2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар
қолдануға Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы, оның орынбасарлары, аумақтық
филиалдардың басшылары құқылы.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық
жасалғандығы туралы хаттама жасауға құқығы бар қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерi осы
Кодекске сәйкес айқындалады.
Ескерту. 724-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015
№ 422-V
Заңымен (01.01.2016
бастап
қолданысқа
енгізіледі).
725-бап. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк
қорғау органдары
1. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау органдары осы Кодекстiң 83
(жұмыс берушілер жасаған құқық бұзушылықтардан басқа), 84, 91 (төртінші бөлігінде), 92
(бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi
қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк айыппұлдар
салуға Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау органдарының басшылары,
олардың орынбасарлары құқылы.
726-бап. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк
органдары
1. Ұлттық қауiпсiздiк органдары осы Кодекстiң 192, 504-баптарында көзделген
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Осы Кодекстiң 192, 464 (бірінші бөлігі), 504-баптары бойынша әкiмшiлiк құқық
бұзушылық туралы iстердi қарауға және белгiленген әкiмшiлiк
жазаларды қолдануға Ұлттық
қауiпсiздiк комитетi департаментiнiң бастығы мен оның орынбасарлары, аумақтық
органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің Шекара қызметі осы
Кодекстің 382 (бірінші бөлігінде), 383 (бірінші және екінші бөліктерінде), 393
(шекаралық кеңістікте жасалған)-баптарында, сондай-ақ 394, 395 (бірінші бөлігінде), 396
(бірінші бөлігінде), 510, 512 (бірінші бөлігінде), 513 (бірінші бөлігінде), 514 (бірінші
бөлігінде), 515, 517 (бірінші және үшінші бөліктерінде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк
құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
4. Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметінің атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық
туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң басшысы
мен оның орынбасарлары, арнаулы бiрлестiктердiң басшылары мен олардың орынбасарлары –
ескерту жасауға не жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштің
жетпіске дейінгі, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне – екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл
салуға;
2) шекара отрядтарының бастықтары, шекаралық бақылау әскери бөлімшелерінің, теңіз
әскери
бөлімшелерінің командирлерi, жекелеген шекара комендатураларының коменданттары
мен олардың орынбасарлары – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға және лауазымды
адамдарға айлық есептiк көрсеткiштің жетпіске дейінгі, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне –
екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
3) шекара комендатураларының коменданттары және шекаралық бақылау бөлімдерінің
бастықтары мен олардың орынбасарлары – ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға айлық
есептiк көрсеткiштің
жиырмаға дейінгі, лауазымды адамдарға – жиырма беске дейінгі
мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.
Ескерту. 726-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014
№ 272-V
Заңымен (01.01.2015
бастап қолданысқа енгізіледі).
727-бап. Әскери полиция органдары
1. Әскери полиция органдары осы Кодекстің 511, 590 (бірінші, екінші, үшінші,
бесінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы және оныншы
бөліктерінде), 591, 592, 593, 594, 595, 596 (бірінші, екінші және төртінші
бөліктерінде), 597, 598, 599, 600, 601, 602, 603 (үшінші бөлігінде), 606 (бірінші
бөлігінде), 607 (бірінші бөлігінде), 611(бірінші бөлігінде), 612, 613 (он екінші және он
үшінші бөліктерінде), 614, 615 (бірінші, екінші және үшінші
бөліктерінде), 617, 619, 620, 621 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде)-
баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар
қолдануға әскери полиция органдарының уәкілеттік берілген лауазымды адамдары құқылы.
3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полициясы органдарының көлік
саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша құзыреті,
осы баптың төртінші және
бесінші бөліктерін қоспағанда, әскери қызметшілерге, жиынға шақырылған әскери
мiндеттiлерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан
Республикасы басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери көлік құралдарын
басқаратын адамдарға қолданылады.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полициясы
органдарының көлік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар
бойынша құзыреті Қазақстан
Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының көлік құралдарын басқаратын
қызметкерлеріне, жұмыскерлеріне және әскери қызметшілеріне қолданылады.
5. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полициясы органдарының көлік
саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша құзыреті әскери қызметшілерге, жиынға
шақырылған әскери мiндеттiлерге, сондай-ақ Ұлттық ұланның әскери көлік құралдарын
басқаратын адамдарға қолданылады.
6. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасы басқа да
әскерлері мен әскери құралымдарының көлік құралдарының жүргізушілері – әскери
қызметшілер, жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған,
әкімшілік жаза ретінде
белгіленген тәртіппен айыппұл көзделген бұзушылықтар туралы материалдарды әскери полиция
органдары кінәліларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, Қазақстан Республикасы
басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының Тәртіптік жарғысы бойынша жауаптылыққа
тарту туралы мәселені шешу үшін тиісті командирлерге (бастықтарға) береді.
Ескерту. 727-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014
№ 272-V
(01.01.2015 бастап
қолданысқа енгізіледі); 10.01.2015
№ 275-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
728-бап. Акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың
айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органдар
1. Акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi
органдар осы Кодекстің 281 (бiрiншi, екінші және үшінші бөлiктерiнде), 282 (бiрiншi,
екінші, бесінші, сегізінші, оныншы және он екінші бөлiктерiнде), 464 (бiрiншi
бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар
қолдануға акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың айналымын
мемлекеттiк бақылау
жөнiндегi органның басшылары (орынбасарлары) құқылы.
Ескерту. 728-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014
№ 272-V
Заңымен (01.01.2015
бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
729-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 27.11.2015
№ 424-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң
қолданысқа
енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
729-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 07.04.2016
№ 487-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң
қолданысқа
енгізіледі).