39
жүргізу ерекшеліктері:
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
қағидаты – баланы қайтару туралы шешімнің шұғыл
жүзеге асырылуға тиіс екенін білдірмейді. Сот
талқылауларында баланың басым мүдделері ұдайы ба-
сты назарда ұсталады (БҚК-нің 3-бабында баланың
басым мүдделері бірінші кезекті факторлардың
бірі ретінде (бірегей емес) аталған. Баланың ба-
сым мүдделері баланың жеке даму перспективасын
қалыптастыруға септігін тигізеді және көптеген
жағдайларға, атап айтқанда, оның жас шамасы мен
ересектігіне, ата-аналарының болу-болмауына, оның
айналасына және өмір тәжірибесіне байланысты бо-
лып келеді. Сол себепті оның басты мүдделері әрбір
нақты жағдайға қатысты бағалануы тиіс. Басқаша
айтқанда, судья баланы кері қайтару туралы өтінішті
қарастыра отырып, баланың кері қайтарылуы тек
оның мүддесін көздейді деп шешім шығармауы қажет.
•
Бала өзін қайтаруға қарсы және өзінің пікірі
ескерілуге тиіс ересек жасқа жеткен. Конвенци-
яда баланың пікірі тыңдалуға тиіс делінген ере-
желер көзделмеген, бірақ БҚК-нің 12-бабында
баланың өз пікірін айту мүмкіндігі және оның
назарға алынуға тиіс екені белгіленген. БҚК-де
(Гаага конвенциясында емес) осыған байланысты
жас шамасы бойынша шектеулер көзделмеген.
Бұл, қорыта келгенде, судьяның баланы тыңдай
отырып, оның жас шамасы мен ересектігі оның
көзқарастарын назарға алуға болатынына қатысты
шешімге келуге тиіс екенін білдіреді.
7.2.3. Қол жеткізу құқығы
Гаага конвенциясында сондай-ақ баланың қол
жеткізу құқығын тиімді жүзеге асыру жөнінде
ережелер белгіленген. Басқа елде тұратын бала-
мен байланыс жасау оңайға түспейтіні белгілі. Сіз
баланың тұрақты тұратын еліне бара аласыз не ол
сіз тұратын елге келуі мүмкін.
Әрине, баланың ата-аналарының сапар туралы
және уағдаластықты тиімді жүзеге асыру шарттары
туралы келісуі бала үшін басты мүдде болып табы-
латыны сөзсіз.
Бірақ мұндай уағдаластыққа қол жеткізу мүмкін
болмаса, ата-аналардың әрқайсысы қол жеткізу
құқығын тиімді ұйымдастыру және қамтамасыз
үшін өз елдеріндегі орталық органдарға (келесі
тармақты қараңыз) жүгінуі мүмкін.
Егер бала мен ата-аналары арасында қатынас жасау
үшін бітімге келу мүмкін болмаған жағдайларда,
орталық орган тікелей немесе делдал арқылы қол
жеткізу құқығын және оның сақталуын қамтамасыз
ету мақсатында талқылауды тағайындауы мүмкін.
Осыған байланысты қауіпсіздік шаралары мен
кепілдіктер балаға келетін ата-ананың өзінің
төлқұжатын және жол құжаттарын тапсыруға,
ақшалай кепіл енгізуге немесе сөз беруге және/
немесе баламен болған барлық уақытта полиция-
да немесе басқа да органда ұдайы есеп беруге тиіс
екенін білдіретін шарттар болып табылады. Осы
және басқа да мүмкін шаралар екінші ата-ана та-
рапынан ынтымақтастықты қамтамасыз етуге және
баланы ұрлауға жол бермеуге мақсатталуға тиіс.
51
7.2.4. орталық органды құру және
оның рөлі
Гаага конвенциясында Уағдаласушы
мемлекеттердің орталық орган құруы/тағайындауы
көзделген. Федералдық мемлекеттер бір орталық
органды тағайындауы мүмкін (6-бап). Орталық
органдар балаларды жедел қайтаруды қамтамасыз
ету үшін бір-бірімен ынтымақтастықта жұмыс жа-
сайды. Атап айтқанда, олар:
•
ұрланған не заңсыз ұсталған баланың
орналасқан жерін анықтау үшін;
•
балаға одан әрі зиян келтіруді болғызбау үшін;
•
баланың өз еркімен оралуын немесе өзара қолайлы
шешімдерге қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін;
•
баланың оралу және қол жеткізу құқығын
ұйымдастыру және тиімді жүзеге асыруды
қамтамасыз ету қажеттілігі жағдайында, шара-
лар қабылдау мақсатында сот немесе әкімшілік
талқылауды бастау үшін;
•
заңдық көмекті және кеңесті қамтамасыз етіп,
жәрдемдесу үшін;
•
баланың қауіпсіз оралуын қамтамасыз етуге
қажетті шаралар қабылдау үшін тікелей не-
50 ECrtHR қараңыз, 6 желтоқсан, 2007, Момуссо және Вашинг-
тон, Франция (39388/05 and Neulinger and Shuruk v қосымшасы,
Швейцария 6 шілде, 20910 (41615/07 қосымшасы).
51 Халықаралық жеке құқық бойынша мейлінше толық ақпарат, ба-
лалар бойынша трансшекаралық қатынастардың тиісті практикасы
жөніндегі жалпы принциптер және басшылық, 2008 ж.