Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет150/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   192

      2. Ата-анасы, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары және қамқоршысы немесе 
асыраушысы болып отырған өзге де адамдар жеке тұлғаның заңды өкiлдерi деп танылады.
 
      3. Жеке тұлғаның заңды өкiлдерi болып табылатын адамдардың туыстық байланыстары 
немесе тиiстi өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттармен 
куәландырылады.
 
      4. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан 
жеке тұлғаның заңды өкiлi әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын тұлғаны әкiмшiлiк ұстап 
алған немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезден бастап iске 
қатысуға жiберiледi.
 
      5. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан 
жеке тұлғаның және жәбiрленушiнiң заңды өкiлдерiнiң өздерi өкiлі болып отырған 
тұлғаларға қатысты осы Кодексте көзделген құқықтары болады және мiндеттердi алады.
 
      6. Он сегiз жасқа толмаған адам жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті 
қарау кезінде оның заңды өкiлiнiң қатысуы мiндеттi. Кәмелетке толмаған адамның заңды 
өкiлi келуден жалтарған жағдайда, оған iшкi iстер органы (полиция) жүзеге асыратын 
күштеп әкелу қолданылуы мүмкiн.
 
      747-бап. Заңды тұлғаның өкiлдерi
 
      1. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан 
немесе жәбiрленушi болып табылатын заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерiн 
қорғауды оның өкiлдерi жүзеге асырады.
 
      2. Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысы заңды тұлғаның заңды өкiлi болып 
табылады, ол заңды тұлғаның атынан әрекет етеді. Заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң 
өкiлеттiктерi оның қызметтiк жағдайын куәландыратын құжаттармен расталады.
 
      Заңды тұлғаның мүдделерiн бiлдiретiн өзге де адамдар тапсырма бойынша өкiлдер 
болып табылады, олардың өкiлеттiктерi заңды тұлғаның атқарушы органы заңды тұлғаның 
атынан беретiн және атқарушы органның басшысы қол қоятын сенiмхатта айқындалады.
 
      3. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан 
заңды тұлға және жәбiрленушi өкiлдерiнiң өздерi өкіл болып отырған тұлғаларға қатысты 
осы Кодексте көзделген құқықтары болады және мiндеттердi алады.
 
      4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық 
туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан заңды тұлға өкiлiнiң қатысуымен қаралады. Аталған 
тұлғаға iстiң қаралатын орны мен уақыты тиiсінше хабарланғаны туралы деректер болған, 
егер одан iстi қарауды кейiнге қалдыру туралы өтiнiшхат келіп түспеген жағдайларда ғана, 
iс оның өзi болмаған кезде қаралуы мүмкiн.
 
      5. Жасалуы әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты 
тәркiлеу не әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстердi 
(дивидендтердi), ақшаны және бағалы қағаздарды тәркiлеу түрiндегi әкiмшiлiк жазаға әкеп 
соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде әкiмшiлiк жауаптылыққа 
тартылатын заңды тұлға өкiлiнiң қатысуы мiндеттi.
 
      6. Заңды тұлғаның өкiлi жүргiзуінде іс жатқан судьяның, органның (лауазымды 
адамның) шақыруы бойынша келуден жалтарған жағдайда, аталған адамға жүргiзуінде iс 
жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) ұйғарымы негiзiнде iшкi iстер (полиция), 
сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеп-тексеру қызметі органдары 
күштеп әкелуді қолдануы мүмкiн.
 
      
Ескерту. 747-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2016 
№ 484-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
      748-бап. Қорғаушы
 
      1. Қорғаушы – әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын тұлғаның құқықтары мен мүдделерiн 
заңда белгiленген тәртiппен қорғауды жүзеге асыратын және оған заң көмегiн көрсететiн 
адам.
 


      2. Қорғаушылар ретiнде адвокаттар қатысады. Қорғаушылар ретінде адвокаттармен 
бірге әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адамның жұбайы (зайыбы), жақын туыстары немесе 
заңды өкiлдерi жiберiледi. Егер заңнамада айқындалатын тәртiппен өзара негiзде Қазақстан 
Республикасының тиiстi мемлекетпен жасаған халықаралық шартында көзделсе, шетелдiк 
адвокаттар iске қорғаушылар ретiнде қатысуға жiберiледi.
 
      3. Қорғаушы әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адамды әкiмшiлiк ұстап алған, 
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған немесе прокурор әкімшілік құқық 
бұзушылық туралы іс қозғау туралы қаулы шығарған кезден бастап, сондай-ақ әкімшілік 
құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізудің кез келген сатысында iске қатысуға 
жіберіледі.
 
      4. Егер бiрiнiң мүдделерi екiншiсiнiң мүдделерiне қайшы келсе, әкiмшiлiк құқық 
бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізудің екі қатысушысына нақ сол бiр адам қорғаушы 
бола алмайды.
 
      5. Адвокат, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды 
қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қорғаушы ретінде қатысудан бас 
тартуға құқылы емес.
 
      749-бап. Қорғаушының мiндеттi түрде қатысуы
 
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге мынадай жағдайларда, 
егер:
 
      1) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адам бұл жөнiнде өтiнiшхат жасаса;
 
      2) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адам дене немесе психикалық кемiстiктерiне 
орай өзiн қорғау құқығын өз бетiнше жүзеге асыра алмайтын болса;
 
      3) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адам iс жүргiзiлiп жатқан тiлдi бiлмесе;
 
      4) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адам кәмелетке толмаған адам болып табылса, 
қорғаушының қатысуы мiндетті.
 
      2. Егер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген мән-жайлар болған кезде қорғаушыны 
әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылатын адамның өзi, оның заңды өкiлдерi, сондай-ақ оның 
тапсыруымен басқа да адамдар шақырмаса, судья, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi 
қарауға уәкiлеттiк берілген орган (лауазымды адам) iс жүргiзудiң тиiстi сатысында 
қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге мiндеттi, олар бұл туралы қаулы шығарады. Қаулы 
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың адвокаттар алқасына немесе оның 
құрылымдық бөлімшелеріне орындау үшін жіберіледі және оны алған кезден бастап жиырма 
төрт сағаттан аспайтын мерзімде орындалуға жатады.
 
      750-бап. Қорғаушыны шақыру, тағайындау, ауыстыру, оның
 
                еңбегiне ақы төлеу
 
      1. Қорғаушыны өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс 
жүргiзiлiп жатқан тұлға, оның өкiлдерi, сондай-ақ өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық 
бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан тұлғаның тапсыруымен немесе келiсімімен 
басқа да адамдар шақырады. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс 
жүргiзiлiп жатқан тұлға қорғау үшiн бiрнеше қорғаушы шақыруға құқылы.
 
      2. Өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан 
тұлғаның өтiнуi бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк 
берілген судья, орган (лауазымды адам) қорғаушының қатысуын қамтамасыз етедi.
 
      3. Таңдап алынған немесе тағайындалған қорғаушының жиырма төрт сағат iшiнде 
қатысуы мүмкiн болмаған жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға 
уәкiлеттiк берілген судья, орган (лауазымды адам) өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық 
бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адамға басқа қорғаушы шақыруды ұсынуға 
немесе адвокаттар алқасы немесе оның құрылымдық бөлiмшелерi арқылы қорғаушы тағайындауға 
шаралар қолдануға құқылы. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк 
берілген судья, орган (лауазымды адам) өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау