Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет155/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   192

      2. Iсте ведомстволық инспекциялардың ревизиялау, тексеру актiлерiнiң, 
қорытындыларының, сондай-ақ мамандардың процестік әрекеттер барысында жүргізетін 
зерттеулерiнiң нәтижелерi бойынша жасалған ресми құжаттардың болуы сол бір мәселелер 
бойынша сараптама жүргiзу мүмкiндiктерiн жоққа шығармайды.
 
      3. Жүргізуінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жатқан судья, орган (лауазымды 
адам) тараптардың өтiнiшхаты бойынша немесе өз бастамашылығымен сараптама тағайындай 
алады.
 
      4. Сараптама жүргiзу сараптама органдарының қызметкерлерiне не осы Кодекстiң 757-
бабының талаптарын қанағаттандыратын өзге де тұлғаларға тапсырылуы мүмкiн. Сараптама 
жүргiзу тараптар ұсынған тұлғалардың арасынан бiреуiне тапсырылуы мүмкiн. Судьяның, 
лауазымды адамның сараптама жүргiзу тапсырылған адамды шақыру туралы талабы аталған адам 
жұмыс iстейтiн ұйымның басшысы үшiн мiндеттi.
 
      5. Жүргізуінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жатқан судья, орган (лауазымды 
адам) сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығарады, онда:
 
      1) судьяның, лауазымды адамның тегін, аты-жөнiн, соттың, органның атауын;
 
      2) сараптаманы тағайындау уақытын, орнын;
 
      3) сараптама тағайындау үшін негiздi;
 
      4) сарапшының тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) немесе сараптама 
жүргiзiлуге тиiс сараптама органының атауын;
 
      5) сарапшының алдына қойылған мәселелерді;
 
      6) сарапшының билігіне берiлетiн материалдардың тiзбесiн көрсетедi.
 
      Ұйғарымда сарапшыға оның құқықтары мен міндеттері түсіндірілгені туралы және оған 
көрінеу жалған қорытындыны бергені үшін жауаптылық жөнінде ескертілгені туралы жазбалар 
да болуға тиіс.
 
      6. Күрделi сараптамалық зерттеулер жүргiзу үшiн бiр мамандықтағы кемiнде екi 
сарапшы жүргiзетiн комиссиялық сараптама тағайындалуы мүмкiн.
 
      7. Егер iс үшiн маңызы бар мән-жайларды анықтауға бiлiмнiң түрлi салалары 
негiзiнде зерттеулер жүргiзу қажет болса, түрлi мамандықтағы сарапшылар өз құзыретi 
шегiнде жүргiзетiн кешендi сараптама тағайындалады.
 
      8. Сараптама тағайындау туралы ұйғарымды орындау үшiн жiбергенге дейiн сот 
сараптамасын тағайындаған судья немесе орган (лауазымды адам) өзiне қатысты әкiмшiлiк 
құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiліп жатқан адамды және жәбiрленушiнi онымен 
таныстыруға, оларға:
 
      1) сарапшыға қарсылық білдіру немесе сот сараптамасы органын сараптама жүргiзуден 
шеттету туралы өтiнiшхат мәлiмдеу;
 
      2) өздерi атаған тұлғаларды немесе нақты сот сараптамасы органдарының 
қызметкерлерiн сарапшылар ретiнде тағайындау туралы, сондай-ақ сараптаманы сарапшылар 
комиссиясының жүргiзуi туралы өтiнiшхат жасау;
 
      3) сарапшы алдына қосымша мәселелер қою туралы немесе қойылған мәселелердi 
нақтылау туралы өтiнiшхат жасау;
 
      4) сараптама жүргiзуге кедергi келтiретiн жағдайларды қоспағанда, сот сараптамасын 
тағайындаған судьяның немесе органның (лауазымды адамның) рұқсатымен сараптама жүргiзу 
кезiнде қатысу, сарапшыға түсiнiктемелер беру;
 
      5) сот сараптамасын тағайындаған судьяға немесе органға (лауазымды адамға) 
сарапшының қорытындысы не қорытынды берудiң мүмкiн еместiгi туралы хабарлама келiп 
түскеннен кейiн онымен танысу, өз ескертулерiн ұсыну, қосымша немесе қайталама сараптама 
тағайындау, жаңа сараптамалар тағайындау туралы өтiнiшхаттар мәлiмдеу құқықтарын 
түсiндiруге мiндеттi.
 
      Жәбiрленушiлерге сараптама олардың жазбаша келiсiмiмен ғана жүргiзiледi. Егер осы 
адамдар кәмелетке толмаса немесе сот оларды әрекетке қабiлетсiз деп таныса, сараптама 
жүргiзуге жазбаша келiсiмдi олардың заңды өкiлдерi бередi.
 


      9. Сарапшы (сарапшылар) сараптама жүргiзу нәтижелерi бойынша өзiнiң атынан 
жасаған, осы Кодекстiң 773-бабының талаптарына сәйкес қорытынды бередi және оны 
сараптама тағайындаған судьяға, органға (лауазымды адамға) жiбередi.
 
      10. Қорытынды жеткiлiктi дәрежеде айқын немесе толық болмаған, сондай-ақ алдыңғы 
зерттеуге байланысты қосымша мәселелердi шешу қажеттiлiгi туындаған кезде қосымша 
сараптама тағайындалуы мүмкiн, оны жүргiзу нақ сол немесе өзге сарапшыға (сарапшыларға) 
тапсырылады.
 
      11. Егер сарапшының қорытындысы жеткiлiктi дәрежеде негiзделмесе не оның түйіндері 
күмән туғызса немесе сараптама тағайындау және жүргiзу туралы процестік нормалар елеулi 
түрде бұзылса, сол объектiлердi зерттеу және сол мәселелердi шешу үшiн қайтадан 
сараптама тағайындалуы мүмкiн, оны жүргiзу сарапшылар комиссиясына тапсырылады, оған 
алдыңғы сараптаманы жүргiзген сарапшы (сарапшылар) кiрмейдi.
 
      12. Судьяның, органның (лауазымды адамның) қосымша және қайтадан сараптамалар 
тағайындау туралы ұйғарымы уәждi болуға тиiс. Сарапшыға (сарапшыларға) қосымша және 
қайтадан сараптамалар жасау тапсырылған кезде алдыңғы сараптамалардың нәтижелерi бойынша 
жасалған қорытындылар ұсынылуға тиiс.
 
      13. Егер сарапшы зерттеу жүргiзгенге дейiн өзiнiң алдына қойылған мәселелер оның 
арнаулы бiлiмiнiң шегiнен тыс не өзiне ұсынылған материалдардың қорытынды беру үшiн 
жарамсыз немесе жеткiлiксiз екендiгiне және оны толықтыру мүмкiн болмайтынына не ғылым 
мен сараптама практикасының жай-күйi қойылған мәселелерге жауап беруге мүмкiндiк 
бермейтiнiне көзi жетсе, ол қорытынды берудiң мүмкiн еместiгi туралы уәжді хабарлама 
жасайды және оны судьяға, органға (лауазымды адамға) жiбередi.
 
      773-бап. Сарапшы мен маманның қорытындысы және айғақтары
 
      1. Сарапшының қорытындысы – бұл арнаулы ғылыми бiлiмдi пайдалана отырып 
жүргiзiлген iс материалдарын, оның iшiнде заттай дәлелдемелер мен үлгiлердi зерттеу 
нәтижелерiне негiзделген, оның алдына жүргізуінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс 
жатқан судья, орган (лауазымды адам) қойған мәселелер бойынша жазбаша нысанда ұсынылған 
түйіндер. Қорытындыда сарапшының зерттеу кезiнде қолданған әдiстерi, қойылған сұрақтарға 
жауаптардың негiздемесi және сарапшының өзінің бастамасымен белгіленген, iс үшiн маңызы 
бар мән-жайлар да көрсетiледi.
 
      2. Қорытындыны зерттеулер жүргiзгеннен кейiн оның нәтижелерiн ескере отырып 
сарапшы (сарапшылар) өз атынан жасайды, оны өзінің (өздерiнiң) қолымен және жеке мөрiмен 
куәландырады. Сараптаманы сараптама органы жүргiзген жағдайда, сарапшының қолы аталған 
органның мөрiмен расталады.
 
      3. Сарапшының қорытындысында: оның ресiмделген күнi, сараптаманың жүргiзiлген 
мерзiмдерi және орны; сот сараптамасын жүргiзудiң негiздерi; жүргізуінде әкiмшiлiк құқық 
бұзушылық туралы іс жатқан судья туралы, орган (лауазымды адам) туралы мәлiметтер; 
сараптама жүргiзу тапсырылған сот сараптамасы органы және (немесе) сарапшы (сарапшылар) 
туралы мәлiметтер (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), бiлiмi, мамандығы, 
мамандығы бойынша жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесi және ғылыми атағы, атқаратын лауазымы); 
сотта көрiнеу жалған қорытынды бергенi үшiн қылмыстық жауаптылық туралы өзiнiң 
ескертiлгенi туралы сарапшының қолымен куәландырылған белгi; сарапшының (сарапшылардың) 
алдына қойылған мәселелер; сараптама жүргiзу кезiнде процеске қатысқан қатысушылар және 
олар берген түсiндiрмелер туралы мәлiметтер; объектiлер; пайдаланылған әдiстемелер 
көрсетiле отырып, зерттеулердiң мазмұны мен нәтижелерi; жүргiзiлген зерттеулердiң 
нәтижелерiн бағалау, сарапшының (сарапшылардың) алдына қойылған мәселелер бойынша 
түйіндердің негiздемесi мен тұжырымы көрсетiлуге тиiс.
 
      4. Егер осы Кодекстiң 772-бабының он үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген мән-жайлар 
зерттеу барысында анықталса, қорытындыда қойылған мәселелердiң барлығына немесе 
кейбiреуiне жауап беру мүмкiн еместiгiнiң негiздемесi қамтылуға тиiс.
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау