Қазақстан республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылғАН



жүктеу 4,89 Mb.
Pdf просмотр
бет4/39
Дата23.11.2018
өлшемі4,89 Mb.
#24297
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39

12

Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі 

мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы

ОСЫ ТАЛДАУ ЖҰМЫСЫНЫҢ 

МАҚСАТЫ ҮШ БӨЛІКТЕН ТҰРАДЫ:

• 

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жоғарғы Сотына КТМАС-тың еліміздегі дамуын бағалау 



және құжаттау, оның ішінде олардың полиция және прокуратурамен қарым-қатынасы, тегін құқықтық 

көмекті пайдалану, олардың әділсот жүйесіндегі балалардың құқықтарына әсері, сол сияқты ілгері 

дамуға және әрекет етуге негіз болған немесе кедергі болған негізгі күштер мен шектеуші факторлар 

бойынша Техникалық көмек көрсету;

• 

Қолданыстағы  практиканың  халықаралық  стандарттарды  қай  уақытта  қолданатынын  анықтау; 



және 

• 

Кәмелетке  толмағандардың  істері  жөніндегі  әділсот  бойынша  халықаралық  стандарттарға 



сәйкес, құқық бұзушылар деп танылғандар, қылмыстың жәбірленушілері немесе куәгерлері ретінде, 

ия  болмаса  азаматтық  және  әкімшілік  сот  жүргізудің  қатысушылары  ретінде  әділсот  жүйесімен 

қақтығыстағы  балалардың  мүдделеріне  қызмет  жасаулары  үшін,  КТМАС-ты  әрі  қарай  нығайтуға 

қатысты ұсыныстарды әзірлеу және ұсыну.




Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі 

мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы

13

3. ӘДІСТЕМЕ 



Осы  бағалау  жұмысын  консультанттар  ҚР  Жоғарғы 

Соты, ҚР Бас прокуратурасы, ҚР Ішкі істер министрлігі, 

ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігі,  Республикалық 

адвокаттар  алқасы,  ҚСЗО,  Қазақстандағы  ЮНИСЕФ 

офисі және ұлттық сарапшылармен ынтымақтаса оты-

рып  әзірледі.  Осыған  байланысты Астана  қаласында 

барлық мүдделі серіктестердің қатысуымен бірлескен 

талқылаулар өтті. Зерттеудің алғашқы тұжырымдары 

мен  ұсынымдары  ҚР  Жоғарғы  Соты,  ҚР  Бас  проку-

ратурасы,  ҚР  Ішкі  істер  министрлігімен  болған  кез-

десулерде,  сонымен  қатар  Астана  қаласында  19 

КТМАС-тан  келген  судьялардың  қатысуымен  өткен 

республикалық  конференцияда  ұсынылып,  талқыға 

салынды. Аталмыш талқылауларда айтылған ескерту-

лер осы есепті әзірлеу барысында ескерілді. 

3.1. ҰЛТТЫҚ САРАПШЫЛАР МЕН 

ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ РӨЛІ 

Халықаралық  консультанттар  ұлттық  сарапшылар

12

  

және  зерттеушілерден



13

  құралған  топпен  бірге 

жұмыс  жасады.  Бұл  жұмысты  саяси  емес  тәуелсіз 

аналитикалық орталық болып табылатын Алматыдағы 

ҚСЗО үйлестірді.

Ұлттық  зерттеушілер  халықаралық  консультанттарға 

жартылай  құрылымдық  жекелей  сұхбаттар  жүргізу 

және таңдалып алынған өңірлердегі сот үдерістеріне 

бақылау жасау арқылы көмек берді

14



3.2. МӘЛІМЕТ ЖИНАУДЫҢ ӘДІСТЕРІ 

Консультанттар 

мәлімет 

жинаудың 

сандық 

және  сапалық  әдістерін  қолданды,  оның  ішінде 



аналитикалық  шолу,  жартылай-құрылымдық  жекеле-

ген және топтық сұхбат, КТМАС-та жинақталған сандық 

мәліметтерге  шолу  жасау,  КТМАС  және  қылмыстық 

істер  жөніндегі  мамандандырылған  ауданаралық 

соттардың  (Мамандандырылған  қылмыстық  сот-

тар)  судьяларымен  жүргізілген  интернет-сауалнама, 

сондай-ақ  прокурорлармен  болған  интернет-сау-

12

  Республика  деңгейінде  жұмыс  жасайтын  сарапшылар:  Айна 



Шорманбаева,  юрист,  ұлттық  құқық  саласында  экспертиза 

жүргізуге,  статистикалық  мәліметтерді  толтыруға,  толтырылған 

статистикалық  мәліметтерді  талдауға  жауапты  және  Алма-

ты  қаласында  сұхбат  жүргізуге  көмектесті,  сондай-ақ    Гүлжан 

Алимбекова,  әлеуметтік  ғылымдар  жөніндегі  сарапшы,  КТМАС 

судьяларының  онлайн  зерттеуде  берген  жауаптарын  талдауға 

жауапты.

13

  Республикалық зерттеушілер тобы сегіз адамнан құралды, оның 



ішінде азаматтық қоғам және қорғаушылардың өкілдері бар

14

  7  -  8  шілде  2014  жылы  республикалық  сарапшылар  мен 



зерттеушілер 

халықаралық 

консультанттар 

тарапынан 

жартылай-құрылымдық  сұхбат  жүргізу,  сот  тыңдалымдарына/

үдерістеріне  бақылау  жасау,  осы  зерттеуде  мәлімет  жинауда 

қолданылған кестелерді сандық мәліметтермен толтыру бойын-

ша оқытылды (төмендегі 3.2- бөлімді қараңыз).

алнама  мен  КТМАС-тағы  сот  тыңдауларына  және 

үдерістеріне жасалған бақылауларды атап айтуға бо-

лады. Мәлімет жинаудың осы әдістерінің әрқайсысына 

толығырақ төменде тоқталынатын болады. 



3.2.1. АНАЛИТИКАЛЫҚ ШОЛУ

Халықаралық консультанттар және құқықтық сұрақтар 

бойынша ұлттық сарапшы КТМАС құрылымын, юрис-

дикциясын  және  олардың  ережелерін  талдау  үшін 

екінші  мәліметтер  пен  әдебиеттерді  оқыды.  Бұл 

мәлімет жинақтауда әдістер мен құралдарды әзірлеу 

үшін  ақпарат  алуға  мүмкіндік  берді.  Мәліметтер 

КТМАС ережелері мен практикасына қатысты сапалық 

(өзекті  және  қол  жетімді  болған)  және  сандық 

мәліметтерден тұрады. Сонымен қатар, аналитикалық 

шолу  қолданыстағы  КТМАС-тың  ережелері  мен 

практикасын  қарастыратын  зерттеулерді  анықтауға 

ұмтылды

15



3.2.2. ІРІКТЕУ ЖӘНЕ ЖАРТЫЛАЙ-ҚҰРЫЛЫМДЫҚ 

ЖЕКЕЛЕГЕН ЖӘНЕ ТОПТЫҚ СҰХБАТ 

Төмендегі сегіз КТМАС елімізде мәлімет жинау үшін 

таңдалып алынды:

•  Алматы қ. КТМАС; 

•  Астана қ. КТМАС; 

•  Шығыс Қазақстан облысы, Семей қ. КТМАС;

•  Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қ. КТМАС;

•  Маңғыстау облысы, Ақтау қ. КТМАС;

•  Қызылорда облысы, Қызылорда қ. КТМАС;

•  Қарағанды облысы, Қарағанды қ. КТМАС; және 

•  Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қ. КТМАС. 

Сегіз  КТМАС  мақсатты  іріктеудің  көмегімен 

келесідей  критерийлер  негізінде  таңдалып  алын-

ды:  Қазақстан  шеңберінде  географиялық  жағдай; 

өңірдің  экономикалық  статусы;  және  кәмелетке 

толмағандар  арасында  қылмыс  деңгейінің  салы-

стырмалы  көрсеткіштері  және  өңірдегі  КТМАС  саны.  

Бұдан басқа, 

•  Алматы  және  Астанадағы  КТМАС-тар  2008 

жылы  пилот  ретінде  жұмыс  жасалған  соттар 

болған соң, сондай-ақ оңды тәжірибе ұсынатын 

және  де  басқа  КТМАС-тарда  анықталмаған 

мәселелерді  ұсынатын  болған  соң  таңдап 

алынды; 


  

15

  Халықаралық  консультанттардың  толық  аналитикалық  шолу 



жасауларына,  яғни  КТМАС-қа  қатысты  заңдар  мен  нормативтік 

құқықтық актілер қаншалықты халықаралық стандарттарға жа-

уап  береді  деген  сұраққа  толық  шолу  жасауға  мүмкіндіктері 

болмағанын  айта  кеткен  жөн.  Өйткені  талдауға  қажетті  кейбір 

материалдардың ағылшынша толық нұсқалары жоқ еді.



жүктеу 4,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау