Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет148/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   192

процестік кодексi мен Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексiнің 
ережелерімен айқындалады.
 
      737-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс
 
                жүргiзу мiндеттерi
 
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзу мiндеттерi:
 
      1) әрбiр iстiң мән-жайларын уақтылы, жан-жақты, толық және объективтi анықтау, оны 
осы Кодекске сәйкес шешу;
 
      2) іс жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен міндеттерінің іске асырылуын 
қамтамасыз ету;
 
      3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды 
анықтау;
 
      4) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының орындалуын қамтамасыз ету 
болып табылады.
 
      738-бап. Iс жүргiзу тiлi
 
      1. Қазақстан Республикасында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс 
жүргiзу мемлекеттiк тiлде жүргiзiледi, ал қажет болған кезде iс жүргiзуде орыс тiлi 
немесе басқа да тiлдер мемлекеттiк тiлмен тең қолданылады.
 
       2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген судья, 
органдар (лауазымды адамдар) сот ісін жүргізу тілін өзгерту қажет болған кезде әкiмшiлiк 
құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізу тілін өзгерту туралы уәжді қаулы шығарады. 
 
      3. Iс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан тiлдi бiлмейтiн немесе жеткілікті бiлмейтiн 
iске қатысушы адамдарға ана тiлiнде немесе олар бiлетiн басқа тiлде мәлiмдемелер жасау, 
түсiнiктемелер мен айғақтар беру, өтiнiшхаттар мәлімдеуге, шағымдар жасау, iс 
материалдарымен танысу, оны қарау кезiнде сөз сөйлеу, осы Кодексте белгіленген тәртіппен 
аудармашының қызметтерiн тегiн пайдалану құқығы түсiндiрiледi және қамтамасыз етiледi.
 
      4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргiзуге қатысушы адамдарға 
басқа тiлде жазылған, заң бойынша оларға қажеттi iс материалдарын iс жүргiзу тiліне 
тегiн аударып беру қамтамасыз етiледi.
 
      5. Құқық бұзушы мен жәбiрленушiге тапсырылуға жататын процестік құжаттар олардың 
ана тiлiне немесе олар бiлетiн тiлге аударылуға тиiс.
 
      6. Аударма бойынша шығыстар және аудармашының көрсеткен қызметтерi мемлекеттiк 
бюджет есебiнен төленедi.
 
      739-бап. Мерзiмдердi есептеу
 
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу кезінде 
пайдаланылатын мерзiмдер сағаттармен, тәулiктермен, айлармен және жылдармен есептеледi.
 
      2. Мерзiмдердi есептеген кезде мерзiмнің өтуі басталатын сол сағат пен тәулiк 
есепке алынбайды. Бұл қағиданың ұстап алу кезiндегi мерзiмдердi есептеуге қатысы жоқ.
 
      3. Мерзiм тәулiктермен есептелетін жағдайларды қоспағанда, мерзiмдi есептеген 
кезде оған жұмыстан тыс уақыт та кіреді.
 
      4. Мерзiмді тәулiктермен есептеген кезде мерзiм бірінші тәулiктiң нөл сағатынан 
кейiн есептеледі және мерзiмнiң соңғы тәулiгiнiң жиырма төрт сағатында бітеді.
 
      5. Мерзiмді айлармен немесе жылдармен есептеген кезде мерзiм соңғы айдың тиiстi 
күнiнде бітеді, ал егер бұл айда тиiстi күні болмаса, мерзiм осы айдың соңғы күнi 
аяқталады. Егер мерзiмнiң аяқталуы жұмыс күні емес (демалыс, мереке) күнге келсе, 
әкiмшiлiк ұстап алу кезiнде мерзiмдi есептеу жағдайларын қоспағанда, онда одан кейiнгi 
бiрiншi жұмыс күнi мерзiмнiң соңғы күнi деп есептеледi.
 
      740-бап. Өтiнiшхат
 
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысатын адамдардың, 
жүргiзуінде осы iс жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) мiндеттi түрде қарауына 
жататын өтiнiшхатты мәлiмдеуге құқығы бар.
 


      2. Өтiнiшхат жазбаша түрде не электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған 
электрондық құжат нысанында мәлiмделедi және дереу қаралуға жатады. Өтінішхатты дереу 
қарау мүмкін болмаған жағдайларда, мәлімделген кезден бастап үш тәуліктен кешіктірілмей 
бұл бойынша шешім қабылдануға тиіс.
 
      3. Өтiнiшхатты қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан толық немесе ішінара 
бас тарту туралы шешiм ұйғарым түрiнде шығарылады, ол өтінішхатты мәлімдеген адамның 
назарына жеткізіледі.
 
      
Ескерту. 740-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.10.2015
 № 378-V 
Заңымен (01.01.2016 
бастап
 қолданысқа 
енгізіледі).
 
      741-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс
 
                жүргiзудi болғызбайтын мән-жайлар
 
      1. Мынадай мән-жайлардың ең болмағанда бiреуi болған кезде әкiмшiлiк құқық 
бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi бастауға болмайды, ал басталған iс тоқтатылуға 
жатады:
 
      1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық оқиғасының болмауы;
 
      2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық құрамының болмауы,
 
      3) әкiмшiлiк жауаптылықты белгiлейтiн заңның немесе оның жекелеген ережелерiнiң 
күшi жойылуы;
 
      4) егер әкiмшiлiк жауаптылықты белгiлейтiн заңды немесе оның жекелеген ережелерiн 
немесе іс-әрекеттi әкiмшiлiк құқық бұзушылық ретiнде саралау соған байланысты болатын 
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы iсте қолданылуға жататын өзге де нормативтiк 
құқықтық актiнi Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiнің конституциялық емес 
деп тануы;
 
      5) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартудың ескіру мерзiмдерiнiң өтуi;
 
      6) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын тұлғаға қатысты нақ сол факт бойынша 
судьяның, органның (лауазымды адамның) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулысының не 
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi тоқтату туралы күшi жойылмаған қаулының болуы, 
сондай-ақ нақ сол факт бойынша тұлғаны күдікті деп тану туралы қаулының болуы;
 
      7) өзіне қатысты іс бойынша iс жүргiзiліп жатқан жеке тұлғаның қайтыс болуы, заңды 
тұлғаның таратылуы;
 
      8) салықтың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiн 
қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi орган растаған, 
бағдарламалық қамтамасыз етуде техникалық қателер туындаған жағдайда, салық төлеушiнiң 
салық есептiлiгi нысандарын электрондық түрде ұсыну бойынша салықтық мiндеттеменi 
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмде орындамауына әкеп соғуы;
 
      9) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда;
 
      10) Осы Кодекстің 897-бабында белгіленген тәртіппен әкімшілік айыппұл төлегенін 
растайтын құжаттың болуы;
 
      11) әкімшілік жауаптылыққа тартылатын тұлғаның заңда белгіленген тәртіппен адам 
саудасына байланысты қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша жәбірленуші деп танылуы.
 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу осы баптың бiрiншi 
бөлiгiнiң 2) тармақшасында көзделген негiз бойынша және зиян келтiру құқыққа сыйымды 
болып табылатын не іс-әрекет осы Кодекстiң 5-тарауына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылықты 
жоққа шығаратын мән-жайларда жасалған жағдайда тоқтатылады.
 
      742-бап. Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартпауға мүмкiндiк
 
                беретiн мән-жайлар
 
      Қылмыстық заңнамада көзделген қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлері болуына 
байланысты материал прокурорға, сотқа дейінгі іс жүргізу органына берiлген жағдайда 
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу осы Кодексте көзделген тәртiппен 
тоқтатылуы мүмкiн.
 
      743-бап. Хабардар ету (хабарлама)
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау