Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы
79
•
Кәмелетке толмаған жәбірленуші немесе куәгер
өзге кәмелетке толмағана тұлғаға қарсы куәлік етуі
қажет болған жағдайларда қолдау көрсету және про-
куратурамен байланыс орнату міндеттері соттағы
әлеуметтік қызметкер немесе психологтан гөрі өзге
тұлғамен орындалуы тиіс.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша істерге
қатысатын кәмелетке толмағандарды жәбірленушілер
және куәгерлер ретінде, соның ішінде, қажет болғанда
жоғарыда сипатталған шараларды қолдану арқылы
қарауға кеңес беріледі.
10.2.9. АТА-АНАЛАР МЕН ҚАМҚОРШЫЛАРДЫҢ
ҚАТЫСУЫ
•
Әр КТМАС-та кем дегенде бір штаттағы әлеуметтік
қызметкер болғаны жөн, осындай әлеуметтік
қызметкер судьяға кәмелетке толмаған тұлғаның от-
басы туралы ақпарат, кәмелетке толмаған тұлғаның
өзі және орын алған жағдай туралы негізгі мәліметтер
бере алуы үшін ол барлық кәмелетке толмаған айып-
талушылармен және олардың ата-аналарымен сот
ісін қарауға дейін кездесуі тиіс.
•
КТМАС әлеуметтік қызметкері іске қатысатын
ата-аналарға/қамқоршыларға сот рәсімдері тәртібін
түсіндіруін және оларға сот тыңдауы барысын-
да ата-ананың/қамқоршының рөлі туралы айтуын
қамтамасыз етуге кеңес беріледі.
•
ҚР Жоғарғы Соты соттың қарайтын істерге қатысатын
ата-аналар/қамқоршылар танысып шығуы үшін
қолжетімді болатын КТМАС рәсімдері баяндалған
шағын кітапша әзірлеу туралы мәселені қарастыра
алады. Балалар түсіне алатындай етіп бейімделген
кітапша нұсқасын КТМАС қарайтын істерге қатысатын
кәмелетке толмағандарға да ұсынуға болады.
•
Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың
істерінде оларға баламен мүдделер қақтығысы туу
қаупі жоқ тұлғаның балама қолдауын ұсыну қажет.
Ондай тұлға баланың туысы, отбасының досы немесе
ондай адамдар жоқ болса, сотқа бекітілген әлеуметтік
қызметкер, психолог немесе педагог маман бола ала-
ды.
10.2.10. АУДАРМА ҚЫЗМЕТІ
•
Аудармашылар КТМАС-та қаралатын істерде ау-
ызша немесе жазбаша аударма қызметтерін ұсына
бастағанға дейін тілді қажетті деңгейде меңгергенін
көрсете алуын талап етуге кеңес беріледі. ҚР Жоғарғы
Соты ауызша және жазбаша аудармашылар үшін
біліктілік стандартын және сертификаттау жүйесін
белгілеу мүмкіндігін қарастыра алады.
10.2.11. СОТ МӘЖІЛІСІ ЗАЛЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ
•
Кәмелетке толмаған тұлғаны тартып, оған КТМАС
қарауындағы сот өндірісіне қатысуға толық мүмкіндік
беру үшін қылмыстық іс болсын, әкімшілік құқық
бұзушылық туралы іс немесе азаматтық іс болсын,
сот мәжілісі залында қатысушыларды орналастыру
тәртібін мейлінше бейресми ету үшін сот залының
жоспарын өзгерту мүмкіндігін қарастырған жөн.
•
КТМАС судьялары кәмелетке толмаған тұлға және
істің басқа да қатысушыларымен бір деңгейде, ман-
тия кимей отырғаны жөн.
•
Прокурорлар кәмелетке толмаған тұлға қатысатын
сот тыңдаулары барысында арнаулы киім кимегені
жөн.
•
Кәмелетке толмаған тұлға сезіне алуы үшін және
іс бойынша сот өндірісіне қатыстырылуы үшін іске
қатысатын тараптар бір-біріне айтарлықтай жақын
отырған жөн.
•
Кәмелетке толмаған тұлғаларға қажет болғанда,
сот тыңдауы немесе сот ісін қарау барысында
өзара әрекеттесе алуы үшін ата-анасының және
қорғаушысының жанында отыруға рұқсат еткен жөн.
Полиция қызметкерлері КТМАС-та қарусыз жүргені
жөн.
10.2.12. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДЕ СУДЬЯҒА ДЕРЕУ
ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҚҰҚЫҒЫ
•
Сотқа дейін тұтқынға алуға қатысты қолдау хат-
тарды қарау үшін әр КТМАС-қа арнайы бекітілген
кем дегенде бір судья болғаны жөн. КТМАС істерімен
жұмыс жасау басталғанға дейін, КТМАС-та жұмыс
жасау барысында (жоғарыдан қараңыз) КТМАС су-
дьяларын мамандандырылған дайындықтан өткізуді
қамтамасыз етуге қатысты ұсыныс-кеңестер аталмыш
тергеу судьяларына да қатысты қолданылуы тиіс.
•
Халықаралық стандарттарға сай, сот кез-
келген жалғасып жатқан бас бостандығынан айы-
ру заңдылығын тексере алуы үшін заңнан аттаған
кәмелетке толмағандар КТМАС-қа ұсталғаннан кейін
24 сағаттан кешіктірмей жеткізілуі тиіс екені тура-
лы талап қамтылатындай етіп, Қылмыстық іс жүргізу
кодексіне түзетулер енгізуге кеңес беріледі. Бұл,
сондай-ақ, КТМАС-қа сот ісін қараудан бұрын, алдын-
ала істі қарау тәртібінің негізгі бағыттарын, соның
ішінде, сот ісін қарау күнін және қандай куәгерлер
қажет болатыны туралы шешімді қоса айқындауға
мүмкіндік беретін еді.
10.2.13. ШЕШІМДЕРДІ КІДІРІССІЗ ҚАБЫЛДАУ
•
Барлық шақыру қағаздары тапсырылғанына, барлық
куәгерлер мен қатысы бар тараптар сотқа келу туралы
білетініне, барлық құжаттар дайындалғанына және
ақпаратты жария ету тәртібінде ұсынылғанына және
т.с.с көз жеткізу үшін негізгі тыңдауға немесе негізгі
сот ісін қарауға дайындықты тексеру бойынша сотқа
дейінгі отырыс өткізу мүмкіндігін қарастыруға кеңес
беріледі.
•
Егер іс бойынша сот өндірісінің жалпы ұзақтығы
бойынша заңмен белгіленген мерзімдер өтпесе де,
прокурор немесе қорғаушы кешірімді себепсіз кел-
месе, судьялар Прокуратураға немесе қорғаушылар
алқасына шағымдануға құқылы екенін естеріне
салуға кеңес беріледі.
80
Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы
10.2.14. ЖАЗАНЫ ТАҒАЙЫНДАУ
•
Балаға қатысы бар кез-келген шешімді қабылдау
кезінде КТМАС судьялары бірінші кезекте ескерілетін
жайт ретінде баланың ең биік мүддесінде әрекет етуі
тиіс екені туралы талапты заңнамаға енгізуге кеңес
беріледі;
•
Заңнан аттаған кәмелетке толмағандарға қарау
олардың игілігін қамтамасыз ету талаптарына сай
болуы және қылмыстың мән-жайына және сипаты-
на сай болуы тиіс екені туралы жан-жақты талапты
заңнамаға енгізуге кеңес беріледі. Оларға қоғамға
қайта енуге қолғабыс ету қажеттілігін ескере отырып,
олардың өз ар-намысы мен маңыздылығы сезімін
дамытуға септесетіндей етіп қараған абзал.
•
Бас бостандығынан айыру (соның ішінде, девиант-
ты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы білім
беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын
білім беру ұйымына орналастыру) тек төтенше шара
ретінде және мүмкіндігінше қысқа сәйкес уақыт
аралығында ғана қолданылуы тиіс екені туралы жаң-
жақты талапты заңнамаға енгізуге кеңес беріледі;
•
Судьяларға арналған жаза тағайындау және әртүрлі
қылмыстар үшін тағайындалған жазалар мысалдарын
келтіре отырып, жоғарыда айтылған шешім қабылдау
қағидаларын жүзеге асыру туралы нұсқаулық әзірлеу
мүмкіндігін қарастырған жөн;
•
Судьяларға арналған жаза тағайындау ту-
ралы нұсқаулықты қолдану бойынша оқыту
бағдарламаларын әзірлеуге кеңес беріледі.
10.2.15. ДИВЕРГЕНЦИЯ
•
Халықаралық стандарттармен қарастырылған
дивергенция шарасын қолдану үшін құқықтық
кепілдіктерді заңнамаға енгізу, соның ішінде, төменде
келтірілген талаптарды енгізуге кеңес беріледі:
бала ықтимал қылмысты жасағаны туралы бұлтартпас
дәлелдер бар;
•
бала еркін және ерікті түрде қылмыс жасағаны
үшін жауапкершілігін мойындаған ;
•
кез-келген кейінгі процессуалдық әрекеттер
барысында осы мойындау оған қарсы
қолданылмаған;
•
бала еркін және ерікті түрде дивергенция
шарасын қолдануға жазбаша келісімін берген ;
және
•
осы дивергенция шарасын қолдануға берілген
келісім аталмыш шараның сипаты , мазмұны
және қолдану ұзақтығы туралы және осы
шараны аяқтаудан бас тарту салдары туралы
сенімді және нақты ақпаратқа негізделген.
•
Заңнамада іс қылмыстық әділсот жүйесінен соттан
тыс инстанцияларға жолдану мүмкін болардан бұрын
кәмелетке толмаған тұлғаға немесе оның отбасына
жәбірленушіге келтірілген кез-келген залал орнын
толтыру талабынан бас тартқан жөн.
•
Қоғамға қарсы және қылмыстық әрекеттермен
күресу үшін жергілікті қоғамға сүйене отырып, бүкіл
республика бойынша дивергенция шараларының кең
ауқымын бірте-бірте тарату мүмкіндігін қарастырған
жөн.
•
Бүкіл Қазақстан бойынша «Феникс» және «Шанс»
орталықтарымен жүзеге асырылатын дивергенция
бағдарламаларын (толығырақ ЮӘ тұжырымдамасы
бойынша есептегі ұсыныстарды қараңыз) өткізу
мүмкіндігін қарастырған жөн.
10.2.16 ТЕҢДІККЕ ҚАТЫСТЫ СҰРАҚТАР
•
Қыз балалардың гендерік теңдігіне және
құқықтарына қатысты әлеуетін арттыру үшін оқыту-
ағарту ісі КТМАС судьяларын, прокурорларды, адво-
каттарды, әлеуметтік қызметкерлерді, педагог ма-
мандар мен психологтарды (жоғарыда ұсынылған)
оқытуға
арналған
мамандандырылған
оқыту
бағдарламаларын енгізуге кеңес беріледі
10.2.17. МӘЛІМЕТТЕР ЖИНАУ ЖӘНЕ
МОНИТОРИНГ
•
КТМАС-қа қатысы бар мәлімет жинау және мони-
торинг жүйелеріне арнайы арналған қосымша талдау
жасау мүмкіндігін келесі мақсаттарда қарастырған
жөн:
•
КТМАС қарайтын істерге тікелей қатысы бар
көрсеткіштерді халықаралық стандарттарға сай
дайындау; және
•
осы көрсеткіштерді жергілікті деңгейде КТМАС
істері бойынша мәлімет жинауға және КТМАС бой-
ынша мәліметтермен ведомстволар арасында, со-
нымен қатар, әртүрлі үкімет деңгейлері арасында
алмасуға қолғабыс ету үшін қолданыстағы мәлімет
жинау тетіктеріне немесе мәліметтер қорына енгізу.
10.2.18. КТМАС-ТЫҢ ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛУЫ
•
КТМАС-тың қаржыландыру жүйесін және осы
соттардың экономикалық тиімділігін жан-жақты тал-
дау және бағалау мүмкіндігін қарастырған жөн.
•
Кейбір әкімшілік істерді аталмыш сот құзыретінен
шығару арқылы және кәмелетке толмаған құқық
бұзушылардың қатысы бар қылмыстық істер бой-
ынша сотқа дейінгі дивергенция шараларын енгізу
арқылы қол жеткізуге болатын шығындарды үнемдеу
мүмкіндігін қарастырған жөн (толығырақ ақпаратты
4 - бөлімнің аяқ жағындағы ұсынымдардан қараңыз).
Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы
81
Қосымша А.
МҮДДЕЛІ ЖАҚТАРМЕН СҰХБАТ ЖҮРГІЗУ ЖОСПАРЫ
Жартылай
құрылымдық сұхбат
СҰХБАТТЫ ТАҢДАЛЫП АЛЫНҒАН СЕГІЗ КТМАС-ТЫҢ
ӘРҚАЙСЫСЫНДА ӨТКІЗУ КЕРЕК
Судья
x 2
Прокурор
x 4
(1 - кәмелетке толмаған айыпталушылард бой-
ынша қылмыстық қудалауды жүзеге асыра-
ды; 1 - кәмелетке толмаған айыпталушылардың
қатысы бар істерде ересектерді қылмыстық
қудалауды жүзеге асырады; 1 – әкімшілік құқық
бұзушылықтарға қатысты істерге қатысады; 1
– кәмелетке толмағандардың әлеуметтік және
экономикалық игілігін қадағалауды жүзеге асыра-
ды)
Қорғаушы
x 3
Мамандандырылған құқықтық
кеңестің директоры
x 1
Кәмелетке толмаған құқық бұзушы x 4
Кәмелетке толмаған жәбірленуші
x 2
Кәмелетке толмаған куәгер
x 2
Кәмелетке толмаған құқық
бұзушының ата-анасы
x 4
Азаматтық істегі ата-ана
x 4
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
істегі ата-ана
x 4
Бастапқы кезеңде іс жүргізу тәртібі
үшін жауапты полиция қызметкері
және тергеушілер
x 2 (полиция)
x 2 (тергеушілер)
Психологтар/педагог мамандар/
әлеуметтік қызметкер/ білім беру
органдарының әлеуметтік психо-
логы
x 2 НЕМЕСЕ, егер өкілдің біреуден көп түрі пайда-
ланылса, әр маман түрінің бір-бір өкілімен сұхбат
жүргізу керек
82
Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы
Қосымша Ә.
