Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)


-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет147/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   192

      729-бап. Жергiлiктi атқарушы органдар
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      1-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 09.04.2016 
№ 502-V
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң 
қолданысқа
 енгізіледі).
 
      1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның 
(республикалық, облыстық маңызы бар қаланың және астананың) жергiлiктi атқарушы органы 
осы Кодекстiң 75 (үшінші және төртінші бөліктерінде), 144 (бірінші (тұтынушылардың 
жылуды пайдаланалатын құрылғылары бөлігінде) және екінші бөліктерінде), 172 (бірінші, 
үшінші және төртінші бөліктерінде) (барлық қуаттардағы қазандықтардың жылу-механикалық 
жабдықтарын және жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) пайдалану бөлігінде), 199 
(бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 202, 204, 250, 301 (барлық қуаттардағы 
қазандықтар және жылу желілері (магистральдық, орамішілік) бөлігінде), 303 (барлық 
қуаттардағы қазандықтар бөлігінде), 304, 305 (жылу желілерінің (магистральдық, 
орамішілік) күзет аймақтары бөлігінде), 306 (бірінші және екінші бөліктерінде), 320 
(бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 401 (үшінші, төртінші, бесінші, жетінші, 
оныншы және он бірінші бөліктерінде), 402 (бірінші, екінші және үшінші 
бөліктерінде), 404 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және 
сегізінші бөліктерінде), 405 (екінші бөлігінде), 409 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және 
он бірінші бөліктерінде), 454 (бiрiншi бөлiгiнде), 455 (бірінші, екінші және үшінші 
бөліктерінде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 488-1, 491-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық 
бұзушылық туралы iстердi қарайды.
 
      2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар 
қолдануға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның 
(республикалық, облыстық маңызы бар қаланың және астананың) әкімі мен оның орынбасарлары 
құқылы.
 
      3. Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің 
әкімдері осы Кодекстің 136 (елді мекен аумағында жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлік 
субъектілерін қоспағанда) жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 144 (бірінші 
(тұтынушылардың жылуды пайдаланатын қондырғылары бөлігінде) және екінші 
бөліктерінде), 146, 147, 172 (бірінші, үшінші және төртінші бөліктерінде) (барлық 
қуаттардағы қазандықтардың жылу-механикалық жабдығын және жылу желілерін (магистральдық, 
орамішілік) пайдалану бөлігінде), 204, 301 (барлық қуаттардағы қазандықтар және жылу 
желілері (магистральдық, орамішілік) бөлігінде), 303 (барлық қуаттардағы қазандықтар 
бөлігінде), 304, 305 (жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) күзет аймақтары 
бөлігінде), 320 (бесінші, алтыншы және жетінші бөліктерінде), 339 (елді мекен аумағында 
жеке тұлғалар (жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда) жасаған құқық бұзушылықтар 
бөлігінде), 386, 408, 409 (сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші 
бөліктерінде), 491, 505-баптарында көзделген, аудандық маңызы бар қалалардың, 
кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің аумағында жасалған әкімшілік құқық 
бұзушылықтар үшін әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкімшілік 
жазалар қолдануға құқылы.
 
      
Ескерту. 729-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 (01.01.2015 бастап 
қолданысқа енгізіледі); 02.11.2015 
№ 387-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015
 № 419-V 
(01.01.2016 
бастап
 қолданысқа 
енгізіледі);
 
04.12.2015
 № 435-V 
(01.01.2016 
бастап
 қолданысқа 
енгізіледі); 22.01.2016 
№ 446-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен 
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
      730-бап. Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган
 
      1. Бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 84, 409 (бірінші, екінші, 
үшінші, төртінші, бесінші және алтыншы бөліктерінде), 464 (бiрiншi бөлiгінде)-баптарында 
көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
 


      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар 
қолдануға бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, 
бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың 
орынбасарлары құқылы.
 
      731-бап. Туристiк қызмет саласындағы уәкiлеттi орган
 
        1. Туристiк қызмет саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 
 
187 (бiрiншi бөлiгiнде), 230 (екінші бөлігінде) (туроператорлар және турагенттер жасаған 
құқық бұзушылықтар бөлігінде), 464 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк 
құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар 
қолдануға туристiк қызмет саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары 
құқылы.
 
      732-бап. Ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi орган
 
      1. Ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстің 464-бабында (бiрiншi 
бөлiгiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар 
қолдануға ойын бизнесi саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары 
құқылы.
 
      733-бап. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган
 
      1. Сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 268, 464 
(бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi 
қарайды.
 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар 
қолдануға сауда қызметiн реттеу саласындағы уәкiлеттi органның басшысы не оның мiндетiн 
атқарушы адам құқылы.
 
      734-бап. Биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi орган
 
      1. Биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстің 169-бабында 
(бiрiншi, үшiншi, алтыншы және сегiзiншi бөлiктерiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық 
бұзушылық туралы iстердi қарайды.
 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар 
қолдануға:
 
      1) биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары;
 
      2) биоотын өндiрiсi саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары 
мен оның орынбасарлары құқылы.
 
      735-бап. Биоотын айналымы саласындағы уәкiлеттi орган
 
      1. Биоотын айналымы саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстің 169-бабында 
(төртінші, бесінші және тоғызыншы бөлiктерiнде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық 
туралы iстердi қарайды.
 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар 
қолдануға:
 
      1) биоотын айналымы саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары;
 
      2) биоотын айналымы саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарының басшылары 
мен оның орынбасарлары құқылы.
 
   4-БӨЛIМ. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ IСТЕР БОЙЫНША ІС ЖҮРГIЗУ 
   37-тарау. НЕГIЗГI ЕРЕЖЕЛЕР 
      736-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс
 
                жүргізу тәртібін айқындайтын заңнама
 
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу тәртібі осы Кодекспен 
айқындалады.
 
      2. Қылмыстық немесе азаматтық iстi қарау процесiнде соттың әкiмшiлiк жазалар 
қолдану тәртiбi осы Кодекстiң және тиісінше Қазақстан Республикасының Қылмыстық-


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау