Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар
істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы
9
ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ
КОДЕКСІ
АКАДЕМИЯ
АСҚХП
БҒМ
БҚК
БҰҰ
КБҚО
КТМАС
ҚР
ҚСЗО
МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН
ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТЫ
ОТБАСЫ КОДЕКСІ
ЭӘМҚХП
ЮӘ ДАМУ
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
ЮӘ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
БОЙЫНША ЕСЕП
ЮВЕНАЛДЫ КЕҢЕС
ЮНИСЕФ
Қазақстан Республикасының 1999 ж. Азаматтық іс жүргізу
кодексі (өзгертулер енгізілген)
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік
басқару академиясы
Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Бала құқығы туралы конвенция
Біріккен Ұлттар Ұйымы
«Корам» Балалар құқықтық орталығы
Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соты
Қазақстан Республикасы
Құқықтық саясатты зерттеу орталығы
Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты
Қазақстан Республикасының 2011 ж. Неке (ерлі-зайыптылық)
және отбасы туралы кодексі
Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы
халықаралық пакт
Қазақстан Республикасының ювеналды әділсот жүйесінің дамуы
туралы тұжырымдаманы жүзеге асырудың нәтижелері жөніндегі
бағалау есебі
Қазақстан Республикасының 2009-2011 жж. арналған Ювеналды
әділсот жүйесінің даму тұжырымдамасы
Қазақстанның бірнеше қалаларында ашылған арнайы ювенал-
ды құқықтық кеңестер
БҰҰ Балалар қоры
10
Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы
1. КІРІСПЕ
Қазақстандағы кәмелетке толмағандар істері
жөніндегі соттардың дамуы жөніндегі осы есеп
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Қазақстан
Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігі
мен Қазақстандағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ),
сонымен қатар «Корам» Балалар құқықтық
орталығының (КБҚО) халықаралық консультанттары
- профессор Каролин Гамильтон және Аваз Рауфпен
бірлесе отырып әзірлеген зерттеуінің құрамдас
бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігі, Республикалық адвокаттар
алқасы, сондай-ақ Татьяна Зинович басшылық ететін
Құқықтық саясатты зерттеу орталығы (ҚСЗО) және
ұлттық консультанттар Айна Шорманбаева мен
Гүлжан Алимбекованың қолдау көрсеткен зерттеу
жұмысы жобаны жүзеге асыру барысында, яғни
2014 жылдың сәуір мен қаңтар айлары аралығында
жасалынды.
Авторлар аталмыш талдау жұмысы мен «Қазақстан
Республикасының 2009 – 2011 жж. арналған Ювеналды
әділсот жүйесінің даму тұжырымдамасын» жүзеге
асырудағы нәтижелерді талдауды бірге жүргізді. Осы
есеп «Қазақстан Республикасы Ювеналды әділсот
жүйесінің даму тұжырымдамасының 2009-2011
жылдары жүзеге асырудағы нәтижелеріне шолу»
(ЮӘ тұжырымдамасы бойынша есеп) есебімен бірге
қарастырылуы тиіс.
Қазақстан Республикасындағы кәмелетке
толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы
11
2. ШОЛУДЫҢ МӘНІ МЕН МАҚСАТТАРЫ
Қазақстан түрлі халықаралық келісім - шарттардың
қатысушысы болып табылады және оған сәйкес
бала құқығының кепілі болу міндетін қабылдады.
Бұл келісім - шарттарға Қазақстан сөзсіз қол қойған
және оларға Бала құқығы туралы Конвенция (БҚК),
Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық
пакт (АСҚХП) және Экономикалық, әлеуметтік және
мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт (ЭӘМҚХП)
кіреді.
1
Елімізде бала құқығын қамтамасыз ету жолында
Қазақстанның
Президенті
23–тамыз
2007
жылы «Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық соттардың білімі
туралы» Президенттік Қаулысын шығарды. Қаулы
Астана және Алматы қалаларында кәмелетке
толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық пилоттық соттар (КТМАС) ашуды
қарастырды.
2
Қаулыға сәйкес, КТМАС-тың құзыретіне
кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстық,
әкімшілік және азаматтық істер кіретін болады.
3
Үкіметтің Қазақстандағы бала құқықтарын қорғау
және ілгерілету бойынша стратегиясы өзінің әрі
қарайғы дамуын «Қазақстан Республикасының 2009-
2011 жж. арналған Ювеналды әділсот жүйесінің даму
тұжырымдамасынан (ЮӘ даму тұжырымдамасы)»
алды. ЮӘ даму тұжырымдамасы елімізде ювеналды
әділсот жүйесін әзірлеу және оны енгізуге
бағытталған бірнеше реформалардан құралады
4
.
«Ювеналды әділсот» термині үкімет тарапынан
өмірдің барлық саласында балалардың құқықтарын
толықтай қорғауға кепілдік беретін жүйені сипат-
тау мақсатында қолданылып келді.
5
«Кәмелетке
толмағандар істері жөніндегі арнайы соттарды» құру
осы бастаманың орталық және «ең басты звеносы»
ретінде баяндалды.
6
Бұл Қазақстан Республикасының
2002 ж. Құқықтық саясат тұжырымдамасының
еліміздегі сот жүйесін дамыту жөніндегі бір бөлігі
еді.
7
23-тамыз 2007 жылы жарияланған Президенттің
1
Қазақстан 12 тамыз 1994 жылдан бері БҚК мүшесі және 24
қаңтар 2006 жылдан бері АСҚХП мен ЭӘМҚХП мүшесі; Біріккен
ұлттар ұйымының келісім шарттар жиналысы; ақпарат 6 мамыр
2014 ж. мына сайттан алынды https://treaties.un.org/Pages/
Treaties.aspx?id=4&subid=A&lang=en.
2
Қазақстан Республикасы Президентінің 23 тамыз 2007 жылғы N
385 «Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық соттардың білімі туралы» Жарлығы, 1 пункт.
3
Қазақстан Республикасы Президентінің 23 тамыз 2007 жылғы N
385 «Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық соттардың білімі туралы» Жарлығы, 1 пункт.
4
Қазақстан Республикасының 2009-2011 жж. арналған Юве-
налды әділсот жүйесінің даму тұжырымдамасы (ЮӘ даму
тұжырымдамасы), 2 пункт.
5
ЮӘ даму тұжырымдамасы, Кіріспе.
6
ЮӘ даму тұжырымдамасы, Кіріспе и 4.1 пункт.
7
ЮӘ даму тұжырымдамасы, 4.1 пункт.
Жарлығы мен оның Алматы және Астана қалаларында
пилот ретінде КТМАС-тар құру талабының артынан
КТМАС-тарды еліміздің барлық облыстарында құру
жұмыстары жалғасатын болды.
8
2008 жылы «Қазақстан Республикасының 2009-
2011 жж. арналған Ювеналды әділсот жүйесінің даму
тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар
жоспары»
9
Қазақстанның барлық облыстарында
кәмелетке толмағандар істері жөніндегі арнайы
соттарды құру мәселесін күн тәртібіне әкелді.
Президенттің 4-ақпан 2012 жылғы «Кәмелетке
толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған
ауданаралық соттардың білімі туралы және Қазақстан
Республикасының кейбір жарлықтарына өзгерістер
енгізу» туралы Жарлығы КТМАС-тың барлық
облыстарда ашылуына негіз болды. Қазіргі таңда
Қазақстанда 19 КТМАС жұмыс істейді.
10
Бүгінде КТМАС үш юрисдикцияға ие, олар: балаларға
қатысты отбасы істері мен балалардың құқықтарын
қорғау бойынша істер (азаматтық юрисдикция);
әкімшілік юрисдикция, әсіресе ата-аналары/үлкендер
тарапынан балаларға қарсы жасалған әкімшілік
құқық бұзушылықтар; және балалар тарапынан
орын алатын қылмыстарды қамтитын қылмыстық
юрисдикция (мына жағдайдайларды қоспағанда:
егер бала ауыр қылмыс бойынша айыпталса немесе
іс қылмыстық істер жөніндегі арнайы ауданаралық
әскери соттың немесе горнизондық әскери соттың
қарауында болса).
11
КТМАС қызметіне шолу жасау бойынша Техникалық
тапсырмаға сәйкес, КТМАС-тың жұмыстарының
алғашқы анализі нақты ережелер, мінез-құлық
кодекстері мен балалардың қатысуымен өтетін сот
жұмыстарына арналған ережелерді әзірлеудің қажет
екенін көрсетті. Сол себептен КТМАС-қа одан әрі
егжей-тегжейлі талдау жасау қажеттілігінің бар екені
ұйғарылды. Халықаралық стандарттарды ескеретін
осы жүйедегі заңға қатысты олқылықтарды, аталмыш
жүйенің тиімді жұмыс жасау жолындағы кедергілерді,
сондай-ақ КТМАС юрисдикциясын ескере отырып
ұтымды тәжірибелер мен сабақтарды анықтау
мақсатында жасалатын болады.
8
ЮӘ даму тұжырымдамасы, 4.1 пункт.
9
ҚР Үкіметінің 18 қараша 2008 жылғы № 1067 қаулысы.
10
29 қазан 2014 жылы Астанада ҚР Жоғарғы Сотымен болған
кездесу; Алматы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыста-
рында әрқайсысында екі КТМАС-тан бар, ал қалған облыстарда
біреуден.
11
КТМАС юрисдикциясына толық талдау осы есептің келесі
бөлімдерінде берілген.