Қазақстан республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылғАН



жүктеу 4,89 Mb.
Pdf просмотр
бет8/39
Дата23.11.2018
өлшемі4,89 Mb.
#24297
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39

20

Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі 

мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы

Бақыланатын азаматтық істерге қатысушы 

балалардың жынысы (%)

Кесте 5. 



Азаматтық істер бойынша 

арызданушылардың типтері

Кесте 6. 

6  іс

33

.  Соңғы  үш  жылда  шағымдардың  айтарлықтай 



артқанын айта кеткен жөн. Бұл факт зерттеудің әрмен 

қарай жалғасуын талап етеді, әйтсе де бұл КТМАС-тың 

елдің барлық облыстарында ашылуымен байланысты 

болуы мүмкін.



4.2. ӘКІМШІЛІК ІСТЕР 

КТМАС  юрисдикциясына  кіретін  әкімшілік  құқық 

бұзушылықтар  2014  жылғы  «Әкімшілік  құқық 

бұзушылықтар  туралы»  Кодекстің  (Әкімшілік  құқық 

бұзушылықтар туралы) 684(2) бабында қарастырылған 

және төмендегі жағдайларды қамтиды:   

•  

14  жастан  16  жасқа  дейінгі  кәмелетке 



толмағандар ұсақ бұзақылық немесе бұзақылық

34

 жа-



саса, айыппұл оның ата-анасына немесе оларды ал-

33

  Сол қайнар көзден.



34

  2014  жылғы  Қылмыстық  кодекстің  293(1)  бабында 

көрсетілгендей.

мастыратын адамдарға тағылады

35



•  



16  жасқа  дейiнгi  кәмелетке  толмаған  тара-

пынан елдi мекендерде атыс қаруынан, газды (өзін-

өзі қорғау жағдайларын қоспағанда), пневматикалық 

қарудан  оқ  атылса,  пиротехникалық  құрылғылар 

тәркiлене отырып, ата-анасына немесе оларды алма-

стыратын адамдарға ескерту жасауға немесе айыппұл 

салуға әкеп соғады

36

;  



•  

14  жастан  16  жасқа  дейінгі  кәмелетке 

толмағандар  арнаулы  қызметтерді  көрінеу  жалған 

шақырса, айыппұл оның ата-анасына немесе оларды 

алмастыратын адамдарға тағылады

37



•  

Жасы  он  сегізге  толмаған  адамдардың 

қоғамдық  орындарға  масаң  күйде  келсе  немесе 

олардың  алкогольдік  ішімдіктерді  ішкен  жағдайда 

ата-анасы/заңды қамқоршысы бір жылда екі рет дәл 

сол  әкімшілік  жазасына  тартылса,  ата-анасы/заңды 

35

  Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексі, 435 бабы.



36

  Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексі, 436(3) бабы.

37

  Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексі, 438(3) бабы.




Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі 

мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы

21

қамқоршысы бес күнге әкімшілік қамаққа алынады



38

•  



Кәмелетке  толмағандардың  түнгі  уақытта 

заңды  өкілдерінің  еріп  жүруінсіз  ойын-сауық 

мекемелерінде  немесе тұрғылықты  үйінің  сыртында 

болуы  заңды  өкілдерінің  ескерту  немесе  айыппұл 

ретінде жазаға тартылуына әкеледі

39



•  

Он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар 

жасаған  вандализм  олардың  ата-аналары  неме-

се  оларды  алмастыратын  адамдарға  айыппұлдың 

тағылуына әкеледі

40



Кәмелетке  толмағандар  істері  жөніндегі  соттар 

үлкендердің немесе заңды тұлғаның балаларға қарсы 

жасайтын әкімшілік құқық бұзушылықтарына қатысты 

юрисдикцияға ие:  

•  

Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң 



кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту 

жөнiндегi  мiндеттердi  орындамауы  айыппұл  салуға 

не он 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп 

соғады


41

•  



Кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық 

38

  Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексі, 50(2), 66(3) мен 440(4)-



(5) баптары.

39

  Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексі, 442 бабы.



40

  Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексі, 448 бабы.

41

  Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексі, 127 бабы.



бұзушылық  жасауға  тарту  айыппұл  салуға  әкеп 

соғады


42

•  



Жергілікті  атқарушы  органдардың  лауа-

зымды  адамдарының  және  (немесе)  баланың  заңды 

өкілдерінің тұрғын үйге мұқтаж жетім балаларды, ата-

анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларды  есеп-

ке  қою  жөніндегі  міндеттерді  орындамауы  айыппұл 

салуға әкеп соғады

43

;

•  



Жергілікті  атқарушы  органдардың  лау-

азымды  адамдарының  және  (немесе)  баланың 

заңды  өкілдерінің  жетім  балалардың,  ата-анасының 

қамқорлығынсыз  қалған  балалардың  тұрғын  жайын 

сақтау  жөніндегі  міндеттерді  орындамауы  айыппұл 

салуға әкеп соғады

44 

;

•  



Кәмелетке  толмаған  адамды  масаң  күйге 

дейiн жеткiзу айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі 

мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады

45



•  

Кәмелетке  толмағандардың  түнгi  уақытта 

заңды  өкiлдерiнiң  бірге  жүруiнсiз  ойын-сауық 

мекемелерiнде  болуына  жол  беру  айыппұл  салуға 

және  қызметті  немесе  жекелеген  қызмет  түрлерін 

42

  Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексі, 128 бабы.