МҮДДЕЛІ ЖАҚТАРМЕН ЖҮРГІЗІЛГЕН СҰХБАТТАР
МҮДДЕЛІ ЖАҚТАР
ЖҮРГІЗІЛГЕН СҰХБАТТАР
САНЫ
КТМАС судьялары
12
Прокурорлар
12
Қорғаушылар (қылмыстық және әкімшілік істер)
23
Азаматтық істердегі қорғаушылар
8
Қылмыстық және әкімшілік істердегі полиция қызметкерлері және
тергеушілер/ювеналдық инспекторлар/ішкі істер департаментінің
басшысы
20
Психологтар/білім беру басқармасы органдарының өкілдері/
әлеуметтік қызметкерлер
16
Медиаторлар
2
Мамандандырылған құқықтық кеңестің өкілдері
4
«Шанс» орталығының директоры
1
«Феникс» орталығының директоры
1
Қылмыстық істегі кәмелетке толмаған айыпталушы
12
Қылмыстық істегі кәмелетке толмаған жәбірленуші немесе куәгер 6
Кәмелетке толмаған айыпталушының ата-анасы
15
Азаматтық істегі ата-ана/ересек
30
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізіліп жатқан ересек
19
БАРЛЫҒЫ
181
Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы
83
Қосымша Б.
КТМАС-ТАҒЫ СОТ ТЫҢДАУЛАРЫНА/ҮДЕРІСТЕРІНЕ БАҚЫЛАУ ЖАСАУ ЖОСПАРЫ
ЕЛДЕГІ СОТ ТЫҢДАУЛАРЫНДА/ҮДЕРІСТЕРІНДЕ БАҚЫЛАУ ЖАСАУ ЖОСПАРЫ
Сот
үдерістеріне
бақылау жасау
Таңдалып алынған сегіз КТМАС-тың әрқайсысында сот үдерістеріне 8 бақылау жасау қажет.
Сәйкесінше, осы талдау мақсаттарында сот үдерістеріне барлығы 64 бақылау жасалады.
Бақылау мәліметтерінде келесілер қамтылуы тиіс:
2 x кәмелетке толмаған құқық бұзушының қатысуымен өтетін негізгі сот ісін қарау (немесе,
егер негізгі сот ісін қарауға қатысу мүмкін болмаса, алдын-ала тыңдауға қатысу қажет)
1 x кәмелетке толмаған жәбірленушінің қатысуымен өтетін негізгі сот ісін қарау (немесе,
егер негізгі сот ісін қарауға қатысу мүмкін болмаса, алдын-ала тыңдауға қатысу қажет)
2 x әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс тыңдауы (бала жасаған, бірақ, ата-анасы жауап-
ты болатын құқық бұзушылыққа қатысты)
3 x азаматтық істер бойынша тыңдаулар (құрамына ата-аналық құқықтан айыру немесе
шектеу туралы кем дегенде бір іс кіруі тиіс)
84
Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы
Қосымша В.
КТМАС-тағы сот тыңдауларына/үдерістеріне жасалған бақылаулар
СОТ ТЫҢДАУЫНЫҢ/ҮДЕРІСІНІҢ ТҮРІ
ЖАСАЛҒАН БАҚЫЛАУ САНЫ
Ақтау қаласы
Азаматтық
3
Әкімшілік
2
Қылмыстық
1
Алматы қаласы
Азаматтық
4
Әкімшілік
5
Қылмыстық
3
Астана қаласы
Азаматтық
3
Әкімшілік
2
Қылмыстық
2
Қарағанды қаласы
Азаматтық
3
Әкімшілік
2
Қылмыстық
3
Қызылорда қаласы
Азаматтық
3
Әкімшілік
2
Қылмыстық
3
Семей қаласы
Азаматтық
6
Әкімшілік
3
Шымкент қаласы
Азаматтық
1
Әкімшілік
2
Қылмыстық
3
Өскемен қаласы
Азаматтық
1
Әкімшілік
2
Қылмыстық
3
БАРЛЫҒЫ
62
Достарыңызбен бөлісу: |