен PRI жобасын іске асыру шеңберінде (14-17 ақпан).
презентация:
«Өскемен және Семей қалаларының үлгісінде ШҚО отбасыларын қолдау қызметтерін құжаттандырудың нәтижелері» тақырыбында БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қоры (24 ақпан);
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың республикалық банк дерекқоры (20 мамыр).
Төмендегідей тақырыптарда 4 дөңгелек үстел:
«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу мен қылмыс туралы заңнамаларды қабылдау тәжірибесі» (10 ақпан);
«БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі Конвенция - балалардың құқықтарын қорғаудың халықаралық тетігі» (31 наурыз);
Орталық Азиядағы халықаралық түрме реформасын арнайы білім беру ұйымдарында реформалау концепциясын талқылау бойынша (20 мамыр);
«Қоғамды жаңарту жағдайында адам құқықтары жөніндегі уәкілдің міндеттері мен ролі» (28-29 маусым).
Жарнама бойынша заңнама мәселесі бойынша 1 қоғамдық талдау (16 ақпан).
іс-сапар:
Орталық Азиядағы халықаралық түрме реформасын өңіраралық өкілдерімен бірлесіп, арнайы білім беру ұйымдары мәселелері бойынша (3-12 сәуір);
Мәскеу қаласындағы Еуразиялық экономикалық комиссияның жанында санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық шараларды техникалық реттеу, қабылдау бойынша Консультативтік кеңестің 16-шы отырысы (9 маусым);
Женева қаласындағы зорлық-зомбылықтан жоғалған барлық тұлғаларды қорғауға арналған халықаралық конвенцияны іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасында қабылданған шаралар туралы бірінші мерзімдік баяндаманы қорғау (8-11 наурыз);
Женева қаласында азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакттың Қазақстан Республикасындағы орындалуы туралы екінші ұлттық баяндаманы қорғау (23-24 маусым).
19 телеарналардың бағдарламаларына қатысу:
«Астана» телеарнасының «Кеш емес» бағдарламасында балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша (20 қаңтар);
«Қазақстан» телеарнасында «Әйел бақыты» ток-шоуда балаларды оқытуда тәрбие беру әдістерін қабылдау мәселелері бойынша (2 ақпан);
«Астана» телеарнасында «Ашық алаң» бағдарламасында балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша (28 наурыз);
«Астана» телеарнасында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың республикалық банк деректерін құру мәселелері бойынша (29 наурыз);
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар бойынша республикалық телеарналарда сұхбат беру (1 маусым);
«Еуразия» телеарнасында «Баланы еңбекке баулу» тақырыбында сұхбат беру (22 маусым);
«24 KZ» телеарнасында балалардың ойыншықтарының қауіпсіздігі туралы (27 маусым);
«Еуразия» телеарнасында «Балалардың демалыс лагеріндегі қауіпсіздігі» тақырыбында сұхбат (29 маусым);
«24 KZ» телеарнасында «Мектепке жол» жыл сайынғы қайырымдылық акциясы бойынша сұхбат (17 тамыз).
«Біз тәуелсіз Қазақстанның ұрпақтары!» тақырыбында оқушылар арасында сауалнама.
«Жұлдызай» мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған республикалық фестивалінің, «Таң шолпан» жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйым тәрбиеленушілеріне арналған республикалық конкурсының, «Бала дауысы» ұлттық балалар ән кешінің жеңімпаздарының қатысуымен «Біз ұлы дала ұрпақтары!» атты гала-концерті.
1-12 маусымнан бастап «Бала еңбегін қанауға қарсы күрестің 12 күндігі»
«Түнгі қала балалары» рейдтік жұмыс.
және 11 қыркүйек аралығынды «Отбасы-бақыт мекені» республикалық апталығы.
«Дети рисует мир. Центральная Азия» халықаралық фестивалі.
V. ЕСЕПТІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛГЕН НЕГІЗГІ НӘТИЖЕЛЕР:
82 білім беру ұйымдары мен органдарының қызметіне тексеру жүргізілді: Оңтүстік Қазақстан облысы, Ақтөбе облысы және Астана қаласының 43 білім беру органдары мен органдарында тамақтандыру, жалпы білім беретін мектептерге оқушылардың мектепке баруы мәселелері мен Оңтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының 39 білім беру ұйымдарында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік бейімдеу, орналастыру мәселелері бойынша тексеру жүргізілді.
Тексерудің нәтижесінде анықтамалар жергілікті атқарушы органдарына тиісті шаралар қолдану үшін жолданды.
88 қызметтік тұлғаларға қатысты тәртіптік жаза қолданылды (Ақтөбе облысында-13, ОҚО-25, Астанада-40).
Жетім бала және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың 1030 тәрбиеленушісі отбасыға берілді, оның ішінде қамқоршылыққа, қорғаншылыққа (330), асырап алуға (172), туған отбасыларына - 609 бала қайтарылды.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны артты (2006-2013 жж. аралығында-1441, 2014ж.-951, 2015 ж.-1169, 2016 жылы 1 жартыжылдығы бойынша-528.
Ыстық тамақ 6082 (86,3%) мектепте (2014ж.-6043 (84,9%) 2 527 848 (93,8%) балаға (2014ж.-2 256 220 (86,1%) ұйымдастырылды. 2015 жылы ыстық тамақпен аз қамтылған отбасыдан шыққан 247 925 (100%) бала қамтылған.
2015-2016 оқу жылдарының басында білім беру ұйымдары жоқ 1523 елді мекендерде 24 903 (91%) оқушыға 813 автобуспен тасымал ұйымдастырылды. Күн сайын тасымалдау 21 165 балаға ұйымдастырылған. 100% тасымалдау 6 облыста ұйымдастырылған (Батыс Қазақстан облысы, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары).
Сонымен қатар, 9 пайыз бала тасымалмен қамтылмаған. 184 автобус қажет етіледі.
«Қамқорлық» республикалық акциясы шеңберінде аз қамтылған отбасылардан шыққан 160 000 астам балаға 700 млн. теңге сомасында көмек көрсетілді, оның ішінде 90 мың бала 300 млн. теңге сомасында спонсорлық көмекпен қамтылды.
Білім берумен қамтылмаған балаларды анықтау бойынша пәтерлерге тексеріс жүргізілді. Білім берумен қамтылмаған 66 бала анықталды, олардың 29-ы мектепке орналастырылды.
2016 жылғы 1-12 маусым аралығында «Балалар еңбегін қанауға қарсы 12 күндік күрес» 11-ші ұлттық ақпараттық компаниясы өткізілді. Осы іс-шараға 1,21 млн. шамасында кәмелетке толмағандар мен 200 мыңнан астам ересектер қамтылды.
18 854 ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 624 конференция, 2196 семинар-тренинг, 1323 «дөңгелек үстел», 3064 тематикалық көрме, 1677 кездесу, 830 диспут, 1232 балалар дебаттық турнир, 4214 акция, флеш-моб, 4916 суреттер, шығармалар конкурсы.
5800 рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды, оның барысында 10620 нысандар тексерілді (базарлар, авто жанармай станциялары, құрылыс алаңдары). Балалар еңбегін қанауға тартылған 31 кәмелетке толмаған бала анықталды.
495 мақала жарық көрді және Ұлттық ақпараттық компанияны өткізу туралы БАҚ құралдарында 70-тен аса сұхбат ұйымдастырылды.
Балалардың құқықтарының бұзылу фактыларын анықтау, балалар еңбегін қанау, панасыздық пен қадағалаусыздықтың алу мақсатында, сондай-ақ «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» ҚР Заңын іске асыру мақсатында республикада тоқсан сайын «Түнгі қаладағы балалар» атты рейдтер өткізіледі.
2016 жылдың 12 ай жағдайы бойынша 34 мыңнан астам нысандар тексерілді (1994-саяжай мен саяжай шаруашылығы, 2149-фермерлік шаруашылық, 5622-жағдайы төмен отбасы, 7155-үйдің жертөлесі, 2425-темір жол және автобус вокзалы, 5733-ойын-сауық орны, 5176-компьютер салоны, 2019-шағын аудандар мен базарлар, 2427-авто жуу, авто жанармай станциялары), нәтижесінде рейдтік іс-шаралар БАҚ-та жарық көрді, 540 мақала жарық көрді.
«Біз-тәуелсіз Қазақстанның балалары!» атты тақырыпта оқушылар арасында сауалнама өткізілді.
Сауалнамаға 1 514 917 оқушы қатысты, оның ішінде 44,8% оқушылар қала мектептерінен, ал 55,4% ауыл мектептерінен. Сауалнамаға тартылғандардың 48,1%-ы ұлдар, 51,9%-ы қыздар.
2015 жылғымен салыстырғанда сауалнамаға тартылған оқушылардың саны 490 766 адамға артты, оның ішінде қала мектептерінің оқушылары 231 834 адамға артқан.
Сауалнамаға тартылғандардың 70 пайызы бала құқықтары жөніндегі Конвенциядан хабардарлығын көрсетті, «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Заңда балалардың құқықтары көрсетілгені жөнінде хабардарлығын көрсетті.
2016 жылғы 1 тамыз және 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізілді. Акциямен 341 424 бала қамтылған, сондай-ақ 2 млрд. 468 млн. 785 мың 267 тг. соммасында көмек көрсетілді.
БАҚ-та 330 жуық ақпарат жарық көрді.
БАҚ-та 805 мақала жарық көрді.
Комитеттің ресми сайтында (www.bala.kz) 16 негізгі айдар, 30 кіші айдар және 15 маңызды сілтемелер жұмыс жасайды, олар үнемі жаңартылып отырады.
2016 жылғы 9 ай жағдайы бойынша веб-сайтқа әлемнің 50 елінен 60 800-ден астам интернет желісін қолданушылар кірген (күн сайын 600-ден астам интернет желісін қолданушылар).
Комитеттің төрағасының блогына келіп түскен азаматтардың өтініштеріне жауапты орналастыру бойынша жұмыстар жалғасуда. 2016 жылғы қаңтардан бастап төрағаның блогына 246 азаматтардың өтініші келіп түсті.
Twitter әлеуметтік желісінде ресми аккаунт құрылған және жұмыс жасайды, ол желіде де Комитеттің қызметтері туралы ақпараттар орналастырылады.
Жылдың басынан бастап 330-дан астам ақпарат фото материалдармен бірге мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерінде жарық көрді. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бағалау тиімділігінің әдісіне сәйкес сайтты модернизациялау жүргізілді.
Сенім телефонына хабарласқан 514 өтініш бойынша шаралар қабылданып, түсіндірмелер берілді, Комитет төрағасының блогына келіп түскен 246 жазбаша өтініштерге, Білім және ғылым министрінің блогына келіп түскен 59 өтінішке, 159 жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жазбаша түсіндірмелер берілді.
Комитеттегі құжат айналым 4948 бірлікті құрайды, оның ішінде ҚР Президенті Әкімшілігінен-9, Премьер-Министрінің кеңсесінен-63, Парламенті Мәжілісінен-13 (барлығы-107).
40 келісім-шарт бекітілді, олардың ішінде 2 маңызды ұсыныстарды сұрату, 38 бір көзден.
Мемлекеттік сатып алу жоспарында қарастырылған жоспарланған мемлекеттік сатып алуға өткізілген мемлекеттік сатып алу саны Комитет бойынша 100%-ды құрайды.
Бюджеттік жоспарлау
Төлем бойынша қаржыландыру жоспарында 2016 жылғы қаңтар-қыркүйек айлары аралығында 184 845 мың теңгенің 180038,8 мың теңгесі игерілді. Қалғаны 4806,2 мың теңге, олардың ішінде үнемдеуден барлық бюджеттік бағдарлама бойынша 2466,7 мың теңге немесе 51%.
Әмбебап есепке алу жүйесін қалыптастыру
Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға банк дерегі қалыптасуда.
Банк дерегіне жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың 27 064 сауалнамалық деректері, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары мен Астана қаласынан 1397 асырап алуға үміткерлер енгізілді.
Сауықтыру демалысымен 2 млн. 220 мың бала қамтылған. Жазғы кезеңде әртүрлі жұмыс түрлерімен 2 млн. 84 мың бала қамтылды.
Демалыс кезінде балаларды жұмысқа орналастыру мен бос уақытын, сауықтыру демалыстарын ұйымдастыруға жергілікті атқарушы органдардан 3 млрд. 860 млн. теңге және спонсорлық қаражаттаен 567 млн. 544 мың теңге бөлінді.
VI. 2016 жылғы 4 тоқсанға арналған НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАР:
Нормативтік қызметтер:
9 нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және іске асыру бойынша жұмыстар жалғасатын болады.
Жетістіктер:
2014-2018 жылдарға арналған ҚР Білім және ғылым министрлігінің стратегиялық жоспары.
Жергілікті атқарушы органдармен Меморандум: мұқтаж жандардың санынан жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша.
Жетім балаларды ҚР азаматтарының отбасына орналастыру бойынша.
Балалардың құқықтарын қорғау мақсатында бақылау қызметтерінің іске асырылуы.
2016 жылғы 4 тоқсанда Алматы, Қостанай, Қызылорда облыстарының білім беру ұйымдары мен органдарындағы тамақтандыруды ұйымдастыру, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру және олардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша 38 білім беру нысандарын тексеру жоспарланды.
Әлеуметтік маңызды іс-шараларды өткізу және ақпараттық сүйемелдеу:
«Адам құқығы-бала құқығы» онкүндігін ұйымдастыру және өткізу;
«Ризашылық», «Қуан сәби», «Балаларға мейірімділік сыйла» атты акция;
Рухани-адамгершілік білімнің республикалық кеңесінің кеңейтілген отырысы;
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының директорларының республикалық кеңесінің отырысы;
ҚР Үкіметінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 19-шы отырысы;
Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы Конвенцияны іске асыру мәселелері бойынша БҰҰ (ЮНИСЕФ) балалар қорымен бірлескен дөңгелек үстел;
Кәмелетке толмағандардың арасында суицидтік мінез-құлықтың алдын алу бойынша БҰҰ (ЮНИСЕФ) балалар қорымен бірлескен мектеп психологтары, әлеуметтік педагогтарға арналған семинар;
«Қазақстан Республикасында балалардың жағдайы туралы» жыл сайынғы мемлекет басшысына баяндаманы дайындау және тұсау кесер;
Әдістемелік, ақпараттық ақпараттардың шығуы («Қазақстан балалары» журналы, Қазақстан Республикасында балалардың жағдайы туралы баяндама, өмірдің қиын жағдайына тап болған кәмелетке толмағандарға арнайы, әлеуметтік қызмет көрсету бойынша әлеуметтік зерттеу, заңмен шиеленіске түскен кәмелетке толмағандарды постадаптациялық сүйемелдеу тәжірибесіне әлеуметтік зерттеу жүргізу).
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ (11):
Отбасын қолдау қызметі
«Каникулда отбасыға»
«Ризашылық», «Қуан сәби»
«Түнгі қаладағы балалар»
«Табысты болу құқығы»
«Өзіңнен баста»
АҚПАРАТТЫҚ-ИМИДЖДІК ҚЫЗМЕТ:
«Қазақстан балалары» журналын әзірлеу;
2016 жылға арналған балалардың жағдайы туралы баяндама;
Әдістемелік, ақпараттық буклеттер, жинақтар;
БҚҚК, ҮЕҰ, әлеуметтік желілер және т.б. интернет ресурстарын қолдану;
Конференциялар, брифингтер, интервью, ток-шоу;
Адамның рухани-адамгершілік дамуын ақпараттық-насихаттық сүйемелдеу.
Достарыңызбен бөлісу: |