Имандылық - ізгілік ниеті
Сабақтың мақсаты
- Имандылық сөзінің нақты мағынасын түсіну.
- Оқушылардың білімдерін кеңейте отырып, ой - өрісін, қиялын, қызығушылығын, белсенділігін, құштарлығын, яғни, адами қасиеттерін қалыптастыру, ана тілін сүюге, ата - салтын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат сөздерді түсіндіріп, содан үлгі - өнеге алуға баулу.
- Оқушы бойына имандылық, адамгершілік, қасиеттерді қалыптастыру.
Имандылық
Имандылыққа қандай қасиеттерді жатқызамыз?
Имандылық дегенді қалай түсіңесіздер?
«Имандылық - қастерлі қасиет»
" Әрбір ақылды адамға иман парыз,әрбір иманды адамға ғибадат парыз "
Абай
Иман – қазақ халқының рухани дүниетанымындағы парасат пайымымен сабақтасып жататын өте кең өлшемді ұғым. Барлық бет – болмысының, мінез – құлқының айнасы. Имандылық деген бір ғана сөздің бойына ұят, ар, ынсап, қанағат сықылды бүкіл жақсы қасиеттер түгел сыйып тұр. Қазақтың жүзі жылы жанды жолықтыра қалса, «бетінен иманы төгіліп тұрған адам екен» немесе «иманжүзді кісі екен» деп сөз етісетіні де сондықтан. Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты “көргенді” деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды “иманды” деп атаған. Мұсылмандық дүниетаным бойынша, имандылық иманнан пайда болады. Ал иман – жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни имандылық – Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез. Алла жіберген әрбір пайғамбарының міндеті – иман мен имандылыққа уағыздау деп саналған. Ең соңғы пайғамбар Мұхаммед (ғ.с.): “Мен ең ғажап көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім”, – деу арқылы әлемдегі тәлім-тәрбие мен имандылықтың қаншалықты маңызды екенін көрсеткен, имандылыққа өзі бірінші үлгі болған делінеді. Алла тағала адамды иман мен имандылық үшін жаратқан, сондықтан: “Алланың мінезінен үлгі-өнеге алыңдар” (Мұхаммед пайғамбар), – деп уағыздалады. Имандылықтың негізін мұсылмандар Құранда деп біледі.
Иманды адам - арлы адам,
Имансыз адам - сорлы адам.
Аллахқа құлшылық етуді имандылық деп айтады. Имандылықтың тармақтары өте көп солардың ең үлкені " Лә Илаһа Илла Аллаһ " - кәлимасы. Ең төмені жолда жатқан тасты адамдарға кедергі болмасын деп алып тастау. Ата-анаңа көмектесуің иманнан,басқада адамдарға көмек беруің иманнан,тіпті интернетте отырыпта басқаларға көмегіңді тигізуің иманнан. Ең бастысы ниеттің дұрыстығы. Имандылық ең басты Адамның Адам болмысын білдіретін үлкен құндылық.
Имандылықтың шынайы төріне төрт нәрсе арқылы жетуге болады.
- Аланың жазуына шүкіршілік;
2. Алла тағалаға шын пейілмен сенушілік;
3. Барлық істе де Аллаға жүгінушілік;
4. Сана сезіміңе кереғар нәрсеге шыдамдылық.
Достарыңызбен бөлісу: |