33
жүргізу ерекшеліктері:
халықаралық стандарттар және ұлттық тәжірибе
Қазақстан Республикасында балалардың қатысуымен қылмыстық және азаматтық сот ісін
беру туралы өтінішті тиісті қызметтер саласына
беру мүмкіндігін қарап, зерделеуге тиіс. БҚК 18
және 27-баптарында мемлекеттің ата-аналарға,
балаларға олардың жан-жақты, үйлесімді дамуы
үшін, қажетті өмір деңгейін қамтамасыз етуге
көмек үшін жеңілдіктерді, тиісті жәрдемді және
азық-түлік, киім және тұрғын үйді қоса алғанда,
материалдық қолдау бағдарламалары арқылы көмек
ұсынуы көзделген.
c). Баланы қорғау туралы шаралар қабылдау тура-
лы шағым-талапты қараған кезде судья, ең алды-
мен, қоғамдық негізде ата-аналарға көмектесуде
және баланы қорғауда жеткілікті шаралар
қолданылғанына көз жеткізуге тиіс.
d). Баланы қорғау туралы шаралар оның басым
мүдделерін сақтау үшін қажет боған жағдайда,
судья, қадағалауды жүзеге асыру, ата-аналарды
консультацияға жіберу немесе дағдылану жөнінде
сабақтар өткізу сияқты, бала мен ата-ананың ай-
рылыспауына ықпал ететін шараларға зейін қоюға
тиіс.
5.3.2. балама күтім
БҚК-нің 20-бабына сәйкес, егер бала уақытша не-
месе мүлдем отбасы ортасынан айрылса немесе ол
өзінің басым мүдделеріне сәйкес бұл ортада қала
алмаса, оған балама күтім көрсетілуі тиіс.
Алғашқы жағдайда, егер бала аурудың немесе жол
апатының салдарынан ата-анасының екеуінен де
айрылса, оған балама күтім қажеттігін, екінші
жағдайда, бала ата-аналарынан/ата-анасынан
ажыратылуға тиіс екенін білдіреді. БҚК-нің 9-ба-
бында баланың еркінсіз ата-аналарынан/ата-ана-
сынан айыру оның басым мүдделеріне сәйкес
жүзеге асырылатыны атап көрсетілген. Бала-
ны ата-аналарынан/ата-анасынан айыру туралы
шешімді құзыретті органдар, мысалы, балаларды
қорғау жөніндегі комиссия немесе сот қабылдауға
тиіс. Бірақ шешім шығарылғаннан кейін ата-ана-
лар шағым беруі мүмкін болғандықтан, аталған іс
соттың қарауына жатады.
Балаларды қорғау ісіне қатысты бірден-бір арнайы
процессуалдық қағида баланы айыру туралы осы
шешіммен байланысты: барлық мүдделі тараптарға:
ата-аналарға, балаларға және өзге де адамдарға сот
отырыстарына қатысу және өз пікірлерін білдіру
мүмкіндігі ұсынылуға тиіс (БҚК 9-бабының
3-тармағы). 12-бапта (5.3.1.-тараушаның а.
тармағы) баланың істерді қарауға қатысуына
қатысты тұстар егжей-тегжейлі баяндалған,
мұнда баланы ата-аналарынан/ата-анасынан ай-
ыру туралы шешім тек оның тікелей қатысуымен
қабылдануы мүмкін екені атап өтілген.
Сондай-ақ, 20-бапта балама күтім белгілеген кез-
де заң жүзінде баланы асырап алмай, қабылдаушы
ата-аналармен тұру, ислам заңы бойынша «кафала»
немесе қабылдаушы отбасының заң жүзінде асы-
рап алуы сияқты отбасындағы жағдай ескерілуге
тиіс екені тұжырымдалған. Баланы арнайы ме-
кемеге орналастыру туралы мәселе тек қажетті
жағдайда қаралуға тиіс. 3 жасқа жетпеген балалар
отбасы жағдайында болуға тиіс. Арнайы мекеме-
ге орналастыру егер ағайынды балалардың бірге
тұруы олардың басым мүдделеріне сәйкес келетін
жағдайда немесе төтенше шара ретінде қолданылуға
тиіс. Бірақ бұл жағдайда мекеме отбасына қайта