Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық



Дата21.11.2018
өлшемі74 Kb.
#22828


Қазақстан Республикасы 

Үкiметiнiң      

2013 жылғы « »

№ қаулысымен   

бекiтiлген

«Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық

(облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау бойынша қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау бойынша қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).

2. Мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік) әзірленді.

3. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – қызмет алушы) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарымен (бұдан әрі – қызмет беруші көрсетіледі.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:

Министрліктің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы;

«Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асады.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмi:

1) қызмет алушыныың ХҚО-ға құжаттар тізімін тапсыру сәтіненен бастап:

лицензияны беру – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде;

лицензияны қайта ресімдеу – 10 (он) жұмыс күні ішінде;

лицензияның телнұсқасын беру – 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

құжаттар тізімін ХҚО-ға тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;



ХҚО-ға жүгіну күні қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;

2) қызмет алушы Порталға жүгінген кезде:

лицензияны беру – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

лицензияны қайта ресімдеу, телнұсқасын беру – 2 (екі) жұмыс күні ішінде.

5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ, жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау бойынша қызметпен айналысу құқығына лицензия, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасы не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап қағаз және (немесе) электрондық түрде.

7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.

Лицензиялық алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген алымдар ставкасы бойынша жергілікті бюджетке төленеді және мыналарды құрайды:

1) лицензияны, сондай-ақ лицензияның телнұсқасын беру үшін – алым төленетін күні қолданыстағы үш еселенген айлық есептік көрсеткіш;

2) лицензияны қайта ресімдеу үшін – лицензия беру кезіндегі ставканың 10%.

Төлем тәсілі: мемлекеттік қызмет алу үші төлем банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару не қолма-қол ақша аудару жолымен, сондай-ақ «электронды үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүргізіледi.

8. Жұмыс кестесі:

1) ХҚО-да – дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, жұмыс кестесiне сәйкес сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн, түскi үзiлiссіз еңбек заңнамасына сәйкес көрсетiледi.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «электрондық» кезек тәртiбiмен, жедел қызмет көрсетусiз жүзеге асырылады, «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы «электрондық» кезекті брондап қою мүмкіндігі бар.

2) Портал – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

9. Қызмет алушының (не оның сенімхат бойынша уәкілінің) қызмет берушіге және (немесе) ХҚО-ға (қағаз түрінде), сондай-ақ Порталға (электрондық түрде «pdf» форматында) жүгінуі кезінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

лицензия алу үшін:

1) осы мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш не электрондық құжат нысанында, қызмет алушының электрондық сандық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған сұрау салу;

2) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы анықтаманың (куәлік) көшірмесі – заңды тұлға үшін;

3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі – жеке тұлға үшін;

4) дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (салыстыру үшін түпнұсқаны ұсынылмаған жағдайда нотариальдық куәландырылған) көшірмесі – дара кәсіпкер үшін;

5) салық органында есепке қою туралы куәліктің (салыстыру үшін түпнұсқаны ұсынылмаған жағдайда нотариальдық куәландырылған) көшірмесі;

6) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға құқық беретін лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжаттың көшірмесі, ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда;

7) осы мемлекеттік қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар.

Бұл ретте қызмет алушымен ХҚО-ға көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары салыстыру үшін ұсынылады.

Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы анықтаманың (куәлікті), жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің және дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелерін ұсыну мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және (немесе) мәліметтер нысанынан ақпаратты алу мүмкіндігі бар болған жағдайда талап етілмейді.

лицензияны қайта ресімдеу үшін:

1) осы мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш не электрондық құжат нысанында, қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған сұрау салу;

2) лицензияны қайта ресімдеу үшін қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға құқық беретін лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжаттың көшірмесі, ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда;

лицензияның телнұсқасын алу үшін:

1) осы мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш не электрондық құжат нысанында, қызмет алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған сұрау салу;

2) лицензияның телнұсқасын беру үшін қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға құқық беретін лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжаттың көшірмесі, ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда;

Қызмет беруші, ХҚО ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде пайдалануға қызмет алушының жазбаша келісімін алады.

Қызмет алушыдан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

Қызмет алушының барлық қажетті құжаттарды:

1) ХҚО-да ұсынуы кезінде – мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат:

құжаттың нөмірі және қабылданған күні;

сұрау салынған мемлекеттiк қызметтiң түрi;

қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;

мемлекеттік қызметті алу күні (уақыты) және құжаттарды беру орны;

өтінішті қабылдаған уәкілетті жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты;

қызмет алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлғалар үшін), байланыс деректері;

3) Портал арқылы ұсынуы кезінде – қызмет алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.

Қызмет алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхаттың, онда көрсетілген мерзімде (мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру туралы хабарламаны алғаннан кейін) жеке өзі келген және жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде, белгіленген нысандағы тауарлық-материалдық құндылықтарды алуға арналған сенімхатының негізінде жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері болып:

1) осы субъектілер санаты үшін Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған қызмет түрлерімен айналысу;

2) қызмет түріне лицензия беруге арналған өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрімен айналысу құқығына лицензиялық алым енгізілмеу;

3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеу;

4) өтініш берушіге қатысты оған қызметтің жеке түрімен айналысуға тыйым салатын соттың заң күшіне енген үкімі;

5) сот орындаушысының ұсынысы негізінде сот өтініш берушіге лицензия алуға тыйым салу табылады.

Құжаттардың толық ұсынылмау дерегі анықталған жағдайда қызмет беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдаған сәттен бастап) өтініш одан әрі қарастырудан бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауапты береді.

Қызмет алушы осы мемлекеттік қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.



3. Қызмет берушілердің және (немесе) олардың лауазымдық тұлғаларының, ХҚО және (немесе) олардың мемлекеттік қызмет

көрсету мәселелері бойынша қызметкерлерінің шешімдеріне,

әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Қызмет берушінің және (немесе) оның лауазымдық тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану үшін шағым осы стандарттың 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша қызмет берушінің атына не Министрілік басшысының атына 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты мекенжайы бойынша (телефоны 8 (7172) 24-13-12) беріледі.

Шағымдар жазбаша нысанда пошта не қолма-қол қызмет берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қабылданады.

Шағымды қабылдаудың расталуы нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, байланыс деректерi, сондай-ақ жауап алатын мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректері көрсетілген талонды бере отырып, қызмет берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөр, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шараларды қабылдау үшін қызмет берушінің немесе Министрліктердің басшысына жолданады.

ХҚО және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану үшін шағым ХҚО-ның интернет-ресурсында www.con.gov.kz көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша ХҚО-ның басшысына жолданады.

ХҚО-ның кеңсесінде қолма-қол, сондай-ақ поштамен түскен шағымды қабылдаудың расталуы оның тіркелуі болып табылады (мөр, кіріс нөмірі және күні шағымның екінші нұсқасында немесе шағымға ілеспе хатында қойылады). Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шараларды қабылдау үшін ХҚО-ның басшысына жолданады.

Министрліктің немесе ХҚО-ның мекенжайына келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша Бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Портал арқылы электронды жүгінген жағдайда қызмет алушыға «жеке кабинеттен» өңдеу барысында жаңаратын жолданған шағымның мәртебесі туралы ақпарат қол жетімді (жеткендігі, тіркелгендігі, орындалуы туралы белгілер, қаралғандығы немесе қараудан бас тартуы туралы жауап).

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызмет алушы шағыммен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен қызмет алушының шағымы тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Шағымда:

1) жеке тұлғаның – оның аты-жөні, ықыласы бойынша тегі, пошталық мекенжайы көрсетіледі;

2) заңды тұлғаның – оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымда қызмет алушының қолы қойылуы керек.

12. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.



4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде

электрондық нысанда және ХҚО арқылы көрсетілетін қызметтің

ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар
13. Қызмет алушының, соның ішінде тұрғындардың әлеуметтік қорғалмаған топтарына жататын тұлғалардың жеке өзі келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда мемлекеттік қызмет сенімхат бойынша көрсетіледі.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) қызмет берушілердің – www.mtс.gov.kz («Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде) және www.minfin.gov.kz («Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде);

2) ХҚО – www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

15. Қызмет алушыға Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету электрондық цифрлық қолтаңба бар болған жағдайда көрсетіледі.

16. Портал арқылы мемлекеттік қызмет алу үшін электрондық сұрау салуды берген кезде отандық қызметті алушы қашықтан қол жеткізу режимінде Порталдағы «жеке кабинет» арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.



17. Мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24-04-06. Мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша Бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

__________________________

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау