3 D модельдеу. Виртуалды және кеңейтілген шындық.
Виртуалды шындық
(Virtual Reality, VR) – бұл пайдаланушы толықтай немесе
жартылай
сезініп,
жасанды
нысандармен
және
нысандарды
пайдаланушылармен өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін техникалық
құрылғылардың көмегімен жасалған орта. Бұл ортаны гарнитура немесе
виртуалды шындық шлемі сияқты белгілі құрылғылар арқылы сезінуге
болады.
Виртуалды шындықтың (VR) басты мақсаты:
жасанды шындықты құру және жақсарту;
белгілі бір жағдайға дайындау және белгілі дағдыларды қалыптастыру үшін
жағдай жасау.
VR қасиеттері:
шындыққа ұқсас VR – болып жатқан оқиғаның шынайылығын сезіну;
Интерактивті VR жасанды әлем ортасымен қатынасуды жүзеге асырады;
машинамен өндірілген VR — техникалық құралдарға негізделген;
оқуға қол жетімді VR нақты әлемді зерттеуге мүмкіндік береді;
қатысу әсерін беретін VR адамның сезім мүшелеріне әсер ете отырып процеске
еліктіреді.
VR түрлері:
толық ену әсері бар VR технологиясы. Бұл түрі виртуалды әлемнің егжей-тегжейлі
нақтыланған шындыққа ұқсас симуляциясын жасайды;
ортақ инфроқұрылымы бар VR технологиясы. Бұл – үшөлшемді виртуалды әлем,
процеске толық енгендей әсер қалдырмайды, бірақ басқа қолданушылармен
ынтымақтастығы бар, мысалы, Second Life;
енусіз VR технологиясы – экранда дыбыс, сурет, контроллерлерді қолдану
арқылы ойнатылатын симуляция;
интернет-технология негізіндегі VR технологиясы. Бұл HTML сияқты VRML
(Virtual Reality Markup Language) тілінде жасалған.
R бізге кейіпкерлердің бірі сияқты бейнеойындарға енуге, жүрекке ота жасауды
үйренуге немесе өнімділікті арттыру үшін спорттық дайындықтың сапасын
арттыруға мүмкіндік береді. Авиацияда, медицинада және әскери салаларда
виртуалды шындық арқылы оқыту қымбат құралдарды қолданатын және қауіпті
жағдайларда болатын нақты жаттығуларға балама бола алады.
Кеңейтілген шындық
(Augmented reality, AR) – компьютерлік программалар
көмегімен виртуалды элементтерді қабаттастыру арқылы шынайылықты
күшейтудің инновациялық технологиясы. Дизайнерлер нақты уақыт режимінде
пайдаланушының қоршаған ортасының өзгеруіне, әдетте, қозғалысқа әсер ететін
кіріс ақпараттарын, аудиодан видеоға, графикадан GPS қабаттасуына дейін және
т.б. сандық мазмұнда жасайды.
Кеңейтілген шындықтың басты мақсаты
: шынайы әлемге көпқырлылық пен
мәнерлілік қосу. AR қосымшалары мобильді құрылғыларда қолданылады.
AR қасиеттері:
виртуалды және шынайы әлемді біріктіреді;
нақты уақыт режимінде өзара әрекеттеседі;
3D форматында жұмыс істейді.
Кеңейтілген шындық технологиясы мына үлгіде жұмыс жасайды: қолданылатын
арнайы белгі мобильді құрылғы немесе компьютер арқылы оқылады,
нәтижесінде экранда қосымша ақпарат қабаты көрсетіледі.
Кеңейтілген шындық шын мәнінде қолжетімді және әртүрлі тәсілдермен
қолданылады, соның ішінде Snapchat линзасы ретінде, көліктер толып тұратын
автотұрақта автокөлікті табуға көмектесетін қосымшаларда, нақты уақыт
режимінде жолдың кескініне маршрутты бейнелеуге және әртүрлі сауда
қосымшаларында, киімді шешпестен өлшеп көруге мүмкіндік береді.
Аралас шындық
(Mixed reality, MR), (кеңейтілген виртуалдылық пен кеңейтілген
шындықты біріктіреді) – нақты уақыт режимінде физикалық және сандық
нысандар өзара әрекеттесе алатын жаңа әлем мен көрнекіліктер құру үшін
шынайы және виртуалды әлемдердің бірігуінің нәтижесі.
Виртуалды және кеңейтілген шындықтардың қолданылу салалары:
білім беру;
ғылым;
медицина және психология;
маркетинг;
туризм;
сәулет және құрылыс, т.б
1-тапсырма
Сілтемені басу өткен тақырып бойынша тест жұмысын орындау
https://forms.gle/N6SrEkVYFdfinuMt5
2-тапсырма
3-тапсырма