7-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнама
қағидаттарының маңызы
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнама қағидаттарының маңызы мынада: оларды
бұзу,
оның сипаты мен мәнiне қарай, iс бойынша болған iс жүргізуді жарамсыз деп тануға,
осындай iс жүргiзудiң барысында шығарылған шешiмдердiң күшiн жоюға не осы тұрғыда
жиналған материалдарды дәлелдеу күшi жоқ деп тануға әкеп соғады.
8-бап. Заңдылық
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар, әкімшілік жаза шаралары, әкiмшiлiк құқық
бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары
және әкiмшiлiк-құқықтық
ықпал ету шаралары осы Кодекспен ғана айқындалады. Осы Кодексте белгіленген негіздер мен
тәртіптен өзгеше ретте, ешкім де әкімшілік жазаға,
әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету
шараларына немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізуді қамтамасыз
ету шараларына тартыла алмайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген сот,
органдар (лауазымды адамдар) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша iс жүргiзу
кезiнде Қазақстан Республикасы Конституциясының, осы Кодекстiң, осы Кодекстiң 1-бабында
көрсетілген өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын дәлме-дәл сақтауға
мiндеттi. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заңды күшi бар және Қазақстан
Республикасының бүкiл аумағында ол тiкелей қолданылады. Қазақстан Республикасының
заңында және Конституциясында белгiленген қағидалар арасында қайшылықтар болған
жағдайда Конституцияның ережелерi қолданылады.
3. Соттар адамның және азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында
бекітіп берілген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасалатын заңдар
мен өзге де
нормативтiк құқықтық актiлердi қолдануға құқылы емес. Егер сот қолданылуға тиісті заң
немесе өзге де нормативтiк құқықтық акт адамның және азаматтың Конституцияда бекітіп
берілген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайды деп тапса, ол iс
бойынша iс
жүргiзудi тоқтата тұруға және осы актiнi конституциялық емес деп тану туралы ұсынумен
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне жүгiнуге мiндеттi. Сот Конституциялық
Кеңестiң шешiмiн алғаннан кейін iс бойынша iс жүргiзу қайта басталады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген соттардың
және органдардың (лауазымды адамдардың) конституциялық емес деп танылған заңға немесе
өзге де нормативтік құқықтық актіге негізделген шешімдері орындалуға жатпайды.
4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген соттың,
органдардың (лауазымды адамдардың) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс
жүргiзу кезiнде заңды бұзуына жол берiлмейдi және
заңда белгiленген жауаптылыққа,
қабылданған актiлердiң жарамсыз деп танылуына және олардың күшiнiң жойылуына әкеп
соғады.
9-бап. Заң мен сот алдындағы теңдiк
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс жүргізу барысында заң мен сот
алдында бәрі тең. Тегіне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына,
нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты
немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
10-бап. Кiнәсiздiк презумпциясы
1. Өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған тұлға өз кiнәсi осы
Кодексте көзделген тәртiппен дәлелденгенге және өз өкiлеттiктері шегiнде iстi қараған
судьяның, органның (лауазымды адамның) заңды күшiне енген қаулысымен
белгiленгенге дейін
кiнәсiз деп есептеледi.
2. Ешкiм де өзiнiң кiнәсiздiгiн дәлелдеуге мiндеттi емес.
3. Кiнәлiлiкке келтiрiлген кез келген күмәндар өзiне қатысты әкiмшiлiк құқық
бұзушылық туралы iс қозғалған тұлғаның пайдасына түсiндiрiледi. Әкiмшiлiк құқық
бұзушылық туралы заңнаманы қолдану кезiнде туындайтын күмәндар да оның пайдасына
шешiлуге тиiс.
11-бап. Кiнә қағидаты
1. Жеке тұлға кiнәсi анықталған құқық бұзушылықтары үшiн ғана әкiмшiлiк
жауаптылыққа жатады. Жеке тұлғаның кiнәсiз зиян келтiргені үшiн объективтi кiнә тағуға,
яғни әкiмшiлiк жауаптылыққа жол берiлмейдi.
2. Қасақана немесе абайсызда іс-әрекет жасаған жеке тұлға әкiмшiлiк құқық
бұзушылыққа кінәлі деп танылады.
12-бап. Әкiмшiлiк жауаптылыққа қайта тартуға жол бермеу
Ешкiмдi де нақ сол бiр құқық бұзушылық үшiн әкімшілік жауаптылыққа екi рет тартуға
болмайды.
13-бап. Iзгiлiк қағидаты
Құқық бұзушылық жасаған адамға қолданылатын әкiмшiлiк жаза дене азабын келтіруді
немесе адами қадiр-қасиетті қорлауды мақсат тұтпайды.
14-бап. Жеке басқа қол сұғылмаушылық
1. Осы Кодексте белгiленген негiздер мен тәртiптен өзгеше ретте, ешкiмді де
әкiмшiлiк ұстап алуға, күштеп әкелуге, iшкi iстер органдарына (полицияға) немесе басқа
да мемлекеттiк органдарға жеткiзуге, жеке басын жете тексеруге және жеке тұлғаның
заттарын жете тексеруге немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс жүргізуді
қамтамасыз етудің өзге де шараларын қолдануға болмайды.
2. Осы Кодексте белгіленген жағдайларда және тәртіппен судьяның қаулысы бойынша
ғана әкімшілік жазалау шарасы ретінде әкімшілік қамаққа алу қолданылуы мүмкін.
3. Әрбiр ұстап алынған, күштеп әкелінген, iшкi iстер органдарына (полицияға)
немесе басқа да мемлекеттiк органға жеткiзiлген
адамға ұстап алудың, күштеп әкелудiң,
жеткiзудiң негiздерi, сондай-ақ жасалуы оған тағылып отырған әкiмшiлiк құқық
бұзушылықтың заңдық саралануы дереу хабарланады.
4. Мемлекеттiк орган (лауазымды адам) заңсыз ұстап алынған, күштеп әкелiнген,
жеткiзiлген немесе судья қаулысында көзделген мерзімнен артық әкімшілік қамаққа алуда
болған адамды дереу босатуға мiндеттi.
5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iске қатысушы адамдардың ешқайсысын азаптауға,
оларға күш қолдануға, қатыгездiкпен немесе адами қадiр-қасиетiн қорлайтындай қарауға
болмайды.
6. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу процесiнде тұлғаның не
оның өкiлiнiң еркiне қарсы жеке басқа қол сұғылмаушылықты бұзатын әрекеттер
жасау тек
осы Кодексте тiкелей көзделген жағдайларда және тәртiппен ғана мүмкiн болады.
7. Өзіне қатысты әкімшілік жазалау шарасы ретінде әкімшілік қамаққа алу таңдалған
адамды, сондай-ақ әкімшілік ұстап алынған адамды ұстау оның өмiрi мен денсаулығына қатер
төндірмейтін жағдайларда жүзеге асырылуға тиiс.
8. Заңсыз әкімшілік қамаққа алудың, өмiрi мен денсаулығына қауіпті жағдайларда
ұстаудың, оған қатыгездiкпен қараудың салдарынан жеке тұлғаға келтiрiлген зиян заңда
көзделген тәртiппен өтелуге жатады.
15-бап. Жеке бастың абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеу
1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс жүргiзу кезiнде iске
қатысатын адамның абыройын қорлайтын немесе қадiр-қасиетiн кемсiтетiн шешімдер мен
әрекеттерге тыйым салынады,
жеке өмiр туралы мәлiметтердi, сол сияқты адам құпия
сақталуы қажет деп есептейтiн жеке және іскерлік сипаттағы мәлiметтердi осы Кодексте
көзделмеген мақсаттар үшiн жинауға, пайдалануға және таратуға жол берiлмейдi.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс жүргiзу барысында соттың,
басқа да мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерiмен адамға
келтiрiлген моральдық зиян заңда белгiленген тәртiппен өтелуге жатады.
16-бап. Жеке өмiрге қол сұғылмаушылық және құпияны қорғау