43

  Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексі, 129 бабы.

44

  Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексі, 130 бабы.



45

  Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексі, 131 бабы.




22

Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі 

мамандандырылған ауданаралық соттардың дамуы

тоқтатуға әкеп соғады

46



•  



Он сегiз жасқа толмаған адамдарға темекiнi 

және  темекi  бұйымдарын  сату  және  олардың  сатуы 

жеке тұлғаларға, кәсіпкерлік субъектілеріне айыппұл 

салуға  және  қызметті  немесе  жекелеген  қызмет 

түрлерін тоқтатуға әкеп соғады

 47


;  

•  


Кәмелетке 

толмағандарға 

эротикалық 

мазмұндағы баспа басылымдарын, кино- немесе бей-

нематериалдарды,  бейнелердi  немесе  өзге  де  зат-

тарды  не  материалдарды  сату  айыппұл  салуға  және 

қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтатуға 

әкеп соғады

 48



•  



Бала 

асырап 


алуға, 

қорғаншылыққа 

(қамқоршылыққа),  жеке  тұлғалардың  отбасы-

на  тәрбиелеуге  берудi  қажет  ететiн  кәмелетке 

толмағандар туралы мәлiметтердi ұсыну мерзiмдерiн 

сақтамау айыппұл салуға әкеп соғады

49



•  



Ата-анасының немесе оларды алмастыратын 

адамдардың айналадағылар үшін қауiп төндiретiн ау-

рулармен  ауыратын  кәмелетке  толмаған  балаларын 

емдетуден жалтаруы айыппұл салуға әкеп соғады

50



•  



Кәмелетке 

толмаған 

айыпталушының 

(күдіктінің)  тергеушіге,  анықтаушыға  немесе  сотқа 

қатысуын  қамтамасыз  ету  міндеттерінің  бұзылуы 

және  сот  пен  тергеуден  жалтаруы  айыппұл  салуға 

әкеп соғады

 51


Жоғарыда көргеніміздей, кәмелетке толмағандардың 

өздері  КТМАС-та  қаралатын  әкімшілік  құқық 

бұзушылық  үшін  заңды  жауапкершілікке  ие  емес. 

Керісінше, 

КТМАС 


юрисдикциясы 

кәмелетке 

толмағанға  қарсы  жасалған  әкімшілік  құқық 

бұзушылықтар  немесе  кәмелетке  толмағанның 

жасаған,  алайда  оның  ата-анасы/қамқоршысы  жа-

уапты  болатын  заңға  қайшы  белгілі  бір  әрекеттерін 

қамтиды.

Сот үдерістерін сырттан бақылау барысында КТМАС-

тың  қарайтын  әкімшілік  істерінің  басым  бөлігі  ата-

ананың балаларды қорғаудағы міндеттерінің орында-

мауына, сонымен қатар кәмелетке толмаған адамның 

антиқоғамдық мінез-құлқына қатысты болып шықты. 

Төмендегі Кесте 7 – де көрсетілгендей, осы зерттеу үшін 

жүргізілген  әкімшілік  істер  бойынша  сот  тыңдауын 

бақылаудың  36,4%-ы  ата-ананың  міндеттерін  орын-

дамауына


52

,  22,7%-сы  кәмелетке  толмағандардың 

түнгi уақытта заңды өкiлдерiнiң бірге жүрмегеніне

53



ал  18,2%–ы  алкогольдік  ішімдіктерді  қолдануына/ 

46

  Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексі, 132 бабы.



47

  Әкімшілік  құқық  бұзушылықтар  кодексі,  133  бабы;  осындағы 

тұжырым  көбінесе  Әкімшілік  құқық  бұзушылықтар  кодексінің 

114 бабындағы тұжырымды қайталайтынына назар аударыңыз. 

Ал  жаңа  684(2)  бапта  (КТМАС  юрисдикциясына  қатысты) 

алдындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің (541(1-1)) 

тұжырымдамасын қайталайды. Консультанттар бұл тұжырымның 

әрі қарай жауапкершілікті кәмелетке толмағанның өзі емес, оған 

жауап беретін ересектің немесе басқа бір субъектінің тартаны-

нын жалғастыру керек екенін түсінеді.  

48

  Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексі, 134 бабы.



49

  Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексі, 135 бабы.

50

  Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексі, 430(2) бабы.



51

  Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексі, 663 бабы.

52

  Алдыңғы әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексі, 111 бабы.



53

  Алдыңғы әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексі, 336-4 бабы.

масаң  күйде  үйден  сыртта  жүруіне    қатысты

54

.    Осы 



істердің үш категориясы КТМАС-та қаралған және осы 

зерттеу үшін бақылау жасалған әкімшілік істердің ша-

мамен 77%-н құрады

55



Практика жүзінде ата-ананың міндеттерін орындама-

уы басқа да түрлі жағдайларды қамтуы мүмкін. Оларға 

кәмелетке толмағандардың мектептегі сабақтарынан 

қалуы,  ата-анасының  ішімдікке  салынуы/балаларға 

қарамауы  жатады.    Сотта  ең  көп  таралған  істердің 

категориясын  сұрағанда  КТМАС-тың  бір  судьясы 

айтқандай: 

 

«111-бап  [Әкімшілік  құқық  бұзушылық  туралы 



Кодекстің]  ата-ананың  өз  міндеттерін  орындамауы-

на байланысты. Мысалы, біліммен немесе тәрбиемен 

қамтамасыз етпеуі… Егер [кәмелетке толмаған адам] 

мектепке себепсіз 10 күннен астам бармаса, ата-ана-

сы оның мектепке баруын қамтамасыз етуі тиіс»

56

.



 

Кейбір әкімшілік істерге ұсақ құқық бұзушылықтар да 

жатады. Мысалы, қоғамдық орында темекі қалдығын 

тастау


57

Соттарда  жүргізілген  бақылаулар  КТМАС-та  әдетте 



әрбір әкімшілік ісі бойынша бір тыңдау өткізілетінін 

көрсетеді.  Ол  10  минуттан  1  сағатқа  дейін  созы-

лады.  Тыңдау  мына  әрекеттерден  тұрады:    ата-ана 

мен  бала  (егер  қатысқан  болса)  өзінің  әрекеті  үшін 

кешірім сұрайды, судья жауап берушіге және балаға 

қарап,  олардың  әрекетін  беттеріне  басып  айтып 

54

  Алдыңғы әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексі, 336 бабы.



55

  Жалпы  алғанда  22  әкімшілік  іс  тыңдалымдарына  бақылау 

жүргізілді. 

Өтінеміз, 

сот  тыңдалымдарына 

жүргізілген 

бақылаулар  өкілдік  іріктеу  мақсатын  басымдық  деп  таппа-

ды,  сол  үшін  бұл  мәліметтер  таңдалып  алынған  КТМАС-тар, 

жалпы  Қазақстандағы  КТМАС-тар  үшін  өкілдік  емес  болуы 

мүмкін  екеніне  назар  аударыңыз.  Алайда  бұл  тенденциялар 

жалпы  алғанда  ҚР  Бас  прокуратурасы  құқықтық  статистика 

және  арнайы  есеп  комитетінен  алынған  (25 тамыз  2014  жылы 

ЮНИСЕФ  жіберді)  Қазақстанның  әкімшілік  соттарында  ата-

аналарға  қатысты  әкімшілік  істердің  жалпы  саны  бойынша 

статистикалық  мәліметтермен  сәйкес  келеді.  Бұл  статистикаға 

сәйкес,  2013  жылы  шамамен  ата-анаға  қатысты  әкімшілік 

істердің  59%-ы  ата-аналар  немесе  басқа  заңды  өкілдердің  өз 

міндеттерін  орындамағандары  үшін  (Алдыңғы  әкімшілік  құқық 

бұзушылықтар  кодексінің  111  бабына  сәйкес),  17,5%-ы  темекі 

және темекі бұйымдарын 18 жасқа толмағандарға сатқаны үшін 

(Алдыңғы әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 114 бабына 

сәйкес), 12,6%-ы кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-

сауық  орындарында  заңды  өкілдерінің  еріп  жүруінсіз  болғаны 

үшін (Алдыңғы әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 112-1 

бабына сәйкес), 8,4%-ы  кәмелетке толмаған тарапынан жасалған 

бұзақылық  үшін  (Алдыңғы  әкімшілік  құқық  бұзушылықтар 

кодексінің 331 бабына сәйкес), 2,5%-ы кәмелетке толмаған бала-

ны мас болу жағдайына дейін әкелгені (Алдыңғы әкімшілік құқық 

бұзушылықтар  кодексінің  112  бабына  сәйкес)  және  0,2%-ы  

кәмелетке толмаған баланы әкімшілік құқық бұзушылық жасауға 

итермелегені  үшін  (Алдыңғы  әкімшілік  құқық  бұзушылықтар 

кодексінің 111-1 бабына сәйкес). 2011 және 2012 жылдардағы 

статистика да дәл осындай нәтижені (алайда істердің саны ша-

малы өзгеріп отырады) көрсетеді.

56

  КТМАС  судьяларымен  Жекелеген  сұхбат,  [қала/өңір  туралы 



ақпарат  алынып  тасталды],  2014  жыл.  Қосымша  мысалдарға 

қарау  үшін  «Әкімшілік  құқық  бұзушылық  тыңдалымдарына 

бақылау» тармағын қараңыз [қала/өңір туралы ақпарат алынып 

тасталды], тамыз 2014 жыл.

57

  Ата-анамен  болған  Жекелеген  сұхбатты  қараңыз,  әкімшілік  іс, 



Алматы қ. КТМАС, 21 тамыз 2014 жыл.


жүктеу 4,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау